Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТӘЖІРИБЕ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

7. Бақылау:

-«Саяси-әкімшілік аясындағы басқару» тақырыбы бойынша тестік бақылау жұмысының сұрақтары.

1. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері»

2. Мақсаты:

Аталған саланың қағидалары мен қайнар көздерін, азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұнын, азаматтық- құқықтық жауапкершіліктің қолданылу негіздерін, мәмілелер мен келісім- шарттарға отыру ережелерін зерделеу.

3. Оқыту мақсаты:

- Студенттерді азаматтық құқықтың пәні мен ролін түсінуге үйрету.

- Жағдайлық есептерді құруға және оларды шешуге дағдыландыру. – Жағдайлық есептерді құру және оларды шешу студенттердің ойлау қабілетін дамытып, түзетуге және білім деңгейлерін жеке тексеру үшін қажет. – Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелермен келісім-шарттардың құрылуы бойынша студенттердің алған білімін пайдалану. –Азаматтық –құқықтық жауапкершілігінің қолданылу шарттарын түсіну.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Азаматтық құқықтың ұғымы және пәні.

2. Азаматтық құқықтың рөлі және мазмұны.

3. Азаматтық құқықтық қатынастардың ұғымы.

4. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері.

5. Азаматтық құқық қабілеттілігінің ұғымы және оның мазмұны.

6. Азаматтық әрекет қабілеттілігінің ұғымы және оның түрлері.

7. Мәміле және келісім-шарт ұғымы.

8. Меншік құқығы және оның мазмұны.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: жағдайлық есептер.

№1 Есеп.

А есімді қарт адам қайтыс болады. Бұл адамның жеке иеленген пәтері бар.Өсиет бойынша, өзінің балалары болмағандықтан, А есімді азамат пәтерін ешкімге қалдырған жоқ.

Сұрақ: Бұл пәтер кімнің иелігіне өтеді?

№2 Есеп.

А есімді азамат Д есімді азаматтың атасынан қалған мұрасына яғни жеріне қол сұқпақшы болды.

Сұрақ: А есімді азаматтың қылығы дұрыс па?

№3 Есеп.

Манго деген атақты фирмасымен Пуча фирмасы арасында шарт жасалады. Уақыт өте келе араларында келіспеушілік пайда болды. Енді шарт бұзуға тура келді.

Сұрақ: Шартты бұзу үшін қандай құқық негіздері айналысады?

№4 Есеп.

Қ есімді азаматша шетел валютасын өз иелігіне меншіктенеді.

Сұрақ: Заң бойынша жазаға тартыла ма?

№5 Есеп.

Бір аса бай, ауқатты жанұяда мұрагерлікті бөлу жөнінде өзара келіспеушіліктер пайда болды

Сұрақ: Бұл жағдайда қандай құқық негіздері шешеді және айналысады?

№6 Есеп.

Б есімді азамат Д есімді азаматтың рұқсатынсыз мүлкін иеленеді.

Сұрақ: Д есімді азаматтың сотқа жүгінуге құқығы бар ма?

№7 Есеп.

№ 17 мектептің оқушылары орталық саябақта орталығында Ауған соғысына қатысқан азаматтарға арналған ескерткіштерге зиян келтірді.

Сұрақ: Бұл оқушыларға қандай құқық бұзушылық тағуға болады?

№8 Есеп.

Е есімді азаматша детективтік агентстваға барып, өзінің жұбайы Б есімді азамттың артынан бақылау қойып, жұмыстан бос уақытында не істеп жүретінін білуді өтінеді. Детективтік агенства Б есімді азаматтың телефонына тыңдаушы апарат қойып, артынан аңдуды бастайды.

Сұрақ: Б есімді азаматтың жеке өмірінің құқығы бұзылды ма?

№9 Есеп.

Аумақтық сайлау комиссиясына кандидат ретінде келесі адамдардың құжаттары тіркеуге түсті: Мұхтар Алиев, белгілі дәрігер – хирург 54 жаста, Сәкен Байкенжин әйгілі тележурналист Қазақстанға Россиядан келгеніне 7 жыл болған.

Сұрақ: Көрсетіген адамдар ҚР Президентіне кандидат ретінде тіркеуге

алынады ма?

№10 Есеп.

1998ж.1 тамызында әскери қызметкер Жұмабаевтан денсаулық сақтау департаментінің Алматы қалалық әкімшілігіне шағым түсті. 25 қыркүйекте Жұмабаев ешқандай жауап алмағандықтан, неліктен ақпарат жоқ екендігін анықтағысы келді, бірақ оған еш жауап түсіндірілмей күте тұруын ұсынды.

Сұрақ: Азамат Жұмабаев қандай құқығын іске асырғысы келді?

№11 Есеп.

12 желтоқсан күні Дулатовтар отбасы достарымен отбасылық мерекені атап өтті. Сағат 23-тен кейін олар шу көтеріп, көршілердің мазасын алды. Дулатовтар көршілердің ескертулеріне құлақ аспады. Сонда көршілері милиция шақырды. Бірақ Дулатовтар құқықтарының бар екендігін айтып, милицияға есік ашпады.

Cұрақ: Дулатовтар Қ.Р азаматтарының қандай құқықтары туралы айтқысы келді?

№12 Есеп.

Қосшы ауылының тұрғындары Омаров пен Кәрімов демалуға шығып, бірнеше ағаштарды сындырып, от жақты. Өздерінің арттарынын қоқыстарын жинамады.

Сұрақ: Азамат Омаров пен Кәрімов қандай конституциялық міндеттерді

бұзды?

№13 Есеп.

Азамат Жуков Қазақстан тұрғыны жеке кәсіпкер бола отырып, салық полициясына салық төлемеу жөнінде, сонымен қатар декларация құрмайтындығына арыз жазады. Себебі ол Ресей азаматы және барлық салықты Ресейге төлеген.

Сұрақ: Жуковтың ісі дұрыс па?