Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТӘЖІРИБЕ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Қосымша

1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж

7. Бақылау:

- «ҚР салық құқығының жалпы ережелері» тақырыбы бойынша тест сұрақтары.

-«ҚР салық құқығының жалпы ережелері» тақырыбы бойынша жазбаша бақылау жұмысы.

-жағдайлық есептер

Жағдайлық есепті шешіп, осы мысал бойынша есеп құрыңыз

Төменде аталған азаматтардың қайсысы мүлік салығын төлеуден босатылады

1. Борисов-жалғыз басты зейнеткер

2. Будрайтис-Астана қ. әкімдігінде мәдениет жұмыстары бойынша кеңесші

3. Осипов – 1-ші топ мүгедегі

4. Колесников- Латвиядан келген кәсіпкер.

5. Қожахметова- 4 баланың анасы.

1. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздері»

2. Мақсаты:

Тақырып бойынша жер құқығының түсінігін, жерді

қорғау мақсаттары мен жер құқықтық қатынастарын

қарастыру, мүліктік және мүліктік емес қатынастардың

жүйесін қарастыру, жер дауларын шешу тәртібін және ҚР

Конституциясының 6 бабына толық сипаттамасын

қарастыру.

3. Оқыту мақсаты:

- Жағдайлық есептерді құрастыру және орындау дағдыларын үйрену.

- Жағдайлық есептерді орындау жеке студенттің білім деңгейін тексеруге, түзетуге, ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

- Жер учаскелерін сатып-алу сату туралы шарттары туралы, жер құқықтық қатынастар туралы студенттердің білімдерін қалыптастыру.

- Тақырып бойынша толық және ашық жауап беріп үйрену.

- Жер заңнамасына түсінік беріп үйрену.

- Бұл саланың пәнін зерделеп үйрену.

- Жер құқықтық қатынасы қатысушыларының қызметінің құқықтылығын бағалай білу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жалпы құқық жүйесіндегі жер құқығының түсінігі және пәні.

2. Жер құқығының қайнар көздері.

3. Жер құқықтық қатынастарының түсінігі, олардың объектілері мен субъектілері.

4. Жер құқықтық қатынастардың мазмұны.

5. Жерді пайдаланушылардың құқықтар мен міндеттері.

6. Жерге меншіктік құқықтың пайда болуы және тоқталылу негіздері.

7. «Жер туралы» заңның негізгі мақсаттары.

8. Жерді қорғау.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері. жағдайлық есептер.

№1 есеп.

Е есімді азамат С есімді азаматтан жер сатып алады. Бірақ С есімді азамат жерді жалған құжаттармен сатылған. 2 жыл өткен соң, мемлекет оның жерін заңсыз деп тауып жерді мемлекетке қайтаруды талап етеді.

Сұрақ: Мемлекеттің ісі дұрыс па?

№2 есеп

Б есімді азамат өзінің Қ есімді ұлына мұра ретінде жерін қалдырады. Бұл жерді Б есімді азамат қайтыс болғаннан кейін жерді туыстары алып қояды.

Сұрақ: Бұл жер Қ есімді азаматқа беріле ме?

№3 есеп.

А есімді азамат С есімді азаматтан жерді несиеге алады. А есімді азамат өзінің несиеге алған жеріне жеміс дақылдар егеді. Бірақ ол жерге жеміс дақылдар шықпайды.

Сұрақ: А есімді азаматтың не істеуі керек?

№4 есеп.

М есімді азамат мемлекет тарапынан жеңілдікпен жер алды. Алған жері табиғи апат орын алатын өңірде орналасқан. Мемлекеттік органдарға өтініш жазады, өтінішке мемлекет тарапынан жауап келмеді.

Сұрақ: М есімді азаматтың не істеуі керек.

№5 есеп.

Асхат 5 гектар жердің иесі, ол 3 жыл бойы қатарынан жер салығын төлемеген.

Сұрақ: Асхатқа жер салығын төлемегені үшін мемлекет жері тартып алады ма?

№6 есеп.

Самат пен Қайрат есімді азаматтар бірігіп кәсіп ашуларына жер сатып алады. Өз ара кикілжің болғаннан кейін Самат жерді өз атына алғысы келді.

Сұрақ: Бұл жағдайда не істеулері керек?