Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТӘЖІРИБЕ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

7. Бақылау:

- «ҚР қаржы құқығының негіздері» тақырыбы бойынша тестік сұрақтарға жауап беру.

1.Тақырыбы: Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері

2.Мақсаты:

Студенттерге нақты салық құқығының түсінігін, салықтың түсінігі, оның экономикалық және құқықтық мәні, салық құқығының субъектілерін және объектілерін үйрету. Мемлекеттің салықтық қызметін, салық заңнамасының белгілері мен қағидаларын, қайнар көздерін талдау, салықтық міндеттемені орындау түсінігі, ҚР салық құқығының жүйесінің құрылымы және мемлекеттік реттеуді үйрену. Салық төлеушілердің құқықтарымен міндеттерін қарастыру, салықтық және қаржылық құқықтың қатынасы, салық салудың ерекшеліктері мен функцияларын, салықтың түрлерін, салықтық заңнама бұзылғаны үшін жауаптылықты қарастыру.

3.Оқытудың міндеттері:

- Мемлекеттік салықтық қызметінің мазмұнымен танысу.

- Салықтық құқық бұзушылық үшін заңды жауаптылықтың түрлерін білу.

- Конституцияны және нормативтік-құқықтық нормаларды қолдана отырып тақырыпты ашып үйрену, конституцияның 35 бабын талдау.

- Кейс-стадияны мысалға алып бір мәселенің немесе тақырып бойынша сұрақтардың белгілеріне тоқталу.

- Кейс-стадиялармен тапсырмаларды орындау әдістерін үйрену: ауызша талдау, жазбаша жұмыс, рөлдік ойын т.б.

- Оқу материалын терең түсіну үшін түрлі әдістерді қолдану.

- Салықтық құқық туралы жалпы түсінік алу.

- Салық төлеушілердің құқықтарымен міндеттерін анықтау.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Салық құқығының түсінігі мен пәні.

2. Мемлекеттік салықтық қызметінің түсінігі және түрлері.

3. Салық салудың түсінігі мен функциялары.

4. Салықтың түсінігі және экономикалық-құқықтық мәні.

5. Салық жүйесі.

6. Тура және жанама салықтардың айырмашылығы.

7. Салықтық міндеттемелерді бұзғаны үшін жауаптылық.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: кейс-стадия.

1 Есеп.

Шағын кәсіпкерлер тобы өз бизнесін ашу мақсатымен банктен несие алған. Бірақ бизнестері жүзеге аспаған кәсіпкерлер тобы банкроттыққа ұшырап, несиені уақытында төлей алмаған.

Сұрақ: Бұл қандай құқық бұзушылыққа жатады және сот істің қай жақты қорғау тиіс?

Есеп 2.

Азамат Петров бірнеше ай бойы салық төлемеген, сот пен салық инспекциясыда ай сайын салық жөнінде хабарлады Жер кайтадан алынып қояды деп жеткізілген. Петров арыз жазып сотқа жүгінген. Салықтың өкілі борыштын өтеумеуі жер учаскісін тәркілеуге жатады деп хабарлады. Салық инспекциясының іс әрікеті заңды болды ма? Азамат Петровты қандай жауапкершілікке тартуға болады?

Есеп 3.

ЖК (жеке кәсіпкер) Р.Б. белгіленген уақытта салық органдарына салық төлеуге міндетті еді. Алайда әр түрлі себептерге байланысты төлемнен бас тартып жүрді. Құқық бұзушылықтың негізі не болып табылады? Іс әрекетке құқықтық бағалау беру.

6. Әдебиет:

Негізгі

1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық,2-ші басылым. Алматы,2004. -

248 бет. I бөлім. 4-26 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2-бас.,толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007.- 304 бет. 5 бөлім. 147-167 беттер.

3. ҚР Конституциясы. I бөлім Жалпы ережелер. Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.