Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

Пернетақта

Пернетақта — дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп қызмет атқаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.

Пернетақта дербес компьютердің стандартты құрылғыларының қатарына жатады.

Пернетақтаның құрылысы. Стандартты пернетақта жүзден аса пернелерден тұрады. Олар бірнеше функционалдық топтарға бөлінген.

Алфавиттік-цифрлық пернелер тобы символдардан тұратын ақпаратты енгізуге арналған.

Функционал пернелер тобына пернетақтаның жоғарғы бөлігінде орналаскан он екі перне кіреді (Ғ1-Ғ12). Бұндағы әрбір перне қандай да бір функционалдық қызмет атқарады.

Қызметтік пернелер алфавиттік-цифрлық пернелер тобының маңайында орналасқан. Төменде пернелер тізімі мен олардың атқаратын қызметі сипатталған:

• Еnter пернесінің көмегімен команда, мәтіннің азат жолы енгізіледі;

• Аlt және Сtrl пернелері басқа пернелермен бірігіп командалар түзеді;

• Таb пернесі мәтінді терген кезде табуляция позициясын енгізу үшін қолданылады;

• Еsс пернесі соңғы орындалған команданы қайтару үшін қолданылады;

• Рrint Screen — ағымдағы экранның күйін баспаға жіберуге немесе оны алмасу буфері деп аталатын жедел жадтың арнаулы аймағына сақтауға арналған;

• Shift пернесі жоғарғы регистрдегі символдар мен бас әріптерді енгізу үшін, сонымен қатар басқа пернелермен бірігіп кейбір командалардың орнына қолданылады;

• Ноmе — меңзерді жолдың басына алып келеді;

• End — меңзерді жолдың аяғына апарады;

• Delete — мәтіндік меңзердің оң жағындағы символды өшіруге арналған перне, сонымен қатар қаптамаларды, құжаттарды, экран объектілерін жою үшін де қолданылады;

• Раgе uр және Раgе Down — бір бет жоғары немесе бір бет төмен жылжу;

• Сарs lock пернесі бас әріптер режімін қосады немесе ағытады;

• Num Lock пернесі қосымша цифрлық пернетақтаны қосады немесе ағытады.

Пернетақтамен жұмыс істеу техникасы.

Жеке пернені басқанда күш қолданбай, жай басу керек. Егер бір перне көп басылып тұрса, машина оны көп рет басылды деп түсініп, бірнеше символ салынады. Кейбір операцияларды орындау үшін екі немесе үш пернелер комбинациясын қолданады. Мысалы, Ctrl+L, бұл сендерге алдымен Ctrl пернесін басып, содан соң оны жібермей тұрып, L пернесін басу керек екенін білдіреді. Содан соң Ctrl-ды босатуға болады.

Тінтуір

Т інтуір - графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тінтуірдің жазық беттегі қозғалысы экрандағы тінтуір нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тінтуірді жазық бетте жылжытады және оның оң немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды.

Монитор мен тінтуір бірігіп қолданушы интерфейсінің жаңа түрі – графиктік инттерфейсті құрайды. Тінтуірдің көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.

Сұрақтар мен тапсырамалар:

  1. Дербес компьютердің негізгі құрылғыларын атап беріңіз.

  2. Жүйелік блок, монитор, пернетақта және тінтуірдің қызметтері қандай?

  3. Жүйелік блок қандай құрылғылардан тұрады?

  4. Монитордың түрлерін атаңыздар?

  5. Пернетақтаның қандай блоктары бар?

  6. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары заманға сай өзгереді деп ойлайсыз ба?

  7. Компьютер арқылы уақытты үнемдеуге бола ма? (өз ойыңыз)

  8. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазыңыз, мағынасын түсіндіріңіз.

  9. Мәтіндерден тірек сөздерді тауып жазыңыздар. Жазған тірек сөздерді пайдалана отырып, қысқаша әңгіме құрастырыңыздар.

  10. Төмендегі кестені толтырыңыздар.

Құрылғылар

Орналасуы

Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде

Жүйелік блоктың ішінде

Жүйелік блоктың артқы панелінде

Монитор порты

Қатқыл диск

Компьютердің қосу/өшіру батырмасы

Аналық тақша

Микрофон мен колонкаларға арналған кірістер

Бейнетақша

Дискіжетек

Процессор

Электрмен қоректендіргіш бауы

CD-ROM

Модем мен сканерге арналған порттар

Қоректендіру блогы

Дыбыс тақшасы

Компьютерді қайта жүктеу батырмасы

ПРинтер порты

Маус пен пернетақта порттары

Жедел жады

Желілік тақша порттары.

Мұны да біліп алыңыздар:

Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп.

Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. Яғни, «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдалана аламыз.

Ал компьютердің зиянына келетін болсақ, компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген. Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.

Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:

  • Көздің көру қабілетін төмендетеді;

  • Омыртқалардың қисаюына әкеледі;

  • Жүйкеге салмақ түсіреді;

  • Шаршағыштық, әлсіздік басады.

Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады". Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті, бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады...

Тапсырма: Осы қысқаша мақала туралы не айтар едіңіз?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]