- •Ақпарат және информатика
- •Табиғаттағы ақпарат ұғымы. Ақпарттық процестер. Адамның ақпаратты қабылдауы.
- •Ақпараттар әлемі
- •Ақпарат және оны бағалау
- •Есептеуіш техниканың даму тарихы
- •Компьютер
- •Этимология
- •Есептеуіш техниканың даму тарихындағы негізгі белгілер:
- •Тұрақты тіркестер:
- •Үйге тапсырма: Кестені толтыр:
- •Цифрлық немесе аналогтық
- •Екілік, ондық немесе үштік
- •Компьютер бағдарламасы
- •Тұрақты тіркестер:
- •Компьютерлердің қолданылуы
- •Компьютерлерді жүйелеу
- •Есептеу жүйесінің құрамы
- •Тұрақты тіркестер:
- •Дербес компьютер туралы жалпы мәлімет
- •Ұлағатты сөздер
- •Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта
- •Мақал-мәтелдер
- •Дербес компьютердің ішкі құрылғылары
- •Процессор
- •Компъютердің жады
- •Қатқыл диск
- •Иілгіш дискілерге арналған дискжетек
- •Жинақы-дискіге арналған дискжетек
- •Бейнекарта
- •Мақал-мәтелдер
- •Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
- •Енгізу құрылғылары
- •Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар
- •Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары
- •Мәліметтерді сақтау құрылғылары
- •Иілгіш дискілер. (дискеттер, флоппи дискілер)
- •Мәліметтермен алмасу құрылғысы
- •Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері
- •Негізгі функциялары
- •Негізгі ұғымдары
- •Windows-тың обьектілері.
- •Windows-тың басқару элементтері.
- •Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
- •Тұрақты тіркестер:
- •(Ехсел бағдарламасы)
- •Жұмыс кітабы
- •Мәліметтерді өңдеу
- •Мақал-мәтелдер:
- •Компьютерлік вирус
- •Алғаш зерттелуі
- •Компьютерлік вирустардың жіктелуі (топтарға бөлінуі)
- •Мақал-мәтелдер:
- •Интернет
- •Интернет туралы
- •Интернет желісінің тарихы
- •Интернеттің жетістіктері
- •Электронды пошта
- •Мемлекеттік қызметкерлерге арналған электрондық пошта енгізіледі
- •Мақал-мәтелдер
- •Информатикаға үлес қосқан ғалымдар өмірбаянынан августа ада лавлейс (lovelace augusta ada) (Бірінші программист)
- •Мақал-мәтелдер
- •Чарльз бэббидж
- •Тұрақты тіркестер:
- •Академик сергей алексеевич лебедев
- •Тұрақты тіркестер
- •Блез паскаль (Blaise Pascal) (1623–1662), француз ойшылы, математик және физик.
- •Билл гейтс
- •Билл Гейтс туралы қосымша деректер
- •Ұлағатты сөздер
- •Microsoft компаниясының қызметі
- •Қайырымдылық
- •120 Петабайттық жады құрылғысы
- •Мақал-мәтелдер
- •Алан тьюринг
- •С тив джобс
- •Өмірбаяны
- •Ұлағатты сөздер
- •Компьютердің адам психикасына әсері
- •Марк цукерберг
- •Өмір жолы
- •Ұлағатты сөздер
- •Функциялар
- •Қазақстандағы жағдайы
- •Джимми уэйлс
- •Өмірбаяны
- •Ғалымдардың ой-пікірі
- •Линус бенедикт торвальдс
- •Өмір жолы
- •Қызметі
- •Өмір туралы ғалымдардың ой-пікірлері
- •Құрылу тарихы
- •Google компаниясы
- •Қызметі
- •Логотипі
- •Қалта компьютерлерінің тарихы
- •Тұрақты тіркестер
- •Компания туралы
- •It саласы
- •Жетістікке жеткізбейтін 5 кедергі
- •Компьютерлік боттар
- •Дербес компьютерге байланысты берілетін сұрақтар:
- •Информатикаға үлес қосқан ғалымдарға қатысты берілетін сұрақтар:
- •«Топ көшбасшысы» интеллектуалды ойын сұрақтары:
- •Тест сұрақтары
- •Ақпараттану мен есептеу техникасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі
- •Кәсіби қазақ тілі сабағында қосымша пайдаланатын әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Компьютерлік боттар
ІТ саласындағы айтулы күндердің бірі – осыдан жиырма жыл бұрын Интернет желілері мен алғашқы сайттардың пайда болуы еді. Сол кездің өзінде бизнесмендер интернет-компаниялардың табысты болатынын болжап, қаражаттарын желіге құя бастады. Шамамен 2000 жылдардың ортасына дейін желідегі деректер қоймасы сайт иелерінің күшімен жұмыс істеді. 2000 жылдардың ортасында компьютерлік және коммуникациялық технологиялардың дамуындағы кезекті серпіліс интернет пайдаланушылар санын бір демде арттырды. Бүкіләлемдік ғаламтор қарым-қатынастың, ақпарат алмасудың және әрине жарнаманың алып алаңына айналды. Енді кез келген адам виртуалды әлемге өз мәліметін енгізе алатын болды. Бірақ интернеттің дамуы салдарынан көптеген түйткілдер де туды. Оның негізгісі – ақпаратты сақтау және өңдеу болып табылады. Бұның алғашқысын қатты дискілер мен флеш-жинақтаушыларды өндірушілер шешсе, екіншісін шешу – мамандандырылған бағдарламалық өнімдер-компьютерлік боттардың, яғни роботтардың еншісінде.
ИВАН ГЛУЩЕНКО, SMM БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ, БЛОГШЫ
- Бот дегеніміз – бағдарлама, ол адамның пайдаланатын интерфейсі арқылы адамның жүзеге асырғысы келетін әрекеттерді орындайды, бірақ оның іс-әрекеті автоматты түрде жасалады.
Иван әлеуметтік медианың маркетинг бөлімін басқарады, компьютерлік боттар туралы егжей-тегжейлі біледі. Оның айтуы бойынша, алғашқы боттар 90-шы жылдары іздеу жүйелері пайда болғаннан кейін дүниеге келді және олардың негізгі міндеті желіден жаңа сайттарды іздеу болатын.
- Компьютерлік боттар пайдалы да, зиянды бола алады. Мысалы, биржа саудасы барысында пайдаланылатын боттар пайдалы. Брокерлер тауарлар акциясының котировкасын белгілі бір аралықта қояды. Бот баға белгілі бір деңгейге жеткен кезде акцияны сатып алады, осылайша адам өзінің уақытын үнемдеп, тәулік бойы желіде отыру қажеттілігінен босайды.
Негізінен, боттар немесе оның элементтері барлық интернет-бағдарламаларда қолданылады. Олар - түрлі сайттар, әлеуметтік желілер, бейне және блог платформалар. Бұның барлығы бірінші кезекте компьютер алдында отыратын адамның жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Бірақ кейде қаскүнемдер оларды өз мүдделерінде пайдаланады.
Зиянды боттардың қатарына пошталық боттар-спамерларды жатқызуға болады, олар мүлде қажетсіз ақпаратты мыңдаған жәшіктерге жіберіп отырады. Сондай-ақ зиянды боттар деп - чаттарда адамдардың диалогына ұқсатып, сөйлесіп, пайдаланушыларды алдап тартып отыратын боттарды айтамыз, олар осылайша чатта қызу пікірталас болып жатқандай әсер береді. Бот-желілердің көмегімен сондай-ақ DDoS-шабуылдар жасалады. DDoS-шабуылдар дегеніміз – сайттың жұмысын тоқтататын, оған кіруге мүмкіндік бермейтін шабуылдар, осылайша олар сайттың иесі мен қарапайым пайдаланушыларға зияндық жасайды. Олар өздеріне қажетті ақпаратты ала алмай қалады.
Қазіргі таңда бот-желілер – интернеттегі қауіпті қатерлердің бірі. Олардың көмегімен хакерлер тұтас серверлік парктерді істен шығарады, сондай-ақ түрлі елдердегі қорғаныс министрліктерінің компьютерлерін бұзады. Дегенмен әзірше бұндай жағдайлар жиі кездеспейді. Негізінен боттар спам мен зиянкес кодтарды таратады.
АЛЕНА ЦЕХОЦКАЯ –МАТРИЦА БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ.
- Спамдар өте көп келеді. Бірақ оларды кім таратады, білмеймін. Дегенмен, бұл боттардың ісі деп ойлаймын, себебі олар өте қарапайым іс-әрекетті үлкен жылдамдықпен атқару үшін жасалады. Ол хабарларды сөз жоқ боттар таратады. Маған өте көп спам келеді, өте көп. Әрине, күніне 100 хат аламын деп айта алмаймын, бірақ 4 хат анық келеді. Әлдебір хабарды дегіберсіздене күтіп отырғанда, саған спам келіп тұрады. Өте жағымсыз жағдай.
Бұл жерде күдікті сілтемелерді ашу, ашпау туралы шешімді пайдаланушының өзі қабылдайды.
Яғни ол хатты ашуым үшін тақырыбы мені шын мәнінде қызықтыратын болуы керек. Немесе менің аты-жөнім аталған болу керек. Кейбір форумдарда, сайттарда жазба қалдыратын болсаңыз, аты-жөніңіз, e-mail мекенжайыңыз барлығы анықталып, көрініп тұрады. Содан кейін «қадірлі Анна Цехоцкая, сізге мынандай-мынандай ұсыныстарымыз бар» деген мазмұнда хат келеді. Бірақ мен ондай хаттарды да ажырататын болдым, сондықтан ашпаймын.
2009 жылы мобильді технологиялардың дамуына байланысты зиянды бағдарламалардың, оның ішінде боттардың шабуылына мобильді платформалар да ұшырай бастады. Ақпараттық технологиялардағы оралымдылық – ұсынылатын қауіпсіздіктің сапасына ықпал етеді.
ИВАН ГЛУЩЕНКО, SMM БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ, БЛОГШЫ
- 2011 жылы ұялы телефондарға қатысты жасалған қауіп-қатерлердің 2000-нан астамы, яғни 90 пайызы АНДРОИД операциялық жүйесіне арналған. Олар смартфоннан иесінің ақпаратын ұрлап, қаскүнемнің серверіне жібереді. Ол ақпараттың жеке хабарламалар, байланыс жазбалары, несие карточкаларындағы деректер болуы мүмкін. Осының нәтижесінде аталмыш карточкадағы ақша қолды болады.
Бір қызығы қаскүнемдерді халық арасында кең қолданылатын, танымал платформалар өткізіп алады. Бірінші кезекте солар зиянды бағдарламалардың құрбаны болады.
Сөзсіз платформаның танымалдығы да аз себеп болмайды, себебі пайдаланушылары аз, қызықсыз платформа үшін арнайы вирус ойлап тауып, іске қосу қаскүнемдер үшін пайдасыз. Одан түк табыс түспеуі мүмкін. Платформаны пайдаланушылар неғұрлым көп болған сайын вирус саны да өсе түседі. Және, әрине, көп нәрсе жүйенің өзіне де байланысты. Егер ол өзі жабық және коды да жабық болса, ол үшін арнайы әлдебір код ойлап табу қиындық туғызады.
Осыған байланысты заңды сауал туады. Сандық әлемді қаскүнемдер мен бағдарламалық қауіптен қалай сақтап қалуға болады? Жүз пайыз қауіпсіздік үшін бір антивирус жеткілікті ме?
Бір антивиурс өзінің мүмкіндігіне қарай Трояндардың 90 түріне қарсы күресе алады, бірақ орнатқаннан кейін 100 пайыз қорғаныспен қамтамасыз ететін ғажайып антивирус жоқ. Жағдайды былай түсіндіруге болады. Біріншіден, ол вирустар мен Трояндарды жасаушылар бір орында тұрмайды. Олар желіні бұзып кірудің жаңа мүмкіндіктерін ойлап табу үстінде, ал антивирусты ойлап табушылар болса, тез арада сол вирус пен Троянды жоятын жаңа бағдарламалар ойлап табуға тиіс, антивирустың жұмыс істеу сапасы осыған тікелей байланысты. Антивирустардан өзге Трояндар мен компьютер құрттарына қарсы күресетін ФАЙРВОЛДАР мен қосымша бағдарламалар бар.
Орта статистикалық пайдаланушы ақпараттық тасымалдаушы құрылғыларда вирустардың бар-жоғын тексеріп жатпайды, вирусқа қарсы бағдарламаларды жаңартпайды, сондай-ақ желі арқылы файлдар мен құжаттарды көшіріп алу барысында мұқият болуды ұмытып кетеді.
Ал сервер парктері мен сайттардың мамандары ше? Олар өздерінде сақтаулы тұрған ақпараттар жиынтығының қауіпсіздігі үшін жауап беруге тиіс емес пе?
Көптеген пошта серверлері вирусқа қарсы құрылғыларды пайдаланады, дегенмен өкінішке қарай олардың барлығы бірдей қауіпсіздікті ойлай бермейді. Менің ойымша, Интернет дамыған сайын жаңа вирустар, Трояндар ойлап табыла береді, Интернет арқылы төнетін қатерлер де арта түседі. Осыдан кейін барлық ресурс иелері міндетті түрде қорғаныстың бір түріне тоқтайды.
Сонымен файлдарды қай жерде сақтаған жөн? Заманауи технологиялар аса үлкен жылдамдықпен дамып келе жатыр, біз тіпті оларды пайдаланып та, ненің не екенін айырып та үлгере алмаймыз, қарап тұрсаңыз, көзді ашып жұмғанша жаңа өзгеше құрылғылар пайда болады. Тағы бір сауал – нені таңдаған жөн? Қазір «бұлтты» қоймалар кеңінен қолданылып жүр, ол мәліметтерді желіде, виртуалды серверде сақтауға мүмкіндік береді, кейде жай ғана «бұлт» деп те аталады. Бұл не? Оның болашағы қандай? Қазір бірнеше гигабайт кеңістік сатып алып, деректерді сонда сақтаған да қолайлы. Жалғыз қажетті нәрсе – жоғарғы жылдамдықтағы Интернет. Технология жаңа болып табылатындықтан, бұған байланысты сауалдар да көптеп туындайды. Ең негізгі қиындық – компания басшылары ақпаратты өңдеу мен сақтау міндетін үшінші тарапқа сеніп тапсырғылары келмейді. Олар өз мәліметтері қолды болып кете ме деп алаңдайды. Ал бұлтты сервер қызметін ұсынушы компаниялар болса, мазасыздануға еш негіз жоқ деп сендіреді. Олар ақпараттың шетке шықпауына мүдделі, осы мақсатта алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланады.
http://www.caspionet.kz
Бағдарламаның шығaрылымы –03.04.2012.
Тапсырма: Мәтінді оқып, түсіндіріңіздер. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазыңыздар, мағынасын түсіндіріңіздер. Үйден өздеріңіз ДК туралы жаңалық тауып келіңіздер.
