- •Ақпарат және информатика
- •Табиғаттағы ақпарат ұғымы. Ақпарттық процестер. Адамның ақпаратты қабылдауы.
- •Ақпараттар әлемі
- •Ақпарат және оны бағалау
- •Есептеуіш техниканың даму тарихы
- •Компьютер
- •Этимология
- •Есептеуіш техниканың даму тарихындағы негізгі белгілер:
- •Тұрақты тіркестер:
- •Үйге тапсырма: Кестені толтыр:
- •Цифрлық немесе аналогтық
- •Екілік, ондық немесе үштік
- •Компьютер бағдарламасы
- •Тұрақты тіркестер:
- •Компьютерлердің қолданылуы
- •Компьютерлерді жүйелеу
- •Есептеу жүйесінің құрамы
- •Тұрақты тіркестер:
- •Дербес компьютер туралы жалпы мәлімет
- •Ұлағатты сөздер
- •Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта
- •Мақал-мәтелдер
- •Дербес компьютердің ішкі құрылғылары
- •Процессор
- •Компъютердің жады
- •Қатқыл диск
- •Иілгіш дискілерге арналған дискжетек
- •Жинақы-дискіге арналған дискжетек
- •Бейнекарта
- •Мақал-мәтелдер
- •Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
- •Енгізу құрылғылары
- •Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар
- •Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары
- •Мәліметтерді сақтау құрылғылары
- •Иілгіш дискілер. (дискеттер, флоппи дискілер)
- •Мәліметтермен алмасу құрылғысы
- •Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері
- •Негізгі функциялары
- •Негізгі ұғымдары
- •Windows-тың обьектілері.
- •Windows-тың басқару элементтері.
- •Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
- •Тұрақты тіркестер:
- •(Ехсел бағдарламасы)
- •Жұмыс кітабы
- •Мәліметтерді өңдеу
- •Мақал-мәтелдер:
- •Компьютерлік вирус
- •Алғаш зерттелуі
- •Компьютерлік вирустардың жіктелуі (топтарға бөлінуі)
- •Мақал-мәтелдер:
- •Интернет
- •Интернет туралы
- •Интернет желісінің тарихы
- •Интернеттің жетістіктері
- •Электронды пошта
- •Мемлекеттік қызметкерлерге арналған электрондық пошта енгізіледі
- •Мақал-мәтелдер
- •Информатикаға үлес қосқан ғалымдар өмірбаянынан августа ада лавлейс (lovelace augusta ada) (Бірінші программист)
- •Мақал-мәтелдер
- •Чарльз бэббидж
- •Тұрақты тіркестер:
- •Академик сергей алексеевич лебедев
- •Тұрақты тіркестер
- •Блез паскаль (Blaise Pascal) (1623–1662), француз ойшылы, математик және физик.
- •Билл гейтс
- •Билл Гейтс туралы қосымша деректер
- •Ұлағатты сөздер
- •Microsoft компаниясының қызметі
- •Қайырымдылық
- •120 Петабайттық жады құрылғысы
- •Мақал-мәтелдер
- •Алан тьюринг
- •С тив джобс
- •Өмірбаяны
- •Ұлағатты сөздер
- •Компьютердің адам психикасына әсері
- •Марк цукерберг
- •Өмір жолы
- •Ұлағатты сөздер
- •Функциялар
- •Қазақстандағы жағдайы
- •Джимми уэйлс
- •Өмірбаяны
- •Ғалымдардың ой-пікірі
- •Линус бенедикт торвальдс
- •Өмір жолы
- •Қызметі
- •Өмір туралы ғалымдардың ой-пікірлері
- •Құрылу тарихы
- •Google компаниясы
- •Қызметі
- •Логотипі
- •Қалта компьютерлерінің тарихы
- •Тұрақты тіркестер
- •Компания туралы
- •It саласы
- •Жетістікке жеткізбейтін 5 кедергі
- •Компьютерлік боттар
- •Дербес компьютерге байланысты берілетін сұрақтар:
- •Информатикаға үлес қосқан ғалымдарға қатысты берілетін сұрақтар:
- •«Топ көшбасшысы» интеллектуалды ойын сұрақтары:
- •Тест сұрақтары
- •Ақпараттану мен есептеу техникасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі
- •Кәсіби қазақ тілі сабағында қосымша пайдаланатын әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Интернеттің жетістіктері
Интернет технологиясы жылдам өзгеріп отырады. Интернет-пен жұмыс істеу оңайланғандықтан, қазіргі өзгерістер торапты кім немесе қандай мақсатпен қолдануында болып отыр. Дегенмен, " Web-тен білгім келген нәрсе туралы, информация таба аламын ба?"-деген сұрақ туындайды. Сол себепті бір жаққа телефон соғудан бұрын немесе кітапханаға барар алдында Web-тен информация алады.
Адамдарды іздеу. Егер қажетті адамыңыздың қайда екенін білмесеңіз, оны қайда болмаса да сіз қазіргі уақытта тауып алу мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін сіз қызмет каталогын немесе телефон кітапшасын қолдана аласыз.
Компанияларды, өнімдерді немесе басқа да қызметтерді іздеу. Сары парақ (Yellow Page) атты жаңа каталог қызметі – сізді қызықтыратын мамандықтары бар компанияларды іздеуге мүмкіндік береді. Оның адресін тез табу үшін сіз сол облысқа сәйкес кодты бере аласыз. Осылайша өзіңіз қолыңыз жетпей жүрген затыңызды да табуға болады.
Зерттеу. Заң кенселері бұрын қажетті информациялар үшін сағатына $8600 төлесе, қазір олар оны Интернеттен өте аз бағаға ала алады. Жылжымайтын заттармен айналысатын фирмалар, олардың бағасын бағалау үшін Интернетке сай келетін демографиялық мәліметтерді пайдаланады. Ғалымдар өздерінің соңғы зерттеу нәтижелерімен ауысады. Интернет көмегімен бизнесмендер болашақтағы нарықтарды үйренеді.
Білім. Мектеп мұғалімдері бүкіл әлемдегі оқыту программаларын бақылап отыра алады. Колледж оқытушылары өз шаңырақтарымен электрондық почта арқылы хабарласып, сонымен қатар телефонмен сөйлесу ақысын үнемдейді. Студенттер компьютерде курстық жұмыстарын жасайды. Сонымен қатар, диалогтық режимде энциклопедияның соңғы басылымын және басқа да қажетті материялдарды алуға болады.
Сапар. Үлкен, кіші қалалар, штаттар және бүкіл мемлекеттерді Web-те туристік және басқа да қажетті ақпараттарды табуға болады. Желіде сапар шегушілер ауа райы туралы мәліметтерді, транспорт қозғалысының уақыт кестесін немесе мұражайдың жұмыс уақыттары туралы мәліметтер ала алады.
Маркетинг және сауда. Мұнда программалық жабдықтарды шығарушы компаниялар өз өнімдерін сатып, желіде жаңа нұсқаларын ұсынады. Желі көмегімен басқа да түрлі өнімдер сатылады. Электронды кітап және грампластинка дүкендері оперативті режимде істейді. Клиент өзіне қажетті мәліметті каталогтардан көре алады.
Денсаулық сақтау. Науқас адамдар мен дәрігерлер денсаулық сақтау облысындағы соңғы ашылған жаңалықтарды біліп отырады. Өз білімдерімен алмасып және медициналық мәселелерді шешуде бір-біріне көмектесіп отырады.
Инвестиция. Адамдар акция сатып алып ақшаларын пайдалы айналымға жібереді. Кейбір компаниялар өздерінің акцияларын оперативті режимде ұсынады. Осылайша инвесторлар жаңа өнеркәсіптерді, ал өнеркәсіптер капитал табады. Конференция және аукциондарды ұйымдастырушылар хабарлама жасау, өтініш жинау немесе қатысушыларды тіркеу, т.б. жұмыстарды Web-те жасайды. Мұнда информация барлық уақытта жаңарып отырады, мұнда қағазды және транспорт шығынын әлдеқайда үнемдеуге болады.
Тірек сөздер: Ақпараттық технологиялар, компьютерлік бағдарламалар, ойын түрлері, ақпараттарды таңдап алу, жылдамдық, дүниетанымын кеңейту, техникалық мүмкіндіктер, тез түсіну, жылдам игеру, бағдарламалар құру, Интернет желісіне қосу, жұмысты жеңілдету, танымдық қабілетті дамыту, тетіктерін ауыстыру, компьютердің нұсқаулықтарына сүйену, күрделі тапсырмаларды орындау, компьютердің тілін таңдау, түрлі бағдарламаларды салу/ауыстыру, тәуелділік, қызығушылық, денсаулыққа қауіпті, көру қабілеті, есте сақтау, кері әсер, зиянды әдеттер, өзін-өзі жеңе білу, т.б.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Интернет дегеніміз не?
Интернеттің тарихы туралы айтыңыз.
Интернеттің атқаратын қызметі қандай?
Сіз интернет қолданасыз ба? Қолдансаңыз қандай мақсатта?
Қазақ тілінде қандай сайт бар?
Интернетсіз өз өміріңізді қалай елестетесіз? (өз ойыңыз)
Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазыңыз.
Тірек сөздерді пайдалана отырып, «Қазақстандағы интернеттің жағдайы» тақырыбына баяндама жазып келіңіз.
Интернеттің пайдасы мен зияны:
Интернеттің пайдасы:
1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана-сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
- Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
- Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
- Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
- Қаржылық операциялар жасауға;
- «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп-біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес… (материалдарды және моральді жағынан болсын).
Интернеттің зияны:
Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы – ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп, түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.
Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қарау ойлы мақсатқа, т.с.с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке цензура енгізу қажет-ау деп ойлайсың…
Ендігі бір мәселе – Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние. Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды.
Тапсырма: Жоғарыдағы мақала жөнінде өз ойыңызды айтыңыз. Мақалада кездескен тұрақты тіркестер мен жаңа сөздерді теріп жазыңыздар.
Мұны да біліп алыңыздар:
Интернетке тәуелділіктен арылу
Интернет тәуелділіктен арылуды пошта тексеруге арнайы уақыт тағайындаудан бастау керек. Арнайы уақыт тағайындаңыз да сол ережеден ауытқымаңыз.
Өзіңізге жаңа қызығушылық не хобби ашыңыз. Түрлі қауымдастықтар мен клубтарға барыңыз, спорт, музыка, би, ән айтумен және т.б. шұғылданыңыз. Досыңызды ертіп дене шынықтырумен айналысыңыз. Кинотеатрға, концертке барыңыз, кітап оқыңыз. Жалпы интернеттің орнын баса алатын бір қызығушылық табыңыз.
Білім деңгейіңізді көтеріңіз. Үйіңізде бұрыннан оқығыңыз келіп жүрген кітаптар бар шығар. Соларды оқуға кірісіңіз. Википедияның орнына энциклопедия оқыңыз. Осылайша интернеттен алшақтап қана қоймай, өз біліміңізді де жетілдіресіз.
Ас үйге көңіл бөліңіз. Чатта не болмаса форумда отырудың орнына анаңызға кешкі ас дайындауға көмектессеңіз, үйдегілердің бәрі қуанып қалары сөзсіз.
Достарыңызбен қыдырыңыз. Боулингке, сауда орталығына, сырғанаққа баруды жоспарлап, қыдырыңыз. Интернет қол жетімді жерлерге барудан бас тартыңыз, мысалы, интернет-кафеге.
Отбасылық кеш ұйымдастырыңыз. Мысалы, күнделікті теледидарға не мониторға телміргенше, кешкі астан кейін жиналып, үстел ойындарын ұйымдастырып, ойнаңыздар.
Компьютерде отыру уақытын шектеңіз. Күніне осынша сағаттан осыншаға дейін отырамын деп арнайы уақыт тағайындаңыз. Аптасына қанша рет шығу керектігіне де кесте жасаңыз. Егер жұмысыңызды аяқтасаңыз, тез шығып кетуге тырысыңыз.
Достарыңызбен интернет арқылы сөйлескенше, кездесіп әңгімелесуге тырысыңыз. Әлеуметтік желілерге көп уақыт бөлмеуге тырысыңыз.
Таймер қолданыңыз. Компьютерге отырарда таймерді 30 минутқа қойып қойыңыз. Сигнал компьютер алдында қанша уақыт отырғаныңыз жайлы хабар беріп отырады.
Компьютер алдында тамақ жемеңіз. Ас үйге барып, тамақ ішу онлайн режимнен біраз уақытқа болса да босатады.
Рөлдік ойын: Психолог пен интернетке тәуелді адамның туысы ретінде диалог құраңыз.
