- •Ғимараттар мен үймереттерді қайта қалпына келтіру және жаңартуды ұйымдастырудың жалпы принциптері.
- •1.Жалпы түсінік.
- •2.Өнеркәсіптік үймерттерді қайта қалпына келтірудің техникалық жабдықтаудың жалпы принциптері
- •Үймереттер мен ғимараттардың қайта салу технологиясы және ұйымдастыруы
- •Жер жұмыстарының өндірісі және қайта салу кезінде жерасты қатынас жолдарының құрылысы
- •Ғимараттар мен үймереттердің құрылыс құрылымдарын бұзу және қирату
- •Құрылымдардың жылу сақтағыш қасиеттерін күшейту. Қайта салу кезінде шіруден қорғау
- •Темірбетон құрылымдарды күшейту
- •Қайта жасау кезінде жабын және аражабын плиталарын күшейту
- •Қайта жасау кезінде негізді күшейту
- •Темірбетон құрылымдардың арматурасын тоттанудан қорғау
- •Алынбайтын қорама қалып
Ғимараттар мен үймереттердің құрылыс құрылымдарын бұзу және қирату
Бұзу және қирату бойынша жүргізілетін жұмыстар
Массивтер мен құрылымдарды бұзу құралдары.
Бұзу және қирату бойынша жүргізілетін жұмыстар
Ғимаратты бұзу және қирату белгілі-бір бөлікті немесе үймереттің барлық құрылымдық бөлшектерін жою, құрылыс орынын жарамсыз құрылымдар мен материалдардан тазарту және босату болып табылады.
Үймеретті қирату және бұзу қайта салу жағдайларына байланысты толық және кезектеспелі болады. Үймеретті толық бұзу және қирату оны күреп тастаумен немесе толық қайта салынуымен анықталады; кезектеспелі-көлемді –жоспарлы шешімдердің өзгеруі кезінде жеке құрылымдарды айырбастау немесе оларды жөндеу.
Үймеретті бұзу құрылымдар мен материалдарды қайта қолдану үшін, сонымен қатар мүмкіндігінше бұзу әдістерінің тиімсіздігін пайдалануға қолданылады. Бұл кезде жинақтауды бұзу, қирату, бөлшектеп немесе толық қирату жұмыстары жүргізіледі.
Құрылыс құрылымдарын демонтаждау-жүккөтергіш, тонелаждар мен транспорт құралдарын қолдану арқылы бұзу немесе жоладық механизацияланған процесі.
Бұзу жұмысы жоғарыдан төмен қарай келесі тізбекте жасалады:
Технологиялық құрылымдар: құбырөткелдер, инженерлік қатынас жолдары, мачты, тіректер, этажеркалар, көтергіштер;
Қоршағыш құрылымдар: көлденең (едендер, шатыр, аралық жабындар); тік (қақпа, есіктер, терезелер, витраждар және жүккөтергіш сыртқы және ішкі қабырғалар);
Арнайы құрылымдар: баспалдақтар, көрінетін алаңдар, пандустар, шахталар, галереялар, рельсті жолдар.
Жүк көтергіш құрылымдар көлденең ( фенорлар, жабындар және аралық формалар, аруолықтар, ригельдар, кронасты аруолықтар); тік (қабырғалар, бағандар, тіректер);
Төнельдер, жертөлелер, іргетастар.
Бірқабатты үймеретті бұзғанда құрылымдарды бөлшектей отырып, жеке тәсілдермен жасайды. Кейде бұл тәсілдердің комбинациясын қолданады. Ал көпқабатты үймеретті қабат бойынша жеке секцияларды немесе үймерет ұзындығы бойынша жүргізіледі. Ізбес ерітінділерінде қаланған кірпіш-төсемдерді рет-ретімен, ал цемент ерітіндісінде қаланған болса, лом, кувал, клинья (сыналар), кирка (қайла), пневматикалық балталар, электр ломдар , бетон бұзған ломдар арқылы жүзеге асырылады. Ал тығыз орналасқан жерлерде қол жмысын қолданады.
Массивтер мен құрылымдарды бұзу құралдары.
Жинақталып алынған құрылыс құрылымдары материалдарын бұзу үшін оларды былай жіктеуге болады.
Құрылыс құрылымдарын бұзу құралдары немесе негізгі тәсілдерінің жіктелуі.
Энергия түрі бойынша тәсілдері |
Қирату үшін күш жұмсайтын құралдар |
|
контактылы |
шпурлы-теспелі |
|
механикалық |
пневматикалық қол құрылғысы және электр машиналары, жүк беретін, гидро және пневмо балға, импульсті су атқыш, бұрғылайтын машиналар және станоктар |
гидроклинді (танап) жарғыш гидродомкрат, тоңазытушы, қоспалар, қатыту кезінде ұлғайтылуы |
термикалық |
электродугалы кескіш, кислородты кескіш реактивті –сорғалап ағатын жанарғы, плазмалы кескіш |
термобурлар: қоспалар, жылу энергиясын бөлетін, ультрақысқа электромагнитті толқындар |
жарылғыш |
жарылғыш генераторлар, тіркеме, жинақталған зарядтар |
шпурлы зарядтар, гидрожарғыштар, электрогидравликалық әсер беретің құрылғылар |
Контактылы құралдар. Қалпына келтіру шарттарындағы қиратулар түйіскен құралдардың негізгі кемшіліктері қиратылған материалдың сынықтарының үлкен бытыраулары болып табылады, сонымен қатар қондырғылардың түбегейлі габариттері. Осы себептен шпурлы зарядтар белгілі-бір шекте қолданылады. Бірақ бірқатар құрылымдарды бұзғанда, мысалы іргетасты, бұзу үшін жұмыс заласын ұйымдастыруға болады. Мұндай жағдайда бұзудың жоғары – өндірістік контактылы құралдарын, яғни гидро және пневмобалға, жарғышгенератор, тіркеме, жинақталған зарядты құралдарын қолданған орынды.
Теспелі құралдар. Теспелік құралдардың артықшылығы қиратылған материал сынықтарының аз бытырауында жатыр, яғни жұмыстары құрылымдардың шусыздығы, оңайлығы, жұмыс орнынан 30 м қашықтықта орналасуы. Кемшілігі - тесіп бұрғылауда өндірістік еңбек жұмысының қажеттілігі.
Механикалық тәсіл. Қолмен орындалатын пневмо және электрмашиналар құйма бетон, темірбетон және кірпіш күмбез жабындарды, сонымен қатар шағын көлемді құйма бетон құрылымдарын қиратуда қолданылады. Бұл тәсіл шығын жағынан қымбатқа түсетін болғандықтан аз көлемді қирату жұмыстарына жүргізіледі.
Механикалық және термикалық тәсілдер құрылымдарды бөлу үшін және әртүрлі конструкциялардың ойықтар мен саңылаулар құрылымдарына қолданылады: механикалық бұрғылау, кесу; газды қышқыл кескіштер, электродоғалы, плазмалы және лазерлі кескіш, ағымды кескіштер.
Ғимаратты көшіру жұмыстары ғылыми техникалық дайындықты талап етеді.
7 дәріс
