- •Ғимараттар мен үймереттерді қайта қалпына келтіру және жаңартуды ұйымдастырудың жалпы принциптері.
- •1.Жалпы түсінік.
- •2.Өнеркәсіптік үймерттерді қайта қалпына келтірудің техникалық жабдықтаудың жалпы принциптері
- •Үймереттер мен ғимараттардың қайта салу технологиясы және ұйымдастыруы
- •Жер жұмыстарының өндірісі және қайта салу кезінде жерасты қатынас жолдарының құрылысы
- •Ғимараттар мен үймереттердің құрылыс құрылымдарын бұзу және қирату
- •Құрылымдардың жылу сақтағыш қасиеттерін күшейту. Қайта салу кезінде шіруден қорғау
- •Темірбетон құрылымдарды күшейту
- •Қайта жасау кезінде жабын және аражабын плиталарын күшейту
- •Қайта жасау кезінде негізді күшейту
- •Темірбетон құрылымдардың арматурасын тоттанудан қорғау
- •Алынбайтын қорама қалып
Құрылымдардың жылу сақтағыш қасиеттерін күшейту. Қайта салу кезінде шіруден қорғау
Құрылымдардың жылу сақтағыш қасиеттерін күшейту
Қайта салу кезінде шіруден қорғау
Құрылымдардың жылу сақтағыш қасиеттерін күшейту
Ерте салынған ғимараттардың неғұрлым бөлігі жылу сақтағыш болғанша жаңа қағидалар талаптарын қанағаттандырмайды. Жылу сақтағыш деңгейін көтеру үшін тиімді жылу қорғағыш материалдар қолданылады.
Үймеретті жөндегенде сыртқы қабырғаларды жылыту өндірісі жасалу қажет. Үймереттің сыртына материалдарды орналастыру кезінде ылғалдылық өткізудің жоғары дәрежеде болуы сырт қабырғалардың жылу техникалық көрсеткіштеріне салыстырмалы түрде кері әсерін тигізеді.
Үймереттің ішін жылыту үшін қолданылады: пенополидретондар, термореактивті материалдан жасалған, эковата; «Тиги-Кнауф» гипсті аралас панельдер; перпит иегізуеріндегі цемент, әктас, қоспалары бар жылы сылаутар; минерал бөлшектері қосылған жылытқыш бояулар.
Жабын жылытуыштармен жылыту
1-қабырға фрагменті
2-ағаш тығындар
3-жабыстырғыш
4-жылу сақтағыш
5-бу
өткізбейтін қабат
6-қаптауыш
жабындар
7-өңдейтін қабат
8-ағаш қайрақтар (брусок)
Жылу сақтағыш сылақтардан
қорғау
1-қабырға фрагменті
2-ағаш тығындар
3-судан
сақтауыш
4-рейкалар
5-құрғақ
сылаң
6-өңделген қабат
Бұрыштардың жылу сақтағышы бөлменің толық биіктігі бойынша жасалады; беті дайындалады; жылу сақтағыш жабыстырылады; бу сақтағыш қабат жағылады; металл торлар бойынша әсемдік өңдеу қабаты орындалады:
Бұрыштардың жылу сақтағышы
1-жабынды жылу жақтағыш;
2-бу сақтағыш қабат;
3-өңделетін қабат.
надписи, содержащей броские цитаты,
используйте вкладкунадписями".]
Егер қабырға 20 мм шамасында тегіс болмаса, ол қосымша тегістелу керек. Ол үшін ені 10 см болатын гипсокартонды панель беттер пайдаланылады. Жолақтарды периметрімен шамалайды, сонан соң аралас гипсті панельдер жабыстырылып, арасындағы жіктер бекітіледі. Еден араларындағы саңылаулар өткізбейтін материалдармен бітеліп, плинтустар салынады.
Есік және терезе өткелдерінің еңістеріне жылу сақтағыш салудың екі тәсілі бар:
1-тәсіл. Тақтаны терезелік ойықтың өлкесіне бөлігін шығарумен орнатады. Жабыстырғыш құралдары кепкеннен кейін терезе жақтуларына тығыздағыш тақталарды жабыстырады. Тақтаға ойылған жабындарды еңістерге жабыстырады. Шығып тұрған тақтаның бір бөлігін сызғышпен кесіліп алынады.
2-тәсіл. Тақтаны терезе ойығының бетімен бірдей қылып орнатады. Жабыстырғыш құралдары кепкен соң, терезе жақтауларына тығыздағыш ленталар жабыстырылады.
Қайта салу кезінде шіруден қорғау
Кәсiпорынды қайта салу кезінде конструкция жасауында кеткен ақауларда немесе қолайсыз жағдайларда пайдалану нәтижесінде арматуралардағы темірбетон конструкциясын қорғау қажеттілігі жиі пайда болады.
Арматураны қорғаудың ең тиімді тәсілі торкретбетон болып табылады. Конструкцияның ақаулы бөлшектерін қашаулар және балғалар немесе ұрғыш балғалар арқылы зақымдалған қорғаушы қабатын коррозиядан металдық щетка және құм арқылы тазарту аппаратымен тақырлап тазалайды.
Тақырланған арматурада 50х50 мм өлшемдерiнiң ұяшықтары бар диаметрі 2-3 мм сымдыторды бекітіп, зақымданған бөлшектерді брандспойттағы қысыммен жуып, және ол ылғалды емес, дымқыл бетті торкреттейді.
Бетонда қорғаушы қабаттың жетіспеуіннен арматурада каррозиядан оқшаулауға перхлорвинил материалын бетонның тегістелген бетіне лак және эмаль ретінде қолданады.
Бетті тегістеу торкретбетонмен жүргізіледі, яғни ондағы бетон қабатынының қалыңдығы оның нақты бетонды қорғау қабат қалыңдығына байланысты және ол 10 мм-ден кем емес болып келеді. Торкреттеу арматура каркасына бекітілген сымды тор арқылы жүргізіледі.
Бетон бетіне торкретбетонды жағу алдында оның бетін мұқият саздан және шаң-тозаңнан қысымды сумен тазалап алады.
Жаңа және ескі бетонның бір-біріне жақсы бекітілуі үшін бет дымқыл болуы керек,сондықтан жууды торкреттеу алдына дейін 1-1,5 сағ бұрын жасалады.
Егер торкретбетон қабаты жағылғаннан кейін қорғаушы қабат қалыңдығы нормативке сәйкес келсе, онда лакті бояу жамылғысы керек болмайды.
Перхлорвинилді оқшаулағышты кептіріліп және қаттыланған торкретбетон қабатына жағылған топырақ қабатына 0,015-0,02 мм қабаты қалыңдығымен бояуатқышпен орындайды. Оқшаулағыш қабат саны бетонды қорғаушы қабат қалыңдығына байланысты 2-ден 4-ке дейін алынады.
Перхлорвинил тұтқырлығы 0,018-0,022 арасында ВЗ-4 вискозиметрімен қабылданады. Оқшаулағыштың кебуі 2-3 сағ жүреді.
8 дәріс
