Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
реконс.лек.на казdoc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Темірбетон құрылымдардың арматурасын тоттанудан қорғау

Темірбетон құрылымдардың арматураларын тоттанудан қорау оларды ұзаққа шыдамдылығын, сенімділігін арттырады. Металдарды тоттанудан қорғаудң келесі тәсілдері бар:механиклық және электрохимиялық

Механикалық тәсіл – тазартылған, шаңнан тазартылған, құрғақ және майсыз беттерге ( цементті-полистирол, цементті-перхлорвинил) бояулар, лактар, эмальдар, эпоксидтті қоспалар жағу болып табылады. Цинкті жабындарды төсеу үшін келесі тәсілдер қолданылады: газды, электрометалдау, газды жанғыш, гальваникалық.

Газды тәсіл немесе электрометалдау диаметрі 1,5 – 2 мм цинкті сымдарды тозаңдатумен орындалады. Процесс электрометаллизаторлар арқылы жүзеге асырылады. Газды жанғыш тәсілі – ұнтақты материалдар беті жылжымалы агрегаттармен тозаңдалады.

Ең тиімді тәсіл – бұл торкреттеу әдісі. Торкреттеу деп аарнайы қондырғымен цементқұмды ерітіндінің жұқа қабатын бетонның немесе басқаның бетіне қондыру тәсілін айтады.

Ақау жерлерді қорғағыш қабаттардан ( қашаулармен, балғамен, ұрып түсірілме балғамен ) тазартады; арматураны жасақаштайды, тоттарды жояды ( құм арқылы тазарту аппараты немесе металдың щеткамен); диаметрі 2-3 мм қуысы 50х 50 см болатын сымдардан жасалған сетканы арматураға бекітеді. Бетонды қосымша ПХВ лактарымен 0,015 – 0,02 мм шамалы қалыңдықта бояйды. Бетін тегістеу торкет-бетон арқылы жүзеге асырылады, сондай- ақ бетон қалыңдығы бетонның қорғағыш қабатының фактылы қаықтығына байланыстыболады және қалыңдығы 10 мм аспауы керек.

Бетон күтімі және қайта жасау кезінде құрылымдарды тұрғызуды жеделдету

Бетонды күту бойынша жасалатын шараларда қарастырылатын басты мәселелер:

- беріктік жиынтықтары үшін қажетті ылғалды режимдер;

- механикалық зақымданулардан жаңадан салынған бетонның сақталуы.

Бұл өте күрделі, өйткені бетон қоспасы көптеген жағдайларда жұқа қабаттарда төселеді, температурасы жоғары және желдету жүйелері мықты, адамдар мен транспорт қозғалысы көп бөлшектерде құрылымдар пайдаланылады.

Құрылымдарды біртектілегенде қолданатын шаралар ортаға, түріне байланысты болады. Беріктік жиынтығын жеделдету құрылым түріне қарай жасалады, электр жүйесі және жылыту құрылғылары, технико- экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, жылытқыш қалыптардың қолданылуы және өндірістік жұмыстардың қауіпсіздігі.

Қайта жасауда бетонның жылулық өңдеуі үшін келесі тәсілдер қолданылады:

- іргетастың барлық түрлері, құрылымдардың, жертөлелердің, қалыңдығы 0,3 мм қабырғаларды бетондау кезінде ысытатын қалыптардағы жылытқыш немесе электрожылытқыш ағаш қалыптардағы

- едендерді, жабындарды бетондауда – маттар қолданылуымен жылытылады немесе электр жылыту тілме электродтар қолданумен жасалады.

- бағаналарды күшейтуде – электр жылыту тілме электродтармен жасалады.

- тоғысқан жерлерді моноплиттағанда – қыздыратын өткізгіштер, орнатылатын тоғысқан жердің қуыстарындағы.

Бетон сапасы жөнінде бақылаулар арнайы құжаттарға тіркеледі. Яғни формасы жоғары арнайы құрылысқа арналған журналдар.

Өндірістік жұмыстарда кезекті бақылау қысқы мезгілде келесі қосымша шаралардың орындалуымен жүзеге асырылады:

- су және толтырғыштардың температурасын қадағалау, сонымен қатар бетондарды шығару кезінде және төсеу кезінде температурасы қадағаланады.

- қататын бетон температурасы режимін қадағалау

- қысу уақытында қосымша бақылау үлгілерінің беріктігін тексеру және дайындау.

Осы бақылау және үлгі беріктігін тексеру нәтижелері бетон жұмыстары журналына тіркеледі.

Бетон араластырғыштан бетон қоспаларын шығарғанда температурасын, сонымен қосасу және толтырғыштарды бетон араластырғышқа тигенде температура аз дегенде Бетон араластырғыштан бетон қоспаларын шығарғанда температурасын, сонымен қосасу және толтырғыштарды бетон араластырғышқа тигенде температура аз дегенде 2 сағат сайын өлшейді.

Төселетін бетонның температурасы бақылану керек:

- термос тәсілі бойынша, тәулігіне 2 рет;

- булап жылыту, алғашқы 8 сағаттан соң, әрбір 2 сағатта, келесі 16 сағатта 4 сағат сайын, соңынан қалған уақытта тәулігіне 3 реттен.

- электрмен жылытуда алғашқы 3 сағатта сағат сайын, сосын 2-3 сағат сайын.

Сыртқы ауа мен қоршаған лорта температурасы тәулігіне 3 рет өлшеп отыру керек. Ал бетон температурасы бақылау ұңғымаларының 5-10 см тереңдігінде тексереді және құрылыс схемасына түсіріп нөмерлейді.

15 дәріс