- •79. Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін V – VII сыныптарда оқыту жолдары.
- •80. Ғ. Мүсіреповтің әңгімелерін оқыту.
- •83. Қазақ әдебиеті сабағындағы көрнекіліктің орны
- •87. Қазақ әдебиеті сабағындағы пән аралық байланыстар.
- •91. Мектептегі қазақ әдебиеті мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдар тиімділігі.
- •95. Ә. Қоңыратбаев - әдіскер ұстаз.
- •99. Қосымша оқуға ұсынылатын әдеби шығармалар сипаты
- •107. Көркем шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту.
- •48. Көркем шығарманы оқып үйренудегі кіріспе сабақтың орны.
- •43. Монографиялық оқыту сабақтарының құрылысы
- •52. Әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар сипаты.
- •56. Әдебиеттік оқу құралдарының құрылысы.
- •67. Қазақ әдебиетін оқыту тәсілдерінің жүйесі.
- •74. Сабаққа қойлатын талаптар
- •98. Орфографияны оқыту әдістемесі
- •76. Қазақ тілі сабағын әдебиет пәнімен байланыстыра оқыту
- •66. Сабақ жоспарының үлгісі
- •122 Мұғалімдерге қойылатын талаптар.
- •37. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы:
- •13. Қазақ тілі сабағында дидактикалық материалдарды даярлау және пайдалану:
- •142. Сабақтың типтері мен түрлері.
- •122 І.Басымовтың әдістемелік еңбектері.
- •91. Жаңа сабақты жүргізу әдістері.
- •47. Қазақ тілінің басқа пәндермен байланысы.
- •158. Сабақта пайдаланылатын көрнекті құралдар
- •40. Мектеп тәжірибесі және әдістемелік мұра
- •66.Сабақ жоспарының түрлері:
83. Қазақ әдебиеті сабағындағы көрнекіліктің орны
Көрнекілік әдіс – Сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. 1- 2 сыныптарда түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , ірі. екі немесе үш түстен болуы керек . Мысалы : «Ұлттық киімдер» тақырыбын өткен кезде киімдердің суретін көрсету арқылы немесе сыныпқа кәдімгі киімдерді көрсету арқылы жүзеге асып отырады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді , сөз тіркестерін үйретуге болады. Ы. Алтынсарин Натуральды әдіс туралы былай деген: «балаға айтып түсіргеннен гөрі , қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды » деген. Бұл әдісті сөздік қорды дамытуға бастауыш сыныптарда қолданады. Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – Жеміс- жидектер, Оқу құралдары, Ойыншықтар, Тағамдар , тақырыптарында жүзеге асады.
Оқу əдістері белгілі оқу ( дидактика) құрал - жабдықтарымен іске асырылады. Оқу құрал-жабдықтары - бұл білім алу, ептіліктер қалыптастыру көздері. «Оқу құрал –жабдықтары» түсінігі кең жəне тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу жəне көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар жəне т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға жəрдемші жағдаяттардың бəрін түсінеміз, яғни оқу əдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бəрі осы оқу жабдықтарын құрайды. Оқу құралдарының көмегімен дүниені тікелей де жанама тануды жеңілдетеміз. Олар, əдістер сияқты оқу, тəрбиелеу жəне дамыту қызметтерін атқарып, оқушыларды ынталандыруға, оқу-танымдық іс-əрекетті басқару мен бақылауға пайдаланылады. Дидактикалық құралдар төмендегідей тіркеледі:
- көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер ж.т.б.;
- есіту(аудио)құралдары-радио, магнитафон, əн-күй аспаптары ж.т.б.;
- есіту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж.т.б.;
- сөздік құралдар - оқулықтар, мəтіндер;
- оқу процесін авмоматтастырушы құралдар – тіл кабинеттері, компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары;
- сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары.
87. Қазақ әдебиеті сабағындағы пән аралық байланыстар.
Таным теориясымен байланысы: Әдебиет пәнінің кейбір пәндерге қарағанда оқушыларға өмір таныту құралы ретіндегі маңзы мен рөлі орасан зор. Өйткені көркем әдебиет - өмір оқулығы, адамтану ғылымы. Өмірді танытуда, адамның ақылы мен еркіне тікелей хәне бірден әсер етуде, оны қалыптасып, дамытып тәрбиелеуде, ғылым былай тұрсын, өнердің өзге салаларынан шоқтығы биік көркем әдебиеттің өзіне тән өзгеше сыр-сипаты бар. Өйткені көркем шығармада адам өмірдің алуан түрлі көрінісі, құбылысы суреттеледі. Өмірді образдылықпен суреттеп көрсету көркем әдебиеттің айрықша табиғаты десек болады, ол өмірді танатумен бірге, сол өмірге өзінің әскрін тигізіп, ықпалын жүргізеді. Әр халықпен халықтық әдебиет өмір сүреді. Себебі әдебиетте өмір шындығы жатыр.
Психологиямен байланысы: Мектептегі барлық оқу пәндері сияқты әдебиет пәнінің программалары мен оқулық-хрестоматияларының жасалу прингциптері, оның құрылысы мен мазмұны тек қана педагогика мен методика заң-ережелеріне сүйенбейді, психология ғылымдарының да ереже-қағидаларына сүйенеді. Әдебиет мұғалімінің бұл жөніндегі басты міндеті – оқушыларды күнбе-күн жүйелі бақылап, зерттеп отыру негізінде оның кітап оқуға құмарлығы қандай, қай тақырыпқа жазылған шығармаларды оқуды ұнатады, оқитын шығармаларын оқушының қабылдап түсіну дәрежесінің өзгешіліктері қандай, оқушылардың әр шығарманы оқу-талдау процесі кезіндегі ойлау өзгешіліктері неде, шығармаларды оқуда, оқып үйренудегі түйсіктерінің рөлі, мұның моральдық-эстетикалық жақтары, оқушылардың ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарының психологиялық негіздері смяқты мәселелердің бетін ашады. Мысалы, әдебиет пәнінде тапсырма беру барысында оқушылардың психологиялық көңіл-күйін, мүмкіндіктерін ескеру керек.
Педагогикамен байланысы: Әдебиетті оқыту методикасы пелагогикалық ғылымдар саласына жататын ғылыми пән болғандықтан, ол өзінің теорияларын, ереже-қағидаларын педагогика саласына, яғни оның теориясына негіздейді. Бұл жағынан алып қарағанда, педагогика методиканың басшысы сияқты. Алайда мынадай іргелес, туыстас жақындығы бола тұрса да, педагогика мен әдебиет методикасы бір нәрсе емес, бұлардың өзара айырмашылығы бар екені даусыз. Әдебиет мұғалімі оқушыларға әдебиет ғылымының негізін игертіп шығару үшін, ол - әдебиет сабақтарға оқу-педагогикалық процесті дұрыс ұйымдастырып өткізуі шарт. Мұның өзі әдебиет мұғалімінің біліміне педагогикалық шеберлігіне методикалық әдіс-тәсілдерді орынды және дұрыс қолдана білуіне келіп тіреледі.
Тіл білімімен байланысы: А.Соболевтің айтуынша, сөз – сурет картинаны да, музыканы да, табиғатты да және өмірдің өзін де жасап шығара алады. Бұл тұрғыдан қарағанда,әдебиетті оқыту методикасына тіл білімінің қосар үлесі аса зор. Өйткені, тіл көркем әдебиеттің бірнеше элементі болғандықтан ақын, жазушы шығармасында өзінің идеясы мен образдарын осы тіл арқылы бейнелеп көрсетеді. Сондықтан тіл көркем шығарманың талдауға жататын құрамды элементтерінің бірі болып саналады. Әдебиетті оқыту методикасының тіл білімімен байланысын бұдан да басқа жақтары көп. Мысалы, жай сөздер синтаксисі мен поэтикалық синтаксисті салыстырып, оның бір-бірінен айырмашылығын, ерекшелігін тану, әдеби шығарманың тіл шеберлігі жазушының суреттеп отырған құбылысына керекті сөздерді орынды қолдпнуы мен көрік, ажар беретін көркем сөз құралдарын орынды қолдануымен ғана жасалмайтынын, әрбір шығарманың тіл шеберлігінің айқын бір белгісі оның сөйлемдерінен, сөйлм құрылысынан да білініп тұратынын аңғарып отыру қажет. Сондай-ақ, көркем шығармадағы интонациялық өзгешіліктер, әсіресе поэзиядағы көрінісі, фигуралық арнау, қайталау, параллелизм, инверсия, теңдестіру сияқты түрлері, сондай-ақ поэтиалық сөздерлің дыбыс қайталаулары, тіл мен стиль, өлең шығару жүйесінің тілдік жүйемен байланысы сияқты мәселелерді оқушыларға, әрбір сыныптың әдебиет программаларына сәйкес үйреніп отыру әдебиет оқытушысының басты міндеті болып табылады.
Тарихпен байланысы: Басқа халықтар сияқты қазақ халқының әдебиеті де тарих ғылымымен тығыз байланысты . Өйткені әрбір халықтың көркем әдебиеті сол халықтың көркем шежіресі, хикаясы, басқаша айтқанда, көркем тарихы болып табылады. Қазақ әдебиетінің әр дәуір, әп кезеңдегі кейбір әдебиеттік құбылыстарын дұрыс және айқын ұғыну үшін тарих ғылымына, әсіресе Қазақстан тарихына жүгінеміз. Себебі әдебиетімізге негіз болатын да сол тарих екені даусыз. Мәселен, жоғары сынып оқушыларын қазақ әдебиетінің тарихи-әдебиеттік процесімен таныстырамыз. Ол үшін әрбір ақын-жазушылар творчкствосының өзгешіліктерін ұқсастығы және қарама-қарсылығы жөнінен өз ара салыстыра байқатамыз. Әдеби қозғалыстың түрлі дәуір-кезеңдеріне жинақтай, қорытындылай отырып сипаттама беріледі. Міне осы сияқты күрделі мәселелерді ғылыми жолмен оқып үйрену үшін, әдебиетоқытушысынан тарих пәнін жан-жақты терең білуін талап етеді. Мысалы, 4-6 сыныптарға қарағанда 7-сыныпта оқушылардың тарих жөніндегі мағлұматы күрделене түседі. Өйткені бұл сыныпта қазақ әдебиетінің үлгілері тарихи-хронологиялық ізбен өтіледі. Ақын-жазушының жалаң өмірбаяны ғана емес, оның творчестволық жолы да әңгіме болады.Бұл да тарихи тұрғыдан қаралын тексеріледі. 8-11 сыныптарға келсек, мұнда оқушылардың тарих жөніндегі білімі әлдеқайда кеңейтіліп, тереңдетіледі. Мәселен, аталған жоғарғы сыныптарда қазақ әдебиетінің жеке дәуірі кезеңдеріне байланысты жасалатын тарихи-әдебиеттік құбылыстарды (түрлі ағымдар мен бағыттар,т.б.) толық, терең, жан-жақты түсіну мүмкін емес. Сондай-ақ ақын, жазушылардың творчестволық жолы да осы тарихи-әдебиеттік тұрғыдан талданып тексеріледі.Қажетті жағдайда бұлардың үстіне баспасөздің даму тарихының мәселелері де араласып кетеді.
Эстетикамен байланысы: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, олардың мәдени дәрежесі мен дағдысын, көркемдік талғамын қалыптастырып дамытуда әдебиет пәнінің алатын орны мен атқаратын қызметіерекше. Өйткені көркем әдебиет өнер саласы, сөзь өнері ретінде қоғамдық сананың идеологиялық бір формасы болғандықтан, оның қоғамдық ұйымдастырушылық күші орасан зор. Ол – суреткердің көркемдік ойлау қиялынан, сезім дүниесінен уған сөз өнерінң жемісі, туындысы. Сондықтан ол адамның ойлаушылық қабілетіне байланысты оның ақыл-еркіне, ой-парасатына, моральдық, эстетикалық сезім жүйелеріне әсер етеді. Сөйтіп, оқырмандардың жан дүниесін тебіренте толғандырып, өзі мезгеген күйініш-сүйінішке жетектейді, соған ортақтастырады. Осының негізінде оқырманға не ыза кек не қорқыныш, немесе қуаныш, шаттық, шабыт, т.б. сияқты сезім мен лебіз туғызады. Әдебиет сабағында ақын-жазушылардың өмірі, творчествосына байланысты иллюстративтік материалдарды үлестіруге, бұлардың өздері шығарған өлеңдері мен әндерінің өнер шеберлерінің орындалуында, радио, телевизор, магнитафон арқылы тыңдаттыруға болады. Олардың шығармаларын мұғалімнің өзі мәнерлеп оқып, оны оқушыларға үйретуде үлкен эстетикалық мән жатыр. Әдебиеттіңк шығарманы оқып үйрену барысында ондағы белгілі бір көріністі бейнелеп ауызща бейнелеп сурет салдыртуға болады. Және де сыныптан тыс оқу, ән-хор, ұлт аспаптары оркестр үйірмелері, әдеби кештер, ойын-сауықтар, әдебиет газеті мен журналы, табиғат аясына, түрлі музейлер мен өнер көрмелеріне жасалған кинофильмдерді көру, тыңдау, көркем әңгімелерді мәнерлеп оқу, т.б. іс-әрекеттерді жүзеге асыруға болады. Сайып келгенде, мектептегі әдебиет пәнін өзге оқу пәндерімен салыстырып қарағанда, оқушыоарға эстетикалық тәрбие беру, олардың көркемдік ой-сезімдерін оятып, талғамдық қабілетін қалыптастырып дамытуда мүмкіншілігі мол екенін көріп отырамыз.
88. 5-7-сыныптарға шешендік сөзді оқыту әдісі.
Шешендік өнер тек қана қазақ халқында ғана емес, өзге е халықтардың тіл мәдениеті мен әдебиетінде жоғары деңгейде болғаны белгілі. Бірақ қазақ халқының шешендік өнері - өзге ұлттарікімен салыстырғана өзінік ұлттық «колориті», құндылығы бар баға жетпес сөз өнерінің бір шоғыры. Ал мектеп бағдарламасында шешенік сөздерді оқытуға 4 сағат берілген. Оқушылар бұл сабаққа дейін шешен, билер туралы қазақ тілі, Қазақстан тарихы пәнерінен оқып білген. Ендеше оқушының бастапқы білімін сұрыптай келе, қазақ халқының қандай би-шешен тұлғаларын білесіңдер? деген сұрақ қою арқылы оқушылардың өз білімдерін пайдаланамыз. Оқушы білетін шешендерін дәптеріне жазады. Дәптерге жазу үлгісін мұғалім былай ұйымастырады. Қазақ халқының би-шешендері: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, Жиренше шешен, т.б. «Шешен адам не істеген?» деген сұрақты қою арқылы олардың халық арасындағы қоғамдық рөлін анықтаймыз. Ол үшін кластер үлгісі қолданылса болады.
Мұғалім оқушылардың бар білімін жеткізе алуы мен танымдық, жадылық қасиеттерін дамыту үшін әр тармақты жазбас бұрын оқушы алдында жағдаяттарды салыстырмалы түрде айтып, көрсетіп, бейнелеп немесе оқушыларға таныс шешендік сөзер туралы аңыздарды әңгімелеп берсе, мұндай әрекет оқушының қисынды ойлауын алға жетелейді. Егер осы бағдарлама бойынша берілген материалдарға модуль құрып, модульді оқыту технологиясын пайдалану арқылы сабақ үрдісін ұйымдастырсақ, онда құрастырлаған тақырыптық модуль төмендегідей болар еді:
Модуль құрылымы |
Сабақ реті |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Кіріспе бөлім |
1 |
Шешендік өнер туралы түсінік |
1 |
Сөйлесу бөлімі |
2, 3 |
Шешендер. Шешендік өнердің ерекшелігі |
2 |
Қорытыны бөлім |
1 |
Нәтиже сабақ |
1 |
Шешенік сөздерді оқытудың ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашу үшін осы тақырыптың модуліне жүйе жасап, оны сабақты жоспарлағанда пайдаланып, оқушының теориялық материалды меңгеруі мен тәрбиелік мәнін түсінудегі әрекетін жеңілдетер, мұғалімнің басшылыққа алар жүйелі әрекетін қалыптастыруға болады.
Сөздік жұмыс |
Қазақ халқының ұлт тық құндылық әлемі |
Тәрбиелік мәні |
Өзіндік Ерекшеліктері |
Бір ауыздан, қамын ойлаған, бас биі, қарсы шығыпты, қолдаға нын,жұмарлап, өріл ген,тағылымды, көне ден, аздырмайтын, т.б. |
Нақты, қысқа, нұсқа сөйлеу;тыңдау мәде ниеті, сөздің реттілігі, орындылығы, өзектілі гі, сөз құдіреті – сөзге тоқтау, ой, пікір құндылығын сыйлау. |
Ел ішіндегі ынтымақ ты,сыйластықты,бірлік ті,сабырлықты,сөз құ діреті мен құндылы ғын ұстай білу, қорғап, сақтай білу. |
Кейіпкерлердің тарих та болуы, көркемді гі,тәрбиелік құндылы ғы, шешенік сөзді айту шылар, көбінесе, тари хи тұлғалар, мемлекет қайраткерлері. |
Бұл жүйе мұғалімнің сабақ үрдісін ұйымдастырудағы әрекеті басшылыққа алатын болғандықтан, әуелі сөздік жұмысын жүргізу, бұны оқушылардың өздері жүргізуге болады. Шешендік өнердің ерекшелігін ашуда халқымыздың шешендік өнер арқылы қандай құндылықты бала бойына сіңіруі меңзейтінін білу, оқушылармен кіріспе бөлім жүргізілген соң сызба толтыру арқылы ойларын жүйелеуге болады.
