- •79. Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін V – VII сыныптарда оқыту жолдары.
- •80. Ғ. Мүсіреповтің әңгімелерін оқыту.
- •83. Қазақ әдебиеті сабағындағы көрнекіліктің орны
- •87. Қазақ әдебиеті сабағындағы пән аралық байланыстар.
- •91. Мектептегі қазақ әдебиеті мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдар тиімділігі.
- •95. Ә. Қоңыратбаев - әдіскер ұстаз.
- •99. Қосымша оқуға ұсынылатын әдеби шығармалар сипаты
- •107. Көркем шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту.
- •48. Көркем шығарманы оқып үйренудегі кіріспе сабақтың орны.
- •43. Монографиялық оқыту сабақтарының құрылысы
- •52. Әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар сипаты.
- •56. Әдебиеттік оқу құралдарының құрылысы.
- •67. Қазақ әдебиетін оқыту тәсілдерінің жүйесі.
- •74. Сабаққа қойлатын талаптар
- •98. Орфографияны оқыту әдістемесі
- •76. Қазақ тілі сабағын әдебиет пәнімен байланыстыра оқыту
- •66. Сабақ жоспарының үлгісі
- •122 Мұғалімдерге қойылатын талаптар.
- •37. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы:
- •13. Қазақ тілі сабағында дидактикалық материалдарды даярлау және пайдалану:
- •142. Сабақтың типтері мен түрлері.
- •122 І.Басымовтың әдістемелік еңбектері.
- •91. Жаңа сабақты жүргізу әдістері.
- •47. Қазақ тілінің басқа пәндермен байланысы.
- •158. Сабақта пайдаланылатын көрнекті құралдар
- •40. Мектеп тәжірибесі және әдістемелік мұра
- •66.Сабақ жоспарының түрлері:
99. Қосымша оқуға ұсынылатын әдеби шығармалар сипаты
Класта барлық шығармаға жан-жақты талдау жасау мүмкін болмағандықтан, қосымша оқу қажет. «Абай жолы» сияқты романдардан бағдарлама бойынша үзінді ғана берілсе, қалған томдарын жазда, демалыс кезінде оқытып, оның сюжетін, мазмұнын, проблемасын, образдарын ықшам әңгімелеуге тура келеді. Сол сияқты, бағдарлама бойынша Сұлтанмахмұттың бір бір романы мен бір ғана поэмасы берілуі мүмкін. Бұл кезде, мәселен, «Қмар сұлу» берілсе, оқушыларға қосымша ретінде «Қалың малды» беру керек. Мұндай қосымша оқу Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Сәбит, Ғабит творчествосынан да табылады. Үйде оқытудың негізгі бір саласы осындай программалық немесе әдебиет тарихына қатысы бар шығармаларды оқытуға байланысты.
Программа мен әдебиет тарихына байланысты қосымша материалдарды сабақпен ұштастыру керек. Оны әдеби-көркем текст және сындық материал деп екіге бөлеміз. Мұны оқыту үшін әрбір кітап тұсында уйге сұрақ-тапсырмалар беріледі, оқушы оқығанын конспектілеп, тапсырмаға сай материалдарды сұрыптап алады. Класта қандай текстің толық, қандайының үстірт талданатыны белгіленіп, оларды қай тұста оқытудың уақытын, орнын қоя білу қажет. Оқушы текстің кейбір бөлімін не тұтас оқып, өзінше олардың сюжеттік жоспарын, талдамалық үзінділерін жасап келеді. Бұл үшін тапсырма өте дәл, күрделі болуға тиіс.
Еркін тақырыпта кітап оқуда қосымша оқылатын материал. Бірақ мұнда оқушы кітапты өзі таңдайды. Оқығандарын ұмытпас үшін оларға сұрақ схемасы беріледі, ол дәптерге түсіріліп, тізімдік аннотация жасалады. Схема төмендегіше болуы мүмкін:
Кітаптың авторы мен аты;
Қысқаша мазмұны;
Ұнаған жері, кейіпкер оқиғасы, афоризмдер, суреттеу тәсілдері т.б.
Дәптер әркімнің өзінде болады. Әр оқушыға есеп ашу қажет. Мұны оларды міндеттеу үшін емес, қызықтыру, ынталандыру жолымен жүргіземіз. Кейде жаңа кітаптың мазмұнын не оқиғасын мұғалім өзі айтып, оны оқуға ынта тудырады.
Оқушыларға ой салатын сұрақтар қоюға болады: Шығарманың аты неге бұлай қойылған? «Адасқан өмір», «Қалың мал», «Шұғаның белгісі» және «Қараш-қараш оқиғасын» қалай түсінеміз? Басқаша қалай айтса болар еді?
107. Көркем шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту.
IV – VII кластарда әдістемелік оқу сабағын дұрыс ұйымдастырып, оны сапалы етіп өткізуде жұмыс түрлерін өтілгелі тұрған шығарманың жанрлық ерекшелігіне қарай жүргізу елеулі орын алады. Өйткені әрбір шығарманы оқу, ұғыну, талдау жолдары кейбір реттерде оның жанрлық белгілерімен де байланысып отырады. Көркем шығарманы талдау, оқу жұмыстарының әдіс – тәсілдерін олардың жанрлық ерекшеліктеріне бейімдей жүргізу үшін, оқытушы программадағы шығарманың ерекшелік жақтарымен танысып, оларды, түр – түрге жіктеп, қайсысы қай жанрға жататынын алдын – ала анықтап алады. Мұның мұғалім үшін мынадай маңызы бар : біріншіден, оқушыларға әдебиеттік жанрлардың өз ара айырмашылық белгілерін таныту үшін керек. Өйткені оқушылар шығарманың тексін оқып үйрену арқылы оның өзіне тән табиғи өзгешелік жақтарын ашып, әдебиеттік текстің қай саласына жататынын айырып біледі. Осының нәтижесінде VII класты бітіріп шыққан оқушылар әрбір көркем шығарманың эпостық, лирикалық және драмалық жанрлардың қайсысына жататыны айыра біліп, мысал өлеңнің, әңгіменің, поэманың, батырлық, лиро – эпостық жырлардың, повестің, лирикалық шығармалардың, театр сахнасына арналған пьесалардың не екенін танып, бірін – бірінен ажырата білетін болады. Эпостық, лирикалық және драмалық шығармалардан мысалдар алып, оларды оқып үйренудің кейбір өзгешеліктерін баяндасақ. Адамдардың мінез – құлқын кең көлемде алып суреттеп көрсету – эпостық жанрдың негізгі белгісі. Эпос әңгімелеу түріндегі жанр деп танылатындықтан, онда адамның басынан өткізген өмір, тіршілік жолы туралы әңгімеленеді ; оның қатысқан уақиғалары, істеген қылық - әрекеттері суреттеледі : адамдардың өз ара қарым – қатынастары көрсетіледі. Мектепте өтілетін эпостық шығармалардың кіші түрі – мысал өлеңдер. Мысал өлең IV – VI класс оқушыларына кейіпкерлердің өзіне тән мінез, сипат ерекшелігін таныта отырып, жеңіл түрде көркемдік түйін туралы ұғым беруге де қолайлы. Кейде мысалдарда кездесетін қанатты, ұтымты сөз, сөйлемдер мен ұғымдар оқушылардың өз өмірінде кездесетін, болатын уақиға – жайттарға қолдана білуге үйретеді. IV – VII кластарда өтілетін көркем шығармалардың мол түрінің бірі – лирикалық өлең – жырлар. Лирикалық шығармаларды оқыған уақытта оқушылардың ой – сезімі автордың ішкі сыр – сезімімен қабысып, ұштасып дәл түсіп отыруы керек : ол ақынның бірде ызалы ашу, кекпен, бірде қуаныш, шаттық сезіммен, бірде қайғылы лебізімен айтылған әрбір сөздеріне ат үсті, енжарлықпен қарамай, белгілі бір жүрек толқынымен сезіп, жанды ісер алып отыруға тиіс. Ал, драмалық шығармаларды оқып – үйрену өзге слаларға қарағанда күрделі деп есептеледі. Оқытушы алдымен пьесаның мазмұнын оқушылардың толық игеруін қамтамасыз етеді. Бұдан кейін жазушының әдеби – творчестволық жолына аздап шолу жасацды. Сосын оқытушы пьесаның хрестоматияда берілген үзіндісінен оқып, ондағы көрсетілген жоспар бойынша ауызша қысқаша түрде мазмұндауға әзірленіп келуге, түсініксіз сөз, сөйлемдер мен бейнелі ұғымдарды белгілеп келуге ұмтылады. Оқушылар шығарманың мазмұны мен тақырыбын толық меңгергеннен кейін, пьесаның кейбір актілерінен үзінді оқытады. Содан соң пьеаға талдау жасалады.
