- •79. Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін V – VII сыныптарда оқыту жолдары.
- •80. Ғ. Мүсіреповтің әңгімелерін оқыту.
- •83. Қазақ әдебиеті сабағындағы көрнекіліктің орны
- •87. Қазақ әдебиеті сабағындағы пән аралық байланыстар.
- •91. Мектептегі қазақ әдебиеті мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдар тиімділігі.
- •95. Ә. Қоңыратбаев - әдіскер ұстаз.
- •99. Қосымша оқуға ұсынылатын әдеби шығармалар сипаты
- •107. Көркем шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту.
- •48. Көркем шығарманы оқып үйренудегі кіріспе сабақтың орны.
- •43. Монографиялық оқыту сабақтарының құрылысы
- •52. Әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар сипаты.
- •56. Әдебиеттік оқу құралдарының құрылысы.
- •67. Қазақ әдебиетін оқыту тәсілдерінің жүйесі.
- •74. Сабаққа қойлатын талаптар
- •98. Орфографияны оқыту әдістемесі
- •76. Қазақ тілі сабағын әдебиет пәнімен байланыстыра оқыту
- •66. Сабақ жоспарының үлгісі
- •122 Мұғалімдерге қойылатын талаптар.
- •37. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы:
- •13. Қазақ тілі сабағында дидактикалық материалдарды даярлау және пайдалану:
- •142. Сабақтың типтері мен түрлері.
- •122 І.Басымовтың әдістемелік еңбектері.
- •91. Жаңа сабақты жүргізу әдістері.
- •47. Қазақ тілінің басқа пәндермен байланысы.
- •158. Сабақта пайдаланылатын көрнекті құралдар
- •40. Мектеп тәжірибесі және әдістемелік мұра
- •66.Сабақ жоспарының түрлері:
74. Сабаққа қойлатын талаптар
Сабақ-оқытудың сыныптық жүйесіне жататын, оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады. Мектептерде қазақ тілінен сабақ беру психологиялық және дидактикалық жағынан күрделі мәселелер қатарына жатады. Бұл бастапқы кезде мұғалімнен көп еңбек етуді, сабақтың сапалы өтумен байланысты өзіне ерекше талап қоюды қажет етеді. Мұғалім өз саласында үздік жетістіктерді, озық тәжірибелерді меңгерген, теориялық және практикалық біліммен жеткілікті деңгейде қарулануы қажет. Ол шәкіртіне білім беруші ғана емес, ол – солардың адал тәрбиешісі, моральдық демеушісі.
Сабақтың сапасын арттыру оқушылардың танымдық әрекетінің белсенді түрде қызмет етуімен тікелей байланысты. Оқытудың жағымды мотивін тудыру, оқыту әдістерін тиімді қолданып, түрлендіріп жүргізе білу, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауын қамтамасыз ету – оқытуда нәтижеге жетудің алғы шарттары болып табылады.
Әдіс – «метод» деген гректің сөзбе- сөз аударғандағы « бір нәрсеге жету жолы» немесе «зерттеу» деген мағынаны білдіреді.
Оқыту әдісі дегеніміз не? Дидактада кең тараған тұжырымдама төмендегідей: «белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалім мен оқушы іс- әрекетінің үйлесу тәсілі немесе мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын құралдар мен тәсілдердің жиынтығы».
Осы күнге дейін дидактикада шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі – оқытудың әдістерін айқындау, топтау, жіктеу, жүйелеу.
Оқу әдістерін жүйеге түсіріп топтап-жіктеудің оқыту процесінде алатын орны маңызды . Оны жіктеудің мұғалім үшін де білімді қабылдап отырған оқушы үшін де, оның танымдық іс-әрекеті үшін де маңызы зор.
Ең бірінші шарт: тақырып әр түрлі көзқараста, пікірталас туғызатындай болу керек. Егер оқушыларда білім қоры болмаса, жүргізудің ешқандай дидактикалық мәні болмайды. Эмоцияналды атмосфералық фон жасайды. Білімді бекіту кезеңінде қолданған тиімді. Мысалы, сөйлем құрауда ойдың негізгі діңгегі бастауыш па, баяндауыш па деген сұрақ қоя отырып, пікірталас тудыруға болады.
Сөз (сөздік) әдісінің бір түрі дәріс (лекция) әдісі. Бұл әдіс жоғары сыныптарда жүргізілетін материалды мазмұндаудың монологті түрі. 30-40 минутқа созылуы мүмкін.
Лекция мұғалімнің белгілі тақырып бойынша жан-жақты даярлығын қажет етеді. Оқу материалы іріктеліп алынып, түсінікті, анық оқылуы керек (қазақша немесе орысша) . Мұғалім оқушыларды белсенді түрде тыңдауға қатыстыру үшін оны жүзеге асырудың тәсілдерін білуі керек. Осымен байланысты қызықты мысалдар келтіріп, көрнекілік, техникалық оқу құралдарын қолдануға болады. Лекция соңында қойылатын тексеру сұрақтары алдын-ала даярлануы қажет.
Мектепте өтілетін әр сабаққа жалпы дидактикалық және жеке дидактикалық, немесе әдістемелік талаптар қойылады. Жалпы дидактикалық талаптарға: 1. Құрылымдық жағынан анық, айқын болуы. Атап айтқанда сабақты ұйымдастыра білу, мақсатын дұрыс айқындау, типін, түрін ажырата білу, соған орай сабақтың әр кезеңінде оқушылармен істелінетін жұмыстардың нақтылығы, белгілі бір мақсатты көздеу, сабақты қорыта білу т.б. 2. Мұғалімнің даусының жағымды, сыныптың көлеміне сай, сөздері айқын, мәнерлі болуы. 3. Сыныппен тығыз қарым-қатынаста, байланыста болуы. Оқушылардың зейінін негізгі мәселеге аудара білу, қызығушылығын арттыру, әр оқушының сабаққа қатысып, материалды дұрыс, саналы түсінгендерін қадағалап отыру т.б. 4. Сабақты белгілі бір қалыптасқан қарқынмен өткізу. Көп сөзділікке жол бермеу, қажетті әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдай білу, сұрақтың анық, айқын болуы, қайталаудың жүйелі жүргізілуі, бірсарындылықтың болмауы, т.б. 5. Педагогтік қырағылық: оқушылардың жауабын дұрыс бағалау, қателерін дер кезінде түзете білу, оқушылардың тегіс жұмыс істеуі, т.б.
6. Көрнекі құралдар мен тақтаны дұрыс пайдалана білу. 7. Мұғалімнің этикасы
122. Мұғалімдерге қойылатын моральдық-этикалық талаптар. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәстүрдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселесі – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігінде ешкімнің таласы жоқ. Сол себепті мұғалімдерге талап қойылады. Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман ұстаз болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Екіншіден, мұғалім педагогикалық, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісіне шебер пайдалана білуі қажет. «ИНТЕРНЕТ» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды. Үшіншіден, стандартты оқулықтарды пайдалану мұғалімнің білім берудегі жетекші ролін жойды. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуіне оқушыны баулу міндеті тұр.Төртіншіден, мұғалімнің ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттерімен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, құбылыстарды талдай білуі, солардың пайда болу себеп-салдарын анықтай білуі шарт. Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси-идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алуы шарт. Әрбір ұстаз ұлттық құндылықтарды меңгеріп өз ісінде инновациялық әдістерді пайдалануы қажет. Сондай-ақ әрбір ұстаздың кәсіптік білімі ұлттық тәлім, тәрбиемен біте қайнасып жатуы керек. Олай етпей білім берем деу құр әурешілік. Жас буынға ата тегін қадірлеу, ел намысын қорғау, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, сөз асылын құрметтеу, туысқандық ережелерді сақтау, табиғатты аялау, дала философиясын білу, оның заңдылығынан шықпау сияқты өмірге қажетті қағидаларды ұстаз сіңіре білуі керек.Мұғалім – баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, оқушылардың қиялын самғатып, арманын көкке ұмсындырушы тұлға. Осы тұрғыда мұғалімнің кәсіби білік дағдылары өз кезегінде оның жеке кәсіби-педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Оған мұғалімнің жеке мәдени деңгейі, адамгершілігі, тәлім-тәрбиесі, ізденімпаздығы, зерттеушілігі жатады.
Ж.Аймауытов айтқандай, балаларға сабақ берумен, білім үйретумен мұғалімнің қызметі тәмам болмайды. Ол балаларды тәрбиелеуге, үгіттеуге міндетті. Сондай-ақ педагог өзін өзі басқару, өзіне-өзі сап беру яғни, психологиялық ұстамдылықты қалыптастыруға тиіс. Ең бастысы, ұстаз ұлт тәрбиесімен таныс болып, соны инновациялық сабақтарға енгізудің жолдарын білсе болғаны.
