- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасының салық жүйесі: құрылу кезеңдері мен бүгінгі жағдайына сипаттама.
- •3 Тақырып. Салық саясаты және оның мемлекетіміздің экономикалық саясатындағы алатын орны. Cалық механизмі.
- •2 Бөлім. Меншікке салынатын салықтар.
- •3 Бөлім. Тұтынуға салынатын салық.
- •4 Бөлім. Табысқа салынатын салықтар.
- •1 Тақырып. Корпоративтік табыс салығы
- •5 Бөлім. Арнайы санаттардағы салық төлеушілерге арналған арнаулы салық режимдері.
- •Тақырып. Ойын бизнесіне салық салу.
- •1 Тақырып. Алымдар, төлемдер және баждар.
- •Бөлім. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
3 Бөлім. Тұтынуға салынатын салық.
Мақсаты: Тұтынуға салынатын салықтың экономикалық мазмұны мен табиғатын, Қосылған құн салығының экономикалық мәні, төлеушілері мен объектілерін, салық салынатын импортты, салық салынатын айналым мөлшерін айқындау тәртібін, салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті ҚҚС есептеу тәртібі және төлеу мерзімін, ҚҚС бойынша салық кезеңін, салық декларациясын тапсыру мерзімін қарастыру.
Қаралатын сұрақтар:
1 тақырып. Қосылған құн салығы (ҚҚС).
1 Тұтынуға салынатын салықтың экономикалық мазмұны мен табиғаты.
2 Қосылған құн салығының экономикалық мәні, төлеушілері мен объектілері
3 Салық салынатын импорт.
4 Салық салынатын айналым мөлшерін айқындау тәртібі.
5 Салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті ҚҚС есептеу тәртібі және төлеу мерзімі. ҚҚС бойынша салық кезеңі. Салық декларациясын тапсыру мерзімі.
Жанама салықтар – баға немесе тарифке үстеме түрiнде белгiленген салық төлеушiнiң кiрiстерi мен мүлкiне тiкелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетiн түсiмдер де (кеден баждары түрiндегi, экспортқа немес импортқа салынатын салық түрiндегi кеден кiрiстерi, iшкi рынокте сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттiң фискалдық мүшелерiн бiлдiредi. Оларды саналы қолдану баға белгiлеудiң процесiне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуi мүмкiн.
Жанама салықтар салудың мәнi салықтың тауар бағасына (немесе қызметтiң тарифiне) қосылатындығында, кiрiстiрiлетiндiгiнде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтiң) нақты тұтынушысы төлейдi, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тiкелей байланыс болмайды.
Салықты алатын және оған билiк жасайтын органға қарай орталық (жалпымемлекеттiк) және жергiлiктi салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртiбiне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арнаулы) болып бөлiнедi.
Жалпы салықтар тиiстi деңгейлердегi бюджеттерде шоғырландырылады және жалпымемлекеттiк қажеттiлiктердi қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегiдей түрлi арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.
Объектiнiң экономикалық белгiлерi бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушiнiң салық салынатын кез келген объектiден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар - бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуi тұтыну кезiнде төленетiн шығынға салынатын салықтар.
ҚҚС төлеушiлері
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне тұрған мынадай тұлғалар:
дара кәсiпкерлер;
мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар;
қызметiн Қазақстан Республикасында филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшыларымен не сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенiмгерлiкпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенiмгерлiкпен басқарушылар;
2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою Салық Кодексінiң 568, 569-баптарына сәйкес жүргiзiледi.
Салық салу объектiлерi:
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт қосылған құн салығы салынатын объектiлер болып табылады.
ҚҚС бойынша салық салынатын айналымды айқындау
1) Салық Кодексінiң 232-бабында көрсетiлген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша;
2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеушi жасайтын айналым салық салынатын айналым болып табылады.
2. Қосылған құн салығы Салық Кодексінiң 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған (оның iшiнде негiзгi құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар бойынша) тауарлар қалдықтары тұлғаны қосымша құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарған кезде Қазақстан Республикасында тауарларды өткiзу бойынша айналым ретiнде қарастырылады.
Осы тармақтың ережелерi заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылу нәтижесiнде барлық жаңадан құрылған заңды тұлғалар немесе заңды тұлғаға қосылған басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қайта құрылғаннан кейiн қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын шарттарды орындаған жағдайда оны қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарған кезде қолданылмайды.
Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналым
1. Тауарларды өткiзу бойынша айналым:
1) тауарға меншiк құқығын берудi, оның iшiнде:
тауарды сатуды;
кәсiпорынды тұтастай мүлiктiк кешен ретiнде сатуды;
тауарды тиеп-жөнелтудi, оның iшiнде басқа тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге айырбастауды;
тауар экспортын;
тауарды өтеусiз берудi;
жұмыс берушiнiң тауарды қызметкерге жалақы есебiнен беруiн;
2) тауарды бөлiп-бөлiп төлеу шартымен тиеп-жөнелтудi;
3) мүлiктi қаржы лизингiне берудi;
4) тауарды комиссия шарты бойынша тиеп-жөнелтудi;
5) кепiл берушiнiң кепiлге берiлген мүлiктi (тауарды) борыштың төленбеуi жағдайында беруiн;
6) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды бiлдiредi.
2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналым жұмыстарды кез келген оның iшiнде өтеусiз орындауды немесе қызмет көрсетулердi, сондай-ақ тауарды өткiзуден ерекшеленетiн, сыйақы үшiн кез келген қызметтi, оның iшiнде:
1) мүлiктiк жалдау шарттары бойынша мүлiктi уақытша иелiкке және пайдалануға берудi;
2) зияткерлiк меншiк объектiлерiне құқықтар берудi;
3) жұмыс берушiнiң қызметкерге жалақы есебiнен жұмыстарды орындауын, қызмет көрсетулерiн;
4) аванстарды және айыппұл санкцияларын қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзуге байланысты талап ету құқықтарын берудi;
5) сыйақы үшiн кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге немесе тоқтатуға келiсiм берудi бiлдiредi.
3. Мыналар:
1) мүлiктi жарғылық капиталға салым ретiнде беру;
2) жарғылық капиталға салым ретiнде алынған мүлiктi қайтару;
3) бiрлiгiнiң құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 2 еселенген мөлшерiнен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта өтеусiз беру не сыйлау;
4) тапсырысшының мердiгерге дайын өнiмдi мердiгердiң дайындауы, қайта өңдеуi, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуi және (немесе) объектiлер салуы үшiн алыс-берiс тауарларын тиеп-жөнелтуi. Көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде дайындалған, қайта өңделген, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу" режимiмен жүзеге асырылса, көрсетiлген тауарлардың тиеп-жөнелтiлуi өткiзу бойынша айналым болып табылмайды;
5) қайтарылатын ыдысты тиеп-жөнелту. Құны онымен жiберiлетiн өнiмдi өткiзу құнына кiрмейтiн және осы өнiмдi беру жөнiндегi шартта (келiсiмшартта) белгiленген талаптармен және мерзiмде, бiрақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзiмде өнiм берушiге қайтаруға жататын ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгiленген мерзiмде қайтарылмаса, мұндай ыдыстың құны өткiзу бойынша айналымға енгiзiледi;
6) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;
7) егер мұндай әкету Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес "Тауарларды уақытша әкету" кеден режимiмен ресiмделсе, шартта белгiленген талаптар мен мерзiмдерде қайта алып келуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткiзу үшiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету;
8) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланған және жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiмшарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасына беруге жататын мүлiктi жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының меншiгiне беруi;
9) эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;
10) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның негiзгi құралдарын, материалдық емес активтерiн және өзге де мүлкiн оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) беруi;
11) концессия объектiсiн концедентке беру, сондай-ақ концессия объектiсiн концессия шарты шеңберiнде пайдалану үшiн кейiннен концессионерге (құқықтық мирасқорына немесе тек қана концессионердiң концессия шартын iске асыру үшiн арнайы құрған заңды тұлғаға) беруi;
12) егер жеке тұлғаның жеке мүлкi кәсiпкерлiк қызмет мақсатында пайдаланылмаса, осы тұлғаның осындай мүлiктi өткiзу бойынша айналымы;
13) сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарушыға беруi;
14) сенiмгерлiкпен басқару туындауының негiзi болып табылатын құжаттың қолданылуы тоқтатылған кезде сенiмгерлiкпен басқарушының мүлiктi қайтаруы;
15) сенiмгерлiкпен басқарушының сенiмгерлiкпен басқарудан түсетiн таза табысты мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысына немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушыға беруi өткiзу бойынша айналым болып табылмайды.
Салық салынбайтын айналым
1) Салық Кодексінде сәйкес қосылған құн салығынан босатылған;
2) өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналым салық салынбайтын айналым болып табылады.
Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу орны Салық Кодексінiң 236-бабына сәйкес айқындалады.
Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткiзу (сатып алу) бойынша айналымдар
1. Сенiм бiлдiрiлген адамның сенiм бiлдiрушiнiң атынан және оның есебiнен тауарды тиеп-жөнелтуi, жұмыстарды орындауы, қызмет көрсетулерi, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алуы сенiм бiлдiрiлген адамның өткiзу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылмайды.
Ал: 1) сенiм бiлдiрiлген адамның сенiм бiлдiрушiге тауарларды тиеп-жөнелтуi, жұмыстарды орындауы, қызмет көрсетулерi;
2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиалдар, өкiлдiктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент емес – сенiм бiлдiрушiден алынған тауарды тиеп-жөнелтуге қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарды тиеп-жөнелту сенiм бiлдiрiлген адамның өткiзу бойынша айналымы болып табылады.
Сенiмгерлiкпен басқару шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткiзу (сатып алу) бойынша айналымдар
Сенiмгерлiкпен басқарушы сенiмгерлiкпен басқару шартына немесе сенiмгерлiкпен басқарудың туындауына негiз болып табылатын өзге де құжатқа сәйкес жүзеге асыратын тауарды тиеп-жөнелту, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алуы сенiмгерлiкпен басқарушының өткiзу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылады.
Бiрлескен қызмет туралы шарттардың шеңберiнде жүзеге асырылатын өткiзу (сатып алу) бойынша айналымдар
1. Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi (оның iшiнде өндiрiлген пайдалы қазбаларды) өткiзудi бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша сенiм бiлдiрiлген адам жүзеге асыратын жағдайларда:
1) шот-фактура бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бiрiнiң атынан немесе берушi (сатушы) үшiн бөлiнiп берiлген жолда бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) деректемелерi көрсетiле отырып, сенiм бiлдiрiлген адамның атынан жазылады;
2) шот-фактураларды ресiмдеу кезiнде айналымның жалпы сомасы, сондай-ақ бiрлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес қатысушылардың әрқайсысына тиесiлi айналым сомасы көрсетiледi.
2. Шот-фактураның түпнұсқасы тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi (оның iшiнде жер қойнауын пайдаланушы өндiрген және өткiзiлетiн пайдалы қазбаларды) сатып алушыға да, жер қойнауын пайдалануға арналған бiр келiсiмшарттың (келiсiмнiң) шеңберiнде жер қойнауын пайдалану қызметiн жүзеге асыратын қатысушылардың санына қарай бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына да жазылады.
3. Бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушы (қатысушылар) немесе сенiм бiлдiрiлген адам осындай қызмет шеңберiнде тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi сатып алған жағдайларда, берушiден (сатушыдан) алынатын шот-фактураларда мыналар:
1) бiрлескен қызметке қатысушылардың санына қарай бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) не сенiм бiлдiрiлген адамның деректемелерi;
2) сатып алу сомалары, оның iшiнде бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына тиесiлi қосылған құн салығының сомалары бөлiнiп көрсетiлуге тиiс.
4. Жазылып берiлетiн шот-фактуралар түпнұсқаларының саны мұндай жағдайларда қызметтi жүзеге асыру үшiн тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулер сатып алынатын бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың санына сәйкес келуге тиiс.
Тауарды, жұмысты, қызмет көрсетулердi өткiзу орны
1. Мынадай орын:
1) егер тауарды берушi, алушы немесе үшiншi тұлға тасымалдайтын (жiберетiн) болса, тауарды тасымалдау басталған орын;
2) басқа жағдайларда - тауарды алушыға беру орны тауарды өткiзу орны болып танылады.
2. Мынадай орын:
1) егер жұмыстар, қызмет көрсетулердi жылжымайтын мүлiкпен тiкелей байланысты болса, осы мүлiктiң орналасқан жерi.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу орны немесе мұндай мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi мiндеттеме болмаған жағдайда - нақты орналасқан жерi жылжымайтын мүлiк орналасқан жер болып танылады.
Осы баптың мақсатында ғимараттар, құрылыстар, көп жылдық көшеттер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлiк, яғни олардың не мақсатқа арналғанына шамадан тыс нұқсан келтiрiлмей көшiрiлуi мүмкiн болмайтын объектiлер, сондай-ақ құбырлар, электр беру желiлерi, ғарыш объектiлерi, мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорын жылжымайтын мүлiк болып танылады;
2) егер олар жылжымалы мүлiкпен байланысты болса, жұмыстар, қызмет көрсетулер нақты жүзеге асырылатын орын.
Мұндай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге монтаждау, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету жатады;
3) егер осындай қызмет көрсетулер мәдениет, ойын-сауық, ғылым, өнер, бiлiм, дене тәрбиесi немесе спорт саласындағы қызмет көрсетулерге жататын болса, нақты қызмет көрсетулер көрсетiлетiн орын;
Осы тармақшаның мақсатында ойын-сауық саласындағы қызмет көрсетулерге ойын-сауық-демалу мақсатындағы қызмет көрсетулер жатады, олар ойын-сауық орындарында (ойын орын-жайлары, түнгi клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, Интернет-кафелер, компьютер, бильярд, боулинг клубтары және кинотеатрлар, өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар) көрсетiледi;
4) жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметi жүзеге асыратын орны.
Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алушы әдiлет органдарында мемлекеттiк (есепке алыну) тiркелу негiзiнде немесе салық органдарында дара кәсiпкер ретiнде тiркелу есебiне қойылу негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметтi жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледi.
Егер жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алушы резидент емес болып табылса, ал алушы мемлекеттiк (есепке алынуы) тiркелуi Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында жүргiзiлген оның филиалы немесе өкiлдiгi болып табылса, онда өткiзу орны Қазақстан Республикасы деп танылады.
Мынадай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге:
зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған құқықтарды беруге;
консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, дизайнерлiк, маркетингтiк, заңдық, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық қызмет көрсетулерге, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн таратуды, жалпыға ортақ телекоммуникациялық желiлердегi веб-сайттарда орналастырылған бұқаралық ақпаратқа қолжетiмдiлiктi ұсынуды қоспағанда, ақпарат беру және (немесе) өңдеу бойынша қызмет көрсетулерге;
персоналды беруге;
жылжымалы мүлiктi (көлiк құралдарынан басқа) жалға беруге;
агенттiң тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi, сатып алу, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызмет көрсетулердi жүзеге асыру үшiн шартқа (келiсiмшартқа) негiзгi қатысушының атынан адамдар тарту жөнiндегi қызмет көрсетулерге;
байланыс қызметi көрсетулерiне;
сыйақы үшiн кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге немесе тоқтатуға келiсiм беруге;
радио және телевизиялық қызмет көрсетулерге;
туризмдi ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетулерге;
жүк вагондары мен контейнерлердi пайдалануға беру бойынша қызмет көрсетулерге қатысты қолданылады;
5) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында және осы баптың 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн тұлғаның кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметтi жүзеге асыратын орны жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу орны болып танылады.
Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк (есепке алыну) тiркелу негiзiнде немесе салық органдарында дара кәсiпкер ретiнде тiркелу есебiне қойылу негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, осындай тұлғаның кәсiпкерлiк немесе басқа да қызметтi жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледi.
3. Егер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу басқа негiзгi тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзуге қатысты көмекшi сипатта болса, осындай көмекшi өткiзу орны негiзгi тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу орны болып танылады.
4. Жолаушылар мен багажды, тауарларды, оның iшiнде почтаны тасымалдау бойынша қызмет көрсетулер кезiнде, ол:
жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнбейтiн;
жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкетiлмейтiн;
жолаушылар, тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалданбайтын, талаптарға бiр мезгiлде сәйкес келген жағдайда жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып танылмайды.
Өткiзу бойынша айналым жасау күнi
1. Салық Кодексінде көзделген тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналым жасау күнi тауарларды тиеп-жөнелту (беру), жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету күнi болып табылады.
Жұмыстар орындау, қызметтер көрсету күнi орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң актiсiне қол қойылған күн болып танылады.
2. Егер тауарды тиеп-жөнелту жүзеге асырылмаған жағдайда, өткiзу бойынша айналым жасау күнi алушыға тауар меншiгiнiң құқығы берiлген күн болып табылады.
3. Тауарларды экспорт режимiнде әкеткен жағдайда өткiзу бойынша айналым жасау күнi:
1) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын өткiзу пунктiнде iс жүзiнде Қазақстан Республикасының шекарасын кесiп өткен күн;
2) мына жағдайларда:
кезең-кезеңдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып, тауарларды экспорт режимiнде әкеткен жағдайда;
уақытша декларациялау рәсiмiн қолдана отырып, тауарларды экспорт режимiнде әкеткен жағдайда, кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiлерi бар толық жүктiң кедендiк декларациясы ресiмделген күн болып табылады.
4. Кепiл берушiге кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл берушi үшiн мына күндердiң бiрi:
1) кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiл тұрғысынан кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу айналысы процесiнде жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына ауысқан күн;
2) егер сауда-саттық өтпедi деп жарияланса, кепiл тұрғысынан кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiл ұстаушыға ауысқан күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
5. Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарған кезде, Салық Кодексінiң 230-бабының 2-тармағында көрсетiлген салық салынатын айналым бойынша өткiзу бойынша айналым жасалған күн:
1) қосылған құн салығын төлеушiнiң қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығару туралы салықтық өтiнiшi немесе Салық Кодексінiң 37-43-баптарында көрсетiлген салықтық өтiнiшi берiлген күн;
2) салық органының шешiмi бойынша қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарған кезде Салық Кодексінiң 571-бабының 6-тармағында көрсетiлген күн болып табылады.
6. Лизинг берушiнiң лизинг алушы негiзгi құрал, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде алуына жататын мүлiктi, қайтарымды лизинг шарты бойынша беруiн қоспағанда, қаржы лизингiне берген кезде өткiзу бойынша айналым жасалған күнi:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингiнiң шартында белгiленген кезең-кезеңдiк лизингтiк төлемдi лизинг берушiнiң алу мерзiмiнiң басталу күнi;
2) егер қаржы лизингiнiң шарты бойынша лизинг берушiнiң лизингтiк төлемдi алу мерзiмiнiң басталу күнi мүлiктi лизинг алушыға беру күнiне дейiн белгiленсе, айналым жасау күнi мүлiктi қаржы лизингiне берген күн болып табылады;
3) қаржы лизингiнiң шартында көзделген лизинг төлемдерiн лизинг алушы мерзiмiнен бұрын өтеген кезде, түпкiлiктi есеп айырысу күнi қаржы лизингiнiң осы шарты бойынша өткiзу бойынша айналым жасалған соңғы күн болып табылады.
7. Лизинг алушының (сатушының) негiзгi құрал, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша лизинг берушi берген кезде өткiзу бойынша айналым жасау күнi мүлiктi қаржы лизингiне берген күн болып табылады.
8. Егер жұмыстар, қызмет көрсетулер тұрақты (үзiлiссiз) негiзде өткiзiлетiн болса, онда өткiзу бойынша салық салынатын айналым жасау күнi:
1) қосылған құн салығы көрсетiлiп, шот-фактура жазылған күннiң
2) әрбiр төлемдi (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнiнiң қайсысы бiрiншi басталса, сол күн болып табылады.
Тұрақты (үзiлiссiз) негiзде өткiзу, олардың нәтижелерiн жұмысты, қызмет көрсетулердi алушының өз өндiрiстiк қызметiнде жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету күнiнде пайдалана алу шартымен, ұзақ мерзiмдi келiсiмшарт негiзiнде жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi бiлдiредi.
9. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиалдар, өкiлдiктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулер сатып алған жағдайда, сатып алу бойынша айналым жасау күнi орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер актiсiне қол қойылған күн болып танылады.
Салық салынатын айналым мөлшерiн анықтау
1. Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшерi, мәмiле жасасқан тараптары қолданатын бағалар мен тарифтердi негiзге ала отырып, оларға қосылған құн салығын енгiзбей, өткiзiлетiн тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер құны негiзiнде айқындалады.
2. Тауарлар өтеусiз берiлген кезде, сондай-ақ осы
Кодекстiң 30-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, айналым мөлшерi, оларға қосылған құн салығы енгiзiлмей, өткiзу бойынша айналым жасау күнi қалыптасқан бағалар деңгейi негiзiнде айқындалады, бiрақ олардың баланстық құнынан кем болмауға тиiс.
Тауарларды өткiзу күнiне бухгалтерлiк есепте көрсетiлген тауарлардың құны баланстық құн болып табылады.
3. Аванстар мен айыппұл санкцияларынан басқа, қосылған құн салығы салынатын өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша талап ету құқығын беру кезiнде, беру жүргiзiлу бойынша талап ету құқығының құны мен салық төлеушiнiң алғашқы құжатына сәйкес талап ету құқығын беру күнiне борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
4. Кепiл берушiге кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi өткiзiлетiн кепiлдiктегi мүлiк (тауар) құны негiзiнде, бiрақ осы мүлiктi (тауарды) кепiлге беруден алынған заем қаражаты сомасынан төмен емес болып, оған қосылған құн салығы енгiзiлмей, айқындалады.
5. Тауарды бөлiп-бөлiп төлеу шарттарымен өткiзген кезде салық салынатын айналым мөлшерi, шарт талаптарында көзделген барлық тиесiлi төлемдер ескерiле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
6. Yшiншi тұлғалар үшiн төлеуге байланысты қызмет көрсетулер кезiнде салық салынатын айналымның мөлшерiне комиссиялық сыйақы қосылады.
7. Салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомалары енгiзiледi.
8. Тауарларды сатып алу күнi қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарларды өткiзу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi тауардың өткiзiлу құны мен белгiленетiн баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
9. Қосылған құн салығынсыз сатып алынған жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билiк ету құқығын берген кезде өткiзу бойынша айналым Салық Кодексінiң 87-бабында көзделген тәртiппен жер учаскелерiн өткiзу кезiндегi құнның өсiмi ретiнде айқындалады.
10. Лизинг алушының негiзгi құрал, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде алуына жататын мүлiктi, қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы лизингiне беру кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi:
1) қаржы лизингiнiң шартына сәйкес белгiленген лизингтiк төлем мөлшерi негiзiнде, оған сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгiзбестен, Салық Кодексінiң 237-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген айналым жасау күнiне;
2) барлық мерзiмдiк лизингтiк төлемдер сомасының негiзiнде, алу мерзiмi басталатын күн қаржы лизингiнiң шартына сәйкес мүлiктi лизинг алушыға берген күнге дейiн белгiленген сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгiзбестен, Салық Кодексінiң 237-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген айналым жасау күнiне;
3) қаржы лизингi шарты бойынша алынуға жататын барлық лизингтiк төлемдердiң жалпы сомасы, осы шартқа сәйкес өткiзу бойынша айналым жасаудың алдындағы күнiне келетiн салық салынатын айналымдар мөлшерiнiң сомасы ретiнде белгiленетiн салық салынатын айналым мөлшерi арасындағы айырма ретiнде, сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгiзбестен, Салық Кодексінiң 237-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген айналым жасау күнiне айқындалады.
11. Лизинг алушының (сатушының) негiзгi құрал, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде өткiзу бойынша айналым мөлшерi осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
12. Көлiк экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезiнде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшерi оның сыйақысы негiзiнде айқындалады.
13. Кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде тұтастай сату кезiнде салық салынатын айналымның мөлшерi бұрын қосылған құн салығы есепке жатқызылған кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сату кезiнде берiлген мүлiктiң:
1) кәсiпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткiзу құны мен өткiзу күнiне бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша берiлетiн мiндеттемелердiң баланстық құнына азайтылған, берiлетiн активтердiң баланстық құны арасындағы оң айырмаға ұлғайтылған;
2) кәсiпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткiзу құны мен өткiзу күнiне бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша берiлетiн мiндеттемелердiң баланстық құнына азайтылған, берiлетiн активтердiң баланстық құны арасындағы терiс айырмаға азайтылған баланстық құнының негiзiнде айқындалады.
14. Егер Салық Кодексінің өзгеше көзделмесе, осы тараудың салық салынатын айналымның (оның iшiнде оны түзетудiң) мөлшерiн айқындау жөнiндегi ережелер салық салынбайтын айналымның мөлшерiн айқындау кезiнде де қолданылады.
15. Комиссия шартының талаптарына сай келетiн жағдайларда тауарларды өткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету кезiнде комиссионердiң салық салынатын айналым мөлшерi оның комиссиялық сыйақысы негiзiнде айқындалады.
Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету
1. Өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құны қандай да бiр өзгерiске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшерi тиiстi түрде түзетiледi.
2. Салық төлеушiнiң салық салынатын айналым мөлшерiн түзету:
1) тауарлар толық немесе iшiнара қайтарылған;
2) мәмiленiң шарттары өзгерген;
3) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн бағалар, өтемақылар өзгерген;
4) бағаны түсiрген, сату бағасын түсiрген;
5) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн теңгемен төлеу кезiнде құнының айырмасын алған;
6) Салық Кодексінiң 231-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес өткiзу бойынша айналымға енгiзiлген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргiзiледi.
3. Салық салынатын айналымның мөлшерiн түзету бiр мезгiлде мынадай шарттар сақталған:
1) осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жағдайларда, түзету жүргiзу үшiн негiз болып табылатын құжаттар болған;
2) салық салынатын айналым және қосылған құн салығы бойынша терiс (оң) мәнi бар қосымша шот-фактура болған кезде жүргiзiледi.
Салық салынатын айналым мөлшерiн азайту жағына қарай түзету осындай тауарларды өткiзу, осындай жұмыстарды атқару, осындай қызметтердi көрсету бойынша бұрын көрсетiлген айналым мөлшерiнен аспауға тиiс.
Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн түзету
1. Егер өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн талаптың бiр бөлiгi немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушiнiң мынадай жағдайларда:
1) күмәндi талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы ескерiлген салық кезеңi аяқталғаннан кейiн үш жыл өткен соң
2) банкрот деп танылған дебиторды Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелiмiнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде қосылған құн салығының сомасын осындай талаптар бойынша азайтуға құқығы бар.
Осы тармаққа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерiн түзету Салық Кодексінiң 105-бабында аталған жағдайлар сақталған кезде жүргiзiледi.
2. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн азайту тауарлар өткiзу, жұмыстар орындау, қызмет көрсетулер бойынша бұған дейiн көрсетiлген салық салынатын айналым мөлшерi шегiнде жүргiзiледi.
3. Өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төлемақыны қосылған құн салығын төлеушi осы баптың 1-тармағына сәйкес өзiне берiлген құқығын пайдаланғаннан кейiн алған жағдайда, салық салынатын айналым мөлшерi аталған төлемақы алынған сол салық кезеңiнде көрсетiлген төлемақының құнына арттырылуға жатады.
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиалдар, өкiлдiктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алу кезiнде салық салынатын айналым
1. Егер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиалдар, өкiлдiктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып табылса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушiсiнiң айналымы болып табылады және осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға жатады.
2. Осы баптың мақсаты үшiн жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушының салық салынатын айналымының мөлшерi, қосылған құн салығынан басқа салықтарды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында аталған сатып алынған жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құны негiзiнде айқындалады.
3. Осы бапқа сәйкес төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы Салық Кодексінiң 268-бабының 1-тармағында көзделген ставканы салық салынатын айналым мөлшерiне қолдану арқылы айқындалады. Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төленетiн төлем шетел валютасымен жүргiзiлген жағдайда, салық салынатын айналым валюта айырбастаудың айналым жасалған күнгi нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледi.
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасы Салық Кодексінiң 270-бабында белгiленген қосылған құн салығы жөнiндегi декларация табыс етiлетiн мерзiмнен кешiктiрiлмей төленедi.
5. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының төленгенiн растайтын төлем құжаты немесе уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша салық органы берген құжат Салық Кодексінiң 256-бабына сәйкес салық сомасын есепке жатқызуға құқық бередi.
6. Егер:
1) берiлген жұмыстар, қызмет көрсетулер Салық Кодексінiң 248-бабында аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер болып табылса;
2) осы баптың 1-тармағында аталған жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қатысты сыртқы сауда мәмiлелерi бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың импорты ретiнде кедендiк ресiмдеу жүргiзiлсе, осы баптың ережелерi қолданылмайды.
Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар
Тауарлар экспорты
Экспортқа тауарлар өткiзу бойынша айналымға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.
Тауарлар экспортын растау
1. Мыналар:
1) экспортталатын тауарларды беруге арналған шарт (келiсiмшарт);
2) осы баптың 3) тармақшасында көрсетiлген жағдайлардан басқа, тауарлар шығаруды экспорт режимiнде жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi бар жүктiң кедендiк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.
3) мынадай жағдайларда:
магистралдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша тауарларды экспорт режимiнде әкету кезiнде;
кезең-кезеңдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып, тауарларды экспорт режимiнде әкету кезiнде;
уақытша декларациялау рәсiмiн қолдана отырып, тауарларды экспорт режимiнде әкету кезiнде кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiлерi бар жүктiң толық кедендiк декларациясы;
4) тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмелерi;
Тауарларды магистралдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша экспорт режимiнде әкеткен жағдайда, тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру
актiсi табыс етiледi;
5) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның зияткерлiк меншiк объектiсiне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлiк меншiк объектiсiн экспорттаған жағдайда, оның құнының растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
2. Кеден аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеу режимiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын әкетiлген тауарларды немесе олардың қайта өңделген өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда, экспортты растау осы баптың 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттар:
1) қайта өңдеу режимi экспорт режимiне өзгертiлетiн жүктiң кедендiк декларациясы;
2) тауарларды кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеу режимiнде ресiмделген жүктiң кедендiк декларациясы;
3) тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезiнде кеден аумағында қайта өңдеу (тауарларды кеден бақылауымен қайта өңдеу) режимiнде ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған жүктiң кедендiк декларациясының көшiрмесi;
4) жүктiң кедендiк декларациясының көшiрмесiне сәйкес шет мемлекеттiң аумағында тауарларды кедендiк бақылаудағы қайта өңдеу режимiн шет мемлекеттiң аумағында еркiн айналыс үшiн тауарларды шығару режимiне немесе экспорт режимiне өзгерту енгiзiлетiн сол декларацияның көшiрмесi негiзiнде жүзеге асырылады.
Халықаралық тасымалдауға салық салу
1. Халықаралық тасымалдау бойынша мынадай қызмет көрсетулердi iске асыру жөнiндегi айналымға:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның iшiнде почтаны тасымалдауға;
2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерiн тасымалдауға;
3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен багаж тасымалдауға нөлдiк ставкамен салық салынады.
2. Егер тасымалдауды ресiмдеу бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистралдық құбыр жүйесi бойынша тасымалдау - экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендiк режимiнде ресiмделген жүктiң кедендiк декларациясын табыс ете отырып, одан әрi жеткiзудi жүзеге асыратын басқа тұлғаларға берудi растайтын құжаттармен жүзеге асырған болса, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшiн тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледi.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жолаушыларды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бiрнеше көлiк ұйымдары жүзеге асырған болса, Қазақстан Республикасының шекарасына дейiн жүзеге асыратын көлiк ұйымының жолаушыларды, тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауы басталатын жер халықаралық тасымалдау басталған жер деп танылады.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағына жолаушыларды, импортталатын тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауды бiрнеше көлiк ұйымдары жүзеге асырған болса, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген жолаушыларды, тауарларды (почтаны, багажды) көлiк ұйымының көлiгiмен тасымалдау жүзеге асырылатын тасымал халықаралық тасымалдауға жатады.
3. Осы баптың мақсаттары үшiн:
1) жүктердi тасымалдау кезiнде:
халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлiк жүкқұжаты;
халықаралық және мемлекетаралық темiржол көлiгi қатынасында – бiрыңғай үлгiдегi жүкқұжаты;
әуе көлiгiнде – жүкқұжаты;
магистральдық құбыр жүйесi бойынша:
есеп-қисап кезеңi iшiнде әрбiр магистральдық құбыр бойынша тауарлардың транзиттiк көлемiне арналған жүктiң кедендiк декларациясы;
орындалған жұмыстардың актiлерi, жүктердi қабылдап алу-тапсыру актiлерi;
шот-фактуралар;
2) жолаушылар мен багажды тасымалдау кезiнде:
автомобиль көлiгiмен:
тұрақты тасымалдау кезiнде – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерiн сату туралы есеп, сондай-ақ жол жүру бойындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттерi туралы есеп айырысу ведомостары;
тұрақты емес тасымалдау кезiнде – жолаушылардың тiзiмi;
темiржол көлiгiмен:
Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және почта құжаттарын сату туралы есеп;
халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасында сатылған жолаушылар билеттерi туралы есеп айырысу ведомосы;
темiржол әкiмшiлiктерi арасындағы жолаушылар тасымалдау үшiн өзара есеп айырысу жөнiндегi баланстық ведомость және жол жүру мен тасымалдау құжаттарын ресiмдеу туралы есеп;
әуе көлiгiмен:
бас декларация;
жолаушы манифесi;
карго-манифест;
лоджит (орталық-тиеу кестесi);
жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билетi мен багаж квитанциясы) бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттары болып табылады.
Жекелеген жағдайларда салық салу
1. Нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын, сол келiсiмшарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушiлерге өзi өндiрген тауарларды өткiзу бойынша айналымға салынады.
Егер, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тiзбесi айқындалған болса, нөлдiк ставка бойынша осы тiзбеде көрсетiлген тауарларды өткiзу бойынша айналымдарға салық салынады.
Осы баптың мақсатында қосылған құн салығын төлеушiнiң өзi өндiрген және өндiрiс процесiнде пайдаланылған және өндiрiлген өнiмнiң (тауардың) құрамына кiрген, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жеткiлiктi қайта өңдеу өлшемдерiне сәйкес келетiн шикiзаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенiнiң деңгейiнен ерекшеленетiн сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасының коды бар өнiм (тауар) өзi өндiрген тауар болып танылады.
Осы бапта аталған салық төлеушiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған салық төлеушiлерге:
1) берiлетiн тауарлардың жер қойнауын пайдалану келiсiмшартының жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, жер қойнауын пайдалану келiсiмшартының талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын келiсiмшарт шеңберiнде қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушiлерге тауарлар беру шарты;
2) салық төлеушiлерге тауарлардың тиеп жөнелтiлгенiн растайтын тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмелерi;
3) салық төлеушiлердiң тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi тауарлардың өткiзiлгенiн растайтын құжаттар болып табылады.
Салық салынатын импорт
Салық салынатын импорттың айқындамасы
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген тауарлар (Салық Кодексінiң 255-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.
Салық салынатын импорт мөлшерi
Салық салынатын импорт мөлшерiне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендiк құны, сондай-ақ, импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезiндегi салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомалары кiредi.
Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт
Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
Мынадай тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi:
1) почта төлемақысының мемлекеттiк белгiлерiн;
2) акциздiк маркаларды (Салық Кодексінiң 653-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын);
3) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттiк баж алынатын қызмет көрсетулердi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтаждары үшiн сатып алынған мүлiктi;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк мекемелерге немесе мемлекеттiк кәсiпорындарға өтеусiз негiзде берiлетiн негiзгi құралдарды, жылжымайтын мүлiкке салынған инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтердi;
6) жерлеу бюроларының салт-жора қызмет көрсетулерiн, зираттар мен крематорийлердiң қызмет көрсетулерiн;
7) лотереяларды өткiзу жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоспағанда, лотереялық билеттердi;
8) төлем қарточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп-қисаптарды қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнiнде қызмет көрсетулердi қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетулердi;
9) Қазақстан Республикасының кеден аумағына "Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу" кеден режимiнде әкелiнген тауарларды қайта өңдеу және (немесе) жөндеу жөнiндегi қызмет көрсетулердi;
10) Салық Кодексінiң 244-бабына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулердi, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның iшiнде почтаны, тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту жөнiндегi жұмыстарды, қызмет көрсетулердi, сондай-ақ транзиттiк жүктердi; әуежай қызметiне техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсетулер жөнiндегi қызмет көрсетулердi; халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөнiнде теңiз айлақтарындағы қызмет көрсетулердi;
11) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөнiндегi қызмет көрсетулердi;
12) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;
13) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдар мына шарттарға сәйкес келсе:
осындай өндiрiстiк ұйымдардың қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 процентiн мүгедектер құраса;
мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процентiн) құраса, осындай бiрлестiктер мен ұйымдардың, сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу бойынша айналымдарынан және акцизделетiн тауарларды өндiру мен өткiзу бойынша айналымдардан басқа, тауарларын, жұмыстарын, қызмет көрсетулерiн;
14) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес жалға берiлетiн үйдiң үй-жайларын жалға беру бойынша қызмет көрсетулердi;
15) егер мәмiле шарттарында салық төлеушiнiң өткiзген тауарларының, орындаған жұмыстарының, қызмет көрсетулерiнiң сапасына кепiлдiк беру көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәмiледе белгiленген кепiлдiк мерзiмi кезеңiнде, олардың қосалқы бөлшектерi мен бөлшектерiнiң құнын қоса алғанда, оларды өтеусiз жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, қызмет көрсетулердi;
16) тазартылған қымбат бағалы металдарды – өз өндiрiсi шикiзатынан дайындалған алтынды, платинаны;
17) Салық Кодексінiң 411 және 420-баптарында аталған қызмет түрлерi бойынша қызмет көрсетулердi;
18) Салық Кодексінiң 249-254-баптарында аталғандарды;
19) нотариаттық iс-әрекеттердi, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулердi;
20) мыналар:
ұлттық басқарушы холдинг;
дауыс беретiн акцияларының 100 процентi ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалар төлемдiк, оралымдылық және қайтарымдық жағдайларында жүзеге асыратын ақшалай нысандағы қарыз операцияларын өткiзу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Аталған заңды тұлғалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты айналымдар
1. Тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бiр бөлiгiн) өткiзу және (немесе) осындай ғимаратты (ғимараттың бiр бөлiгiн) жалға беру, оның iшiнде қосалқы жалға беру, мыналарды:
1) қонақ үй қызмет көрсетулерi үшiн пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бiр бөлiгiн) өткiзудi және (немесе) жалға берудi;
2) қонақ үйде тұру бойынша қызмет көрсетулердi қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
2. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билiк ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесiн жалға, оның iшiнде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылады.
Мыналар:
1) автомобильдердi, сондай-ақ өзге де көлiк құралдарын қоюға немесе сақтауға жер учаскесiн беру үшiн төлем;
2) қонақ үй қызметiн көрсету үшiн пайдаланылатын тұрғын үй ғимараты (тұрғын үй ғимаратының бiр бөлiгi), тұрғын үй ғимаратына жатпайтын (жатқызылмайтын) ғимараты (ғимараттың бiр бөлiгi) орналасқан жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билiк ету құқығын беру, сондай-ақ осындай жер учаскесiн жалға беру, оның iшiнде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылмайды.
3. Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығын салудан босатылған өткiзу бойынша айналымның мөлшерi Салық Кодексінiң 87-бабында көзделген тәртiппен жер учаскелерiн сатқан кездегi құнының өсiмi ретiнде айқындалады.
Қаржылық қызметтер көрсету
1. Қаржылық қызметтi өткiзу бойынша айналымдар, егер бұл қызмет көрсету осы баптың 2-тармағында көзделсе, қосылған құн салығынан босатылады.
2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық қызмет көрсетулерге:
1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жүргiзетiн мынадай банк операциялары және өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде өзге де заңды тұлғалар лицензиясыз жүргiзетiн операциялар:
депозиттердi қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргiзу;
депозиттердi қабылдау, заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргiзу;
банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу;
жеке және заңды тұлғалардың өздерiне тиесiлi тазартылған қымбат бағалы металдардың және қымбат бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшерi көрсетiлген металл шоттарын ашу және жүргiзу;
аударым операциялары;
банктiк қарыз операциялары;
кассалық операциялар;
шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
төлем құжаттарын (вексельдердi қоспағанда) инкассоға қабылдау;
аккредитив ашу (ұсыну) және оны растау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау;
банктердiң ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк кепiлдiктерiн беруi;
банктердiң үшiншi тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк кепiлгерлiгiн және өзге де мiндеттемелердi беруi;
банктер жүзеге асыратын факторингтiк және форфейтингтiк операциялар;
2) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар;
3) бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылардың сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалардың қызмет көрсетулерi;
4) туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөнiндегi операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерiнiң (сақтандыру агенттерiнiң) қызмет көрсетулерi;
6) банкаралық клиринг бойынша қызмет көрсетулер;
7) төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттiк сертификаттармен жасалатын операциялар;
8) зейнетақы активтерiн, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсетулер;
9) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын басқару бойынша қызмет көрсетулер;
10) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту бойынша, зейнетақы активтерiнен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есептеу бойынша қызмет көрсетулерi;
11) кәсiпорынның жарғылық капиталына қатысу үлесiн сату;
12) микрокредиттер беру жөнiндегi операциялар;
13) ломбардтардың жылжымалы мүлiктi кепiлге алу арқылы қысқа мерзiмдi қарыздар беруi бойынша қызмет көрсетулер;
14) кредиттiк серiктестiктер өз қатысушылары үшiн жүзеге асыратын мынадай операциялар:
аударым операциялары: төлемдер және ақша аударымы бойынша тапсырмаларды орындау;
қарыз операциялары: төлемдiлiк, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;
кассалық операциялар;
кредиттiк серiктестiкке қатысушылардың банктiк шоттарын ашу және жүргiзу;
кредиттiк серiктестiкке қатысушылар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделетiн кепiлдiктер, кепiлгерлiктер және өзге де мiндеттемелер беру;
15) тазартылған қымбат бағалы металдармен олардың орнын ауыстырмай жасалатын операциялар;
16) қарыз бойынша талап ету құқықтарын беру жатады.
3. Бағалы қағаздармен, кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдарға қатысу үлестерiмен операцияларды жүзеге асырған кезде өткiзу бойынша айналым бағалы қағаздарды, кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдардағы қатысу үлестерiн өткiзу кезiндегi құнның өсiмi ретiнде айқындалады.
Құнның өсiмi Салық Кодексінiң 87-бабында көзделген тәртiппен айқындалады.
251-бап. Мүлiктi қаржы лизингiне беру
Мүлiктi қаржы лизингiне беру лизинг берушi алуға тиiстi сыйақы сомасы бөлiгiнде мынадай талаптар сақталған жағдайда:
1) мұндай беру Салық Кодексінiң 78-бабында белгiленген талаптарға сай келсе;
2) лизинг алушы мүлiктi негiзгi құрал, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде алса, қосылған құн салығынан босатылады.
Коммерциялық емес ұйымдар көрсететiн қызметтер
Салық Кодексінiң 134-бабының 1-тармағында аталған коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналымдар, егер олар:
1) балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерiн, мүгедектердi қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiнде қызмет көрсетулермен;
2) дiни ұйымдардың жоралар мен рәсiмдердi жүзеге асыруына, дiни керек-жарақтарын өткiзуiне байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.
Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар
Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай:
1) мәдениет саласындағы мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылатын әлеуметтiк маңызы бар iс-шараларды, сауықтық мәдени-бұқаралық iс-шараларды өткiзу жөнiндегi;
2) мәдени ұйымдар – театрлар, филармониялар, мұражайлар, кiтапханалар, мәдени-демалыс ұйымдары жүзеге асыратын (кәсiпкерлiк қызметтен басқа);
3) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту; бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, қосымша бiлiм беру; техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру, қызметтiң осы түрлерiн жүргiзуге құқық беретiн тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бiлiм беру;
4) мемлекеттiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарттар негiзiнде жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарына;
5) кiтапхана қызметiн көрсету жөнiндегi;
6) ақпарат тарату мен насихаттауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игiлiк объектiлерiнiң тiзiлiмiне немесе Тарихи және мәдени ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiне енгiзiлген тарихи-мәдени мұра объектiлерiн және мәдени құндылықтарды сақтау жөнiнде қызмет көрсетулерге, жұмыстарға қатысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.
Медициналық және ветеринариялық қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер
1. Медициналық және ветеринариялық қызмет көрсетумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналымдар:
1) кез келген нысандағы дәрiлiк заттарды, оның iшiнде субстанция-дәрiлердi, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;
2) протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды; кез келген нысандағы дәрiлiк заттарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды, оның iшiнде субстанция-дәрiлердi, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өткiзген;
3) косметологиялық, санаториялық-курорттық қызмет көрсетулердi қоспағанда, медициналық (ветеринариялық) қызмет көрсетiлген жағдайларда, қосылған құн салығынан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тауарлар мен қызмет көрсетулер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
1. Мынадай тауарлар:
1) ұлттық және шетелдiк валюта банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;
2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бекiтiлген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;
3) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен гуманитарлық көмек ретiнде әкелiнетiн тауарлар;
4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiлерi бойынша, техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, қайырымдылық көмек мақсатында әкелiнетiн тауарлар;
5) шетелдiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнiң ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар;
6) салық төлеуден босатуды белгiлейтiн кеден режимдерiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын тауарлар;
7) кез келген нысандағы дәрiлiк заттар, оның iшiнде субстанция-дәрiлер; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар; кез келген нысандағы дәрiлiк заттарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар және жинақтаушы материалдар, оның iшiнде субстанция-дәрiлер, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар импорты қосылған құн салығынан босатылады;
Осы тармақшада көрсетiлген тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
8) почта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгiлерiн шығаруға арналған шикiзат;
10) мемлекеттердiң, мемлекеттердiң үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша берiлген гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу
Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы
1. Бюджет жарнасына жатқызылуға тиiс салық сомасын анықтау кезiнде, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушының негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтердi, жылжымайтын мүлiкке инвестицияларды қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:
1) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушы Салық Кодексінiң 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болып табылса;
2) шот-фактура жазылған күнi қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын өнiм берушi Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етiлетiн басқа да құжатты ұсынған болса;
3) тауарлар импорты жағдайында қосылған құн салығы бюджетке төленген және кеден режимiнiң шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса;
4) Салық Кодексінiң 241-бабында көзделген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi орындалған болса;
5) Салық Кодексінiң 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғаларды қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою кезiнде, осы тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша есепке қою күнi тауарлар қалдықтары бойынша (негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтердi, жылжымайтын мүлiкке инвестицияларды қоса алғанда) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
2. Мыналар:
1) осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бөлiп көрсетiлiп, ұсынылған шот-фактуралар бойынша өнiм берушiлерге төлеуге жататын;
2) Салық Кодексінiң 263-бабының 10-тармағына сәйкес, қаржы лизингi шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда) жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бiрақ Салық Кодексінiң 238-бабының 10-тармағына сәйкес айналым жасау күнi айқындалатын лизинг берушiнiң салық салынатын айналым мөлшерiне келетiн салық сомасынан аспайтын;
3) Салық Кодексінiң 263-бабының 10-тармағына сәйкес, қайтарымды лизинг шарттары бойынша жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;
4) есептi салық кезеңiнде алынған мерзiмдi баспа басылымдарының және бұқаралық ақпарат құралының өзге де өнiмiнiң құнына келетiн бөлiгiнде Салық Кодексінiң 263-бабының 11-тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;
5) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресiмделiп, жүктiң кедендiк декларациясында көрсетiлген, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бюджетiне төленген және кеден режимiнiң шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын;
6) төлем құжатында немесе салық органы берген және Салық Кодексінiң 241-бабына сәйкес қосылған құн салығының төленгенiн растайтын құжатта көрсетiлген;
7) темiр жол немесе әуе көлiгiнде тасымалдаушының - салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi көрсетiле отырып берiлетiн жол жүру билетiнде бөлек жазып көрсетiлген;
8) мынадай шарттар:
отырғызу талонының болуы;
электрондық билет құнының төлену фактiсiн растайтын құжаттың болуы шарттары бiр мезгiлде орындалған жағдайда авиация көлiгiнде тасымалдаушының - салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi көрсетiле отырып берiлетiн электрондық билетте бөлек жазып көрсетiлген;
9) есеп айырысуы банктер арқылы жүргiзiлетiн коммуналдық қызмет көрсетушi қолданатын құжаттарда көрсетiлген;
10) осы баптың 1-тармағының 5-тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың тиiстi тармақшаларына сәйкес расталған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қойылған күнге жасалған тауарлар қалдықтарын түгендеу тiзiмдемесiнде көрсетiлген салық сомасы;
11) осы тармақшаның ережелерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысан бойынша мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi уәкiлеттi орган жазып берген мемлекеттiк материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетiлген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
Мұндай құжатта:
өткiзiлуi бойынша айналымдары салық салынбайтын айналымдарға жататын тауарлар бойынша "ҚҚС-сыз" деген белгi көрсетiледi;
қалған тауарлар бойынша мемлекеттiк материалдық резервке осы тауарларды жеткiзген кезде төленген салық сомасының шегiнде және шығарылатын тауарлардың құнына оларды шығару күнi қолданыста болған ставка бойынша қосылған құн салығының сомасы кiргенi айқындалса, қосылған құн салығының сомасы көрсетiледi.
3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
Салық Кодексінiң 241-бабына сәйкес қосылған құн салығы төленген жағдайда, төленген салық қосылған құн салығын төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi орындалған сол салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
Салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылған, босатылған айналым мақсатында бұрын сатып алынған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы олар салық салынатын айналымдардың мақсаттары үшiн пайдаланылған сол салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
4. Егер шот-фактураны жазу Салық Кодексінiң 263-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналым жасау күнiнен кейiн жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактураны жазу күнiнiң сол салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
5. Қосылған құн салығын төлеушiде салық салынатын және салық салынбайтын, оның iшiнде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құн салығы Салық Кодексінiң 260-бабында көзделген тәртiппен есепке жатқызылады.
Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы
1. Қосылған құн салығы, егер:
1) салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi;
2) қонақ үй ретiнде пайдаланылатынын қоспағанда, тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үй-жайды;
3) негiзгi құралдар ретiнде сатып алынатын жеңiл автомобильдердi;
4) тұрғын үй ғимаратындағы жалға алынған тұрғын үй-жайды жөндеуге пайдаланылған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алумен байланысты төленуге жататын болса, есепке жазылмайды.
2. Мүлiктi (тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өтеусiз негiзде алған кезде, осындай мүлiктi алған тұлға осындай мүлiктi өтеусiз берген тұлғаның төлеуге тиiстi қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызбайды.
Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету
1. Мынадай жағдайларда:
1) салық салынбайтын айналымның мақсаты үшiн пайдаланылғандарды қоспағанда, салық төлеушi салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң болуына байланысты Салық Кодексінiң 260 және 261-баптарына сәйкес барабарлық әдiстi қолданғанда, салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша;
2) тауарлар бүлiнген, жоғалған жағдайда (төтенше жағдайлар салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда) олар бойынша;
3) табиғи монополия субъектiсi нормативтен тыс шеккен шығыстар бойынша;
4) Салық Кодексінiң 263-бабында белгiленген ережелер сақталмаған жағдайда;
5) сот үкiмiнiң заңды күшiне енуi немесе қаулысы негiзiнде жалған кәсiпорын болып танылған салық төлеушiмен жасалған операциялар бойынша;
6) сот жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз жасаған мәмiле деп таныған мәмiле (мәмiлелер) бойынша;
7) жарғылық капиталға үлес ретiнде берiлген мүлiк бойынша;
8) Салық Кодексінiң 239-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тастауға жатады.
2. Осы баптың мақсаттары үшiн тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиеттерiнiң) нашарлауы, соның салдарынан осы тауардың салық салынатын айналым мақсатында пайдалануға келмей қалуы тауардың бүлiнуiн бiлдiредi.
Салдары тауардың жойылуына немесе ысырап болуына әкеп соққан оқиға тауардың жоғалуы деп түсiнiледi. Салық төлеушi табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалары шегiнде шеккен тауарлар ысырабы жоғалту болып табылмайды.
3. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған жағдайлар басталған сол салық кезеңiнде жүргiзiледi.
4. Осы тармақта белгiленген жағдайларда, қосылған құн салығының сомасын түзету мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) тауар-материалдық қорлар бойынша түзету сомасы осы күнi тауар-материалдық қорлардың баланстық құнына түзетудi жүзеге асыру күнi қолданыстағы қосылған құн салығының ставкасын қолдану жолымен айқындалады;
2) негiзгi қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар бойынша қосылған құн салығы қайта бағалау мен құнсыздануды есепке алмай олардың баланстық құнына келетiн сомаға барабар активтердi сатып алу күнi қолданыстағы ставка бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасының бөлiгiнде есепке жатқызылудан алып тасталады.
5. Салық Кодексінiң 231-бабы 3-тармағының 1-тармақшасында көрсетiлгендi қоспағанда, Салық Кодексінiң 231-бабының 3-тармағында көрсетiлген жағдайларда осы бапта көзделген түзету жүргiзiлмейдi.
Мiндеттемелердi есептен шығару кезiнде күмәндi мiндеттемелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету
1. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша мiндеттемелер мөлшерiнiң бiр бөлiгi немесе бүкiл мөлшерi Салық Кодексінiң ережелерiне сәйкес күмәндi болып танылса, Салық Кодексінiң 256-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары негiзiнде есепке жатқызылған қосылған құн салығынан басқа, күмәндi мiндеттемелер мөлшерiне сәйкес мөлшердегi тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы мiндеттемелер туындаған күннен бастап үш жыл өткен соң есептен шығарылуға жатады.
2. Егер қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тасталғаннан кейiн қосылған құн салығын төлеушi тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн ақы төлеген жағдайда, осы аталған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетiлген бойынша салық сомасы ақы төленген сол салық кезеңiндегi есепке жатқызылуда қалпына келтiрiлуге жатады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргiзiлген мiндеттемелердi қоспағанда, мiндеттемелердi есептен шығару кезiнде, тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы Салық Кодексінiң 88-бабының 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар басталған кезеңде есепке жатқызылудан алып тастауға жатады.
4. Қосылған құн салығын төлеушi-өнiм берушi банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргiзiлген қосылған құн салығын қоспағанда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығын есептен шығарып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеушiнi-өнiм берушiнi Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде жүргiзiледi.
Қосылған құн салығы салынбайтын өткiзу бойынша айналымдар болған кезде қосылған құн салығын есепке жатқызу тәртiбi
1. Салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша өнiм берушiге төленуге тиiс және импорт бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды.
2. Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде қосылған құн салығын төлеушiнiң таңдауы бойынша барабарлық немесе бөлек есептеу әдiсiмен есепке жатқызылады.
Есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтаудың таңдап алынған әдiсi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертiлмеуге тиiс.
3. Осы бапқа сәйкес есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы салық салынатын табысты анықтау кезiнде Салық Кодексінің белгiленген тәртiппен шегерiмге жатқызылады.
Барабарлық әдiс
Барабарлық әдiс бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай айқындалады.
Бөлек есептеу әдiсi
1. Бөлек есептеу әдiсi бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығын анықтау кезiнде, қосылған құн салығын төлеушi салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдалану үшiн алған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомасы бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
2. Есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредиттiк ұйымдардың кепiлдегi мүлiктi (тауарларды) алуға және өткiзуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.
3. Қаржы лизингiне мүлiктi берген кезде, есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын лизинг берушiнiң мүлiктi қаржы лизингiне беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.
4. Лизинг берушiнiң қаржы лизингiне беруге жататын мүлiктi сатып алуға байланысты шығыстары салық салынатын айналым мақсаттары үшiн шеккен шығыстар ретiнде қаралады.
Шот-фактура
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, қосылған құн салығын төлейтiн барлық төлеушiлер үшiн мiндеттi құжат шот-фактура болып табылады.
2. Қосылған құн салығын төлеушi тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналымдарды жүзеге асырған кезде, осы бапта өзгеше белгiленбесе, аталған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушыға шот-фактураны ресiмдеуге мiндеттi.
3. Қосылған құн салығын төлеушi шот-фактурада:
1) қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша – қосылған құн салығының сомасын;
2) қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша "ҚҚС-сыз" белгiсiн көрсетедi.
4. Егер өнiм берушi Салық Кодексінiң 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болып табылмаса, Салық Кодексінiң 256-бабының 2-тармағына сәйкес берiлетiн шот-фактура немесе басқа да құжат "ҚҚС-сыз" белгiсiмен жазылады.
5. Салық Кодексінiң 256-бабына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшiн негiздеме болып табылатын шот-фактурада:
1) шот-фактураның цифрлық мәнi бар реттiк нөмiрi;
2) шот-фактураның толтырылған күнi;
3) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi берушi мен алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса) не толық атауы, мекенжайы, сондай-ақ осы баптың 18-тармағында көзделген жағдайларда өнiм берушiнiң комитент немесе комиссионер мәртебесi;
4) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi берушi мен алушының сәйкестендiру нөмiрi;
5) өнiм берушiнiң қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қойылғаны туралы куәлiктiң нөмiрi;
6) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң атауы;
7) салық салынатын айналымның мөлшерi;
8) қосылған құн салығының ставкасы;
9) қосылған құн салығының сомасы;
10) қосылған құн салығы ескерiле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құны көрсетiлуге тиiс.
6. Акцизделетiн тауарларды өткiзген жағдайда шот-фактурада акциз сомасы қосымша көрсетiледi.
Комиссия шартының талаптарына сай келетiн жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу кезiнде оны ұсынушының:
комитент комиссионерге шот-фактураны жазған кезде - "комитент";
комиссионер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алушыға шот-фактураны жазған кезде - "комиссионер" мәртебесi көрсетiле отырып, шот-фактура жазылады.
7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiнгi бес күннен кешiктiрiлмей жазылады.
Қосылған құн салығы салынатын электр энергиясын, су, газ өткiзудi, байланыс қызмет көрсетулерiн, коммуналдық қызмет көрсетулердi, темiр жол тасымалдарын, сондай-ақ көлiк-экспедиторлық қызмет көрсетудi, банк операцияларын жүзеге асыратын салық төлеушiлер осындай өткiзу кезiнде оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазылатын айдан кейiнгi айдың 20-шы күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактураны жазып беруге құқылы.
Тауарлар экспорт режимiнде шығарылған жағдайда шот-фактура өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кешiктiрiлмей жазылады.
8. Шот-фактураға ұсынушының басшысы мен бас бухгалтерiнiң не оған уәкiлеттi қызметкердiң қолдарымен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша салық төлеушiнiң мөрi болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнiң мөрiмен куәландырылады.
9. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, шот-фактурада салық салынатын айналымның мөлшерi тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң әрбiр атауы бойынша жеке көрсетiледi.
Егер мұндай шот-фактураға осы баптың 5-тармағының 6)-10) тармақшаларында көрсетiлген деректер қамтылған құжат қоса берiлсе, айналымның жалпы мөлшерiн көрсетуге жол берiледi. Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмiрi мен күнiне сiлтеме, сондай-ақ оның атауы болуға тиiс.
10. Лизинг берушi өзi беретiн лизинг нысанасына жазатын шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшерi, сыйақы және қосылған құн салығы сомалары енгiзiлместен, қаржы лизингiнiң шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерiнiң жалпы сомасы негiзiнде көрсетiледi.
11. Жалпыға бiрдей қол жетiмдi телекоммуникациялық желiлердегi веб-сайтта орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзiмдi баспа басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралының өзге де өнiмiн өткiзген жағдайда, шот-фактура өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн бес күннен кешiктiрiлмей жазылады.
12. Сыртқы сауда келiсiмшарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу жағдайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құны және қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледi.
13. Шот-фактура екi дана етiп жазылады, олардың бiреуi тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушыға берiледi.
14. Бұрын ұсынылған шот-фактураға тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi берушiнi және (немесе) сатып алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу қажет болған жағдайда, қателердi түзету мақсатында бұрын ұсынылған шот-фактураның күшi жойылады және түзетiлген шот-фактура ұсынылады.
Салық Кодексінiң 265-бабында көзделген жағдайларда, осы тармақтың ережесi қолданылмайды.
15. Шот-фактураны ресiмдеу мынадай жағдайларда:
1) есеп айырысу бухгалтерлiк есеп жүргiзген кезде негiз болып табылатын бастапқы есепке алу құжаттарын қолдана отырып, халыққа коммуналдық қызмет көрсетулер, байланыстық қызмет көрсетулер үшiн банктер арқылы жүзеге асырылған;
2) жолаушы тасымалдау жол билетiмен, оның iшiнде әуе көлiгiнде берiлетiн электрондық билеттермен ресiмделген;
3) халыққа тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызмет көрсетулердi қолма-қол есеп айырысумен өткiзген жағдайда сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегi берiлген;
4) Салық Кодексінiң 250-бабында көзделген қызмет көрсетулер кезiнде талап етiлмейдi.
16. Салық Кодексінiң 256-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу мүмкiн болмаған кезде, қосылған құн салығын төлеушi ұсынушыға шот-фактураны ресiмдеу талабымен жүгiнуге құқылы, ал ұсынушы осы баптың ережелерiн ескере отырып, осындай талапты орындауға мiндеттi.
17. Бiрлескен қызмет туралы шарттардың шеңберiнде өткiзу (сатып алу) кезiнде шот-фактураларды жазып беру ерекшелiктерi Салық Кодексінiң 235-бабында белгiленген.
18. Комиссия шартына сәйкес келетiн талаптармен өткiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алушыға шот-фактураларды жазып берудi комиссионер жүзеге асырады. Комиссионер жазып беретiн шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналым мөлшерi комиссионер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алушыға өткiзудi жүзеге асыратын олардың құны негiзiнде көрсетiледi.
Комиссионер шот-фактураны мыналардың деректерiн ескере отырып, жазып бередi:
қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын комитент комиссионерге ұсынған шот-фактура. Бұл жағдайда комитент комиссионерге ұсынған шот-фактурада көрсетiлген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретiн шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады;
қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын комитент ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құнын растайтын құжат.
Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетiлген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құны комиссионер сатып алушыға жазып беретiн шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады.
Комитент комиссионерге жазып беретiн шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшерi өткiзу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құны негiзiнде көрсетiледi.
Комиссионер комитентке жазып беретiн шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшерi комиссионердiң комиссиялық сыйқасының сомасы негiзiнде көрсетiледi.
Экспедиторлардың шот-фактуралар жазып беру ерекшелiктерi
1. Егер жөнелтушiлер немесе алушылар үшiн жүктердi тасымалдауға көлiк экспедициясы шартына сәйкес жүргiзiлсе, аталған жүктердi тасымалдауға арналған шот-фактуралар жазып берудi экспедитор жүзеге асырады.
Экспедитор шот-фактураны экспедитор мен жүк жөнелтушiнiң немесе алушының арасында жасалған көлiк экспедициясы шартының шеңберiнде қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын тасымалдаушылар және басқа да жұмыстарды, қызмет көрсетулердi ұсынушылар берген шот-фактуралардың негiзiнде жазып бередi.
Егер тасымалдаушы (ұсынушы) қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын жағдайда, экспедитор шот-фактураны жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құнын растайтын құжаттың негiзiнде жазып бередi.
2. Экспедитор жазып беретiн шот-фактурадағы салық салынатын айналымның мөлшерi көлiк экспедициясы шартының шеңберiнде тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтердiң құны ескерiле отырып көрсетiледi.
Шот-фактурада:
қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын;
қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар жүзеге асыратын жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құнын қамтитын айналым көрсетiледi.
Экспедитордың салық салынатын айналымы мөлшерiне енгiзiлетiн сыйақы сомасы шот-фактурада бөлек жазып көрсетiлуге тиiс.
3. Экспедитор шот-фактураны екi данада жасайды.
Шот-фактураның бiрiншi данасы жүк жөнелтушiге немесе жүктi алушыға берiледi.
Көлiк экспедициясы шартының шеңберiнде көрсетiлетiн жұмыстарды, қызметтердi тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашып көрсететiн құжат қоса берiлетiн шот-фактураның екiншi данасы экспедиторда қалады.
Шот-фактураға қоса берiлетiн құжатта мынадай ақпараттық деректер:
1) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетулердi ұсынушының шот-фактурасының реттiк нөмiрi және жасалған күнi;
2) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетулердi ұсынушы салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi;
3) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетулердi ұсынушының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) немесе атауы;
4) егер тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылса, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрi;
5) жұмыстарды, қызмет көрсетулердi тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы жүзеге асыратын, шот-фактурада көрсетiлген салық салынатын айналым мөлшерiне қосылатын, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құны көрсетiлуге тиiс. Қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы жүзеге асыратын жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құны бөлек көрсетiледi.
4. Аталған талаптарға сәйкес жазып берiлген шот-фактура жүк жөнелтушiлердiң немесе оны алушылардың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшiн негiз болып табылады.
Салық салынатын айналымды түзету кезiнде шот-фактуралар жасау
1. Салық Кодексінiң 239-бабына сәйкес салық салынатын айналым мөлшерiн түзету кезiнде қосымша шот-фактура жасалады, онда:
1) цифрлық мәнi бар қосымша шот-фактураның реттiк нөмiрi және оны жасау күнi;
2) қосымша шот-фактурасы жасалатын шот-фактураның реттiк нөмiрi мен жасалған күнi;
3) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi ұсынушы мен алушының атауы, мекен-жайы және сәйкестендiру нөмiрi;
4) қосылған құн салығын есепке алмай, салық салынатын айналымды түзету мөлшерi;
5) қосылған құн салығының түзетiлген сомасы көрсетiледi.
2. Қосымша шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi ұсынушы жасайды және аталған тауарларды, жұмыстарды,қызмет көрсетулердi алушы растайды.
Салықты есептеу және төлеу тәртiбi
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке жарна ретiнде қосылған құн салығы
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке жарна ретiнде қосылған құн салығының сомасы Салық Кодексінiң 268-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептеп шығарылған қосылған құн салығының сомасы мен Салық Кодексінiң 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретiнде есептеледi.
Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығын төлеу тәртiбi
1. Ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеудi жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың 3-тармағында белгiленген тәртiппен қосылған құн салығын төлейдi.
2. Осы баптың мақсатына орай ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеудi жүзеге асыратын ұйымдарға бiр мезгiлде мынадай шарттарға сай келетiн:
1) қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметтi қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн мына қызмет түрлерiн:
ет және ет өнiмiн өндiрудi;
жемiстер мен көкөнiстердi қайта өңдеудi және консервiлеудi;
өсiмдiктер мен жануарлар майын өндiрудi;
сүттi қайта өңдеу мен iрiмшiк өндiрудi;
ұн-жарма өнеркәсiбi өнiмiн өндiрудi;
жануарлар үшiн дайын жемшөп өндiрудi;
нан өндiрудi;
балалар тағамын және емдәмдiк тағам өнiмiн өндiрудi;
крахмал-ciрне өнеркәсiбi өнiмiн өндiрудi жүзеге асыру нәтижесiнде алынуға жататын (алынған) табыстар құрайтын;
2) шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қоспағанда, арнаулы салық режимдерiн қолданбайтын;
3) акцизделетiн өнiмдi өндiру, қайта өңдеу және өткiзу бойынша қызметтi жүзеге асырмайтын ұйымдар жатады.
3. Салық Кодексінiң 266-бабына сәйкес есептелген қосылған құн салығына салық сомасы 70 процентке азайтылады.
4. Ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiретiн заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер Салық Кодексінiң 451-бабында белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, қосылған құн салығын есептейдi.
Қосылған құн салығының ставкалары- қосылған құн салығының ставкасы 12 проценттi құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшерiне қолданылады.
Салық Кодексінiң 242-245-баптарында көрсетiлген тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.
Салық Кодексінiң 243-245-баптарына сәйкес нөлдiк ставка бойынша салық салынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналым расталмаған жағдайда, тауарлар мен қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша аталған айналым осы баптың 1-тармағында аталған ставка бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.
Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен алып өтетiн тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын жиынтық кедендiк төлем құрамында төлей алады, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.
Салық кезеңi- күнтiзбелiк тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.
Салық декларациясы
1. Қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 15-нен кешiктiрмей әрбiр салық кезеңi үшiн табыс етуге мiндеттi.
2. Декларациямен бiр мезгiлде салық кезеңi iшiнде сатып алынған және өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тiзiлiмдерi табыс етiледi, олар декларацияға қосымша болып табылады. Сатып алынған және өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралар тiзiлiмдерiнiң нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Салық Кодексінiң 256-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, мерзiмде және нысан бойынша оларға мемлекеттiк материалдық резервтен тауарларды шығаруға жазылған құжаттардың тiзiлiмiн табыс етедi.
Қосылған құн салығын төлеу мерзiмi
1. Қосылған құн салығын төлеушi бюджетке жататын жарнаға салықты орналасқан жерi бойынша есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25-нен кешiктiрмей әрбiр салық кезеңi үшiн төлеуге мiндеттi.
2. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кеден төлемдерiн төлеу үшiн айқындалатын күнi төленедi.
Пайдаланылған әдебиеттер
ҚР «республикалық бюджет туралы» Заңы ( сәйкесінше жылға)
«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан кодексі, 1 қаңтар, 2009 жыл.
Налоги и налооблажения. Оқу құралы: Ильясов К.К., Зейнельгабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. –Алматы, 1995г.
А. Д. Үмбетәлиев. Ғ. Е. Керімбек Салық және салық салу: Оқулық. Алматы . Экономика, 2006ж. 864б.
Финансы. Учеб.пос. Под ред. А.М. Ковалевой М: Финансы и статистика, 1998г.
А.А. Нұрымов, С.А. Шоймбаева. «Салық және салық салу» Астана 2009 ж.
Смит А. Исследование о природе и причинах богатств народов. (Книга1-з).М: Наука,1992г.
Рикардо Д. Начало классической экономики и налогового облажения. Сочинение. Т.1-2.М: Госиздатполет, 1995 г.
2 –тақырып. Акциздер
Мақсаты: Акциздердің мәні мен экономикалық табиғатын, акцизделетін тауарлар тізбесін айқындау ерекшеліктері: мақсаты, критерилерін, Қазақстан Республикасында өндірілетін, өткізілетін акцизделетін тауарларға салық салумен салық базасын, салық салу объектісін, жеңілдіктерн, салық ставкалары мен төлеу мерзімін қарастыру.
Қаралатын сұрақтар:
1 Акциздердің мәні мен экономикалық табиғаты.
2 Акцизделетін тауарлар тізбесін айқындау ерекшеліктері: мақсаты, критерилері.
3 Қазақстан Республикасында өндірілетін, өткізілетін акцизделетін тауарларға салық салу. Салық базасы. Салық салу объектісі. Жеңілдіктер. Салық ставкалары мен төлеу мерзімі
Жанама салықтар деп кәсіпорындардан алынатын белгілі тауарлар мен қызметтерге баға қосылып, соңында тұтынушылар осы салық түрін төлеуші болып келеді. Басқа сөзбен айтқанда, жанама салықтар мемлекеттік бюджетке кәсіпорындар мен азаматтардың тауарларды сатып алудан емес, осы белгілі өнім өндірушілердің төлеуі арқылы бюджетке аударылады. Тікелей салықтарға қарағанда жанама салықтар салық төлеушінің табысына байланысты емес. Бұл салық түрін табу тауарларды тұтынған кезде сол тауар бағасына қосады да, ең соңында жанама салықтарды тұтынушылар төлейді.
Жалпы қолданыстағы тәжірибеде жанама салықтарға салық салу келесідей түрлерге бөлінеді:
-Акциздер;
-Қосылған құн салығы;
-Кеден баж салығы;
-Монополиялық фискальді салықтар;
Акциздер - Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ тізбесі Салық Кодексінде анықталған қызмет түрлеріне акциз салынады. Өз кезегіде бір дәрежелі акциз және көп дәрежелі акциз деп айырады.
Қосылған құн салығы - жанама салықтардың бірі, сонымен қатар ол сатып алушылардың табысынан тікелей төленіп, тауарлардың құнын көбейтіп қосылады.
Кеден баж салығы - мемлекетке тауарларды әкелген немесе мемлекеттен шығарған кезде алынатын міндетті жыйналымдар.
Монополиялық фискальді салықтар - көпшілік пайдаланатын ерекше маңызы бар тауарларға мемлекетпен орнатылатын жанама салықтардың көпжақты бір түрі. Мемлекет монополист ретінде өндірісті немесе сатуды (немесе екеуін бірге) тоқтату арқылы тауарға деген бағаны көтереді. Осының арасындағы айырма – монополиялық фискальді салықтар болып келеді және олар бойынша салық ставкалары орнатылмайды, тек нақты тауарды сату бағасы ғана орнатылады.
Шет елдерде салық салуда жанама салықтарды қолдану шеберлігіне сүйенсек, бізге мына мәліметтер анық болады, яғни бұл салықтың түрі салық комитеті структураларының кірісіне экономикалық тұрақсыздық кезінде кіргізіледі. Сондықтан әрбір мемлекетте тікелей салықтар мен жанама салықтардың арасында өзара тығыз байланыс орнатылуға аса үлкен мән береді. Осыған байланысты, жанама салықтарды толығымен жетілдіре отырып, терең ғылыми анализ жасап, оларды орналастыру қажет.
Бұл жағдайда жасалған талаптарды анықтау керек, қажетінше жанама салықтардың құрылымының әртүрлілігін анықтау, олардың ашықтығы мен тиесілі бюджетке аударылуын зерттеу қажет. Жалпы жанама салық бойынша салық алу дәйекті мәліметтер мен себепті жағдайларға сүйеніп, Салық Кодексіне сүйене отырып, кәсіпорынның бухгалтарлік есебіне сүйене отырып бюджетке аударуы тиіс.
Жанама салықтардың даму перспективасы. Жалпы алғанда салықтар нарықтық экономикада ең басты реттеуші функциялардың бірі деуге болады, ал жанама салықтар осы реттеуші функцияның ең маңызды тетігі сыңайлы. Жанама салықтардың дамуы ғажап емес. Бұл салық тобының басқа салықтардан ерекшелігі - жанама салықтарды тұтынушылардың қалтасынан төленеді және осыған байланысты кәсіпорын басшысы немесе зауыттар тарапынан ешбір шығынға ұшырамайды, тек сәйкесінше берілген тәртіп бойынша тауар құнына дұрыс мөлшерде қосылып есептелінсе болғаны.
Жасыратыны жоқ, салықтар мөлшері аз мөлшерлі жағдайда болса – бұл жеке инвестициялардың көбеюіне әкеліп соғады. Сондықтан парламент тарапынан жекелеген салық түрлеріне салық ставкаларын төмендеткен жағдайда елде көптеген жеке меншік ұйымдар мен шет мемлекеттерден келетін инвесторлар саны да біршама есе өсер еді. Мысалы қосылған құн салығының ставкасын 15% - дан 13 % - ға дейін төмендетсек, кәсіпорын артық ақша қаражатын қайта әкеліп осы салаға салады. Соның нәтижесінде кәсіпорын өз тиімділігін арттыра отырып мемлекеттік бюджетке алдыңғысынан да көбірек мөлшерде салықтарды аударатын болады.
Жанама салықтардың бірі - акциз, қалыптасқан қағида бойынша, тұрғындарға арналған және мемлекеттің монополиясы болып табылатын тапшы, жоғары рентабельді тауарлар мен өнімдерге салынады. Мемлекет акциз салығы сұранын мен ұсынымды реттеуге, сонымен бірге мемлекеттік бюджетті толықтыру үшін пайдаланады.
Акцизді қамтитын еркін жіберілген баға бойынша өткізілетін акциздеуші тауарлардың құны салыну объектісі болып табылады. АҚШ-та федералдық табыстың 60% - ға жуығын тауарлардың үш-ақ түріне салынатын акциз салығы береді.
Бөлшек сауда мекемелерінде өткізілген шараптың партиясы үшін кәсіпорынның есеп айырысу шотына 200000 теңге түсті делік. Бұл жағадйда ҚҚС 43,76 мың теңге құрайды. Акциз бойынша салынатын айналым 156,24 мың теңге болады.
1992 жылы бюджетке түскен төлемдер мен салықтардың сомасы 238 млрд. теңгеден астам болды. Олардың ішінен қосылған құнға салынатын салық құны үштен бірі, табысқа салынатын салық төрттің бірінен астам. Ал акциздер 3,4 процент болды.
Салыстырмалы түрде батыс елдеріндегі бюджетке түсетін салықтардың шамасын көрсетейік. Мысалы, жалпы ұлттық табысқа қосылған құнға салынатын салықтың үлесі: Англия мен Германияда -6%, Швецияда – 7%, Францияда – 8%. 1987 жылы АҚШ-тың федералдық бюджетінің салық түсіміндегі әртүрлі салықтардың үлесі мынандай болды: жеке табыс салығы – 46%, жалақы қорынан алынатын салық – 35%, корпорациялардың пайдасына салынатын салық – 10%, акциздік алымдар -4%, кедендік баж салықтары – 2%, қозғалмайтын мүліктерге және сыйлыққа салынатын салық -1%, басқа салықтар -2%.
Жанама салықтар жалпы мемлекеттік экономиканың дамуы саласында бюджеттің 50 % мөлшерінде қомақты ауқымды толтырып тұр. Ал ең бастысы осы салық ставкаларын төмендету арқы шағын бизнес түрін жедел әрі екі жақты тиімді етіп дамытуға жақсы көмек береді.
Шет елдерде салық салуда жанама салықтарды қолдану шеберлігіне сүйенсек, бізге мына мәліметтер анық болады, яғни бұл салықтың түрі салық комитеті структураларының кірісіне экономикалық тұрақсыздық кезінде кіргізіледі. Сондықтан әрбір мемлекетте тікелей салықтар мен жанама салықтардың арасында өзара тығыз байланыс орнатылуға аса үлкен мән береді. Осыған байланысты, жанама салықтарды толығымен жетілдіре отырып, терең ғылыми анализ жасап, оларды орналастыру қажет.
Акциз салығына салық салудың ережелері мен тәртібі.
Акциздер - Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ тізбесі акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлеріне акциз салынады және де акциз салығын төлеушілер табысының мөлшері мен жеке иелігіндегі мүлігіне қарамастан көрсетілген сома төленеді. Акциз есептелетін тауарларды өз кезегінде акцизделетін тауар деп атайды.
Акциз салығын төлеушiлер
1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын;
2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына импорттайтын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын;
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбеген болса, Салық Кодексінiң 279-бабының 5)-7) тармақшаларында аталған тәркiленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетiн тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын;
5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, Салық Кодексінiң 279-бабында аталған акцизделетiн тауарлардың конкурстық массасын өткiзудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушiлер болып табылады.
2. Резидент емес заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi де акциз төлеушiлер болып табылады.
3. Салық Кодексінiң 279-бабының 5)-7) тармақшаларында аталған тәркiленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетiн тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдар акциздердi төлеушiлер болып табылмайды.
Акцизделетiн тауарлар тiзбесi
1) спирттiң барлық түрлерi;
2) алкоголь өнiмi;
3) құрамындағы этил спиртiнiң көлемi 0,5 проценттен аспайтын сыра;
4) темекi бұйымдары;
5) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;
6) жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа);
7) шикi мұнай, газ конденсаты акцизделетiн тауарлар болып табылады.
Акциз ставкалары
1. Акциз ставкалары тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.
2. Алкоголь өнiмiне акциздер ставкасы осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз проценттiк) спирттiң болу көлемiне байланысты бекiтiледi.
3. Спирттiң барлық түрiне және шарап материалына акциз ставкалары спирттiң және шарап материалының бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
Алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн өткiзiлетiн спиртке және шарап материалына акциз ставкасы алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн пайдаланбайтын тұлғаларға өткiзiлетiн спиртке және шарап материалына белгiленетiн базалық ставкадан төмен белгiленуi мүмкiн.
Акциз сомасын есептеу былайша жүргiзiледi:
Рет № |
ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды |
Акцизделетін тауарлардың түрлері |
Акциз ставкалары (өлшем бiрлiгi үшiн теңгемен) |
1 |
2207-ден |
80 көлемдiк процент немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi; этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирт түрлерi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын, сондай-ақ белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттiк медициналық мекемелерге берiлетiн спирттен басқа) |
600 теңге/литр |
2 |
2207-ден |
Денатуратталған отындық этил спиртi (этанол) (түссiз емес, iшкi нарықта тұтыну үшiн боялған) |
0,1 теңге/литр |
3 |
2208-ден |
80 көлемдiк проценттен төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi; спирт тұнбалары және өзге де спирттi iшiмдiктер (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын, сондай-ақ белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттiк медициналық мекемелерге берiлетiн спирттен басқа) |
100% спирт 750 теңге/литр |
4 |
2207-ден |
80 көлемдiк процент немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi; этил спиртi және алкоголь өнiмiн өндiру үшiн сатылатын кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирт түрлерi |
60 теңге/литр |
5 |
2208-ден |
80 көлемдiк проценттен төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi; спирт тұнбалары және алкоголь өнiмiн өндiру үшiн сатылатын өзге де спирттi iшiмдiктер |
100% спирт 75 теңге/литр |
6 |
2208 |
Алкоголь өнiмi (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа) |
100% спирт 500 теңге/литр |
7 |
2208 |
Коньяк, бренди (отандық өндiрiстiң коньяк спиртiнен жасалған коньяктан, брендиден басқа) |
100% спирт 325 теңге/ литр |
8 |
2208 |
Отандық өндiрiстiң коньяк спиртiнен жасалған коньяк, бренди |
100% спирт 170 теңге/литр |
9 |
2204, 2205, 2206 00-ден |
Шараптар |
35 теңге/литр |
10 |
2204, 2205, 2206 00-ден |
Шарап материалы (этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру үшiн сатылатыннан басқа) |
170 теңге/литр |
11 |
2204, 2205, 2206 00-ден |
Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру үшiн сатылатын шарап материалы |
20 теңге/литр |
12 |
2203 00 |
Сыра |
26 теңге/литр |
13 |
2203 00-ден |
Құрамындағы этил спиртiнiң көлемi 0,5 проценттен аспайтын сыра |
0 теңге/литр |
14 |
2402-ден |
Фильтрлi сигареттер |
1000 теңге/1000 дана |
15 |
2402-ден |
Фильтрсiз сигареттер, папиростар |
600 теңге/1000 дана |
16 |
2402-ден |
Сигариллдер |
1200 теңге/1000 дана |
17 |
2402-ден |
Сигарлар |
95 теңге/дана |
18 |
2403-ден |
Құрамында никотинi бар фармацевтикалық өнiмдi қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және соңғы тұтынуға арналған түтiктiк, шегетiн, шайнайтын, соратын, иiскейтiн, хорхорлы және өзге де темекi |
1220 теңге/килограмм |
19 |
2709 00-ден |
Шикi мұнай, табиғи газ конденсаты |
0 теңге/тонна |
20 |
8702, 8703, 8704-тен |
Двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден жоғары жеңiл автомобильдер |
100 теңге/текше см |
1) Салық Кодексінiң 279-бабының 1)-4), 6), 7) тармақшаларында көрсетiлген акцизделетiн тауарларға:
Рет № |
|
1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен) |
|
|
|
Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 11410 0-2710 11590 0) |
Дизель отыны (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 3100-2710 19 490 0) |
1 |
Өндiрушiлердiң өз өндiрiсiндегi бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы |
4500 |
540 |
2 |
Жеке және заңды тұлғалардың бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы |
0 |
0 |
3 |
Өндiрушiлердiң бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзiнiң өндiрiстiк қажеттiлiгiне пайдалануы |
5000 |
600 |
4 |
Жеке және заңды тұлғалардың бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзiнiң өндiрiстiк қажеттiлiгiне пайдалануы |
500 |
60 |
5 |
Импорт |
4500 |
540 |
Ескерту: тауарлар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауар атауымен айқындалады.
Қазақстан республикасында өндiрiлетiн, өткiзiлетiн акцизделетiн тауарларға салық салу
Салық салу объектiсi
1) акциз төлеушiнiң өзi шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетiн тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
акцизделетiн тауарларды өткiзуi;
акцизделетiн тауарларды алыс-берiстiк негiзде қайта өңдеуге беруi;
алыс-берiстiк, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды, қайта өңдеу өнiмдерi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi;
жарғылық капиталға жарнасы;
заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;
өндiрушiнiң акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тиеп жөнелтуi;
өндiрушiнiң жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетiн тауарларды өзi өндiруi үшiн пайдалануы;
өндiрушi жүзеге асыратын акцизделетiн тауарларды лицензияда көрсетiлген өндiрiс мекенжайынан ауыстыруы;
2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткiзуi;
3) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткiзуi;
4) конкурстық массаны, тәркiленген және (немесе) иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделген тауарларды өткiзуi;
5) акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы акциз салынатын объект болып табылады.
2. Акциздiк маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлiнуi, жоғалуы акцизделетiн тауарларды өткiзу ретiнде қарастырылады.
3. Мыналарға:
1) егер Салық Кодексінiң 288-бабында белгiленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарлардың экспортына;
2) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн квоталар шегiндегi:
өндiрушiнiң аталған өнiмдi өндiру құқығына арналған Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда емдiк және фармацевтiк препараттарды дайындау үшiн;
тиiстi лицензиясы болған кезде мемлекеттiк медицина мекемелерiне босатылатын этил спиртiне;
3) жаңа үлгiдегi есепке алу-бақылау немесе акциздiк маркалармен қайта таңбалауға жататын, Салық Кодексінiң 643-бабының 2-тармағында аталған акцизделетiн тауарларға, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;
4) 0,1 литрден аспайтын тұтыну ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тiркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирт бар өнiмге акциз салынбайды.
Операция жасалған күн
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетiн тауарларды алушыға тиеп жөнелту (беру) күнi операция жасалған күн болып табылады.
2. Өндiрушi өзi өндiрген акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелер желiсi арқылы өткiзген жағдайда, тауарларды құрылымдық бөлiмшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
3. Акцизделуге тиiс алыс-берiстiк тауарларын беру кезiнде аталған тауарларды мердiгерге (қайта өңдеушiге) берген күн операция жасалған күн болып табылады.
Алыс-берiстiк тауарларынан акцизделетiн тауарлар дайындаған кезде дайындалған акцизделетiн тауарларды тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
4. Акцизделетiн тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетiн тауарларды өзi өндiруi үшiн пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
5. Өндiрушi жүзеге асыратын акцизделетiн тауарларды өндiрiс мекенжайынан ауыстыру кезiнде акцизделетiн тауарларды лицензияда көрсетiлген өндiрiс мекенжайынан ауыстырған күн операция жасалған күн болып табылады.
6. Акцизделетiн өнiм, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген жағдайда, бүлiнген акцизделетiн өнiмдi (акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын) есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндiрiстiк процесте одан әрi пайдалану туралы шешiм қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.
Акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда, акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.
Салық базасы
1. Тұрлаулы акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы өндiрiлген, өткiзiлген заттай нысандағы акцизделетiн тауарлар көлемi ретiнде айқындалады.
2. Адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы өндiрiлген, өткiзiлген акцизделетiн тауарлар құны ретiнде айқындалады. Аталған құн осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығы енгiзiлместен өндiрушi беретiн бағалар бойынша айқындалады.
Әртүрлi ставкалар белгiленген жағдайда спирттiң барлық түрiне және шарап материалына салық салу ерекшелiктерi
1. Салық Кодексінiң 280-бабының 3-тармағына сәйкес спирттiң барлық түрiне және шарап материалына әртүрлi акциз ставкалары белгiленген жағдайда, салық базасы сол бiр ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке айқындалады.
2. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спирт пен шарап материалын этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы спирт пен шарап материалы бойынша акциз сомасы алкоголь өнiмiн өндiрушiсi болып табылмайтын тұлғаларға өткiзiлетiн спирттiң барлық түрi және шарап материалы үшiн белгiленген акциздiң базалық ставкасы бойынша қайта есептелiп, бюджетке төленуге жатады. Қайта есептеудi және акциз төлеудi спирт пен шарап материалын алушы жүргiзедi.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелерi емдiк және фармацевтiк препараттар шығару және медициналық қызмет көрсету үшiн сатып алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Емдiк және фармацевтiк препараттарды шығарушылар мен спирттi акцизсiз алған мемлекеттiк медициналық мекемелер осы спирт бойынша акциз төлеушiлер болып табылады.
Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы
1. Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бүлiнген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленедi.
Осы ереже одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны бүлiнген, жоғалған жағдайда да қолданылады.
2. Осы баптың мақсаттары үшiн:
1) тауардың барлық немесе жекелеген сапасының, оның iшiнде оны өндiрудiң барлық технологиялық сатыларында нашарлауы акцизделетiн өнiмнiң бүлiнуi деп түсiнiледi;
2) оқиғаның нәтижесiнде тауардың, оның iшiнде оны өндiрудiң барлық технологиялық сатыларында жойылуы немесе ысырабы акцизделетiн өнiмнiң жоғалуы деп түсiнiледi.
Салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген табиғи кему нормалары шегiнде шеккен акцизделетiн тауарлардың ысырабы, сондай-ақ өндiрушi нормативтiк және техникалық құжаттамамен регламенттейтiн нормалар шегiндегi ысыраптар жоғалу болып табылмайды.
Акциз маркаларының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлiнуi, жоғалуы
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде акциз мәлiмделген ассортимент мөлшерiнде төленедi.
Салық Кодексінiң 643-бабына сәйкес алкоголь өнiмiн таңбалауға арналған бүлiнген немесе жоғалған (оның iшiнде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акциздi есептеу маркада көрсетiлген сауыттың (ыдыстың) көлемiне қолданылатын белгiленген ставкалар негiзiнде жүргiзiледi.
2. Акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:
1) акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар нәтижесiнде бүлiнсе, жоғалса;
2) бүлiнген акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актiсi негiзiнде қабылдаса, акциз төленбейдi.
Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткiзуге жатқызу өлшемдерi
1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы акцизделетiн бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын қабылдауға және оларды одан әрi өткiзу үшiн пайдалануға мiндеттенсе, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:
1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өндiрушi;
2) Салық Кодексінiң 574-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерi бойынша тiркеу есебiнде тұрған және бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын одан әрi өткiзу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық төлеушi ұсынушылар болып табылған жағдайда аталған тауарларды өткiзу көтерме саудада өткiзу саласына жатқызылады.
Көтерме саудада өткiзу саласына одан әрi өткiзу үшiн құрылымдық бөлiмшелерге бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын тиеп жөнелту де жатқызылады.
2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткiзу саласына осы баптың 1-тармағында аталған ұсынушылар жүзеге асыратын:
1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын заңды тұлғаларға (оның iшiнде шетелдiк заңды тұлғаларға) және дара кәсiпкерлерге олардың өндiрiстiк мұқтаждары үшiн өткiзу;
2) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткiзу;
3) өндiрiлген немесе одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану операциялары жатады.
Акцизделетiн тауарлар экспортын растау
1. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткiзу кезiнде Салық Кодексінiң 281-бабының 3-тармағына сәйкес салық салудан босатудың негiздiлiгiн растау үшiн салық төлеушi орналасқан жерi бойынша салық органына алпыс жұмыс күнi iшiнде мiндеттi түрде мына құжаттарды:
1) экспортталатын акцизделетiн тауарларды ұсынуға арналған шартты (келiсiмшартты);
2) акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгiлерi бар жүктiң кедендiк декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшiрмесiн табыс етедi.
Акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде магистральдық құбыр жүйесiмен не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып әкеткен жағдайда кедендi ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiсi бар жүктiң толық кедендiк декларациясы экспортты растау болып табылады;
3) Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi бар тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмелерiн табыс етедi.
Акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде магистральдық құбыр жүйесiмен әкеткен жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi;
4) салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған банк шоттарына акцизделетiн тауарларды өткiзуден түскен нақты түсiмдi растайтын төлем құжаттары мен банк көшiрмесiн табыс етедi.
2. Қазақстан Республикасы акцизделетiн тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтiн халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге акцизделетiн тауарлар экспортталған кезде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимiнде әкетiлген акцизделетiн тауарларды импорттаған елде ресiмделген жүктiң кедендiк декларациясының көшiрмесi қосымша табыс етiледi.
3. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткiзу осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес расталмаған жағдайда, мұндай өткiзу Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарларды өткiзу үшiн осы тарауда белгiленген тәртiппен акциз салынуға жатады.
Акциз сомасын есептеу
Акциз сомасын есептеу белгiленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргiзiледi.
Салық базасын түзету
Салық базасы акцизделетiн тауарды қайтару жүргiзiлген салық кезеңiнде түзетiледi.
Осы бапқа сәйкес салық базасының мөлшерiн түзету түзетуге жататын акциздiң сомасы бөлек жазып көрсетiлген қосымша шот-фактураның, сондай-ақ акцизделетiн тауарды қайтару үшiн негiздеменi растайтын екi жақты актiлердiң және шартта (келiсiмшартта) аталған қайтару жағдайларын растайтын басқа да құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi.
Салықтан шегерiм жасау
1. Салық төлеушiнiң Салық Кодексінiң 289-бабына сәйкес есептелген акциз сомасын осы бапта белгiленген шегерiмдерге азайтуға құқығы бар.
2. Осы бапқа сәйкес басқа акцизделетiн тауарларды өндiру үшiн негiзгi шикiзат ретiнде пайдаланылған акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомалары шегерiмге жатады.
3. Мыналар:
1) акцизделетiн тауарларды сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында;
2) өзi өндiрген акцизделетiн шикiзат үшiн;
3) алыс-берiстiк акцизделетiн шикiзаттан дайындалған акцизделетiн тауарларды беру кезiнде төленген акциз сомалары шегерiмге жатады.
Спирттiң барлық түрлерiне, шикi мұнайға, газ конденсатына акциз сомалары шегерiмге жатпайды.
4. Салық кезеңiнде акцизделетiн тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетiн шикiзат көлемi негiзiнде есептелген акциз сомасына шегерiм жасалады.
5. Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн шикiзатты сатып алу кезiнде төленген акциз сомаларының шегерiмi мынадай құжаттар:
1) акцизделетiн шикiзатты сатып алу-сату шарты;
2) төлем құжаттары немесе акцизделетiн шикiзатқа төлем жасалғанын растайтын бақылау-кассалық машинаның чектерi;
3) акцизделетiн шикiзат ұсынудың тауар-көлiк жүкқұжаттары;
4) акциздiң сомасы бөлек жазып көрсетiлген шот-фактура;
5) купаж актiлерi (алкоголь өнiмiн өндiру кезiнде);
6) өндiрiсте акцизделетiн шикiзатты есептен шығару актiсi болған кезде жүзеге асырылады.
6. Өз өндiрiсiнде акцизделетiн шикiзат үшiн төленген акциз сомаларының шегерiмi мынадай құжаттар:
1) төлем құжаттары немесе акциздiң бюджетке төленгенiн растайтын өзге де құжаттар;
2) купаж актiлерi (алкоголь өнiмiн өндiру кезiнде);
3) өндiрiсте акцизделетiн шикiзатты есептен шығару актiсi болған кезде жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетiн шикiзаттың импорты кезiнде төленген акциз сомаларының шегерiмi мынадай құжаттар:
1) акцизделетiн шикiзатты сатып алу-сату шарты;
2) төлем құжаттары немесе кедендiк ресiмдеу кезiнде акциздiң бюджетке төленгенiн растайтын өзге де құжаттар;
3) импортталатын акцизделетiн шикiзатқа арналған жүктiң кедендiк декларациясы;
4) купаж актiлерi (алкоголь өнiмiн өндiру кезiнде);
5) өндiрiсте акцизделетiн шикiзатты есептен шығару актiсi болған кезде жүзеге асырылады.
8. Алыс-берiстiк акцизделетiн шикiзаттан дайындалған акцизделетiн тауарларды беру кезiнде төленген акциз сомасы да мынадай құжаттар:
1) алыс-берiстiк акцизделетiн шикiзаттың меншiк иесi мен қайта өңдеушiнiң арасындағы шарт;
2) төлем құжаттары немесе алыс-берiстiк акцизделетiн шикiзат меншiк иесiнiң акциздi бюджетке төлегенiн растайтын өзге де құжаттар;
3) акцизделетiн шикiзатты босатуға арналған жүкқұжаты немесе қабылдап алу-беру актiсi болған кезде шегерiмге жатады.
9. Акцизделетiн тауарларды өндiрушiлер Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн шикiзатты сатып алу немесе оның импорты кезiнде төлеген акциз сомалары осы шикiзаттан дайындалған акцизделетiн тауарлар үшiн есептелген акциз сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып кету сомасы шегерiмге жатпайды.
Акциз төлеу мерзiмдерi
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетiн тауарларға акциз есептi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға жатады.
2. Алыс-берiстiк шикiзат пен материалдардан өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бойынша акциз өнiмдi тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға берiлген күнi төленедi.
3. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген шикi мұнайды, газ конденсатын өнеркәсiптiк қайта өңдеуге беру кезiнде акциз олар берiлген күнi төленедi.
4. Шарап материалын және сыраны қоспағанда, Салық Кодексінiң 279-бабының 2) тармақшасында белгiленген акцизделетiн тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн төленедi.
Акциз төленетiн жер
1. Акциз төлеу салық салу объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын акциз төлеушiлер акциздi салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан жерi бойынша төлейдi.
Салық төлеушiлердiң құрылымдық бөлiмшелер, салық салуға байланысты объектiлер үшiн акциз есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Құрылымдық бөлiмшелер, сондай-ақ салық салуға байланысты объектiлер салық кезеңi iшiнде жүргiзген акциз салынатын операциялар бойынша акциздiң есеп-қисабы (бұдан әрi бөлiм бойынша - акциз бойынша есеп-қисап) жеке жасалады.
Акциз бойынша есеп-қисап негiзiнде құрылымдық бөлiмше, сондай-ақ салық салуға байланысты объектiлер үшiн төленуге жататын акциздiң сомасы айқындалады.
2. Акциз төлеушiлер құрылымдық бөлiмшенiң, салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына акциз бойынша есеп-қисапты Салық Кодексінiң 296-бабында белгiленген мерзiмде табыс етуге мiндеттi.
Бiр салық органында тiркелген салық салуға байланысты бiрнеше объектiсi бар акциз төлеушiлер барлық объектiлерi үшiн акциз бойынша бiр есеп-қисапты табыс етедi.
3. Ағымдағы төлемдердi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелер, салық салуға байланысты объектiлер үшiн акциз төлеудi акциз төлеушi заңды тұлға тiкелей өзiнiң банк шотынан төлейдi немесе ол құрылымдық бөлiмшеге жүктеледi.
4. Дара кәсiпкерлер салық салуға байланысты объектiлер үшiн төленуге жататын акциз бойынша есеп-қисапты салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан жерi бойынша табыс етедi.
Салық кезеңi
Акцизге қатысты күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады.
Салық декларациясы
1. Әрбiр салық кезеңi аяқталған соң салық төлеушiлер өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына акциз жөнiндегi декларацияны есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 15-нен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
2. Акциз төлеушiлер декларациямен бiр мезгiлде акциз бойынша есеп-қисапты табыс етедi.
Акцизделетiн тауарлардың импортына салық салу
Импортталатын акцизделетiн тауарлардың салық базасы
1. Тұрлаулы акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезiнде салық базасы импортталатын акцизделетiн тауарлардың заттай түрдегi көлемi ретiнде айқындалады.
2. Адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарларды импорттау кезiнде салық базасы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын акцизделетiн тауарлардың кедендiк құны ретiнде айқындалады.
Импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз төлеу мерзiмдерi
1. Импортталатын акцизделетiн тауарларға акциздер, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кеден төлемдерiн төлеу үшiн айқындалған күнi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен төленедi.
2. Акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн Салық Кодексінiң 653-бабына сәйкес таңбалануға жататын импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз төленедi.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған акцизделетiн тауарлардың нақты импортын жүзеге асыру кезiнде акциз сомасы нақтылануға жатады.
Акцизден босатылған акцизделетiн тауарлардың импорты
1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нормалар бойынша импорттайтын акцизделетiн тауарларына акциз салынбайды.
2. Мынадай импортталатын акцизделетiн тауарлар:
1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерiнде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлiк құралдарын пайдалану үшiн қажеттi акцизделетiн тауарлар;
2) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзгенге дейiн бүлiнуi салдарынан бұйымдар және материалдар ретiнде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетiн тауарлар;
3) шет елдiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнген акцизделетiн тауарлар акциз төлеуден босатылады. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төленуден босатылады;
4) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн, "Еркiн айналым үшiн тауарлар шығару" режимiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген кеден режимдерi шеңберiнде босатылатын акцизделетiн тауарлар;
5) сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiм (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.
Бухгелтерлік есептің қызметіне сомаларды есептеу бөлімі кіреді, ол кіріске алынған немесе төленген матариалдарды құндылықтарды есепке алғанмен, сондай – ақ төленбеген және кіріске алынбаған есептер тұспетті. Акцизді бюджетке аударудағы заң бұзушылықтарға бөлек тоқтала кетсек:
№ |
Заң бұзушылық түрі |
Зардаптары |
1 |
өндіруге және сатуға қажетті келісімшарттардың, сертификаттардың, лицензиялардың, накладнойлар мен өзге де төлем құжаттарының жоқ болуы; акциз бойынша дикларацияның дұрыс толтырылуын анықтау; |
Акциз бойынша декларацияның дұрыс толтырылмауы |
2 |
сатуға және өндіруге байланысты акцизделетін өнімдердің шығару көлемінің берілгенімен сатуға және өндіруге байланысты құжаттардың сәйкес келмеуі |
өнімнің айналымы туралы құжаттың дұрыс толтырылмауы |
3 |
маркалауға жататын акцизделетін тауарлардың өткізу кезіндегі акциз маркасының болмауы |
Салық төлеуден қашу мен маркалаудың тәртібін бұзу мен заң бұзушылық |
4 |
өнім дайындауға кеткен фактылық берілгендер мен бюджетке аударылған акциз сомасының сәйкес келмеуі |
өндіру көлемін азайту мен заң бұзу арқылы салық төлеуден қашу |
5 |
Ағымдағы төлемдер бойынша белгіленген уақытта бюджетке аударатын соманы уақытылы төлемеу |
өз кезегінде және дұрыс емес көрсеткіштер бойынша акциз төлеу |
6 |
Ішкі экономикалық іскерлік наменклатурасына дұрыс кодтамау және кіргізілген тауарлардың дұрыс құжатталмауы салдары |
Акцизді құжаттауды дұрыс жүргізбеу |
7 |
Ішкі экономикалық іскерлік наменклатурасына дұрыс кодтамау немесе дұрыс енгізілмеу мен сәйкес келмеушілік |
Акцизделетін тауарларды дұрыс құжаттамй заң бұзушылық |
8 |
Жеңістерге төленген және ойыннан түскен түсімді дұрыс есептемеу |
Айналым қаражатын төмендету |
9 |
Акциз салығын төлеу бойынша арифметикалық немесе бухгалтерлік есептің дұрыс болмауы |
Айналым қаражатын төмендету |
Осыған байланысты тексеруші органдардың дұрыс акциз сомасын бюджетке аудармағандарды тауып, оларға қызмет ететін заңнама бойынша қажетінше шаралар қолданып, қорытындысын тексеру актісі мен справкаларда көрсетуі қажет.
ҚР – да әрекет ететін акцизделетін тауарлар шығаратын кәсіпорындар мен ұйымдарда арнайы акциздік тексеріс жүргізетін посттар болады, ол 1999 жылы № 1453 1 – желтоқсанда мемлекеттік кіріс министрлігімен бекітілген жарлығында көрсетілген. Ол акциз посттарындағы инспекторлардың акцизделетін тауарлардың дұрыс аударылу жұмысын анықтап, реттеп отырады. Акциз посттарындағы инспекторлардың комплексті құрамын салық комитетінің және салық полициясының қызметкерлерінен алынады. Акциз посттарындағы инспекторлары есеп журналдарына акцизделетін тауарлардың қозғалысын есепке алып отырады, және де ол нөмірленуі, шнурлануы, салық комитетінің мөрімен басылуы қажет. Күнделікті болған оқиғалар акциз постындағы инспекторының қолымен берілгені бойынша тіркеліп отырылуы қажет. Осыған байланысты алдыңғы күннің берілгендері мен келесі күннің басындағы берілгендерімен сәйкес келуі тиіс.
Белгіленген формадағы және арнайы справка бойынша әр апта сайын акциз постының инспекторы журналдағы мәліметтердің сәйкестігін тексеріп отыруы қажет. Бұл құжат үш данада толтырылып, құжатқа акциз постының инспекторы мен апта бойы кезекшілікте тұрған инспекторлар қол қояды. Бір дананың көшірмесі акциз постында,қалған көшірмелері сәйкесінше салық комитетіне және салық полициясы басқармасына беріледі. Егер құжаттарда сәйкестік болмаған жағдайда акциз посттарының инспекторлары тексерістер жүргізуі қажет және заң бұзушылықтар бойынша ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің алкогольдік өнімдердің айналымы бойынша ҚР –ның Мемлекеттік кіріс министрлігінің мемлекеттік Комитететіне арнайы баяндама жасау керек.
Бекітілген форма бойынша акциз посттарының инспекторларына арнайы электрондық почта арқылы апта сайын ведомстволар жіберіліп отырады. Кезекшілікті тапсыру кезінде инспекторлар алыс – беріс актісін толтырып, кейіннен кезекшілікті тапсырушы мен қабылдаушының қолымен бекітіледі. Акциз посттарының инспекторлары кем дегенде айына бір реттен ауыстырылып отырулары қажет.
Көбінесе бюджеттің кіріс бөлігінің көп мөлшерін акциз салығы құрайды, осыған байланысты мемлекет акциз салығын жинау мақсатында арнайы осындай іскерлік орындарды ашып отыр және де әр уақытта салық комитеті және салық полициясы басқармасымен қатаң түрде бақыланады.
Пайдаланылған әдебиеттер
ҚР «республикалық бюджет туралы» Заңы ( сәйкесінше жылға)
«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан кодексі, 1 қаңтар, 2009 жыл.
Налоги и налооблажения. Оқу құралы: Ильясов К.К., Зейнельгабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. –Алматы, 1995г.
А. Д. Үмбетәлиев. Ғ. Е. Керімбек Салық және салық салу: Оқулық. Алматы . Экономика, 2006ж. 864б.
Финансы. Учеб.пос. Под ред. А.М. Ковалевой М: Финансы и статистика, 1998г.
А.А. Нұрымов, С.А. Шоймбаева. «Салық және салық салу» Астана 2009 ж.
Смит А. Исследование о природе и причинах богатств народов. (Книга1-з).М: Наука,1992г.
Рикардо Д. Начало классической экономики и налогового облажения. Сочинение. Т.1-2.М: Госиздатполет, 1995 г.
«Салық салу» оқу құралы. Ермекбаева Б.Ж. Алматы 2001 ж.
