Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-ТЕЗИСЫ ЛЕКЦИЙ салық салу.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5 Бөлім. Арнайы санаттардағы салық төлеушілерге арналған арнаулы салық режимдері.

  1. Тақырып. Ойын бизнесіне салық салу.

Мақсаты: Ойын бизнесі салығының салық салудағы ерекшеліктері мен салық салу элементтерін қарастыру.

Қаралатын сұрақтар:

1 Ойын бизнесі салығын төлеушілер. Салық салу объектісі. Ойын бизнесіне салық салу мөлшерлемесі құрылымының ерекшеліктері. Салық төлеу кезеңдері. Салықты төлеу мерзімі және есептеу тәртібі. Ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемі. Ойын бизнесі салығын төлеушілердің салық кезеңіндегі табысының шекті мөлшерлемесі. 2 Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі. Салық декларациясын табыс ету мерзімі.

3 Теркелген салық: мәні, құрылу ерекшеліктері және әрекет ету салалары. Тіркелген салық төлеушілер. Тіркелген салық салу объектілері. Тіркелген салық салу ставкасы. Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен жоғары базалық ставкаларының мөлшері. Тіркелген салық бойынша салық кезеңі. Тіркелген салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі. Салық декларациясын табыс ету мерзімі.

Ойын бизнесi салығын төлеушiлер:

1) казино;

2) ойын автоматтары залы;

3) тотализатор;

4) букмекерлiк кеңсе қызмет көрсетулер жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесi салығын төлеушiлер болып табылады.

Салық салу объектiлерi

Ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде:

1) ойын үстелi;

2) ойын автоматы;

3) тотализатор кассасы;

4) тотализатордың электронды кассасы;

5) букмекер кеңсесiнiң кассасы;

6) букмекер кеңсесiнiң электронды кассасы ойын бизнесiне салық салу объектiлерi болып табылады.

Салық ставкалары

Салық салу объектiсiнiң бiрлiгiнен ойын бизнесiне салық ставкасы:

1) ойын үстелiне – айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 830 еселенген мөлшерiн;

2) ойын автоматына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 30 еселенген мөлшерiн;

3) тотализатор кассасына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 125 еселенген мөлшерiн;

4) тотализатордың электронды кассасына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 125 еселенген мөлшерiн;

5) букмекер кеңсесiнiң кассасына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 75 еселенген мөлшерiн;

6) букмекер кеңсесiнiң электронды кассасына - айына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 75 еселенген мөлшерiн құрайды.

Салық кезеңi- күнтiзбелiк тоқсан болып табылады.

Салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмi

1. Ойын бизнесi салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Салық Кодексінің 412-бабында айқындалған әрбiр салық салу объектiсiне тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзiледi.

2. Салық салу объектiлерi айдың 15-iне дейiн пайдалануға берiлген кезде, ойын бизнесi салығы белгiленген ставка бойынша, 15-iнен кейiн белгiленген ставканың 1/2 мөлшерiнде есептеледi.

Салық салу объектiлерi айдың 15-iне дейiн шығып қалған кезде, ойын бизнесi салығы белгiленген ставканың 1/2 мөлшерiнде, 15-iнен кейiн белгiленген ставка бойынша есептеледi.

3. Ойын бизнесi салығы есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей салық салу объектiлерiнiң тiркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

Ойын бизнесi салығын төлеушiлердiң қосымша төлемi

1. Қосымша төлем ойын бизнесi саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы Салық Кодексінде белгiленген табыстың шектi сомасынан асып түскен жағдайда есептеледi.

2. Ойын бизнесi салығын төлеушiлер үшiн салық кезеңi iшiндегi табыстың шектi мөлшерi:

1) казино қызметiнен - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 135000 еселенген мөлшерiн;

2) ойын автоматтары залы қызметiнен - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 25 000 еселенген мөлшерiн;

3) тотализатор қызметiнен - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 25 000 еселенген мөлшерiн;

4) букмекер кеңсесi қызметiнен - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 2 000 еселенген мөлшерiн құрайды.

Қосымша төлемдi есептеу және төлеу тәртiбi

1. Қосымша төлем табыстың шектi мөлшерiнен асып түсетiн сомаға Салық Кодексінің 147-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы қолдану арқылы есептеледi және ол есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей төленуге жатады.

2. Ойын бизнесi салығын төлеушiлер ойын бизнесi саласындағы қызметтiң бiрнеше түрiн жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесi саласындағы әрбiр қызмет түрiнен алынған табыстан бөлек есептеледi.

3. Салық Кодексінің 411-бабында көрсетiлмеген және ойын бизнесi саласына жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтiң өзге де түрлерiн жүзеге асыру кезiнде ойын бизнесi салығын төлеушiлер қызметтiң көрсетiлген түрлерi бойынша кiрiстер мен шығыстардың бөлек есебiн жүргiзуге және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпте бюджетпен есеп айырысу жүргiзуге мiндеттi.

Салық декларациясын табыс ету мерзiмi

Ойын бизнесi салығы бойынша декларация есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етiледi.

Тiркелген Салық

Төлеушiлер

Тiркелген салықты төлеушiлер:

1) ұтыссыз ойын автоматтарын;

2) ойын өткiзуге пайдаланылатын дербес компьютерлердi;

3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);

4) картты (картинг);

5) бильярд үстелдерiн (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулердi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.

Тiркелген салық салу объектiлерi

1) бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

2) бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

3) ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер;

4) ойын жолы;

5) карт;

6) бильярд үстелi тiркелген салық салу объектiсi болып табылады.

Тiркелген салық ставкасы

1. Айына салық салу бiрлiгiне тiркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерi:

Рет №

Салық салу обьектісінің атауы

Тiркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгi мөлшерi (айлық есептiк көрсеткiш)

Тiркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшерi (айлық есептiк көрсеткiш)

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

12

2

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

18

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

4

Ойын жолы

5

83

5

Карт

2

12

6

Бильярд үстелi

3

25

2. Қызметiн бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн жергiлiктi атқарушы органдар бекiтiлген базалық ставкалар шегiнде бiрыңғай тiркелген салық ставкаларын белгiлейдi.

Салық кезеңi

Тiркелген салық үшiн салық кезеңi күнтiзбелiк тоқсан болып табылады.

Тiркелген салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмi-

1. Тiркелген салықты есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Салық Кодексінің 421-бабында айқындалған әрбiр салық салу объектiсiне тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзiледi.

2. Салық салу объектiлерi айдың 15-iне дейiн пайдалануға берiлген кезде тiркелген салық белгiленген ставка бойынша, 15-iнен кейiн белгiленген ставканың 1/2 мөлшерiнде есептеледi.

Салық салу объектiлерi айдың 15-iне дейiн шығып қалған кезде тiркелген салық айдың жартысы үшiн деп, 15-iнен кейiн белгiленген ставка бойынша есептеледi.

3. Тiркелген салық есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей салық салу объектiлерiнiң тiркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

4. Салық Кодексінің 420-бабында аталмаған кәсiпкерлiк қызметтiң өзге де түрлерiн жүзеге асыру кезiнде тiркелген салықты төлеушiлер қызметтiң осындай түрлерi бойынша кiрiстер мен шығыстардың бөлек есебiн жүргiзуге және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпте бюджетпен есеп айырысу жүргiзуге мiндеттi.

Салық декларациясын табыс ету мерзiмi

Тiркелген салық бойынша декларация есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етiледi.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. ҚР «республикалық бюджет туралы» Заңы ( сәйкесінше жылға)

  2. «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан кодексі, 1 қаңтар, 2009 жыл.

  3. Налоги и налооблажения. Оқу құралы: Ильясов К.К., Зейнельгабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. –Алматы, 1995г.

  4. А. Д. Үмбетәлиев. Ғ. Е. Керімбек Салық және салық салу: Оқулық. Алматы . Экономика, 2006ж. 864б.

  5. Финансы. Учеб.пос. Под ред. А.М. Ковалевой М: Финансы и статистика, 1998г.

  6. А.А. Нұрымов, С.А. Шоймбаева. «Салық және салық салу» Астана 2009 ж.

  7. Смит А. Исследование о природе и причинах богатств народов. (Книга1-з).М: Наука,1992г.

  8. Рикардо Д. Начало классической экономики и налогового облажения. Сочинение. Т.1-2.М: Госиздатполет, 1995 г.

2 – тақырып. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі (АСР)

Мақсаты: Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінің салық жүйесіндегі алатын орны мен шағын бизнестің дамуына әсер ету ерекшеліктерін қарастыру.

Қаралатын сұрақтар:

1 Арнаулы салық режимінің экономикалық мазмұны, бекітілуі және мақсаты (АСР).

2 Арнаулы салық режимдерін шағын бизнес субъектілері үшін салалар бойынша таралуы. Арнаулы салық режимін қолдану шарттары. АСР Қазақстанда дамуы. АСР қолдану ерекшеліктері және сипаттамасы.

3 Патент негізіндегі арнаулы салық режимі: жайылу салалары, қолдану тәртібі.

4 Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі: мазмұны, қолдану шарттары және төлеу мерзімі.

Арнаулы салық режимдерi мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) мыналарды:

патент негiзiнде арнаулы салық режимiн;

оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қамтитын шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi;

2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимi;

3) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимi.

Салық төлеушi осы бөлiмде белгiленген жағдайларда және тәртiппен жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi немесе арнаулы салық режимiн таңдауға құқылы.

Патент – төлем көздерiнен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықты қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактiсiн растайтын құжат.

Патент нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Патент жоғалған жағдайда салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша телнұсқа берiледi.

Берiлген патенттердi (патенттердiң телнұсқаларын) тiркеудi салық органдары патенттердi тiркеу (беру) журналында жүргiзедi.

Тiркеу журналдарының нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Арнаулы салық режимдерi қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушiнiң өзге оқшауланған құрылымдық бөлiмшесi болып оның функцияларының бiр бөлiгiн орындайтын, орналасқан жерi бойынша тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлiмше танылады. Егер жұмыс орны бiр айдан асатын мерзiмге құрылса, ол тұрақты болып есептеледi.

Шағын Бизнес Субъектiлерiне Арналған Арнаулы Салық Режимi

Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Осы тармақта аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшiндегi табыс патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер үшiн салық салу объектiсi болып табылады.

Арнаулы салық режимiн қолдану шарттары

1. Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудiң төменде санамаланған тәртiптерiнiң бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:

1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;

2) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;

3) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.

2. Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп күнтiзбелiк екi жыл қолданылғаннан кейiн ғана арнаулы салық режимiне қайта ауысуға болады.

Арнаулы салық режимiн:

1) филиалдары, өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың

2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкiлдiктерiнiң

3) әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу объектiлерi бар салық төлеушiлердiң

4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесi 25 проценттен асатын заңды тұлғалардың

5) құрылтайшысы арнаулы салық режимiн қолданатын басқа заңды тұлғаның бiр мезгiлде құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ.

Арнаулы салық режимдерi мынадай қызмет түрлерiне:

1) акцизделетiн өнiмдi өндiруге;

2) консультациялық, қаржылық, бухгалтерлiк қызметтерге;

3) мұнай өнiмдерiн өткiзуге;

4) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;

5) жер қойнауын пайдалануға қолданылмайды.

Патент негiзiндегi арнаулы салық режимi

Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн:

1) қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын;

2) жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын;

3) салық кезеңiндегi табысы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 200 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.

Салық кезеңi -күнтiзбелiк жыл салық кезеңi болып табылады.

Қолдану шарттары

Дара кәсiпкер патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн оны қолдана бастағанға дейiн орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.

Қайтадан құрылған дара кәсiпкерлер аталған өтiнiштi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей табыс етедi.

Дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген күн аталған дара кәсiпкерлер үшiн арнаулы салық режимiн қолдану басталатын күн болып табылады.

Дара кәсiпкерлердiң салықтық өтiнiштi аталған мерзiмдерде табыс етпеуi, олардың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келiсiмi деп саналады. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға салықтық өтiнiшпен бiр мезгiлде уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша патент алуға арналған есеп-қисап (осы тарауды қолдану мақсатында бұдан әрi – есеп-қисап) табыс етiледi.

Бюджетке төленген патент құнын, әлеуметтiк аударымдарды төлеудi, мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуды растайтын құжаттар есеп-қисапқа қоса берiледi.

Есеп-қисапты электронды түрде табыс ететiн салық төлеушiлер аталған құжаттарды табыс етпейдi.

Кезектi патенттi алуға арналған есеп-қисап патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға салықтық өтiнiштi табыс етпестен осының алдындағы патенттiң қолданыс мерзiмi аяқталғанға дейiн табыс етiледi.

Салық органдары есеп-қисап пен есеп-қисапқа қоса берiлетiн құжаттар табыс етiлгеннен кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде патент берудi жүргiзедi немесе уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарады. Шешiм екi данада ресiмделедi, оның бiреуiн салық төлеушiге қол қойылып тапсырылады.

Патент кемiнде бiр ай және он екi айдан аспайтын мерзiмге берiледi.

Дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк көрсетiлмейiнше, патент жарамсыз болады.

Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде кәсiпкерлiк қызмет уақытша тоқтатыла тұрған жағдайда, дара кәсiпкер орналасқан жерi бойынша салық органына Салық Кодексінің 74-бабында белгiленген тәртiппен салықтық өтiнiштi табыс етедi.

Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату салықтық өтiнiш негiзiнде немесе осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешiмi бойынша жүргiзiледi.

Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды ерiктi түрде тоқтату кезiнде салықтық өтiнiш патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн табыс етiледi.

Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн шарттар туындаған жағдайда, дара кәсiпкер:

1) шарттармен сәйкессiздiк туындаған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде:

арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату туралы салықтық өтiнiштi;

белгiленген табыс мөлшерiнен асып түсетiн болса, асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге;

2) осындай шарттар туындаған айдан кейiнгi айдан бастап осы Кодексте белгiленген тәртiппен жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке немесе өзге де арнаулы салық режимiне ауысуға мiндеттi.

Салық органы салық төлеушiнiң осы режимдi қолдану шарттарына сәйкессiздiк фактiсiн анықтаған кезде, қабылданған шешiм негiзiнде оны сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстыру туралы салық төлеушiнi хабардар етедi.

Патент құнын есептеу

Патент құнын есептеу салық салу объектiсiне 2 процент мөлшерiндегi ставканы қолдану жолымен жүргiзiледi. Патент құны:

1) патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде - жеке табыс салығы;

2) "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдарды алып тастағаннан кейiнгi патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде әлеуметтiк салық түрiнде бюджетке төленуге жатады.

Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.

Егер нақты табыс патенттiң қолданылу мерзiмiнiң iшiнде есеп-қисапта көрсетiлген табыс мөлшерiнен асып түссе, дара кәсiпкер бес жұмыс күнi iшiнде асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге мiндеттi. Бұл есеп-қисаптың негiзiнде бұрын берiлген патенттiң орнына жаңа патент берiледi. Сонымен қатар, егер патенттiң қолданылу мерзiмiнiң iшiнде нақты табыс есеп-қисапта көрсетiлген табыстың мөлшерiне жетпесе, дара кәсiпкер азаю сомасына қосымша есеп-қисапты табыс етуге құқылы.

Дара кәсiпкердi iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған кезде, салықтардың енгiзiлген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.

Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi

Мынадай шарттарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi:

1) дара кәсiпкерлер үшiн:

дара кәсiпкердiң өзiн қоса алғанда, қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса;

салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10 000,0 мың теңгенi құраса;

2) заңды тұлғалар үшiн:

қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;

салық кезеңi iшiнде шектi табысы 25 000,0 мың теңгенi құраса, оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады.

Салық кезеңi - күнтiзбелiк тоқсан болып табылады.

Қолдану шарттары

1. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеушi, егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, орналасқан жерi бойынша салық органына салық кезеңi басталғанға дейiн салықтық өтiнiштi табыс етедi.

Қайта құрылған заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға арналған салықтық өтiнiштi салық органына заңды тұлға әдiлет органында мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi.

Қайта құрылған дара кәсiпкерлер оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға арналған салықтық өтiнiштi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi.

Заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркелген күнi аталған салық төлеушiлер үшiн арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.

Салық төлеушiнiң осы тармақта аталған мерзiмде салықтық өтiнiштi табыс етпеуi, оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi деп есептеледi.

2. Салық органы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша арнаулы салық режимiн қолдану туралы және арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту туралы шешiмдi салық төлеушi салықтық өтiнiштi табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде шығарады. Шешiм екi данада ресiмделедi.

Салық органы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде шешiмдi алу үшiн салық төлеушi салық органына келмеген жағдайда, бiр данасы салық төлеушiге қолы қойылып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiледi.

Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiлген шешiм салық төлеушiге ол почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап тапсырылды деп есептеледi.

Көрсетiлген талаптарға сәйкес келмеуi арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.

Салық органы салық төлеушiнiң осы режимдi қолдану шарттарына сәйкессiздiк фактiсiн анықтаған кезде, қабылданған шешiм негiзiнде оны сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстыру туралы салық төлеушiнi хабардар етедi.

Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша есептеу

Салықтарды оңайлатылған декларация негiзiнде есептеудi салық төлеушi салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiнде 3 процент мөлшерiндегi ставканы қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

Егер есептi кезеңнiң қорытындылары бойынша қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының, дара кәсiпкерлерде кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде 2,5 еселенген мөлшерiн құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасы қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 процентi мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады.

Салық кезеңi iшiнде Салық Кодексінің 433-бабында белгiленген табыс сомасынан iс жүзiнде алынған табыс сомалары асып түскен жағдайда, салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiне не өзге арнаулы салық режимiне өту (ауысу) күнiне дейiн салықтарды есептеу осы баптың 1-тармағында белгiленген ставка бойынша жүргiзiледi.

Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу мерзiмдерi

Оңайлатылған декларация салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей табыс етiледi.

Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы - оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге жатады.

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.

Оңайлатылған декларацияда төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығының, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың есептелген сомалары көрсетiледi.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. ҚР «республикалық бюджет туралы» Заңы ( сәйкесінше жылға)

  2. «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан кодексі, 1 қаңтар, 2009 жыл.

  3. Налоги и налооблажения. Оқу құралы: Ильясов К.К., Зейнельгабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. –Алматы, 1995г.

  4. А. Д. Үмбетәлиев. Ғ. Е. Керімбек Салық және салық салу: Оқулық. Алматы . Экономика, 2006ж. 864б.

  5. Финансы. Учеб.пос. Под ред. А.М. Ковалевой М: Финансы и статистика, 1998г.

  6. А.А. Нұрымов, С.А. Шоймбаева. «Салық және салық салу» Астана 2009 ж.

  7. Смит А. Исследование о природе и причинах богатств народов. (Книга1-з).М: Наука,1992г.

  8. Рикардо Д. Начало классической экономики и налогового облажения. Сочинение. Т.1-2.М: Госиздатполет, 1995 г.

3 –тақырып. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.

1 Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінің экономикалық мәні.

2 Ауыл шаруашылығы саласын дамытуды қолдау мақсатында мемлекеттік саясатты жүргізудегі арнаулы салық режимінің ролі.

3 Біріңғай жер салығы негізінде АСР құрылу ерекшеліктері. Салық салу объектісі. Салық ставкасы. Жер учаскесін жалға беру кезіндегі салық салу ерекшеліктері. Біріңғай жер салығы бойынша салық есептілігі. Жекелеген салықтар мен бюжетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу ерекшеліктері және төлеу тәртібі.

4 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерінің экономикалық мазмұны. Ауыл шаруашылғы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері арнаулы салық режимдерін қолдану шарттары.

Шаруа Немесе Фермер Қожалықтары Үшiн Арнаулы Салық Режимi

Шаруа немесе фермер қожалықтары осы тарауда белгiленген арнаулы салық режимiн немесе жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi дербес таңдауға құқылы.

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбiн көздейдi және акцизделетiн өнiмдердi өндiру, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу және оны өткiзу жөнiндегi шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiне қолданылады.

Жеке меншiк құқығындағы және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (қайталап жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелерi болған кезде, шаруа немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимiн қолдану құқығы берiледi.

Салық кезеңi Күнтiзбелiк жыл бiрыңғай жер салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.

Қолдану шарттары

Шаруа немесе фермер қожалықтары арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы режим қолданылған бiрiншi жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.

Аталған мерзiмде салықтық өтiнiштiң табыс етiлмеуi, салық төлеушiнiң бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi деп есептеледi.

Таңдап алынған салық салу режимi салық кезеңi iшiнде өзгертуге жатпайды.

Салықтың өтiнiшпен бiр мезгiлде мынадай құжаттардың:

1) нотариат куәландырған немесе селолық (кенттiк) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерiне сәйкестендiру құжаттарының

2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген, нотариат куәландырған немесе селолық (кенттiк) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерiн бағалау құнын айқындайтын актiлердiң көшiрмелерi табыс етiледi.

Акт болмаған жағдайда, жер учаскелерiн бағалау құны жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген деректер бойынша 1 гектар жердiң аудан бойынша орташа бағалау құны негiзге алына отырып айқындалады.

20 ақпаннан кейiн құрылған шаруа немесе фермер қожалықтары дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк алғаннан кейiн отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiштi табыс етедi.

20 ақпаннан кейiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығы осы жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық органына арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiштi табыс етедi.

Осы арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiде 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда, арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiш салық органына осы жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде табыс етiледi.

Салық органы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша арнаулы салық режимiн қолдану туралы және арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту туралы шешiмдi салық төлеушi салықтық өтiнiштi табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде шығарады. Шешiм екi данада ресiмделедi.

Салық органы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде шешiмдi алу үшiн салық төлеушi салық органына келмеген жағдайда, бiр данасы салық төлеушiге қолы қойылып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiледi.

Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiлген шешiм салық төлеушiге ол почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап тапсырылды деп есептеледi.

Арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату осы тармақта көзделген тәртiппен салықтық өтiнiштiң негiзiнде жүргiзiледi.

Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде, салық төлеушi талаптарға сәйкессiздiк туындаған кезден бастап бес жұмыс күн iшiнде салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi және сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке өтедi.

Арнаулы салық режимiн қолдану ерiктi түрде тоқтатылған кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке өткiзу есептi кезеңнен кейiнгi айдан бастап салық кезеңiнiң осы режимдi тоқтатудың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешiктiрмей ұсынылатын салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшiнiң негiзiнде жүргiзiледi.

Салық органы салық төлеушiнiң осы режимдi қолдану шарттарына сәйкессiздiк фактiсiн анықтаған кезде, қабылданған шешiм негiзiнде оны сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстыру туралы салық төлеушiнi хабардар етедi.

Арнаулы салық режимiн қолдану ерекшелiктерi

1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мынадай түрлерiн:

1) осы арнаулы салық режимi қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiнен түскен табыстан алынатын жеке табыс салығын;

2) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;

3) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны;

Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына салықтық өтiнiштi ерiктi түрде беруге құқылы.

3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде, бiрыңғай жер салығын төлеушiлер кiрiстер мен шығыстардың, мүлiктiң бөлек есебiн жүргiзуге және осы Кодексте белгiленген тәртiппен көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша тиiстi салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудi және төлеудi жүргiзуге мiндеттi.

Салық салу объектiсi Жер учаскесiн бағалау құны бiрыңғай жер салығын есептеу үшiн салық салу объектici болып табылады.

Бiрыңғай жер салығын есептеу тәртiбi

1. Егiстiк бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерiнiң жиынтық бағалау құнына жер учаскелерiнiң жиынтық ауданын негiзге ала отырып, мынадай ставкаларды қолдану жолымен жүргiзiледi:

Рет №

Жер учаскесінің көлемі

Ставка

1

500-ге дейiн

0,1%

2

501-ден 1000-ға дейiн қоса алғанда

500 гектардан бағалау құнының 0,1% + 500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,2%

3

1001-нан 1500-ге дейiн қоса алғанда

1000 гектардан бағалау құнының 0,2% + 1000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,3%

4

1501-ден 3000-ға дейiн қоса алғанда

1500 гектардан бағалау құнының 0,3% + 1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,4%

5

3000-нан жоғары

3000 гектардан бағалау құнының 0,4% + 3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,5%

Жайлаулар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелерi бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерiнiң жиынтық бағалау құнының 0,1% ставкасын қолдану арқылы жүргiзiледi.

Шаруа немесе фермер қожалықтары жер пайдалану құқығындағы бiрыңғай жер салығын жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептейдi.

Жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн жер учаскесiн бағалаудың құны жер учаскесiн бағалаудың құнын он екiге бөлу және жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi айларының санына көбейту арқылы айқындалады.

Шаруа немесе фермер қожалықтары жер учаскесiн басқа шаруа немесе фермер қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы бiрыңғай жер салығын жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептейдi.

Жалға алушының бiрыңғай жер салығын есептеуi жер учаскесiн жалға алған айдан кейiнгi айдан бастап жүргiзiледi.

Бiрыңғай жер салығын есептеу кезiнде жалға берушiнiң жер учаскесiн нақты пайдалану кезеңiне жер учаскесi жалға берiлген ай қосылады.

Әлеуметтiк салықты есептеу ерекшелiктерi

Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер әрбiр қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелерi үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 20 процент ставкасы бойынша әлеуметтiк салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң әлеуметтiк салықты есептеу мен төлеу жөнiндегi мiндеттемелерi олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап туындайды.

Әлеуметтiк салықтың есептелген сомасы "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылуға жатады.

Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салықтың сомасы нөлге тең болады.

Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi

төлемдердiң жекелеген түрлерiн, әлеуметтiк

аударымдарды төлеу және мiндеттi зейнетақы

жарналарын аудару мерзiмдерi

1. Төлем көзiнен ұсталатын бiрыңғай жер салығын, әлеуметтiк салықты, жеке табыс салығын, жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны және қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақыны, әлеуметтiк аударымдарды төлеу, мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртiппен:

1) салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiн есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңiнiң 10 қарашасынан кешiктiрiлмей;

2) салық кезеңiнiң 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейiн есептелген соманы төлеу есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңiнiң 10 сәуiрiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

2. Төлем көзiнен ұсталатын әлеуметтiк салық пен жеке табыс салығын төлеу жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.

Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi

төлемдердiң жекелеген түрлерi, әлеуметтiк

аударымдар мен мiндеттi зейнетақы жарналары

бойынша салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмдерi

Бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған декларацияда төлем көзiнен ұсталатын бiрыңғай жер салығының, әлеуметтiк салықтың, жеке табыс салығының, жер бетi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақының, қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақының, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың есептелген сомалары көрiнiс табады.

Бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған декларация жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңiнiң 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

Ауыл Шаруашылығы Өнiмдерiн Өндiрушi Заңды Тұлғалар

мен Селолық Тұтыну Кооперативтерi Үшiн Арнаулы Салық Режимi

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтерi осы бапта белгiленген арнаулы салық режимiн немесе жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi дербес таңдауға құқылы.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимi (бұдан әрi – арнаулы салық режимi) корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, жер салығын, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi, мүлiк салығын, көлiк құралдары салығын есептеудiң ерекше тәртiбiн көздейдi.

Арнаулы салық режимi:

1) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалардың:

жердi пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген осы өнiмдi қайта өңдеу және өткiзу;

толық кезеңдi (төлдi өсiруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның iшiнде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының өнiмдерiн өндiру, сондай-ақ өзi өндiрген осы өнiмдердi қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметiне;

2) селолық тұтыну кооперативтерiнiң:

шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердiң мүшелерi (пайшылары) өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өткiзу;

шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердiң мүшелерi (пайшылары) өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу және осы өнiмдердi қайта өңдеу нәтижесiнде алынған өнiмдердi өткiзу жөнiндегi қызметiне қолданылады.

2. Осы баптың мақсатында селолық тұтыну кооперативтерiне:

1) мүшелерi (пайшылары) тек шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылатын;

2) жиынтық жылдық табысының кемiнде 90 процентiн осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алуға жататын (алынған) табыстар құрайтын селолық тұтыну кооперативтерi жатады.

3. Мыналардың:

1) еншiлес ұйымдары, құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғаның

2) арнаулы салық режимiн қолданатын басқа да заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғасы болып табылатын заңды тұлғаның

3) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесi 25 проценттен асатын заңды тұлғаның

4) құрылтайшысы бiр уақытта арнаулы салық режимiн қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғаның

5) мүшелерi (пайшылары) басқа селолық тұтыну кооперативтердiң мүшелерi (пайшылары) болып табылатын селолық тұтыну кооперативтерiнiң арнаулы салық режимiн қолдануға құқығы жоқ.

Осы тармақтың мақсаттары үшiн аффилиирленген тұлға болып:

1) шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) басқа заңды тұлға қабылдайтын шешiмге, оның iшiнде шартқа және (немесе) өзге мәмiлеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға;

2) басқа заңды тұлғаға қатысты шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оның iшiнде шартқа және (немесе) өзге мәмiлеге байланысты ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға танылады.

4. Арнаулы салық режимi салық төлеушiлердiң акцизделетiн өнiмдi өндiру, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметiне қолданылмайды.

Салық төлеушiлер осы арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде, кiрiстер мен шығыстардың, мүлiктiң есеп-қисабын бөлек жүргiзуге және осы Кодексте белгiленген тәртiппен аталған қызмет түрлерi бойынша тиiстi салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудi және төлеудi жүргiзуге мiндеттi.

Салық кезеңi Корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, жер салығын, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны, мүлiк салығын, көлiк құралдары салығын есептеуге арналған салық кезеңi Салық Кодексінің 148, 269, 363, 370, 392, 401, 482-баптарына сәйкес айқындалады.

Қолдану шарттары

Салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдану үшiн ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.

Аталған мерзiмде салықтық өтiнiштiң табыс етiлмеуi, салық төлеушiнiң бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi болып есептеледi.

Таңдап алынған салық салу режимi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертуге жатпайды.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар салықтық өтiнiшпен бiр мезгiлде нотариат куәландырған немесе селолық (кенттiк) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерiне сәйкестендiру құжаттарының көшiрмелерiн табыс етедi.

Аталған құжаттар олардағы деректер өзгерген кезде не басқа жер учаскелерiне құқықтар туындаған кезде жаңадан тапсырылады.

Жаңадан құрылған салық төлеушiлер арнаулы салық режимiн қолдану үшiн әдiлет органында мемлекеттiк тiркелген кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салықтық өтiнiштi табыс етедi.

Осы арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiштi салық органына осы жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде табыс етедi.

Салық органы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша арнаулы салық режимiн қолдану туралы және арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту туралы шешiмдi салық төлеушi салықтық өтiнiштi табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде шығарады. Шешiм екi данада ресiмделедi.

Салық органы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде шешiмдi алу үшiн салық төлеушi салық органына келмеген жағдайда, бiр данасы салық төлеушiге қолы қойылып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiледi.

Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiлген шешiм салық төлеушiге ол почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап тапсырылды деп есептеледi.

Салық төлеушiнiң Салық Кодексінің 448-бабында аталған талаптарға сәйкес келмеуi және салық төлеушiнiң осы бапта белгiленген мерзiмдерде осы бапта аталған құжаттарды табыс етпеуi арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.

Жекелеген салық түрлерiн және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу ерекшелiгi

Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен есептелген корпорациялық табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтiк салықтың, жер салығының, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақының, мүлiк салығының, көлiк құралдары салығының сомалары 70 процентке азайтылуға жатады.

Осы бапта көзделген корпорациялық табыс салығының сомасын азайту Салық Кодексінің 141-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.

Салық төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмдерi

Бюджетке Салық Кодексінің 451-бабында көрсетiлген салықтар мен жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны төлеу және олар бойынша салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. ҚР «республикалық бюджет туралы» Заңы ( сәйкесінше жылға)

  2. «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан кодексі, 1 қаңтар, 2009 жыл.

  3. Налоги и налооблажения. Оқу құралы: Ильясов К.К., Зейнельгабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. –Алматы, 1995г.

  4. А. Д. Үмбетәлиев. Ғ. Е. Керімбек Салық және салық салу: Оқулық. Алматы . Экономика, 2006ж. 864б.

  5. Финансы. Учеб.пос. Под ред. А.М. Ковалевой М: Финансы и статистика, 1998г.

  6. А.А. Нұрымов, С.А. Шоймбаева. «Салық және салық салу» Астана 2009 ж.

  7. Смит А. Исследование о природе и причинах богатств народов. (Книга1-з).М: Наука,1992г.

  8. Рикардо Д. Начало классической экономики и налогового облажения. Сочинение. Т.1-2.М: Госиздатполет, 1995 г.