- •Жергілікті желілер технологиясының стандарттарын құру.
- •Компьютерлік желі туралы түсінік.
- •Желілердің типтері және ерекшеліктері.
- •Кабель типтері.Коаксиал кабель
- •7) Кабель типтері. Оптикалық талшықты кабель.
- •Оптикалық талшықты кабель
- •8) Сигналдарды жіберу. Сымсыз желілер.
- •9) Желілік адаптердің тақшалары.
- •10. Желі түйіндері, желі сегменті, логикалық желі, пассивті және активті коммункациялық құрылғылар анықтамасы.
- •11) Osi желілік үлгісінің деңгейлері. "Ашық жүйе" түсінігі.
- •12) Деректердің желі және кабель бойынша берілістерінің түрлері.
- •13.Ethernet. Fast Ethernet. 10/100 Мбит/с желілік шешеімдердің артықшылықтары.
- •14) Token Ring желілік технологиясы. Маркер.
- •15.Apple Talk және Arc Net желілік технологиялары.
- •17.Fddi желісі. 100vg-AnyLan желісі.
- •18) Жоғарғы жылдамдықтағы желілер. Atm. Сымсыз желілер.
- •19) Модемдерді пайдалану. Модемдер технологиясы, олардың типтері.
- •20) Үлкен желілерді құру. Репиторлар. Көпірлер. Маршрутизаторлар. Шлюздер
- •21) Tcp/ip хаттамаларының стегі. Ip хаттамасы.
- •Ip адрестіңформаттары
- •22) Ip адрестерінің неше классы бар?
- •Ip адрестердің жіктелуі
- •Ip адрестің жіктелуі
- •24) Маскаларды есептеу қалай іске асырылады. Стандартты маршруттарды таңдау.
- •25) Ip маршрутизация. Статикалық маршрутизацияның ерекшеліктері.
- •26) Динамикалық маршрутизация. Rip 2 хаттамасы ның ерекшеліктері. Қолдануына мысал.
- •27.Жеке аймақтар үшін ospf хаттамасы. Ospf хаттамасымен байланысты негізгі терминдерге тоқталыңыз. Қолдану мысалы.
- •28) Түйін аттарын анықтау. Адрестерді анықтауда arp хаттамасын пайдалану мысалы. Rfc құжаттары.
- •29.Dns қызметтері. Тср хаттамасы және оның негізгі функциялары.
- •30) Байланыс орнату процедурасы. Udp хаттамасының қолданылу ерекшеліктері.
- •34)Желіні жобалаудың бастапқы деңгейлері және әдістемесін көрсетіңіз.
- •35) Internet желісінде шабуылдардан қорғану құралдарымен әдістеріне мысал.
14) Token Ring желілік технологиясы. Маркер.
Token Ring желісін алғашында IBM компаниясы 1970 жылы құрған. Қазіргі кезге дейін жергілікті желілерге арналған IBM - нің негізгі технологиясы болып қалып отыр. Әйгілілігі жағынан тек Ethernet –ке жол береді.
Token Ring желісінің негізгі сипаттамалары:
дәстүрлі топологиясы сақина
басқа топологиялары жұлдызша-сақина
беріліс типі таржолақты
ену әдісі маркерлік беріліс
беріліс жылдамдығы 4 және 6 Мбит/с
кабельдік жүйесі UTPжәне STP
Token Ring желісінде бірінші компьютер жұмыс істей бастағанда, желі маркер генерациялайды. Маркер біркомпьютерден екінші компьютерге олардың біреуі деректерді жіберуге даярлығы жайында хабарлап, маркерді басқаруды өзіне алғанға дейін сақина бойымен жылжиды.
Анықтама.Маркер дегеніміз– компьютерге деректерді кабель бойымен жіберуге мүмкіндік беретін алдын-ала анықталған биттер тізбегі (деректер ағыны).
Маркерді ұстап алған компьютер деректер кадрларын желіге жібереді. Кадр сақина бойымен, кадрдегі қабылдаушының адресіне сәйкес адресі бар түйінді тапқанша жылжиды. Компьютер-қабылдаушы кадрді қабылдау буферіне көшіреді де, оның өрісіне ақпараттың қабылданғандығы жайлы белгі салады.
Кадр сақина бойымен жылжи отырып жіберуші компьютерге жеткенде, ол компьютер берілістің дұрыс өткендігі куәландырады. Бұдан кейін компьютер кадрды сақинадан жояды және оған бос маркерді қайтарады.
Желіде бір уақыт мезетінде бір бағытта тек бір маркер жіберіледі. Маркердің берілісі – детерминистік процесс. Бұл дегеніміз кез-келген соңғы станца беріліске қатысарға дейінгі максималды уақытты есептеуге болатындығын көрсетеді. Token Ring желісінің бұл сипаттамасы кідірісті алдын-ала болжауға мүмкіндік береді және желі жұмысындағы орнықтылықтың маңызын арттыра түседі. Бұл желіні қолданудың жарқын мысалдары зауыттардағы автоматтандырылған станцалар болып табылады.
IBM-нің Token Ring станцалар желісі кабельдердің көмегімен MAU-ға (Multistation Access Unit) тікелей қосылып үлкен бір сақиналық желіні құрайды.
Кабельдер-ұстатқыштар MAU-ды көршілес MАU-мен қосады. Кабельдер-жапырақшалар MAU-ды станцалармен қосады.МAU құрамында станцаны сақинадан шығаруға қажетті реле бар. Сонымен істен шыққан компьютер Таким образом, неисправный (немесе қосылыс) Token Ring желісінің жұмысына әсер етпейді.Оған сегіз компьютерге дейін қосуға болады. Бірақ Token Ring желісі тек сақинамен шектеліп қоймайды, әрбір сақинада 33 концентраторға дейін болуы мүмкін.
15.Apple Talk және Arc Net желілік технологиялары.
Apple Computer, Inc компаниясы 1983 жылы Apple Talk-ті кішігірім топтарға арналған «фирмалық» желілік архитектура ретінде ұсынды. Желілік функциялары Macintosh компьютерлерінің ішінде орналасқандықтан, Apple Talk желісі басқа желілермен салыстырғанда қарапайым орындалады.
Apple Talk желісінің негізгі сипаттамалары:
дәстүрлі топологиясы шина немесе бұтақ
беріліс типі таржолақты
ену әдісі CSMA/CА
деректердің беріліс жылдамдығы 2 Кбит/с
кабельдік жүйесі UTP,оптикалық талшықты кабель
Apple Talk клиент-серверлі таратылған жүйе ретінде құрылған болатын. Басқаша айтқанда, қолданушылар желілік ресурстарды (файлдар және принтерлер сияқты) ортақ пайдаланады. Бұл ресурстарды қамтамасыз ететін компьютерлер қызмет көрсетуші немесе қызметші құрылымдар деп (servers), ал желілік қызметші құрылымдардың ресурстарын пайдаланатын компьютерлер клиенттер (clients) деп аталады. Қызметші құрылымдармен әрекеттесу қолданушы үшін айтарлықтай дәрежеде айқын болып табылады, себебі қажетті материалдың орнын компьютердің өзі анықтап, қолданушының қатысуынсыз оған хабарласады. Таратылған жүйелер қарапайым болумен қатар, барлығы тең басқа жүйелерге қарағанда экономикалық артықшылығы бар, себебі маңызды материалдар көп жерлерде емес, бірнеше жерде ғана орналасуы мүмкін.
LocalTalk – Apple компаниясының патенттелген таратушыға енуші жүйесі. Ол жүйе кіруге мүмкіндік алуға бәсекелестікке негізделген, біріктіруші топологиясы шина және сигналдар негізгі жолақ бойынша беріліске (baseband signaling) түседі, таратушысы – 230,4 Kбит/с жылдамдықты экрандалған шиыршықталған жұп. LocalTalk сегменттері 300 метр қашықтыққа таралуы мүмкін және 32 түйінді қамтамасыз ете алады.
Apple Talk бірнеше желілік объектілерді теңестіреді. Ең қарапайымы – Apple Talk желісіне қосылған кез-келген құрылым болып табылатын түйін (node). Ең кең таратылатынтүйіндер Macintosh компьютерлері мен лазерлік принтерлер, бірақ басқа да көптеген компьютерлер IBM PC, Digital Equipment Corparation VAX және әртүрлі АЖО (автоматтандырылған жұмыс орындары) Apple Talk-пен байланыс орната алады. Apple Talk анықтаған келесі объект желі болып табылады. Apple Talk желісі жеке логикалық кабельді құрайды. Бұл логикалық кабель көбінесе жеке физикалық кабель болғанымен, кейбір есептеу орталықтары бірнеше физикалық кабельдерді қосу үшін көпірлерді пайдаланады. Соңында, Аpple Talk-тың аймағы – (zone) бір-бірінен алыс жатқан, бірнеше желіден тұратын логикалық топ.
ArcNetортасы –DatapointCorporation компаниясының 1977 жылы құрылған өнімі. Бұл – қарапайым, арзан және икемді, жұмыс тобы аумағына арналған желілік архитектура.
Arc Net желісінің негізгі сипаттамалары:
дәстүрлі топологиясы жұлдызша-шина
беріліс типі таржолақты
ену әдісі маркерлік беріліс арқылы
деректердің беріліс жылдамдығы 2,5 – 20 Мбит/с
кабельдік жүйесі коаксиал кабель
ArcNetмаркерлік берілісті қолданатын болғандықтан, ArcNet желісіндегі компьютер деректер берілісін бастау үшін, маркерді қабылдауы керек. Маркеркомпьютерлердің физикалық орналасуына қатыссыз өзіне тағайындалған реттік нөмір бойынша бірінен-екіншісіне өтеді.
16. ATM. Сәулеті сақиналық болатын технология.Мультимедиялық ақпараттарды желі бойынша жіберудің күрделілігі деректер пакеттерін жіберу кезіндегі кідірістерге деген желінің сезгіштігіне қатысты. Себебі кідірістер желінің соңғы түйіндерінде ақпараттардың бұрмалануына соқтырады. Файлдарды тарату электрондық пошта сияқты есептеу желілерінің дәстүрлі қызметтері кідірістерді аз сезетін трафик құратындықтан, желінің барлық элементтері соларға сәйкестендіріліп таңдалған, сондықтан да нақты уақыт трафигінің пайда болуы үлкен проблемаларға әкеліп соқтырды.
Бүгінгі таңда бұл проблемалар әртүрлі жолдармен шешілуде, солардың бірі − әртипті трафиктерді жіберуге негізделген ATM технологиялар. Жергілікті және ауқымды желілердің технологияларының қосылуы ғана емес, кез-келген ақпараттық желілердің − есептеу, телефон, телевизиялық тағы басқа технологиялардың қосылуына жету мақсатында жасалатын істер әлі алда және проблемалар жеткілікті.
АТМ (ағыл.Asynchronous Transfer Mode - деректердi берудің асинхрондық әдiсі) - желілік жоғарғы өнімді коммутация технологиясы және мультипликация жасауда, бекітілген өлшемдегі (53 байта[1]) ұяшықтар түрінде деректерді беруге негізделген,оның 5 байты тақырыпша үшін қолданылады. Мәліметтерді синхрондық әдіспен беруге қарағанда ATM күштi бөлетін (различающимся)немесе өзгеретiн битрейтоммен деректердi беруде қызмет түрлерiн ұсыну үшiн ыңғайлы.
АТМ технологиясының негізі 1970 жылы Франция мен АҚШ-та тәуелсіз екі ғалыммен: France Telecom зерттеу лабораториясында жұмыс істейтін жасалды Жан-Пьер Coudreuse және Bell Labs инженері Сэнди Фрейзермен жасалды. Олар деректерді және сол сияқты жоғары жылдамдықтағы дауысты тасымалдауды жүзеге асыратын архитектураны құруды қалады,және желілік ресурстарды өте тиімді қолданды.
90-шы жылдардың соңында АТМ-ге бәсекелес болатын Gigabit Ethernet пайда болды. Оның басты құндылығы арзан бағалы,қарапайым,күйге келтiруге және пайдалануға жеңiлдiк болуында еді.2000 жылдары АТМ жабдығының нарығы әлі айтарлықтай мәнді еді.Каналдар үшiн физикалық және ADSL құрылымдары жоғары жатқан деңгейдiң аралығында аралық қабат 2 Мбит/с-тан аспайтын ATM ағындарының аудио/видеоның берiлуi үшiн глобалдi компъютер желiлерiнде, жабдықта кең қолданылды.Бірақ соңғы он жылдықта
АТМ-де қолданылатын ұяшықтар басқа технологияларда қолданылатын мәлiмет элементтерi барлармен салыстырғанда кіші.ATM қолданылатын ұяшықтардың шағын, тұрақты өлшемі мүмкiндiк бередi:
-жоғары және төмен жылдамдықтарда мәліметтерді бір және тек сол физикалық канал арқылы жібереді;
-ауыспалы және тұрақты мәліметтер ағымымен жұмыс істейді;
- мәлiметтiң кез келген түрлерiн интегралдау(ықпалдау): мәтiндер, сөз, сурет, бейне фильмдер;
«Сақина» – кабель өзіне қосылған компьютерлермен сақинаға тұйықталған
«Сақина» топологиясы – сигналдар сақина бойымен бір бағытта жіберіліп, әрбір компьютерден өтеді. «Шина» пассивті топологиясынан айырмашылығы мұнда әрбір компьютер репитордың рөлін атқарады, яғни сигналдарды күшейте отырып келесі компьютерге жібереді. Сондықтан да егер бір компьютер істен шықса, бүкіл желі жұмысын тоқтатады.
«Сақина» топологиясында деректер маркердің көмегіменжіберіледі. Адрес қабылдаушының адресімен бірдей болғанша, маркер тізбектей жіберіледі. Қабылдаушы компьютер деректердің қабылданғаны жайлы хабарлайды. Растауды қабылдаған соң, жіберуші компьютер жаңа маркер құрып, оны желіге қайтарады. Маркердің «сақина» бойынша қозғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығына пара-пар.
Сәулеті сақиналық болатын технологиялардың бірі Token Ring.
Token Ring желісінде бірінші компьютер жұмыс істей бастағанда, желі маркер генерациялайды. Маркер бір компьютерден екінші компьютерге олардың біреуі деректерді жіберуге даярлығы жайында хабарлап, маркерді басқаруды өзіне алғанға дейін сақина бойымен жылжиды.
