Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauaptar_set.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
124 Кб
Скачать
☆
  1. Желілердің типтері және ерекшеліктері.

Желінің екі типі кең тараған: бір рангілі желі және сервердің негізіндегі желі.

Сервер– өзінің ресурстарын желі қолданушыларына ұсынушы компьютер.

Бір рангілі желілерде әрбір компьютер клиент ретінде де, сервер ретінде де қызмет етеді. Қолданушылардың кішігірім топтары үшін мұндай желілер деректер мен сыртқы құрылымдарды бөлуді жылдам қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бір рангілі желіде басқару орталықтанбағандықтан, жетілген, жеткілікті қорғауды қамтамасыз ету қиын.

Клиенттер –желілік ресурстарды пайдаланатын компьютерлер.

Беріліс ортасы –компьютерлерді өзара қосу тәсілі.

Деректер мен ресурстардың үлкен көлемдері ортақ пайдаланылатын болса,сервердің негізіндегі желіні қолданған тиімді. Желінің қызметін байқай отырып, администратор деректерді қорғауды басқара алады. Мұндай желілерде желілік трафиктің көлеміне, сыртқы құрылымдардың мөлшеріне байланысты бір немесе бірнеше сервер болуы мүмкін. Мысалы, бір желіде принт-сервер, коммуникациялық сервер және деректер қоры сервері болуы мүмкін.

Қорытынды: Бір рангілі желіні пайдаланған тиімді, егер

  1. қолданушылар саны оннан аспаса;

  2. қолданушылар өзара жақын орналасқан болса;

  3. деректерді қорғаудың маңызы болмаса;

  4. фирманы ұлғайтудың қажеті болмаса.

Сервердің негізіндегі желіні пайдаланған тиімді, егер

  1. қолданушылар саны көп;

  2. деректерді кең және кешенді түрде қорғау қажет болса.

Бір рангілі желілер мен сервердің негізіндегі желілерден басқа осы желілердің ең жақсы қасиеттерінен тұратын құрама желілер бар. Сервердің негізіндегі желіге арналған операциялық жүйе бұл жағдайда негізгі қосымшалар мен деректерді ортақ пайдалануға жауап береді.

Компьютер-клиенттерде бөлінген (белгіленген) сервердегі ресурстарға қатысуды және сонымен қатар өздерінің қатты дискілерін, қажетінше деректерін ортақ пайдалануға ұсынатын ОС Microsoft Windows NT Workstation немесе Windows 98 операциялық жүйелері орындалуы мүмкін.

Екі негізгі желілер типтерінің сипаттамасы 1-ші кестеде келтірілген.

4) Негізгі топологияларды және олардың ерекшеліктерін көрсетіңіз. 

Электрлік байланыстардың топологиясын таңдау желінің көптеген сипаттамасына әсер етеді.Кейбір топологияларға тән жаңа түйіндерді қосудың қарапайымдылығы желіні ұзартуды жеңілдетеді. Жиі кездесетін топологияларға тоқталайық.Желі топологиясы дегеніміз – компьютерлердің, кабельдердің және желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады: «шина» ; «жұлдызша»; «сақина».«Шина» – компьютерлер магистраль бойымен бір-біріне тізбектей қосылған. «Шина» – пассивті топология, яғни компьютерлер желі бойынша жіберілетін деректерді тек «тыңдайды», бірақ олардың жіберушіден қабылдаушыға ауысуын қамтамасыз етпейді.Сондықтан да біркомпьютердің істен шығуы басқалардың жұмысына әсер етпейді. Активті топологияларда компьютерлер сигналдарды қалпына келтіріп, оларды желі бойынша жіберуге қатысады. «Шина» – кең қолданылатын қарапайым топология. Барлық компьютерлер бір кабель бойымен қосылып сызықтық құрылым құрайды. Сигналдар желінің барлық компьютерлеріне бірдей жіберіледі. Олардың шағылысуын болдырмау үшін кабель соңына терминаторларды жалғайды. Деректерді бір уақытта тек бір компьютер жібере алады. Желідегі компьютерлер саны өскен сайын оның өткізу жылдамдығы төмендейді.Сигналды шағылдыру – сигнал, адресатқа жеткеннен кейін өшуге тиіс, өйтпесе кабельдің соңына жетіп, шағылысады да басқа компьютерлердің деректерді жіберу жолын жауып тастайды.Терминатор – сигналдарды жұтушы. Ол кабельдің кез-келген бос ұшына жалғанады .Кабель үзілген жағдайда желі жұмысы тоқтатылып әрбір компьютер автономды тәртіпте жұмыс істейді. «Жұлдызша» – компьютерлер кабель сегменттеріне бір нүктеден қосылады. «Жұлдызша» топологиясы – компьютерлер кабельдің көмегімен концентратор (hub) деп аталатын орталық компонентке қосылған.Сигналдар жіберуші компьютерден концентратор арқылы басқаларына таратылады. Кемшілігі – үлкен желілер жағдайында кабель шығыны арта түседі және орталық компонент істен шықса, барлық желі жұмысы тоқтатылады. Бірақ қандай да бір компьютер бұзылса, желідегі басқа компьютерлерге оның кері әсері болмайды. . Концентратор – «жұлдызша» топологиясымен қосылған желінің орталық түйіні.Егер орталық компонент істен шықса, желі жұмысы тоқтайды. «Сақина» – кабель өзіне қосылған компьютерлермен сақинаға тұйықталған. «Сақина» топологиясы – сигналдар сақина бойымен бір бағытта жіберіліп, әрбір компьютерден өтеді. «Шина» пассивті топологиясынан айырмашылығы мұнда әрбір компьютер репитордың рөлін атқарады. «Сақина» топологиясында деректер маркердің көмегімен жіберіледі. Сигнал немесе маркер әрбір компьютерден өтіп «сақина» бойымен жүріп отырады. Компьютер бос маркерді қабылдағаннан кейін деректерді желіге жібереді. Қабылдаушы компьютер деректердің көшірмелерін алып, олардың қабылдандығы жайлы белгі жасайды. Деректер ары қарай желі бойынша жіберуші компьютерге жетеді, ол деректерді жойып бос маркерді желіге қайтарады. Концентратор трафикті бір нүктеге орталықтандыру үшін қажет. Егер концентратор орнатылған желідегі кабель үзілсе, онда ол бүкіл желіге емес, тек осы желі сегментінің жұмысына ғана әсер етеді. Концентраторлар желінің ұзартылуын жеңілдетіп, әртүрлі кабельдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Құрама топология – «жұлдызша-шина» – «шина» және «жұлдызша» топологияларының қиыстыруы, яғни бірнеше «жұлдызша» топологиясымен қосылған желілердің магистральдық сызықты «шинамен» біріктірілуі.

  1. Кабель типтері. Шиыршықталған кабель.Бүгінгі таңда компьютерлік желілердің көпшілігінде қосылыс ортасы ретінде сымдар мен кабельдер пайдаланылады. Олар компьютерлер арасында сигналдардың беріліс ортасының рөлін атқарады. Кіші және үлкен желілердің талаптарына сай кабельдердің түрлері көп. Бақытымызға қарай, желілердің көпшілігі үшін кабельдердің тек үш негізгі түрі қолданылады: а) коаксиал кабель; б) шиыршықталған жұп (экрандалған және экрандалмаған); в) оптикалық талшықты кабель.Шиыршықталған жұп. Қазіргі кезде коаксиалдан гөрі шиыршықталған жұпты қолданған тиімді. Шиыршықталған жұп негізіндегі кабель бірінің сыртына бірі оралған және арнайы пластикалық қоршаудың ішіне орналасқан екі сымнан тұрады. Мысалы, телефон аппараты телефон розеткасына шиыршықталған жұп арқылы қосылады. Кабель оның бойымен бірінің сыртына бірі оралған екі немесе одан да көп сымдар жұптарынан тұрады. Шиыршықталып оралу кабельдің кедергіге қарсылығын арттырып, әрбір жұп сымның басқаларына әсерін азайтады. Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің сыртқы қабығы болуы да болмауы да мүмкін, ал ішіндегі сымдарының саны әртүрлі. Бұл кабельдің екі түрі кездеседі: экрандалған шиыршықталған жұп (shielded twisted pair– STP) , экрандалмаған шиыршықталған жұп (unshielded twisted pair– UTP).a)Экрандалмаған шиыршықталған жұп жергілікті есептеу желілерінде (ЖЕЖ) кең қолданылады, сегментінің максималды ұзындығы 100 метрді құрайды. Ол екі оқшауланған мыс сымнан тұрады. Кабельдің атқаратын қызметіне қарай әрбір ұзындық бірлігіне сай шиыршықтарының саны реттеледі. Экрандалмаған шиыршықталған жұптың (UTP) бес категориясын біріктіретін стандарттар анықталған:1) дәстүрлі телефон кабелі, оның бойымен деректер таратуға болмайды, тек сөз ғана жіберіледі; 2) деректерді 4 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Төрт шиыршықталған жұптан тұрады. 3) деректерді 10 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Әрбір метрге тоғыз шиыршықтан келетін төрт шиыршықталған жұптан тұрады; 4) деректерді 16 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Төрт шиыршықталған жұптан тұрады; 5) деректерді 100 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Мыс сымнан жасалған төрт шиыршықталған жұптан тұрады.б)Экрандалған шиыршықталған жұп . STP электрлік кедергілердің әсері аз, сигналдарды жоғары жылдамдықпен алыс қашықтықтарға тарата алады. Шиыршықталған жұп негізіндегі кабель қолданылады, егер: қаржы шектеулі болса; орнатудың жеңілдігі қажет болса; Деректердің бүтіндігін сақтау жағынан жоғары сенімділік және оларды ұзақ қашықтыққа жоғары жылдамдықпен тарату қажет болса, бұл кабельдің түрін пайдаланып керегі жоқ.Шиыршықталған жұп кабельдің басқа кабельдерге қарағанда артықшылығы оның арзандығында, оны орнату жеңіл және қызмет көрсету ыңғайлы. Мұндай кабельдердің түрін орнату ғимарат салынып жатқан кезде есепке алынады, олардың қосылыс орындары телефондікіне ұқсас келеді. Шиыршықталған жұп кабельдің басқа кабельдерге қарағанда кемшілігі электромагнитті өрістерді сезгіштігі, соның салдарынан оларды алыс қашықтықтарға орнату шектеулі. Бірақ бұл жолдағы жаңа технологиялық жетістіктер аталған шектеулерді жақын арада жоятындығына күмән жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]