- •Жергілікті желілер технологиясының стандарттарын құру.
- •Компьютерлік желі туралы түсінік.
- •Желілердің типтері және ерекшеліктері.
- •Кабель типтері.Коаксиал кабель
- •7) Кабель типтері. Оптикалық талшықты кабель.
- •Оптикалық талшықты кабель
- •8) Сигналдарды жіберу. Сымсыз желілер.
- •9) Желілік адаптердің тақшалары.
- •10. Желі түйіндері, желі сегменті, логикалық желі, пассивті және активті коммункациялық құрылғылар анықтамасы.
- •11) Osi желілік үлгісінің деңгейлері. "Ашық жүйе" түсінігі.
- •12) Деректердің желі және кабель бойынша берілістерінің түрлері.
- •13.Ethernet. Fast Ethernet. 10/100 Мбит/с желілік шешеімдердің артықшылықтары.
- •14) Token Ring желілік технологиясы. Маркер.
- •15.Apple Talk және Arc Net желілік технологиялары.
- •17.Fddi желісі. 100vg-AnyLan желісі.
- •18) Жоғарғы жылдамдықтағы желілер. Atm. Сымсыз желілер.
- •19) Модемдерді пайдалану. Модемдер технологиясы, олардың типтері.
- •20) Үлкен желілерді құру. Репиторлар. Көпірлер. Маршрутизаторлар. Шлюздер
- •21) Tcp/ip хаттамаларының стегі. Ip хаттамасы.
- •Ip адрестіңформаттары
- •22) Ip адрестерінің неше классы бар?
- •Ip адрестердің жіктелуі
- •Ip адрестің жіктелуі
- •24) Маскаларды есептеу қалай іске асырылады. Стандартты маршруттарды таңдау.
- •25) Ip маршрутизация. Статикалық маршрутизацияның ерекшеліктері.
- •26) Динамикалық маршрутизация. Rip 2 хаттамасы ның ерекшеліктері. Қолдануына мысал.
- •27.Жеке аймақтар үшін ospf хаттамасы. Ospf хаттамасымен байланысты негізгі терминдерге тоқталыңыз. Қолдану мысалы.
- •28) Түйін аттарын анықтау. Адрестерді анықтауда arp хаттамасын пайдалану мысалы. Rfc құжаттары.
- •29.Dns қызметтері. Тср хаттамасы және оның негізгі функциялары.
- •30) Байланыс орнату процедурасы. Udp хаттамасының қолданылу ерекшеліктері.
- •34)Желіні жобалаудың бастапқы деңгейлері және әдістемесін көрсетіңіз.
- •35) Internet желісінде шабуылдардан қорғану құралдарымен әдістеріне мысал.
8) Сигналдарды жіберу. Сымсыз желілер.
Кабель бойымен кодталған сигналдарды жіберудің екі технологиясы қолданылады – таржолақтық беріліс және кеңжолақтық беріліс.
Таржолақтық беріліс. Таржолақтық жүйелер берілгендерді бір жиілікті цифрлік сигналдар түрінде жібереді. Сигналдар дискретті электрлік немесе жарықтық импульстар түрінде көрсетіледі. Таржолақтық жіберуді қолданатын желілердегі әрбір құрылым деректерді екі бағытта да тасымалдайды, ал кейбіреуі біруақытта қабылдауға да, жіберуге де қатысуы мүмкін.Кабель бойымен қозғала отырып, сигнал бірте-бірте өше бастайды, соның салдарынан өзгеріске ұшырауы мүмкін. Егер кабель өте ұзын болса, оның алыс ұшындағы сигнал танымастай өзгеріп, тіпті жоғалып кетуі мүмкін. Осындай жағдайды болдырмау үшін, таржолақтық жүйелерде сигналдарды күшейтетін және оларды қосымша сегменттерге ретрансляциялау арқылы кабельдің жалпы ұзындығын арттыруға мүмкіндік беретін репиторлар қолданылады.
Кеңжолақтық беріліс. Кеңжолақтық жүйелер деректерді жиіліктердің қандай да бір интервалын пайдаланатын аналогтық сигнал түрінде жібереді. Сигналдар үздіксіз электромагниттік немесе оптикалық сигнал түрінде жүреді. Мұндай тәсілмен сигналдар физикалық орта арқылы бір бағытта жіберіледі.
Сымсыз желілер. Кабельдер – компьютерлер арасында деректер алмасудың көпшілік мақұлдаған ортасы. Дегенмен, бүгінгі таңда бізді физикалық қосылыстардың қиындықтарынан құтқаратын деректер тасымалдаудың сымсыз технологиялары пайда болды. Сымсыз орта біздің өмірімізге біртіндеп ене бастады. Бұл технология толығымен соңына дейін құрылған кезде, өндірушілер құны төмен, тиімді өнімдерін көптеп ұсына бастайды, мұның өзі ол өнімге деген сұранысты арттырып, сату көлемінің өсуіне әкеледі. Бұл өз кезегінде сымсыз ортаның одан әрі өркендеп дамуына әсер етеді.
«Сымсыз орта» сөз тіркесі желіде сымдардың мүлдем жоқтығын білдіретіндіктен, теріс түсінуге соқтыруы мүмкін. Шындығында олай емес. Әдетте сымсыз компоненттер беріліс ортасы ретінде кабель қолданылатын желіде әрекеттеседі. Мұндай әртүрлі компоненттерден тұратын желіні гибридті деп атайды.
Сымсыз желі идеясы қызығушылық туғызары қақ, себебі:
жұмыс істеп тұрған кабельдік желіге уақытша қосылуды қамтамасыз етеді;
жұмыс істеп тұрған кабельдік желіге резервті көшірмені ұйымдастыруға көмектеседі;
тездіктің нақты деңгейін қамтамасыз етуге кепілдік береді;
желінің максималды ұзындығына мыс немесе тіпті оптикалық талшықты кабельдер арқылы қойылатын шектеуді алуға мүмкіндік береді. Сымсыз желілерге даусыз артықшылық беретін тағы бір фактор – кабельді орнатудың қиындығы. Бұл желілер келесі жағдайларда өте пайдалы болуы мүмкін:
адамдар көп жиналған бөлмелерде (мысалы, кіреберіс бөлменемесе қабылдау бөлмесі);
әр жерде жұмыс істейтін адамдар үшін;
оқшауланған бөлмелерде және ғимараттарда;
жобасы жиі өзгеретін бөлмелерде;
кабельдерді жүргізуге болмайтын құрылыстарда (мысалы, тарихи немесе архитектуралық ескерткіштер).
Технологиясына байланысты сымсыз желілерді үш түрге бөлуге болады:
жергілікті есептеу желілері;
кеңейтілген жергілікті есептеу желілері;
жылдам (тасымалданатын компоненттер).
Желінің бұл түрлерінің негізгі айырмашылығы – жіберу параметрлерінде. Жергіліктіжәне кеңейтілген жергілікті есептеу желілеріөздері орнатылған ұйымға тиеселі жіберушілер мен қабылдаушыларды қолданады. Тасымалданатын компьютерлерде сигналдарды жіберу ортасы ретінде телефон станциялары , жерсеріктер және т.б. қолданылады.
Әдеттегі сымсыз желі жіберу ортасы басқа болғанмен, кәдімгі желіге ұқсас және сол сияқты жұмыс істейді.
Беріліс (жіберу) тәсілдері
Сымсыз жергілікті есептеу желілері деректерді жіберудің төрт тәсілін пайдаланады;
инфрақызыл сәулелену;
лазер;
тар спектрдегі радиоберіліс (біржиілікті беріліс);
шашыраңқы спектрдегі радиоберіліс.
