Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия УМКД стратег жоспарлау КазГЮУ2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
906 Кб
Скачать
☆

5.Орындалу кезеңдері және мақсаттар.

Ұйымның мақсаттары экономикалық және экономикалық емес болып екіге бөлінеді.

Экономикалық емес мақсаттарға, мысалы, еңбек жағдайларын жақсарту сияқты әлеумеітік мақсаттарды жатқызуға болады.

Ал шаруашылық әрекетінің көрсеткіштері аркылы бейнеленетін ұйымның экономикалық мақсаттарын өз кезегінде сандық (фирманың нарықтағы үлесін арттыру) және сапалык фирманың өз саласында технологиялық артыкшылыктарға ие болуы) деп бөлеміз.

6. Стратегиялык жоспар көрсеткіштерінің жүйесі және ерекшеліктері.

1. Нарықтағы жағдайы. Мұнда фирма бәсекелестерге қатысты өз позициясын анықтайды, өзінін жетістігін бәсеке қабілеттілік көрсеткіштерімен бейнелейді.

2. Инновациялар. Бизнесті жүргізудің жаңа әдістерін анықтау: жаңа тауар шығару;

жаңа нарықтарға ену;

жаңа технологияларды пайдалану;

өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін пайдалану.

3. Өнімділік. Ұйым өз мақсаттарын шаруашылық нәтижелерін ресурстармен байланыстыра отырып анықтайды.

4. Ресурстар. Фирма өзінің қолында бар барлық экономикалық ресурстарын бағалайды.

5. Пайдалылық

6. басқару аспектілері.

7. Персонал: еңбек функцияларының анықталуы және жұмыска қарым-қатынасы.

8. Әлеуметтік жауапкершілік.

11-лекция. Макраэкономиканы стратегиялық жоспарлау және оның методологиясы

  1. Макроэкономикалық және құрылымдық көрсеткіштердің мәні мен құрамы

  2. Макро жоспарлаудың мақсаты және қағидалары

  3. Макроэкономиканы стратегиялық жоспарлау методикасы

  4. Экономиканың макро құрылымын оңтайландыру мәселелері

  5. Макрокөрсеткіштер деңгейін ғылыми негіздеу әдістері

  6. Макроэкономиканың стратегиялық жоспарымен мемлекеттік бюджетті әзірлеу бірлігі

1. Макроэкономикалық және құрылымдық көрсеткіштердің мәні мен құрамы.

Макроэкономиканы стратегиялық жоспарлау қажеттілігі келесі шарттармен түсіндіріледі:

Біріншіден, бүгінде экономика дамуына ғылыми - техникалық прогрестің ықпалы күшеюде, неғұрлым жетілген және күрделі технологияға еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың рационалды нысандарына көшу жоспарлауды, салаларды алдын ала болжауды талап етеді.

Екіншіден, басқарудың қажетті функциясы ретінде жоспарлау мемлекетке экономикалық дамудың циклділігін алдын ала болжау, пайда болған деформацияларды баланстап, түзетіп отыру үшін экономикалық және әлеуметтік нәтижелер арасында байланыс орнату, тұрғындардың аз қамтамасыздандырылған топтарының мүддесін қорғау үшін қажет.

Үшіншіден, нарықтық экономика жағдайында кез келген фирма, меншік пен шаруашылық жүргізу нысандарына қарамастан ақырғы мақсаттарына жету үшін өзінің даму стратегиясын жасауы тиіс. Сол сияқты ел экономикасы да ғылыми негізделген жоспарлау негізінде өзінің даму бағытын дұрыс таңдай алса ғана өсіп өркендей алады.

Нарықтық экономика жағдайында макродеңгейдегі жоспарлау директивалық емес, рекоментациялық сипатқа ие. Мемлекет экономиканы реттеу мақсатында макроэкономикалық көрсеткіштер түріндегі индикаторларды пайдаланады.

Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың «Мәңгі» проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес , ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.

«Экономикалық өсу» термині елдің жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді. Яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда есептеледі және өткен жылғымен немесе қайсыбір базалық жылмен салыстырғанда ЖІӨ не ЖҰӨ көрсеткіштерінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді анықтау кезеңінде ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар бойынша немесе осы көрсеткішті есептеуде баға факторын және өзге де құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.

Дүниежүзілік банктің ресми анықтамасына сәйкес жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – нақты елдің аумағында бір жылдың ішінде өндірілген барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құндылығы. ЖҰӨ -нің ЖІӨ -нен айырмасы (өзгешелігі), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) сондай-ақ ел азаматтарының шет елдерден алған табыстарын да қосып, шетелдіктердің елден әкеткен табыстарын шегеріп тастайды. ЖІӨ мөлшері құндық көріністе есептен шығарылады, қағида бойынша, ол мемлекеттің ұлттық валютасымен және ағымдағы бағам бойынша АҚШ долларымен есептеледі (халықаралық салыстырулар жүргізу үшін). БҰҰ халықаралық салыстыру Бағдарламасына сәйкес ЖІӨ мөлшері сондай-ақ валюталардың сатып алу қабілеті паритетін (СҚП) есепке алу арқылы АҚШ долларымен есептен шығарылады. Экономикалық өсу факторларының 3 тобы бар: ұсыныс; сұраныс; бөлу. Ұсыныс факторлары болып табылатындар: елдегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы; елдегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы; негізгі капиталдың көлемі; технология.

Нақ осы факторлар өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір біреуінде азық-түліктік, экономикалық, демографиялық проблемалары туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулік салдарынан экономика соған бейімделуі, қайта жаңғыруы (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы тиіс, үдерістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп отырады.

Экономиканың нақты өсуі сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың мүмкіндігін анықтайды.

Олардың ең маңыздыларының қатарында тұтынушылық, инвестициялық, мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік рыноктағы бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады.

Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың өсуіне бөлу факторлары да ықпал етеді. Экономикалық өсуге ықпал жасайтын осындай факторларға жататындар:

  • өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елдегі аймақтар бойынша нақты бөлу;

  • шаруашылық қызмет субъектілердің арасында табыстарды бөлудің қоғамда қолданылатын тәртібі.

Экономикалық өсуді сипаттайтын индикаторлар болып табылатындар: ЖІӨ нақты өсуі, халық табыстарының нақты өсуі, инфляция деңгейі, валютаның айырбас бағамы, мемлекеттік бюджеттік тапшылығы және ЖІӨ қатысты үкіметтің сыртқы борышының деңгейі, елдің сауда балансы (экспорт, импорт және сауда сальдосы), экономикаға тартылатын инвестициялардың нақты өсуі, сондай-ақ экономика салалары мен экономикалық қызмет түрлері бойынша тауарлар және көрсетілген қызметтер өндірісінің өсу қарқындары.

Дамыған елдерде макроэкономикалық жоспарлау статистикалық мәліметтерге негізделген халық шаруашылығындағы негізгі өзара байланыстардың сызбасына сүйенеді. Бұл сызба ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) деп аталады.

ҰШЖ баланстық әдіске негізделеді және экономикалық әрекет нәтижелерін, экономиканың құрылымын сипаттайтын макрокөрсеткіштерді, шаруашылық әрекеті барысында жасалатын операцияларды, елдегі ресурстар мен олардың қолданылуын ұлттық деңгейде есепке алуды білдіреді.Жоғарыда аталған ЖҰӨ және ЖІӨ-мен қатар ҰШЖ-нің негізгі көрсеткіштері:

  • таза ішкі өнім-ЖІӨ-нен негізгі қорлардың тұтынылуын шегереміз;

  • таза ұлттық табыс - ЖҰӨ-нен негізгі қорлардың тұтынылуын шегереміз;

  • нақты ұлттық табыс – таза ұлттық табысқа шетелден түскен сыйлықтар,гуманитарлық көмек сомаларын қосып,керісінше, елдің шетелге берген гуманитарлық көмегін, сыйлықтарын шегергенге тең болады.

  • ақырғы тұтыну шығындары – үй шаруашылықтарының тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығындары, мемлекеттік басқару органдары мен жеке коммерциялық ұйымдардың ақырғы тұтыну шығындары.