Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия УМКД стратег жоспарлау КазГЮУ2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
906 Кб
Скачать
☆

Сандық эквивалент ( Иц) Қс., %-дық көрсеткіш бойынша қорытынды бағаға ауыстырылады, қорытынды баға шкаласы көрсетіледі

Пән бойынша студенттің жалпы бағасы

Әріптік жүйе бойынша бағасы

Сандық эквива лент баллы

%-тік мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы

А

А-

4,0

3,67

95-100

90-94

өте жақсы

В+

В

В -

3,33

3,0

2,67

85-89

80-84

75-79

жақсы

С+

С

С-

Д+

Д

2,33

2,0

1,67

1,33

1,0

70-74

65-69

60-64

55-59

50-54

канағаттанарлық

F

0

0-49

канағаттанарлықсыз

Глоссарий

6. Дәріс кешені Лекция 1. Стратегиялық менеджмент стратегиялық жоспарлаудың бастапқы позициясы ретінде

1. Стратегиялық менеджмент түсінігі.

Стратегия жалпы алғанда фирманың нарықтағы позициясын нығайтуға, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған басқару жоспары болып табылады. Басқарушылар компанияның қай бағытта дамитынын анықтау үшін, оның әрекет етуі барысында негізделген дұрыс шешімдер қабылдау үшін стратегия жасайды. Басқару жоспары фирманың барлық негізгі қызметтері мен бөлімшелерін қамтиды: жабдықтау, өндіріс, қаржы, маркетинг, мамандар, ғылыми зерттеулер және әзірлеулер, осылардың әрқайсысының фирма стратегиясында өз рөлі бар. Стратегиялық таңдау жасау дегеніміз бүкіл компания бойынша жинақталған бизнес – шешімдер мен бәсекеге қабілетті әрекеттерді бір ортақ жүеліге келтіру.

Стратегия әзірлеу менежменттің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Стратегиялық менежменттің бес міндеті:

  1. әрекет ету сферасын айқындау және дамудың стратегиялық бағыттарын қалыптастыру:

  2. стратегиялық мақсаттарды және соларға қол жеткізетін міндеттерді алға қою:

  3. қойылған мақсаттармен өндірістік әрекет нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған стратегияны қалыптастыру:

  4. стратегиялық жоспарды жүзеге асыру:

  5. әрекет нәтижелерін бағалау және қажет болған жағдайда стратегиялық жоспардың немесе оны жүзеге асыру әдістерін өзгерту.

Фирманың миссиясын анықтай отырып менеджер компанияның әрекет ету сферасын анықтайды. Менеджер фирманың немен айналысатынын, яғни әрекет ету сферасын стратегиялық тұрғыда ойластырып оның ұзақ мерзімді даму концепциясымен үйлестірілуі қажет.

Нақты мақсаттарды анықтау жалпы миссияны анықтаудан жетістікке қол жеткізуге көмектесетін жекелеген жұмыс жоспарларына көшуге көмектеседі. Жоспарланған мақсаттар қысқа және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді мақсаттар күтілген нәтижеге тез арада қол жеткізуге бағытталса, ұзақ мерзімді мақсаттар ұзақ мерзімді перспективада жұмыс көрсеткіштерін жақсарту және жағдайды нығайту үшін қазір не істеу қажеттілігін ойлануға мәжбүр етеді.

Мақсаттар қаржылық және стратегиялық болып екі типке бөлінеді. Қаржылық мақсаттар (пайда көлемі, инвестиция қайтарымы, нақтылы ақша ағымы, займдар мен дивиденттер мөлшері сияқты көрсеткіштердің артуы) міндетті себебі қаржы жетіспеген жағдайда компанияның өсуіне және өркендеуіне қажетті ресурстар болмай қалады. Стратегиялық мақсаттар (анағұрлым жоғары өсу қарқынын қамтамасыз ету, нарықтағы үлесін арттыруға, өнімдермен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, шығындардың төмен деңгейіне қол жеткізу , фирманың репутациясын жақсарту) компанияның нарықтағы бәсекелік позицияларын нығайтуға бағытталған.

Мақсат – бұл күтілген нәтиже, ал стратегия – соған қол жеткізу. Стратегияны анықтау үшін фирманың ішкі жағдайын және сыртқы факторларын мұқият зерттеу қажет. Стратегия , әдетте , алдын-ала ойластырылған мақсатқа бағытталған әрекеттерден және күтпеген жағдайлар мен күшейген бәсекелестік күреске реакциядан тұрады. Нарықтағы жағдай үнемі өзгеріп отырады, технологиялар саласындағы жаңалықтар, бәсекелестердің нарыққа жаңа тауарды сәтті шығаруы, жаңа мемлекеттік саясат немесе регломентация қандайда бір саладағы сатып алушылар мүдделерінің кеңеюі және т.с.с. , яғни барлық стратегиялық әрекеттерді алдын-ала, ешбір өзгеріссіз болжау мүмкін емес.

Стратегияны жүзеге асыру үшін белгіленген мерзімде күтілген нәтижеге қол жеткізу үшін не істеу қажеттілігін түсіну қажет және ол келесі негізгі кезеңдерден тұрады:

  • стратегияның сәтті орындалуы үшін ұйымдастыру мүмкіндіктерін жасау;

  • қаражатты тиімді орналастыру мақсатында бюджетті басқару;

  • стратегияның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету фирма саясатын анықтау;

  • қызметкерлерді тиімдірек жұмыс істеуі үшін ынталандыру;

  • қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін компания ішінде қолайлы атмосфера жасау;

  • компания персоналына өздерінің стратегиялық рөлдерін күнделікті тиімді атқаруы үшін ішкі жағдайлар жасау;

  • алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен технологияларды қолдану;

  • стратегияның орындалу барысын жіті бағалайтын ішкі басшылықты қамтамасыз ету.

Ұзақ мерзімді бағыттар, компания әрекетінің бағыты өзгертуі, басқару міндеттері қайта қаралуы мүмкін. Даму бағытының өзгеруі, жаңа мақсаттар , нарықтағы ауытқулар, яғни ұйымның ішіндегі және сыртындағы жағдайлардың өзгеруі стратегияға түзетулер енгізуді талап етеді, сондықтан стратегиялық менеджмент – үнемі қозғалыстағы, үздіксіз үдеріс.