Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия УМКД стратег жоспарлау КазГЮУ2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
906 Кб
Скачать
☆

Тақырып:Мамандар мен еңбекті жоспарлау әдістемесі

(1сағат)

Жоспары:

1. Мамандар мен еңбекті жоспарлау әдістемесі

2.Еңбек өнімділігінің өлщемдері мен көрсеткіштері

Лекцияның мәтіні.

Кадрлық жоспарлаудың негізгі кезеңдері. Кадрлық саясаттың болашағына бағытталған ұзақ мерзімдік тұжырымдаманы кадрлық жоспарлаудың көмегімен орындауға болады. Персоналды басқарудың бұл әдісі жұмыс берушілер мен жұмыс алушыларды мүдделерін келістіруге және мүмкіндік береді.

Кадрлық жоспарлау келесі сұрақтарға жауап беру тиіс:

1.қанша жұмыскерлер, олардың қандай біліктілігі бар қашан және қайда қажет болады?

2.қалайша персоналға әлеуметтік нұқсан келтірмей олардың артығын қысқартып, қажеттісін жұмылдыруға болады

  1. Персоналды, оның мүмкіндіктерін сәйкес қалай тартымды пайдалануға болады?

  2. Біліктілігі жоғары жұмыс орындарын жаңа жұмыс күштерімен қамтамасыз ету үшін кадрлардың дамуын қамтамасыз етуге және олардың білімдерін өндіріс талаптарына сәйкес көтермелеуге қалай қол жеткізуге болады?

  3. Жоспарланған кадрлық іс-шаралар қандай шығындарды талап етеді?

Персоналмен атқаратын жұмыстың оперативті жоспарының құрылымы. Персоналмен атқаратын жұмыстың оперативті жоспарын жасау үшін арнайы арнайы жасалған сауалнаманың көмегімен келесі мәліметтерді жинау керек:

1.персоналдың тұрақты құрамы жөнінде (аты-жөні, мекен жайы, жасы, жұмысқа тұрған уақыты)

2.Персоналдың құрамы жөнінде (біліктілігі,жынысы, жасы,ұлты)

3.Кадрлардық тұрақсыздығы жөнінде

4.Өндірістің тоқтап тұруы мен адамдардың науқастануына байланысты уақыттың жағалауы туралы

5.Жұмыс күнінің көлемі туралы

  1. жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақылары туралы

  2. Әлеуметтік сипаттағы қызмет көрсетулер туралы

Тақырып:Өндіріс шығындарын, пайда және рентабельділікті жоспарлау

(1сағат)

Жоспары:

1.Кәсіпорынды қаржымен қамтамасыз ету

2.Өндіріс шығындарын жоспарлау

3.Өндіріс шығындарын азайту жолдары

Лекцияның мәтіні.

Өндірістік факторларды пайдалану ең алдымен өндірістік шығындарды есепке алумен тікелей байланысты.

Кәсіпорын шығындары - өнім өндіру және оны сату мақсатында пайдаланатын өндірістік факторлардың ақшалай көрінісі.

Нарықтық экономикадағы шығындар:

  • айқын ( бухгалтерлік);

  • жүктеме (арттыру);

  • қайтрайтын шығындар болып бөлінеді.

Жалақы төлеуге , өнімдерді сатуға және өндірісті одан әрі дамыту қажетіне жұмсалған шығындар кәсіпорынның айқын шығындары деп аталады. Қаржылық есеп беру негізінде есептелетін болғандықтан , оларды бухгалтерлік шығындар деп те атайды.

Қандайда бір өндіріс факторын пайдалануға, өлшемдерге , оларды баламалы пайдалануды жақсартуға жасалған шығындар жүктеу шығындары деп те аталады.

Қайтпайтын шығындар орны қайта толтырылмайтын шығындар жатады.

Өндірістік шығындарды тұрақты және өзгермелі деп те бөледі.

Тұрақты шығындар- өндірістік факторларды пайдалануға байланысты тікелей шығындар.

Мысалы:

  • кәсіпорынның штаттық жұмысшыларының жалақылары;

  • үй- жай жалдауға жұмсалатын шығындар.

Ал өзгермелі шығындар өнімдерді өндіру процесінде оның көлеміне байланысты өзгеріп отырады.

Бұған:

  • жұмысшылардың еңбек ақы төлемдері;

  • материалдық өнмдер;

  • энергия, отын;

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар мына төмендегі элементтерге топталады.

    • материалдық шығындар;

    • жалақы шығындары;

    • әлеуметтік қажеттіліктерді өтеу аударымдары;

    • негізгі қордың амортизациясы;

    • басқа да шығындары.

Материалдық шығындарға жататындар:

  • кәсіпорын иелігіндегі өнімдерді дайындау құрамына кіретін немесе технологиялық процесті қамтамасыз ететін және туып-түю үшін дайындалатын шикізаттар мен материалдар;

  • сатып алынған, қосымша өңдеуге және монтажға ұшыраған комплекті бұымдар мен жартылай фабрикаттар;

  • соның иелігіндегі барлық отынның түрлері;т.б

Жалақы шығындары:

  • кәсіпорынның өнеркәсіптік- өндірістік қызметкерлерінің жалақысы;

  • жұмысшылар мен қызметкерлерге өндірістің тиімділігі есебінен берілетін сыйлықтар;

  • ынталандыру немесе өтемақы төлемдері;

  • заттай түрінде берілген өнімдердің құны.

Әлеуметтік қажеттіліктер аударымдарына:

  • зейнетақы қорына;

  • әлеуметтік сақтандыру қорына;

  • халықты жұмыспен қамту қорына;

  • медициналық сақтандыру қорына аударылытын қаржылар жатады.

Негізгі қордың амортизациясы есбіне : негізгі өндірістік қорларды толық қалпына келтірудегі амортизациялық аудармдардың сомасы жатады.

Басқа да шығындар құрамына:

  • салықтар;

  • аламдар;

  • жалға төлеу;

  • мүлікті міндетті сақтандыру.

Тақырып:Ұйымда мансапты жоспарлау және дамыту

(1сағат)