- •Дәріс кешені
- •Дәрістің негізгі мазмұны:
- •Қорытынды:
- •Дәрістің негізгі мазмұны
- •Қорытынды
- •Дәрістің мазмұны:
- •Қорытынды.
- •Дәріс мазмұны:
- •Дәрістің мазмұны:
- •Қорытынды:
- •Қорытынды.
- •Ақша қаражаттарыі»
- •Дәрістің мазмұны:
- •Тақырып 8. Дебиторлық борыштар есебі.
- •Дәріс мазмұны:
- •Дәріс мазмұны
- •Қорытынды:
- •Дәрістің мазмұны:
- •Қорытынды:
- •Дәрістің мазмұны
- •Қорытынды:
- •2. Қаржы есептіліктің компоненттері
Қорытынды:
Сонымен бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық жағдайын, ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны қажет етушілерге жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Өзінің тарихи дамуында шаруашылық есеп есептің үш түрінен тұратын жүйе ретінде қалыптасты. Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде зерттеу объектілерінен тұрады, объектілерді есепке алудың әдісі және оның элементтері бар. Әлемде бухгалтерлік есептің әр түрлі экономикалық және саяси факторлардың әсерінен көптген үлгілері қалыптасуда.
2-тақырып: «Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалары мен қағидалары»
Дәріс сұрақтары:
1. Қаржылық есептілікті пайдаланушылар.
2. Қаржылық және басқару есебі.
3. Бухгалтерлік есеп тұжырымдамалары мен қағидалары.
4. Қаржылық есептілік элементтері. Оларды тану мен бағалау
Дәрістің мақсаты: Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізін құрайтын ережелер мен қағидалары, бухгалтерлік есептің түрлері мен қаржылық есептілік элементтері және ақпаратты пайдаланушылар туралы түсінік қалыптастыру.
Негізгі түсініктер: сыртқы пайдаланушылар, ішкі пайдаланушылар, қаржылық есеп, басқару есебі, халықаралық стандарттар, актив, капитал, міндеттемелер, кіріс, шығыс, пайда, зиян.
Дәрістің негізгі мазмұны
Бухгалтерлік есептің ақпаратының негізінде пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қаржылық есептілік құрылады. Ол:
инвестициялық шешімдер мен несие беру шешімін қабылдау;
шаруашылық субъектісінің болашақтағы ақша ағымын бағалау;
ресурстарын шаруашылық субъектісіне сеніп тапсырыуымен байланысты оның ресурстары мен міндеттемелерін бағалау;
басқару органдарының жұмысын бағалау мақсатында құрылады.
Қаржылық есептіолікті пайдаланушыларға қазіргі және тұрақты инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, қызметкерлер мен жұмысшылар, сонымен бірге, өкімет мекемелері, министрліктер, ведомствлар мен қоғамдық ұйымдар және де әр түрлі ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын басқа да қызығушылығы бар пайдаланушылар жатады. Қаржылық есептілікті пайдаланушылардың барлығын ішкі және сыртқы деп екі топқа бөлуге болады.
Қаржылық есептілікті пайдаланушылардың әр түрлі топтарының болуы бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйе ретінде екі түрге бөлінуіне себеп болды:
Қаржылық есеп
Басқару есебі
Қаржылық есеп сыртқы және ішкі де пайдаланушыларға ұсынылатын бухгалтерлік есеп беруді құру және пайдаланумен айналысады. Басқару есебі негізінен ішкі пайдаланушыларға арналып құрылады. Оларға бухгалтерлік есеп ақпараты экономикалық операцияларды басқару мен өнім өндіруді бақылау, бюджеттің орындалуы мен пайда алуына мониторинг жүргізу, сонымен біргекомпанияның болашақ жетістігін қамтамасыз ететін шешім қабылдау үшін қажет деп саналады.
Қаржылық есептілік компанияның жалпы есептілігінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес құрылады
Қаржылық есептіліктің халықаралық №1‑«Қаржылық есептілікті ұсыну» стандартына сәйкес, қаржылық есептіліктің мақсаты компанияның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері, қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпарат ұсыну болып табылады.
Қаржылық есептілік тұжырымдамалары мыналардан тұрады:
Қаржылық есептілікті құру мақсаты;
Қаржылық есептіліктіңұйғарымдары (қағидалары);
Қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары;
Қаржылық есептіліктің элементтері;
Қаржылық ақпаратты тану және өлшеу өлшемдері;
Оны сызба түрінде көрсетуге болады:
Көрсеткіштер |
Арнайы сұрақтар шеңбері |
Компанияның қаржылық есептілігін жүргізу мақсаты
Қаржылық есептің мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Қаржылық есептілік ұйғарымдары
Бухгалтерлік ақпараттың сапалық сипаттамалары Қаржылық есеп берулердегі ақпаратты бағалау үшін бухгалтерлік есептің сипаттамасын анықтайды Қаржылық есептілік элементтері Қаржылық есептілік элементтерін анықтайды және бухгалтерлік ақпаратты жіктеу өлшемдерін бекітеді
Тану және өлшеу Қаржылық есептіліктің ұсынылуы қажетті жағдайларды анықтау үшін өлшемдерді бекіту
Өзге қағидалары: |
Есептілікті пайдаланушылар шеңберін, инвесторлар мен кредиторларды және т.б. анықтайды. Пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын қаржылық есеп берулердің мақсатын тізіп береді. Ұйғарымдар: Есептеу қағидасы Қызметтің үздіксіздігі Сипаттамалар Түсініктілік Мәнділік Анықтылық Салыстырмалық Қаржылық есептілік элементтері Активтер Міндеттемелер Капитал / таза активтер Кіріс Шығыс Пайда Зиян Тану өлшемдері Өлшеу өлшемдері Элементті анықтау, өлшемділігі Өзектілігі, сенімділігі Орта қағидалары: Бағалау Кезеңділік Өткізу қағидалары: Өзіндік құн Есептеу Сәйкес келу Толық ашу Шектеу қағидалары Шығындар-кірістер Маңыздылық Сала ерекшелігі Консерватизм
|
2-Сызба. Қаржылық есептілік тұжырымдамалары.
