- •Дәріс кешені
- •Дәрістің негізгі мазмұны:
- •Қорытынды:
- •Дәрістің негізгі мазмұны
- •Қорытынды
- •Дәрістің мазмұны:
- •Қорытынды.
- •Дәріс мазмұны:
- •Дәрістің мазмұны:
- •Қорытынды:
- •Қорытынды.
- •Ақша қаражаттарыі»
- •Дәрістің мазмұны:
- •Тақырып 8. Дебиторлық борыштар есебі.
- •Дәріс мазмұны:
- •Дәріс мазмұны
- •Қорытынды:
- •Дәрістің мазмұны:
- •Қорытынды:
- •Дәрістің мазмұны
- •Қорытынды:
- •2. Қаржы есептіліктің компоненттері
Қорытынды.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің негізгі элементтеріне жататын құжаттау мен түгендеу бір-бірін өзара толықтырушы әдістер болып табылады. Құжаттау арқылы ұйымда жүргізілген шаруашылық фактілері алғашқы құжатта көрініс тауып жатса, түгендеу жүргізу арқылы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің сенімділігі мен шынайылығын қамтамасыз етеді. Алғашқы құжаттар мен есеп тіркелімдеріне тіркелетін бухгалтерлік жазулар, нысаны мен жүйесіне қарай, қолмен немесе машина арқылы толтырылады. Олардың құжаттарға ұқыпты түрде, дәл және түзетусіз енгізілуі талап етіледі. Ал анықталған қателер арнайы тәсілдерді қолдана отырып түзетеді. Олардың ішінде кеңінен таралған үш тәсіл бар: корректуралық, сторнолық және қосымша жазу тәсілі.
6 – Тақырып: «Есептік кезең және қаржылық есептілікті даярлау»
Сабақ жоспары:
Есептік цикл түсінігі
Кіріспе бухгалтерлік баланс
Шаруашылық операцияларды тіркеу және оларды бухгалтерлік шоттарда бейнелеу
Бухгалтерлік тәртіптің бақылаушы құралы ретінде айналым ведомосінің толтырлуы
Уақытша шоттарды жабу және дайындық балансты құру
Трансформациялық кестені құру және қорытынды баланс құру.
Сабақтың мақсаты: Есептік құжаттардағы мәліметтер мен шаруашылық операциялары негізінде дайындық балансты құру және қаржылық есептілікке даярлық жасау процесін меңгеру.
Негізгі түсініктер: Есептік цикл, кіріспе баланс, трансформациялық кесте, уақытша шоттар, шоттарды жабу, дайындық баланс, қорытынды баланс.
Қаржылық есеп беру есептік регистрлер негізінде жасалады. Ондағы жазулар кәсіпорында болып жатқан барлық тауарлықматериалдық қорлардың және активтердің қозғалысы, меншікті капитал, міндеттемелер өзгерістері, сонымен қатар табыстар мен шығындарды қалыптастыру бойынша шаруашылық операциялар туралы дұрыс жасалған және тиянақты тексерілген растаушы құжаттардың мәліметтері бойынша жүргізіледі.
Қаржылық есеп берудің құжаттық негізделуі оның шынайылығының маңызды шарттарының бірі болып табылады. Сондықтан қаржылық есеп беруді жасама бұрын рәсімделеген құжаттарда есептік кезеңге жататын шаруашылық операциялардың барлығының толықтығы және олардың мәліметтерінің есептік регистрлерге дұрс апарылуы тексеріледі. Мұнда құжаттардың қоймадан, есеп беруші тұлғалардан, банктрден және т.б. кәсіпорын бухгалтериясын толық келіп түсуіне көңіл аударылады.
Түгендеу – кәсіпорын құралдарының нақты бар болуын тексеретін бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі. Оны барлық кәсіпорындарда, меншік нысанына, әрекет түріне және жұмыс тәртібіне қарамастан жүргізеді.
Ол құжаттардың міндетті қосымшасы болып табылады. Бухгалтерлік есепте тек құжаттау мен түгендеу көмегімен барлық шаруашылық құбылыстарды толық және дұрыс көрсету қамтамасыз етіледі.
Қаржылқ есеп берудің шынайылығын қамтамасыз ету үшін онда берілген есеп беру кезеңіне жататын барлық табыстар мен шығындарды толық және нақты көрсету қажет.
Дайындық жұмс процесінде синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлеріндегі шаруашылық операциялардың бухгалтерлік жазуларының толықтығы және дұрыстығы тексерілу, айналмдар сомалары есептелу, синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша сальдо шығарылу керек. Содан кейін әрбір синтетикалық және аналитикалық шоттары бойынша айналымдар мен сальдосын берілген синтетикалық шоттарды дамыту үшін ашылған барлық аналитикалық шоттар бойынша айналымдар және сальдомен өзара тексерсті (салыстыруды) міндетті түрде жүргізеді. Бұл бухгалтерлік есепте жіберілген қателерді табуға мүмкіндік береді, ал бұл синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлеріннде жазулардың толық ұқсастығына әкеледі. Журнал-ордерлердегі тексерілген қорытынды мәліметтері Бас кітапқа ауыстырылады.
Бас кітап мәліметтері негізінде, қажет болған жағдайда, сәйкес регистрлерін қолдана отырып, кәсіпорынның қаржылық есеп беруі жасалады.
7 - Тақырып: «Ағымдағы активтердің есебі:
