Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 лекционный материал(бух учет).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
290 Кб
Скачать
☆

Қорытынды.

Бухгалтерлік баланс немесе кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы есебі оның белгілі бір мерзімге активтері, міндеттемелері және меншікті капиталы туралы ақпараттан тұрады. Бухгалтерлік баланс актив және пассив бөлімдерінен тұрады. Бухгалтерлік баланстың негізгі ерекшелігі актив пен пассивтің теңдігі болып табылады. Ал, А=МК+М теңдігі бухгалтерлік есептің негізгі теңдігі деп аталады. Кәсіпорында күнделікті жүргізілетін операциялар балансқа әсерін тигізбей қоймайды. Осыған байланысты, баланста өзгеріс тудыратын операциялар төрт түрге бөлінеді:

Егер, өзгеріс баланстың тек активінде немесе тек пассивінде ғана болса, онда баланстың қорытынды сомасы өзгеріссіз қалады.

Егер, шаруашылық операциясының нәтижесінде өзгеріс баланстың активінде де және пасивінде де болса, онда баланстың қорытынды сомасы да өзгеріске ұшырайды, яғни, сәйкесінше, не өседі, не кемиді.

4-Тақырып: «Бухгалтерлік шоттар және шаруашылық операцияларының екi жақты жазу әдісінде көрсетілуі.»

Сабақтың мақсаты: бухгалтерлік есептің «шоттар» және «екі жақты жазу» элементтеріне түсінік беріп, олардың есептегі маңызын ашу. Активті және пассивті шоттардың құрылысын меңгеру, бухгалтерлік өткізбе құрудың логикалық сызбасын ұғыну.

Дәріс сұрақтары:

  1. Шоттар және олардың құрылымы, шоттарды жабу тәртібі.

  2. Екі жақты жазу және шоттар корреспонденциясы.

  3. Жалпылаушы және талдамалық шоттар.

  4. Шоттардың сыныптамасы.

  5. Шоттар жоспары.

Негізгі түсініктер: шоттар, активті шот, пассивті шот, уақытша шоттар, тұрақты шоттар, транзиттік шоттар, екі жақты жазу, шоттар корреспонденциясы, бухгалтерлік өткізбе, жалпылаушы шоттар, талдамалық шоттар, шоттар жоспары.

Дәріс мазмұны:

Әрбір кәсіпорында көптеген шаруашылық операциялар жасалады, олар құжаттарда көрініс табады. Оның үстінде кәсіпорында әртүрлі шаруашылық операциялардың барлығын баланста тіркеуге мүмкіндік бермейді. Бірақ шаруашылық қызметтің нәтижелерін бағалау қолда бар шаруашылық қаржысын ескеру және баланстағы барлық өзгерістерді бақылау үшін барлық құжаттар бухгалтерлік баланста қабылданып топтастырылады. Мұндай топтастыру балансты дамыту үшін ашылатын бухгалтерлік есептің шотында жасалынады. Шоттар-қажетті деректер алу мақсатымен ағымдағы есепті топтау және объектілерді бақылау тәсілі болып табылады. Оларды құралдардың әрбір түрін, олардың құралу кездерін және процесті есепте қабылданған топтастыруға сәйкес есепке алу үшін баланс баптарын дамыту ретінде ашады. Шоттарда есеп ақшалай өлшеммен жүргізіледі, олар активтер, капитал, міндеттемелер, сонымен қатар кірістер мен шығындарды есептеуге ашылады. Кейбір бухгалтерлік шоттарда қалдықтар болады. Актив шоттары кәсіпорынның шаруашылық құралдардың немес мүлкін есепке алады. Бұл шоттар бойынша қалдықтар баланстың активінде бейнеленеді. Ал капитал және міндеттемелер шоттары шаруашылық құралу көздерін есепке алуға арналған. Бұл шоттар бойынша қалдық пассивте бейнеленеді. Шоттардың әрқайсысы (активті және пассивті) 2 бөліктен тұрады: Дебет және Кредит. Бұл сөздер латын сөзінен шыққан. Дебет-берешек, кредит-сену дегенді білдіреді.

Есеп тәжірибесінде актив, капитал және міндеттемелер шотында әртүрлі өзгерістер болуы мүмкін, яғни шоттардың азаюы немесе кобеюі. Осы өзгерістерді көрсету үшін шоттардың дебеті мен кредиті қолданылады.

Активті шоттар құрылымы:

Актив шотының дебетінде шаруашылық құрал-жабдықтардың айдың басындағы қалдығы, олардың көбеюі жіне айдың аяғындағы қалдығын көрсетеді, ал кредитінде азаюы жазылады. Шоттың дебетінде көрсетілген өзгерістер сомасы дебеттік айналым және кредитінде көрсетілген өзгерістер сомасы кредиттік айналым. Активті шоттың қалдығын есептеу формуласы (соңғы қалдық):

Қа = Қб + Ад - Ак (1)

Қа – айдың аяғындағы қалдық;

Қб – бастапқы қалдық;

Ад – дебеттік айналым;

Ак – кредиттік айналым.

Жаңадан алынған қалдықты бастапқы қалдық ретінде келесі айда шоттың дебетіне жазады. Міндеттемелер шоты актив шоттарына керісінше.

Міндеттемелер шоттары құрылымы:

Қа = Қб + Ад – Ак (2)

Міндеттемелер шотында қарағанда айнадағындай теріс көрсетіледі. Міндеттемелер шотының кредитіне шаруашылық құралдарының көздерінің айдың басындағы қалдығы, көбеюі және айдың аяғындағы қалдығы көрсетіледі, ал дебетінде азаюы көрсетіледі.

Сөйтіп активті шоттарда тек қана дебеттік қалдық, ал міндеттемелер шотында тек кредиттік қалдық болады. Егер шотта қалдық қалмаса шот жабылды деп саналады.

Қаржылық нәтижені есептеу және капиталға әсерін анықтау үшін шоттардың екі тобы белгіленіп бөлінеді. Олар кіріс және шығыс шоттары. Осы шоттардың ерекшілігі – бұл шоттарда қалдық болмайды. Бұл шоттар әр есеп беру мерзімінде жабылады. Осы мақсатпен жиынтық кіріс (зиян) деген бөлек шот ашылады. Шығын азайтады, кіріс көбейтеді. Егер кіріс шығыннан асса пайда алады. Шығын кірістен көп болса зиян шегеді. Шаруашылық операция жасауда шаруашылық құралдары мен олардың көздері құрамында болатын екі жақты жазу бухгалтерлік есептің екі объектісіне өзгеріс енгізеді. Шаруашылық операциялардың шоттарда көрініс табуын, олардың біреуінің дебетінде екіншісінің кредитінде бірдей сомада жазылуын екі жақты жазу деп атайды. Екі жақты жазу әдісін қолдану баланстың активтері, капиталы мен міндеттемелерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді:

  1. Шоттарда дебетте жазылған ай басындағы жалпы қалдық сомасы басқа шоттардың кредитінде жазылған айдың басындағы қалдықтарының жалпы сомасына тең болуы тиіс.

  2. Шоттар бойынша дебеттік айналымның жалпы сомасы кредиттік айналымның жалпы сомасына тең болуы тиіс. Бұл теңдік шоттарда екі жақты жазу әдісін қолданғанда түсіндіріледі.

  3. Шоттар бойынша дебеттік соңғы қалдықтардың жалпы сомасы кредиттік соңғы қалдықтар сомасымен бірдей болуы тиіс.

Кәсіпорын мүлкінің және оның көздерінің өзара байланысын екі жақты жазу бейнелейді, ал шоттардың корреспонденциясы операцияны шоттың қай жағында көрсететінін анықтауға (дебет, кредит) мүмкіндік береді. Сонымен шаруашылық операцияның екі жақты жазу көмегімен бейнеленуі нәтижесінде шоттардың арасында пайда болған байланыс шоттар корреспонденциясы деп аталады. Бір-бірімен корреспонденция көмегімен байланысқан шоттар корреспонденцияланатын шоттар деп аталады. Бухгалтерлік өткізбе қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Бір шот дебеттелетін екіншісі осы сомаға кредиттелетін өткізбе қарапайым, ал егер де шаруашылық операция бойынша белгілі бір сомаға бірнеше шот дебеттеліп және бірнеше шоттар кредиттелетін өткізбе күрделі деп аталады.

Бухгалтерлік есепте шоттардың екі түрі пайдаланылады: синтетикалық және аналитикалық шоттар. Экономикалық жағынан топтасқан біртекті шаруашылық құралдарының және олардың көздерін есептеу үшін ашылған шоттар синтетикалық (жалпылаушы) шоттар деп аталады. Жекелеген объектілерді жіктеу мақсатында ашылған шоттар аналитикалық (талдамалық) шоттар деп аталады. Мысалы: Материалдар 1310 шот синтетикалық, оған қосымша отын: көмір, газ, мұнай, жағармай-аналитикалық шоттарашылуы мүмкін. Синтетикалық есеп шоттарында есеп тек ақшалай өлшеммен жүргізіледі, өйткені синтетикалық шот негізінде кәсіпорын есеп жүргізеді. Ал аналитикалық шоттарда операциялардың есебі ақшалай өлшеммен, қажет болған жағдайда заттай, еңбек өлшемдерімен де көрсетіледі. Кейбір синтетикалық шоттар бойынша біртекті аналитикалық шоттар бір синтетикалық шот шегінде қосымша топтастырылады. Стнтетикалық шот шегінде құрылған біртекті аналитикалық шоттар топтарын аралық (субшоттар) деп атайды. Оларды барлық кәсіпорындар бірынғай синтетикалық шоттардың көрсеткіштерін толықтыратын қорытынды көрсеткіштерді алу үшін енгізеді. Синтетикалық шоттардың 2 түрі бар: жай және күрделі. Жай шоттар аналитикалық есеп жүргізуді қажет етпейді. Ал күрделі шоттар субшоттарға және аналитикалық шоттарға бөлінеді.

Синтетикалық шоттар мен аналитикалық шоттар арасында өзара тығыз байланыс бар:

  1. Аналитикалық шоттардағы айдың басындағы қалдық сомасы синтетикалық шот бойынша айдың басындағы және аяғындағы қалдыққа тең болады.

  2. Аналитикалық шоттардың дебеті мен кредиті бойынша 1 айдағы айналым сомасы синтетикалық шоттың дебеті мен кредиті бойынша айналымға тең болуы тиіс.

  3. Аналитикалық есептің шотына жазылатын әрбір шаруашылық операциясы тиісті синтетикалық шотқа жеке немесе қорытылған түрде жазылуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]