Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Социология.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
261 Кб
Скачать
☆

32 Конфликт әлеуметтануы конфликтіні шешу жолдары жағымды және жағымсыз жақтарын сипаттаңыз

Жанжалдар - адамдар арасындағы өзара қатынас және әлеуметтік байланыстың ең мәнді жағы, сондықтан кең мағынада олар әлеуметтік деп қарастырылады. Ғалымдардың пікірінше, жанжал “қарама-қайшы бағытталған мақсаттардың, мүдделердің, пікір позицияларының, оппоненттер көзқарастарының немесе өзара әрекеттесу субъектілерінің қақтығыстары” немесе әлеуметтік қауымдастық пен индивидтердің қарама-қайшы тенденциялары мен мүдделерінің артуымен сипатталатын адамдар қатынасы, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар, қоғам жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың дамуының жоғары сатысы

Жалпы жанжалды шешуді үш сатыға бөлуге болады.

1. Бірінші саты - дайындық, жанжалға “диагноз” қою керек болғанда, оның типін, күрделілік дейгейін анықтау керек, тереңдігі мен себебін көрсету керек. Сонымен бірге жанжалды басу үшін, ресурстарды зерттеу керек, жанжалға билік, БАҚ сияқты сыртқы факторлардың әсерін бағалау қажет. Әрі қарай жанжалды шешудің бірнеше нұсқаларын жасап, оларды шешу салдарын болжау қажет, жеңістің немесе жеңілістің бағасын анықтап, содан кейін келісімге дайындалу керек. Келісімнің мақсаты істің қиялы емес, берлігі болуы тиіс.

2. Екінші саты - келісімдердің өзі. Ол ұзақ болуы мүмкін.

Міндеттер келесіден тұрады:

1) Келісімге қатысушылардың қысымын жою, сонымен бірге баспасөзді де;

2) Сенім атмосферасын үнемі қолдау;

3) Басым проблемаға назар аудару;

4) Соңғы көзқарастарды бейтарап қалдыру;

5) Қатысушылардың әрқайсысы өзінің пікірін айта алуы үшін және қорытынды құжаттарды дайындауға қатыса алуы үшін өзінің дәлелдері мен ұсыныстарын ынталандыру.

3. Үшінші сатыда делдалға қатысушының жанжалды жағдайдан шығуын іске асыру қажет. Ол үшін:

1) қатысушылар келісіммен қанағаттанғандарын айтып білдіру қажет және ол туралы бір-біріне хабарлау керек;

2) жанжалды шешу үшін болашаққа тиімді жасалынған ережені мойындау керек;

3) қабылданған келісімді іске асыру үшін бақылаудың әдістерін бекіту қажет;

4) қарсыластық ынтымақтастыққа айналу үшін қабылданған шешімдермен бақылауға қатысу керек.

Жанжалды шешу процесін олардың қатысушыларының стратегияларынсыз түсіну мүмкін емес. Сондықтан стратегиялар қатарын қолданады. Бірінші - “страус” стратегиясы - жанжалдың бар болуын мойындамау. “Страус” қабілетті болатын ең үлкен нәрсе ол - “иә, жанжал бар” деп айту. Бірақ өзі оны шешу үшін ештеңе істемейді.

“Көгершіндер” стратегиясында жеңілісті қолдау позициясы көрініс береді және екі жақтың біреуі жеңілген жағдайында пайдаланылады. Мұндай жағдайда жанжалды шешудің жиі жалғасы болмайды.

“Қаршыға” стратегиясы қарсыласын міндетті түрде жеңуге ұйғарады. “Қаршыға” өзінің сызығында мықты тұрады және қарсыласынан көнуді талап етеді.

“Келісім беру” стратегиясы. Оның құндылықтарының бірі - келісім процесінің өзі. Сондықтан көну жеңіліс ретінде емес, проблеманың шешімі ретінде қабылданады.

Жанжалдарды реттеуде үлкен мәнге оның салдары, қорытынды сатысы ие. Бірақ оған әрине қарама-қайшылықтарды тұтастай жою күші және кез келген күресті тоқтату іске кірісуі тиіс.

Жанжалдың салдары әр түрлі объективті және субъективті факторларға, әсіресе жанжалды реттеуде айырмашылықтарды жеңу әдісіне тәуелді. Оқиға жағымды дамыған кезде, шығармашылық еңбек пен демалысқа дәлденуге мүмкіндік беретін, бұрынғы жанжалдасқан жақтарға сыйлы қатынас қалыптасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]