Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Социология.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
261 Кб
Скачать
☆

36 Жаһанданудың ұлттық мәдениетке әсері қандай?

Робертсон теориясының мәдени центристігі мемлекеттер интеграциясының басты бағытын мәдени жүйеленудің орнығуы деп есептеуінен көрінеді.

Робертсон қазіргі заман әлем жаһандануының мынадай сатыларын көрсетеді: А сатысы немесе дүниеге келу сатысы, ол XV - XVІІІ ғасырлар деп көрсетілген. Ғаламдық әлемнің шығуына Еуропа діни тұтастығының бұзылуы, бүкіл планеталық әлем картасының пайда болуы, астрономиядағы гелиоцентристік жүйе және адамзат туралы алғашқы мәліметтер. Б сатысында ғаламдық жүйе дүниеге келеді (1750 - 1850). Бұл кезеңде халықаралық дипломатия жүйесі орнығып, азаматтық ұғымы түпкілікті қалыптасады, мәдениетті жеткізу үрдісі жүреді: халықаралық көрмелердің пайда болуы, еуропалық емес елдерге енген халықаралық коммуникация жүйесі дүниеге келеді. В сатысы ғаламдық әлемнің шарықтау сатысы ретінде түсіндіріледі (1875 - 1925). Бұл кезеңде әлемді төрт жүйелену: экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени жүйелену ретінде ұғыну айқындала түседі және ортақ күнтізбе қабылдау іске асады. Алғашқы халықаралық сайыстар (Олимпиадалар) мен мәдени фестивальдер заңды түрде бекітіледі. Г сатысы гегемония үшін күрес сатысы (1925 - 1969). Бұл екінші дүниежүзілік және “қырғи-қабақ” соғыстар кезеңі, әлемдік саяси-құқықтық жүйенің қалыптасу кезеңі. Робертсон адам құқықтарын қорғау саясатының қалыптасу мәселесіне зор көңіл бөледі. Бұл кезең сонымен бірге “үшінші әлем” тақырыбының пайда болуымен маңызды. Және соңғысы, Д сатысы - белгісіздік сатысы (1969 жылдан осы кезге дейін). Сыртқы кеңістікті зерттеу кезеңі, бұл жерде ғарыштық зерттеулер, адам құқықтары туралы халықаралық пікір таластардың шығуы және кейінгі материалистік құндылықтарды насихаттайтын пайымдаулардың таралуы туралы сөз болып отыр. Ғаламдық феминистік және экологиялық қозғалыстардың пайда болу сатысы, шын мәніндегі жаһандық масс-медиа, ғарыштық коммуникациялар дүниеге келеді. Халықаралық қатынастар күрделілене түседі.

39 Хіх ғасырда әлеуметтану ғылымының пайда болу себептерін атаңыз

ХІХ ғасырдың алғашқы жартысы, ал болған жері Батыс Еуропа. Кейіннен социология жер шарының әр түрлі әлеуметтік-мәдени ареалдарында дамып, тарады.

Осы жерде ғылымның алдыңғы тарихы аяқталып, оның тарихы басталады.

КЛАССИКАЛЫҚ кезең (ХІХ ғасырдың ортасында пайда болған сәттен Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін) пәннің салыстырмалы түрде алғанда әлсіз жіктелуімен және академиялық мекемелер шеңберіндегі институттану процестерімен сипатталады. Ерте және кейінгі классика арасындағы ажыратушы оқиға - Бірінші дүниежүзілік соғыс және Ресейдегі Октябрь революциясы болды. Ерте классиканы шартты түрде “бір фактор” мектебі деп атауға болады. Бұл уақытта ғалымдар қоғам дамуының әлеуметтік процесін, тарихи процестің бағыттарын анықтайтын басты, шешуші факторды табуға тырысты. Бұл кезеңде неғұрлым кең тараған мектептер органицизм, механицизм, әлеуметтік география, әлеуметтік дарвинизм, нәсілдік-антропологиялық теориялар, психологиялық мектеп сияқты мектептер болды. Бұл мектептердің жалпы айырмашылықтары болғанымен оларға тән кейбір ортақ әдіснамалық белгілері болды. Олардың барлығы эволюционизм методологиясына негізделеді. Бұл кезең мектептерінің маңызды белгісі қандай да бір құбылыстың кез келген ғылыми емес түсініктерінен бас тарту болды: мистика да, алдын ала жазылып қойылатын құндылықтар да, апологетика да әлеуметтік ғылымдарда орын алмауы тиіс.

Кейінгі классика кезеңі бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары мен Қазан социалистік революциясынан бастап қоғам үшін ашылған баламаларды ұғынудан басталады да екінші дүниежүзілік соғыспен аяқталады. Оны социологиядағы плюралистік көзқарастың бекіген кезеңі деп атауға болады. Бұл уақытта социологиялық методология айтарлықтай алға жылжыды. Бұл кезең социологизмнің әлеуметтік құбылыстарды зерделеудегі басты методологиялық принципі ретінде қалыптасуымен ерекшеленеді (Э.Дюркгейм).

Социологиялық ділдің (менталитеттің) қалыптасуына үлес қосқандар Э.Дюркгейм мен оның социологизм мектебі, М.Вебер және оның социологиясы; В.Парето және элиталардың айналым теориясы; марксизм еңбекті жатсыну теориясымен бірге; А.Адлер мен К.Юнгтің еңбектеріндегі психоталдау. Социологияда статистикалық-математикалық ғылымды пайда­лану кең етек жаюда. Бұл ретте Я.Мореноның социометриясы мен П.Лазарсфельдтің бұқаралық коммуникация құралдарын зерттеуі жарқын мысал бола алады. Осы кезеңнің соңына социология ғылымының жоғары беделінің куәгері үкімет тарапынан қоғамның қауіпсіздігі мен қорғанысы үшін шешуші мәні бар зерттеулерге тапсырыс алу фактісі болып табылады. Әңгіме американ ғалымы Г.Лассуэлдің Гитлер мен Сталиннің саяси портретін жасау жөніндегі жұмыстары туралы, Т.Адорноның жетекшілігімен Германия мен АҚШ-та жүзеге асырылған авторитарлық тұлға жасау факторларын зерделеудің халықаралық жобасы туралы болып отыр.

Социологияның дамуының институттану сипаттамалары:

Классикалық кезең. Ерте классикалық кезеңінде социология алғаш рет университеттерге енгізіле бастады, алғашында Батыс Еуропада, кейіннен Солтүстік Америкада, Ресейде және кейбір басқа елдерде. Социология профессорлары, сосын кафедралар, ғылыми журналдар, кәсіптік, ұлттық және халықаралық қауымдастықтар пайда бола бастады. Социологияның институттануының ірі белесі болғандар: 1983 жылы Парижде Халықаралық социология институтының негізі қалануы, 1901 жылы Бірінші дүниежүзілік Орыс қоғамдық ғылымдар Жоғары мектебінің шеңберінде ашылуы, L’Annee Socіologіque және The Amerіcan Journal of Socіology журналдарының ашылуы. Ресейде бұл кезең 1916 жылы М.М. Ковалевский атындағы Орыс социологтары қоғамының құрылуымен аяқталды.

Кейінгі классика кезеңі әлемнің жетекші университеттеріндегі кафедралар мен факультеттердің қарқынды дамуымен, дербес социологиялық зерттеу институттарының пайда болуымен, социологтардың халықаралық ынтымақтастығының одан әрі нығаюымен және жекелеген мектептердің ұлттық шекара шеңберінен шығуымен сипатталады. Соңғы тенденцияның мысалы Франкфурт мектебі бола алады, оның жолын қуушылары Германияда ғана емес, Францияда, Англияда, Швейцарияда және АҚШ-та бар. КСРО-да бұл кезең 1918 жылы елдің жетекші университеттерінде факультеттер құрумен және әлеуметтік проблемалардың кең ауқымды спектріне маманданған инститтуттардың ашылуымен басталды.

Қазіргі заманғы кезең. Соғыстан кейінгі социология университеттер шегінен асып шығады, кәсіпқой социологтардың едәуір саны салалық зерттеу орталықтарында шоғырланады. Басқару менеджменті сияқты әлеуметтік технологиялар немесе саяси болжаудың әр түрлі әдістемелері, мысалы, сараптамалық бағалау және брейнсторминг сияқты танымал әдістері пайда болады және қарқынды дамиды.

Жаңа социология кезеңінде салалық социологиялық ынтымақтастық кеңінен дамиды, салыстырмалы халықаралық зерттеу жобалары кең қанат жаяды, халықаралық социологиялық басылымдар саны артады.

Социология ғылымының дамуының сұлбасы жалпы алғанда осындай. Социологиялық ойдың дамуы кезеңдерінің мазмұнымен нақтырақ танысу үшін нақты тұлғалар мен мектептерді қарастыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]