- •Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, функциялары
- •3. Әлеуметтану білімінің құрылымы
- •4. О.Конт – әлеуметтанудың негізін қалаушы. Оның қоғамның даму кезеңдерін қарастыруы. Әлеуметтік статистика және динамика тұжырымдамасы
- •5. Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
- •6. Экономикалық әлеуметтанудың әлемдік ғылымда пайда болуы және қалыптасуы
- •7. Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші құқықтық факторлардың сипаттамасы
- •8. Неке және отбасы түсінігі. Отбасының пайда болу түрлері
- •9. Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы мен көздері
- •10. Девиантты және делинквенті мінез-құлық
- •11. П.Сорокиннің қоғамдағы стратификация мәселесі
- •12. Әлеуметтанудағы теориялық және эмпирикалық мәселесі
- •13. Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
- •14. Әлеуметтік институттар мен ұйымдар
- •15. Э.Дюркгейм енгізген аномия ұғымы
- •16. Отбасы әлеуметтік институты ретінде
- •17. Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты мен міндеті
- •18. Социологиялық сұхбаттасуға сипаттама беріңіз
- •19. Қоғам құрылымындағы тұлға
- •20. Әлеуметтік институттардың негізгі белгілері Қоғамның басты институттарының белгілер
- •21. Әлеуметтік стратификация
- •22. Этноәлеуметтану объектісі және пәні
- •23. Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер
- •24. Сауалнаманың құрылымы
- •25. Әлеуметтанулық зерттеудің кезеңдері
- •4 Кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
- •26. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы
- •27. Құқық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәні
- •28. Әлеуметтік жанжалдар қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Л.Козер, р.Дарендорф жанжал зерттеудегі қосқан үлестері
- •29. «Мәдениет» және «субмәдениет» арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Субмәдениеттің түрлері
- •30. Саяси әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні
- •32 Конфликт әлеуметтануы конфликтіні шешу жолдары жағымды және жағымсыз жақтарын сипаттаңыз
- •33 Дін әлеуметтік құбылыс ретінде, оның қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай?
- •36 Жаһанданудың ұлттық мәдениетке әсері қандай?
- •39 Хіх ғасырда әлеуметтану ғылымының пайда болу себептерін атаңыз
- •40 «Тұлғаның әлеуметтенуі», «тұлғаның дамуы», «тұлғаның тәрбиесі» түсініктеріне талдау жасаңыз
- •47 Девиантты мінез-құлықтың қандай түрлері мен формалары бар және бүгінгі таңда олардың себеп-салдарлары қандай?
- •49 Қазіргі заманғы қазақстандық отбасыларында қандай гендерлік өзекті мәселелер бар?
- •51 Қазіргі қоғамда тұлғаның қалыптасуына отбасы институтының атқаратын рөлі қандай?
11. П.Сорокиннің қоғамдағы стратификация мәселесі
Питирим Сорокин кез келген ұйымдасқан әлеуметтік топ әрқашан әлеуметтік стратификацияланған деп есептейді. “Жазық” болатын және барлық мүшелері тең дәрежелі болатын бірде-бір тұрақты әлеуметтік топ болмаған және болмайды да. Қабатталмаған, мүшелері шынайы тең дәрежелі болатын қоғам - ол қиял, адамзат тарихында әлі болып көрмеген нәрсе”. Питирим Сорокиннің стратификациялық теориясының негізгі қағидасы әлеуметтік стратификациялардың нақты ипостасьтары көп және әр алуан болса да, олардың барлық санқырлылығы негізгі үш нысанға: экономикалық, саяси және кәсіптік стратификацияға келіп тірелуінде. Әдетте, бұл үш нысан тығыз байланысқан, жоғары топқа қандай да бір қатысы бар адамдар бұл қабатқа әдетте басқа өлшемдер бойынша да қатысты болады ғой; және керісінше.
1. Егер де қандай да бір қоғам мүшелерінің экономикалық мәртебесі тең емес, олардың арасында байлығы барлар да, жоқтар да болатын болса, онда мұндай қоғам қандай принциптермен, коммунистік немесе капиталистік принциптермен құрылғанына қарамастан экономикалық қабаттануымен сипатталады.
Егер де қандай да бір топтың шегінде беделі мен рөлі, атағы мен мәртебесі мағынасында иерархиялық әр түрлі дәрежелер болатын болса, онда бұл берілген топтың өзінің конституциясында немесе декларациясында жариялағанына тәуелсіз саяси жіктелгенін білдіреді.
П.Сорокин өзінің теориясының көмегімен мынадай сұрақтарға жауап табуға тырысады: “әлеуметтік ғимараттың биіктігі қандай”, “әлеуметтік конустың табанынан төбесіне дейінгі қашықтық қандай”, “оның беткейлері тік пе көлбеу ме”. Бұл сұрақтардың жауаптары әлеуметтік стратификацияны сандық бағалауға - “әлеуметтік ғимараттың” сыртқы көрінісін бағалауға көмектеседі.
12. Әлеуметтанудағы теориялық және эмпирикалық мәселесі
Макросоциологияның дамуы қазіргі заманғы теориялық социологияның қалыптасуына, ал микросоциологияның дамуы эмпирикалық (қолданбалы) социологияның қалыптасуына алып келді деген түсінік бар. Мұндай баға негізсіз емес, бірақ толық мәнінде ақиқат нәрсе деп мойындауға болмайды. Макросоциологияда да, микросоциологияда да теориялық және эмпирикалық деңгей бар. Макросоциологтар (Э.Дюркгейм, М.Вебер, Ф.Теннис, П.Сорокин, т.б.) эмпирикалық социологиялық зерттеулермен белсене айналысқан, ал микросоциологтар (мысалы, американ социология мектебінің өкілдері) маңызды социологиялық теориялардың негізін қалаған.
Білімнің деңгейіне қарай социология теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді.
Теориялық білім - бұл теориялық білімнің социологиялық теориялары, болжамдары, типологиялары және т.б. нысандары.
Эмпирикалық білім - эмпирикалық білімнің статистикалық мәліметтері, фактілері, жіктелуі және басқа да нысандары.
Егер де социологияны “теориялық” және “эмпирикалық” деп бөлу білімнің деңгейімен (теориялық және эмпирикалық) байланысты болса, ал социологияны “іргелі” және “қолданбалы” деп бөлу - социологияның өзінің ғылыми немесе қолданбалы бағдарларына (функциясына) байланысты. Эмпирикалық зерттеу іргелі социологияның да, қолданбалы социологияның да шеңберінде жүргізілуі мүмкін. Егер оның мақсаты - теория жасау болса, онда ол іргелі социологияға (бағыты бойынша) жатады. Егер де оның мақсаты - тәжірибелік ұсынымдар жасау болса, онда ол қолданбалы социологияға жатады. Алатын білімнің деңгейіне қарай эмпирикалық зерттеу шешетін есебінің сипаты бойынша қолданбалы болуы мүмкін - шынайылықтың түрленуі. Бұл теориялық зерттеулерге (білім деңгейі бойынша) қатысты. Сөйтіп қолданбалы зерттеулер ерекше деңгей жасамайды. Бұл эмпирикалық және теориялық зерттеулердің өзі (білім деңгейі бойынша), бірақ қолданбалы бағытта болады.
Ең алдымен тұтас қоғам өмірін сипаттауға және түсіндіруге тырысатын жалпы социологиялық теорияларды бөліп қараған жөн.
Бұдан әрі арнайы социологиялық теорияларды немесе орта деңгей теорияларын бөліп қараған жөн.
Орта деңгей теориялары зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлерін үйлестіреді, бұған қоса жалпы социологиялық теорияларға да және нақты социологиялық зерттеулердің нәтижелеріне де сүйенеді.
орта деңгей теориялары қоғамдық өмірдің жекелеген салалары мен бөлімдерінің социологиялық проблемаларын қарастырумен айналысады, оларды зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері табысты түрде үйлесіп жатады. Социологиялық білімнің жинақталуына қарай зерттеудің жаңа ауқымдары қалыптасады, ол тиісінше социологияны барлық уақытта өз заманына сай ғылым етіп отырады.
