Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
osnovy_prava_okonchatelny (1).docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
206 Кб
Скачать
☆

4) Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар. Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері. Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін. Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан. Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін.

Құқықтық мәдениет – белгілі бір мемлекеттік діни, этникалық қауым мүшелері қабылдаған, олардың қызметін реттеу үшін пайдаланылатын құндылықтар, құқықтық идеялар, сенім-нанымдар, мінез-құлық қалыптары, құқықтық дәстүрлер жүйесі. Бір мемлекет шеңберінде бірнеше құқықтық мәдениет болуы мүмкін. Әсіресе бұл көп ұлтты, көп дінді қоғамдарға тән. Көп ұлтты Қазақстанда қазақы әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік құқықтық мәдениеттен басқа орыстардың, т.б. ұлттардың әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік құқықтық мәдениеті, мұсылмандық,христиандық, т.б. діни құқықтық мәдениет қалыптасқан.

5) Заңдылық, құқықтық тәртіп түсінігі мен құқықбұзушылықтың түсінігі, құрамы, түрлері

Заңдылық - Демократиялық саяси жүйенің жалпы принциптері. Заңның бірлігі мен үстемдігімен, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдар мен жеке азаматтардың оны дәл, барлық жерде және бұлжытпай орындауы, құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқықтық жауапкершіліктің болмай қоймайтындығы және адамның құқы мен бостандықтарының кепілдігі түрінде көрінеді.

 Заңдылық қағидасы - барлық мемлекеттiк құрылымдар, лауазымды тұлғалардың қызмет етуінің  және азаматтардың құқықтық мiнез-құлығын нақты жүзеге асырудың мiндеттi түрдегі шарты болып табылады..

Ол заңға сүйенген мемлекеттiң қағидаларымен, яғни құқықтың үстiнен қараушылығы, адам басымдылығы , билiктiң бөлiнуiмен тығыз байланысқан, бiрақ оған ол қамтымағанында емес, барлық заңға сүйенген  қоғамдарда қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қызметiнiң заң бағдары болып табылған және мiндеттi орындауға жататын заңдағы өрнек табуы керек. Ал полициямен адам құқықтарын  мен бостандығын қамтамасыз етуі бойынша өзінің мiндеттерiн атқарылуы олардың жалпы қызметінің заңдылығының көрсеткішін құрайды.

Екінші жағынан, полиция қызметкерлерімен заңдылық талаптарын сақтау және сақтамаудың нәтижелері  адам құқықтарын мен бостандықтарын қорғау шараларына әсер етеді. Бұл жағдайда ғана, бұл органдарға халықтың жағымды көңіл-күйі, сенімділіктің деңгейі және құқықтық тәртіптің жағымдығы көбееді немесе азаяды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында бұл мәселе өткір болып, құқық органдардағы  жан-жақты қамтамасыз ету және заңдылықты нығайту мақсатында  шараларды жүзеге асырылуын талап етеді. Қоғамға мәдени бейне сипатын қайтару үшн біздің өмір салтына заңдылықтың қағидаларын енгізу қажет. Қазіргі кезде, заңдылықтың теориясы Кеңес Үкіметі кезіңде пайда болған өзінің идеалистік  мінездемесін өту  уақытында орналасқан. Өйткені зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, заңдылықтың жүз пайыздай қамтылуы мүмкін емес.

Құқықтық тәріп – нақтылы сақталатын болмыс болып есептелетін құқықтық режимді кемелдендіру мен реформалаудың нәтижесінде жүзеге асады.

Құқықтық тәртіп заңға сүйеніп мемлекетті басқарудың принциптері мен стратегиялары, «жеке адамның еркімен басқаруы, дара билеу» мен салыстырылып айтылған мемлекетті басқару теориялары, принциптері, әдістері және режимдері. құқықтық тәртіп демократиялық саясаттың алғы шарты және басты мақсаты, асыл мұраты.

Құқықтық тәріптің қалыптасуы мен дамуы барлық мемлекетте болмайды. Тек демократиялық режимдегі мемлекетте ғана құқықтық тәртіп (заңның ұлықтылығы, заңның билік құруы) сақталады.

Құқықтық тәртіптің басты талабы – Заңға қатаң бағыну, заң барлық қоғамдық реттеу шараларында өзінің ең жоғары, ықпалды, күштеу (мәжбүрлік) ерекшелігіне ие болтындығында. Керісінше лауазымды тұлғаның қалауы бойынша болмайды.

Құқықтық тәртіптің жүзеге асырылуының басты белгісі (нышаны) – бір мемлекеттің кез-келген органы, ұйымы, жеке адамы, мемлекеттің ең жоғарғы басшысы (мемлекет басшысы) барлығы да заңға қатаң бойсынады және заң талаптары бойынша жұмыс жасайды.

Құқықбұзушылық–бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.

Құқықбұзушылықтың белгілері:әрекет немесе әрекетсіздік; кінә;

құқыққа қайшылығы; зиянды нәтиже; әрекет пен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс; заңды жауапкершілік.

Құқықбұзушылықтың құрамы:

1. Құқықбұзушылықтың субъектісі–бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқықты әрекетқабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым.

2. Құқықбұзушылықтың объектісі–бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абырой, мүлік және т.б. жатады.

3. Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы–бұл тұлғаның өз әрекетіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл жерде басты категория болып кінә табылады. Кінә дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы.

Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. Қасақаналық тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қаламаса да, олардың туындауына саналы түрде жол береді.

Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік және немқұрайдылық.

4. Құқықбұзушылықтың объективтік жағы–бұл осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады: а) әрекет немесе әрекетсіздік; ә) құқыққа қайшылық; б) зиянды нәтиже; в) әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.

Құқықбұзушылықтың белгілері:әрекет немесе әрекетсіздік;

кінә;құқыққа қайшылығы;иянды нәтиже;әрекет пен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс;заңды жауапкершілік.

Құқық бұзушылықтың әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, экологиялық ,тәртіптік теріс қылық және т.б түрлері бар.Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқықбұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды.Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады. Мыс жол ережесін бұзу, ұсақ бұзақылық.Экологиялық құқық бұзушылық (орыс. Экологическое правонарушение) — табиғи ортаны қорғау туралы заңдарды бұзушыларға, табиғи ортаға, адам денсаулығыназиян тигізушілерге, сондай-ақ осы тектес қауіп-қатер туғызушыларға қарсы қолданылатын заңды іс-әрекет. Өмірде табиғи объектілердің табиғи жағдайларының нашарлауы, олардың экологиялық байланысының әлсіреуі, табиғи объектілердің өзін-өзі тазалауы мен өзін-өзі қайта қалпына келтіру қабілетінің төмендеуі, табиғаттың, сонымен бірге адамның қорғану қасиетінің кемуі жиі ұшырасады. Олар тигізетін экологиялық зиянның құнын анықтау өте қиын, олардың көлемін ақшамен есептеу тіпті мүмкін емес.Азаматтық құқық бұзушылыққа жеке басқа, азаматқы немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір қасиетінқаралайтын мілңметтер тарату және т.б жатады.

Құқық бұзушылықтар әлеуметтік қауіптілігіне байланысты және зиян келтіру дәрежелеріне қарай қылмыстар және теріс қылықтар деп жіктеледі.Қылмыстар қоғамға қауіптілігі (зияндылығы) жағынан барынша жоғары дәрежеде болатындығымен ерекшеленеді. Олар қоғамның ең маңызды, едәуір мәнді мүдделеріне нұқсан келтіреді. Мұндай ең маңызды, едәуір мәнді мүдделерге нұқсан келтірулер мен қол сұғулардан қылмыстық заңдар қорғайды. Жасалған қылмыстар үшін заң аса қатал жазалау шараларын белгілейді,Формалды түрде қылмыстың барлық белгілері бар болса да қайсы бір қылмыстар қылмыс болып саналмайды. Олай болатын себебі кейбір жағдайларда әлгі қылмыстардың коғамдық қауіптілігі мен зияндылығының маңызы мардымсыз болып келеді.Теріс құқықтар - әлеуметтік зияндылығы мен қоғамдық қауіптілігі төмен дәрежеде болатындығымен ерекшеленетін құқық бұзушылықтар.Бұлардың нұқсан келтіретін объектілері мен заңдық салдары да түрлі-түрлі болып келеді жөне де олар қоғам болмысының әр түрлі салаларында болып жатады.

Теріс қылықтардың жіктелуі:

1. Мүліктік және кейбір жекелік мүліктік емес қатынастар аясындағы құқық нормаларын бұзу азаматтық-құқықтық нормаларды бұзушылықтар деп аталады;

2. Заң белгілеген қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқару-орындау саласындағы қатынастарға нұқсан келтіруін әкімшілік құқық бұзушылықтар деп аталады;

3. Еңбек қатынастары аясындағы кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың ішкі еңбек ұйымдастыру тәртібіне нұқсан келтіруін тәртіптік құқық бұзушылықтар деп аталады;

4. Заң арқылы белгіленген рәсімдерді әділсоттың жүзеге асыруына (куәлардың сотқа келмей қалуы) нұқсан келтіруін жүргізу қатынастарындағы құқық бұзушылықтар деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]