Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айдана диплом.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
761 Кб
Скачать
☆

Қосымшалар

Ерітіндінің сыну корсеткішін анықтау үшін мен УРЛ – 1 рефрактометрін қолданылды. Лабораториялық УРЛ – 1 рефрактометрі сұйықтықтар мен қатты заттардың сыну көрсеткішін толық шағылысу әдісі арқылы тікелей өлшеуге арналған.

5-сурет. УРЛ – 1 реврактометріндегі сәулелер жолы.

УРЛ – 1 рефрактомертіріндегі сәулелердің жолы 1 – суретте көрсетілген. Жарық көзінен (1) шыққан жарық будасы конденсорлы линзалар (2) көмегімен АВ жарықтандырғыш призманың кірер бетіне (3) бағытталады, АС призмасының ақ бетінен зерттелетін ерітіндінің жұқа қабатынан (0,1 мм) өтіп, ДЕ өлшегіш призмасының (4) беті мен сұйықтық шекарасының әртүрлі бұрыштарында сынады. Белгілі бір бұрышпен сынған жылжымалы сәлелер мен басқа бұрыштармен сынған сәулелер тікелей көру призмасы (5) мен шағылу призмасынан (6) өтеді, және жинағыш линзасының (7) фокальді жазықтығында тіке шекарамен бөлінген жарық және қараңғы аудан бөліктерін түзеді. Жарық шекарасын көру трубасы (8) арқылы көреді. Жарық көлеңкесінің шекарасының көрсеткіші зерттелінетін ерітіндінің сыну көрсеткішіне байланысты. Бақылау кезінде жарықтың шашырау болса, жарық көлеңкесі түрлі түсті болып көрінеді. Сондай жағдайда, түстілікті жою үшін, екі тікелей көру призмасынан (5) тұратын конденсор қолданылады. Призманың көру трубасының осіне қатысты айналдыру арқылы жарық көлеңкесін әртүрлі түсті болмайтындай жағдайға келтіреді.

6-сурет. УРЛ – 1 реврактометрінің жалпы көрінісі.

1-негіздің үстінде құрылғының корпусы орналасқан. Өлшегіш призма корпусқа берік бекітілген төменгі камераның (3) ішінде орналасқан. Жарықтандырғыш призма төменгі камерамен жалғанған жоғарғы камераның (4) ішінде орналасады. Жарық көзі (5) жылжымалы түрде төменгі камераның штуцеріне бекітілген. Камера жылуды бiрқалыпты ұстап отыру үшiн арналған тетiктермен жабдықталған. Олар нақты өлшеулер алу үшін қолданылады. Корпус қақпағының алдыңғы бөлігінен рефрактометрдің шкаласы (7) көрінеді. Окуляр (8) арқылы қарағанда, жарық көлеңкесінің түстілігін жою қызметін дисперсионды компенсатордың лимб (9) атқарады. Құрылғы осінде окулярмен (8) және реттеу механизмнен (11) тұратын тұтқа бекітілген. Құрылғы негізінің ішінде төмендететін трансформатор орналасқан. Қосқыш тетік (12) құрылғы негізінің алдыңғы бөлігінде орналасады және жарық көзін қосу үшін арналған.

Электрлік араластырғыш: әртүрлі химиялық активті сұйықтықтардың қатты заттармен немесе сұйықтықты сұйықтықпен араластыруға арналған құрылғы. Осы құралғыға вольтметр арқылы ток күшін беріп, айналу жылдамдығы 6000 20 айн/мин тең, ұзындығы 35 см, диаметрі 6 мм болатын шыны араластырғыш арқылы реактивтертер араластырылды.

Шотта воронкасы. Ерітіндіні тез сүзу үшін ваккум жағдайында шотта воронкасын қолданылады. Вакуумды қолдану фильтрлеуді жылдамдатуға мүмкіндік береді. Вакуум жаңдайында фильтрлеу үшін арнай құрылғылар орнатылады. Ол құрылғылар схемасы негізінен су насосынан (1), Бунзен колбасынан (2) және Бунзен колбасына жалғанған Бюхнер воронкасынан (3) немесе Шотта фильтрінен тұрады. Кей жағдайда, судың колбаға сорылып тартылуын болдырмас үшін, вакуум жасайтын су насосы мен Бунзен колбасы арасында қорғаныш шыны сауытын (склянка) орнатады. Судың колбаға сорылып тартылуы жұмыс кезінде су насосына судың жіберілуі тоқтатылған жағдайда болады. Сондықтан, фильтрлеудің соңында бірінші вакуум шлангісін Бунзен колбасынан ажырату кажет. Тек содан кейін суды өшіру керек.

.

7-сурет. Ваккум арқылы сүзу схемасы

Шотта фильтрі – пластинкасы кеуек шыны болатын шыны воронка. Кеуектердің көлемі әртүрлі болуы мүмкін. Егер суды ірі кеуекті Шотта фильтріне құятын болсақ, онда су жиі тамшылармен немесе жәй ағынмен ағады. Кеуектері кішкентай фильтрде су өте баяу ағады. Әдетте Шотта фильтрінің диаметрі бірнеше сантиметр, өте сирек жағдайда бірнеше ондаған сантиметр болады. Әрине, фильтрлеу жылдамдығы тек кеуектің көлеміне ғана емес, сонымен қатар, оның диаметріне де, насостың сору күшіне де байланысты болады.

Бюхнер воронкасы – жазық түбі сауылаулардан тұратын фарфор воронка. Сол сауылаулардың бетіне дөңгелек фильтр қағазын салады. Фильтр қағазы варонканың түбіне жабысып тұруы қажет. Ол үшін қағазды кішкене сулап жіберуге болады.

Сулы ағынды насостарды шыныдан, пластмассадан және металдан жасайды. Өкінішке орай, шыны насостар тез сынуға бейім болып келеді. Сондықтан металдан жасалған насостар бағалы болып табылады. Жақсы сулы ағынды насостар құрамында спирт немесе ацетон бар жылы су қайнайтын ваккум тудырады. Басқа типтегі насостар факуумды фильтрлеу үшін мүлдем қолданылмайды десе де болады.

рН-метр-сутек иондарының ерітінділердегі, шикізаттағы, судағы және тамақ өнімдеріндегі концентрациясын сипаттайтын сутек көрсеткішін өлшеуге арналған құрылғы. Көпшілік жағдайда рН дәл мәнін емес,ерітіндінің реакциялы қышқылды ма немесе сілтілік пе соны сапалық түрде білу жеткілікті болады,ол үшін индикатор деп аталатын арнаулы реактивтерді пайдаланады.Ол индикаторлар сутек иондарының концентрациясына қарай өз түсін өзгертіп,ерітіндінің қышқыл,бейтарап,немесе сілтілігін көрсетеді. Жиі қолданатын индикаторлар лакмус,фенолфталин,метилоранж.

Кері тоңазытқыш. Тоңазытқыш-көбінесе суыту ортасы ретінде су қолданылатын буды конденсациялауға арналған құрылғы. Қолданылу әдістеріне байланысты тоңазытқыштар тіке және кері болып бөлінеді. Тіке тоңазытқыш-буды конденсациялау және түзілген конденсатты реакциялық аймақтан алып кету үшін қолданылады. Осы жұмыста кері тоңазытқыш қолданылды.

8-сурет. Кері тоңазытқыш

Кері тоңазытқыш-буды конденсациялау және конденсатты реакциялық массаға қайта алып келу үшін қолданылады. Осындай тоңазытқыштарды әдетте тігінен орналастырады. Кері тоңазытқышты шарикті тоңазытқыш деп атайды, себебі, бұл тоңазытқыштың кеңістігі шар түрінде болады. Бу қозғалысы кері тоңазытқышта турбулентті болады және мұндай тоңазытқыштың суыту қабілеті Либих тоңазытқышымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болып келеді. Суытқыш агент төменнен жоғарыға жіберіліп отырады. Шарикті тоңазытқыш арқылы аралыстырғаш ось орнату және реакторға әртүрлі заттар енгізу өте ыңғайлы болып келеді. Әдетте шар мөлшері 3-8 аралығында болады. Егер конденсат қайнап тұрған сұйықтыққа ағып үлгермей жатса, кері тоңазытқышты кішкене көлденең орналастырады, бірақ конденсаттың тоңазытқыш шарларында тұрып қалмауын болдырмас үшін қатты көлденең орналастыруға да болмайды. Конденсаттың тоңазытқыш шарларында шоғырланып қалуы, тоңазытқыштың суыту қабілетінің төмендеуіне алып келеді.

Хлоркальцийлі трубкалар әртүрлі заттарды және ерітінділерді ауада болатын су буы, көміртек диоксиді сияқты қажет емес қоспалардан қорғау үшін қолданылады. Титрленген ерітіндісі бар ыдысты көміртек диоксидінен қорғау үшін әдетте аскоратин бөлшектерімен немесе натрон ізбесімен толтырылған хлоркальцийлі трубкалармен жабдықтайды. Қарапайым хлоркальцийлі трубкаларды толтыру үшін алдымен шар тәріздес бөлігіне таза мақтаны шардың жарты бөлігін жауып тұратындай салады. Содан соң кішкентай көлемдегі сіңіргіш затты мақта үстіне салып, үстіне тағы таза мақта қояды да хлоркальцийлі трубканы пробкамен жабады.

9-сурет. Хлоркальцийлі трубкалар. а) қарапайым; б) U-тәріздес

Трубкаға жабдықталатын мақта мен сіңіргішті нығыздап салуға болмайтынын есте ұстау керек. Хлоркальцийлі трубкаларды ыдысқа резина көмегімен қосады.

41

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]