- •1.Сақтандырудың экономикалық мазмұны
- •2.Сақтандыру қаржы нарығы дамуының ажырамас бөлігі ретінде.
- •5. Мемлекеттің резервтік қорлар жүйесіндегі сақтандыру қоры
- •7.Сақтандыру келісімшарты: түсінігі, негізгі элементтері ерекшеліктері мен пайда болу шарттары
- •9.Қр сақтандыру нарығының институционалдық құрылымы.
- •12.Сақтандыру сыйақысы сақтандыру компанияларын қаржыландырудың қайнар көздері ретінде.
- •15. Рентаны сақтандыру түсінігі
- •16. Зейнетақыны сақтандыру – жеке сақтандыру түрі
- •«Жалпы сақтандыру» саласына кіретін жауапкершілікті сақтандырудың мәні мен мағынасы.
- •17. Мүлікті сақтандырудың экономикалық және қаржылық белгілері
- •19. Жауапкершілікті сақтандырудың міндетті және ерікті түрлері: негізгі ерекшеліктері мен жіктеліну белгілері.
- •20. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
- •22.Сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары.
- •23.Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қызметі.
- •24. Сақтандырушының қаржылық жағдайын бағалау.
- •25.Қайта сақ-у мен сақ-удың теориялық негіздері мен мәндері
- •26.Қайта сақтандыру сақтандыру операц-ң қаржылық тұрақтылығын нығайтудың әдісі ретінде
- •Сақтандыру маркетингіне жалпы сипаттама
- •28. Шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтерде орын алған жағдайларға байланысты жауапкершілікті сақтандыру.
- •29.Несиені төлемегені үшін қарыз алушының жауапкершілігін сақтандыру.
- •30.Шет елдерде сақтандыру ісін ұйымдастыру
- •Сақтандыру негізгі экономикалық категориялардың бірі ретінде
- •32.Әлеуметтік сақтандыру жүйесі
- •33. Сақтандырудың экономикалық табиғаты және қызмет ету аясы
- •34 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісі
- •35.Сақтандырудағы ақша ағындары
- •36.Әлемдік сақтандыру нарығының сипаттамасы
- •37.Отандық сақтандыру саласының даму тарихы
- •38. Қазақстанның сақтандыру нарығы: негізгі даму перспективалары
- •39. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының тарихы және қазіргі кездегіжағдайы
- •40.Отандық сақтандыру нарығының дамуының негізгі мәселелері
- •41.Сақтандыру нарығынлағы негізгі қатысушылары
- •42.Сақтандыру нарығындағы бәсекелестік
- •44.Институционалды инвестордың қызметі, сақтандыру компаниясының негізгі және перспективалық қызметі ретінде
- •45.Әлемдік тәжірибедегі сақтандыру компанияларының негізгі типтері
- •46.Дамыған мемлекеттердегі сақтандыру нарығының ерекшеліктері
- •47.Зейнетақылық аннуитет зейнетақы қорына балама ретінде
- •48.Сақтандырудың сақтық қорғау обьектісі тұрғысынан негізгі сыныптамасы: саласы, сыныптары, түрлері
- •50.Сақтандыру компанияларының қаржысы
- •51.Нарықтық экономикадағы сақтандырудың орны мен ролі
- •52.Сақтандыру қатынастарының пайда болуындағы тәуекелдің ролі
- •54.Қазақстандағы өмірді сақтандыру жүйесі
- •55.Сақтандырудың табиғаты мен қажеттілігі
- •56.Мүліктік және жеке сақтандырудың ерекшеліктері
- •58.Сақтандыру нарығының субьектілері
- •59.Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі сақтандыру
- •60.Сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу
- •Сақтандырудың экономикалық мазмұны.
5. Мемлекеттің резервтік қорлар жүйесіндегі сақтандыру қоры
Сақтандыру қоры - дүлей апаттар мен басқа да төтенше уақиғалар келтірген зиянның алдын алуға, жоюға және орнын толтыруға арналған заттай және қаржы қорлары нысанында құрылатын қаражаттың босалқы қоры. Қоғамның сақтық қорларының құрамдас бөлігі болып табылады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджеті, мемлекеттік сақтандыру қорлары,кооперативтік ,акционерлік және басқа қорлар.сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру қорлары ерекше сақтандыру қоры ретінде әрекет етеді. Сақтандыру әдісімен құрылатын сақтандыру қоры тіркелген сақтандыру төлемінің түсімі есебінен құралады және тек сактандыру өтемі мен сақтандыру сомасын төлеу үшін ғана пайдаланылады.
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатнастарының айрықша сеферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп (мотив) – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процентерін жалғастыру, азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақты аспектерін) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесен резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады. Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдіс. Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюжеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды. Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъктілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады. Сақтық қорлар – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуы, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі. Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтау қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді. Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол – табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден-бір бөлігі.
6. ҚР-да сақтандыру заңнамасының пайда болу кезеңдері, оның дамуы. Жалпы алғанда 1991-1994 жж аралығындағы кезең заңдылықтың толық әрі дұрыс дамымауымен, сақтандыру нарығын реттейтін органның болмауымен, сақтандыру ісі, бухгалтерлік, статистикалық есеп және есеп беруді ұйымдастырудың негізгі принциптеріне бірегей бет бұрмаумен сипатталады. 1994 жылы ғана бұл нарыққа кіру талаптары қатаң қолға алынды. Жарғылық капиталдың деңгейі 2 миллион теңгеге дейін көтерілді, сақтандыру қызметін лицензиялау міндетті болды, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарына сақтандырудан басқа қызмет түрімен айналысуға тиым салынды.
Сонымен, ҚР-ғы сақтандыру нарығының құрылуын мына этаптармен көрсетеміз: 1-этапта 1991-1993 жыл,яғни пайда болуы. 2-этапта 1994-1999 жыл қалыптасуы 3-этапта 2000 жыл дамуы. Сақтандыру нарығының дамуына сақтандыру заңдылықтарының қалыптасуы елеулі әсер етті. « Сақтандыру туралы» ҚР-ның Заңы 1992 жылы шілдеде күшіне енді Бұл заң осы саланы заңды түрде реттеудің алғашқы жалпы бастауы болды.Онда сақтандыру ісін дұрыс дамыту үшін қажетті талаптар болмады, яғни сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мен оның төлем қабілеттілігінің кепілдігі,сақтандыру ісін лицензиялау мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру сияқты шаралар қолданылмаған. Бұл кемшіліктерді жою үшін «Сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуындағы ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар туралы» Заңы 1994 жылдың 16 сәуірінде қабылданды.Ол прогрессивті сипат алды. Осы заң негізінде Қазақстанда сақтандыру нарығы нақты қалыптаса бастады. Сақтандыру нарығының даму барысында елдегі сақтандыруды реформалауды, сақтандыру қызметі саласын кеңейтуді тежейтін тенденциялар пайда бола бастады, яғни сақтандыру заңдылығының құқықтық негізі дұрыс жетілмеген.Бұл жағдайда сақтандырудың құқықтық негізін қалыптастырудың қажеттілігін ескере отырып 1995 жылы 3 қазанда ҚР-ның «Сақтандыру туралы» Заңы шықты.Бұл заңның қабылдануы сақтандыру компанияларының сапалы түрде өсуіне септігін тигізді. Жарғылық капиталын қалыптастыру, лицензиялауға байланысты және сақтандыру терминдерін нақтылау бойынша талаптар күшейді. 2000 жылы желтоқсанда ҚРның «Сақтандыру қызметі туралы» заңы қабылданды. Ол сақтандырудың халықаралық тәжірибеде стандарттарды есепке ала отырып жасалған. 2009 жылы оған толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Алдынғы заңға толықтырулар мен өзгерістерді ескеріп 20.02.2012 жылғы Сақтандыру қызметі туралы жаңа заң күшіне енді.
