Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GMT_Udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
313 Кб
Скачать
☆

70.Солтүстік Американың туристік аудандары мен орталықтарына сипаттама.

Шетелдік туристерді қабылдау бойынша Америка аймағы Европадан кейінгі екінші орынды қазіргі шаққа дейін алып тұрды. ДТҰ анықтауы бойынша Америка туристік аймағына Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка және Кариб бассейіндегі аралдар кіреді.

2000ж- 128,3млн- 132,8млрд

2005 ж- 133,5млн- 144,6млрд

2010ж- 149,8млн- 182,2млрд

Американың аймақтары бойынша келген туристердің саны

2000 2005 2010

Америка 128,3 133,5 149,8

С. Америка 92,1 90,7 98,2

Кариб б. 15,8 18,9 20,1

Орталық Америка 2,8 6,5 7,9

Оңтүстік Америка 11,6 18,2 23,5

Американың аймақтарына келген туристерден түскен табыс

2000 2010

Америка 132 182,2

Солтүстік Америка 101 131,2

Кариб бассейіні 16,8 23,6

Орталық Америка 3,1 6,8

Оңтүстік Америка 11,8 20,6

Европадағы сияқты мұнда да аймақ ішіндегі алмасу аймақаралық алмасудан басым болды. Аймаққа келушілердің көбісі европалықтар құрады. Әсіресе көп баратын аймақтар: АҚШ, Канада және Мексика – басты туристік орталықтар болып саналады. Туристердің келуі мен олардан түсетін табыс жағынан бірінші орында АҚШ. АҚШ әлемдегі ең ірі рекреациялық инфрақұрылымы бар ел. Қонақ үйлеріндегі орынның саны 10 млн асады. Көлік инфрақұрылымы өте жақсы дамыған. "Дөңгелек үстіндегі" демалыс – көп тараған түрі – пикаптар, трейлерлер, кэмперлер. АҚШ-тың рекреациялық қоры 200 млн га немесе мемлекеттік жердің 60% алады. Қазіргі шақта оның жартысы пайдалануда.

АҚШ-тың аумағында бірнеше аудандар бар. Олар ресурстардың құрамы жағынан келесідей бөлінеді:

1) АҚШ-тың Шығысы.

2) АҚШ-тың Батысы.

3) АҚШ-тың Орталығы.

4) Тынық, Атлант мұхиттары мен Мексика шығанағының жылы ағысы.

АҚШ Канада және Мексикамен халықаралық туристік байланыста болады. Канада да әртүрлі рекреациялық ресурстар бар. Онда, АҚШ-қа қарағанда, табиғи ресурстар жақсы сақталған, бірақ рекреациялық желісі нашар дамыған. Үлкен көлдердің жағалауының барлығы рекреациялық зоналар. Канаданың солтүстігі рекреация жағынан нашар игерілген.

71.Латын Америкасының туристік аудандары мен орталықтарының негізгі сипаттамасы.

Үлкен рекреациялық потенциалы болғанымен, Латын Америкасының басым территориясы, экономикасының нашарлығына және әлемнің негізгі туристік нарқынан қашықтығана байланысты туристер үшін дамымаған. Халықаралық даму дәріжесіне қарай екі туристік ауданға бөлуге болады: 1) Кариб ауданы, оған кіретіндер Мексика, Орталық Америка елдері және Кариб теңізінің аралдарындағы мемлекеттер, Бермуд аралдары 2) Оңтүстік Америка елдері. Америка аймағында халықаралық туризмнің дамуы жағынан Кариб ауданы екінші орын алады, оған Латын Америкасы бойынша шетелдік туристердің 2/3 бөлігі келеді. Ауданның географиялық орналасуы қолайлы туристік нарқы дамыған Солтүстік Америкамен көршілес. Канада мен АҚШ- тан Кариб аралдарына дейін ұшақпен 2,5-3 сағат қана. Кариб ауданына жыл сайын орташа есеппен 18 млн туристер келеді. Кариб елдерінің ішінде көзге түсетін Мексика, онда АҚШ-пен "көрші туризм" дамыған. Жылына Мексикаға 5 млн туристер келеді, негізінен АҚШ- тан. Туризм екі бағытта дамуда: біріншісі – орталық аудандардағы және Юкатан түбегіндегі көне үнді мәдениетінің көптеген ескерткіштерін рекреациялық мақсатта пайдалану. Бұндағы басты туристік орталық - Мехико; екінші бағыт Тынық мұхит жағалауындағы демалыс орындарын дамыту. Басты куророттар Аккапулько, Багам, Бермуд, Пуэрто-Рико аралдары. Оңтүстік Америка елдерінде ішкі де, халықаралық туризмде өте нашар дамыған. Солай бола тұрса да солардың арасынан жеке бөлініп тұратын курорттар бар – Аргентинадағы таудағы курорт Мендос, теңіз жағалауындағы курорттар – Пунте-дель-Эсте Уругвайдағы, Бразилиядағы Копакабана мен Ипанема, Чилидағы Винья-дель-Мор курорты. Оңтүстік Америка елдерінің мәдени-тарихи ескерткіштерінің болашағы зор.

72.АҚШ-тың туристік аймақтары мен орталықтарына сипаттама.

Мемлекеттің туристік аудандары.

АҚШ-тың туристік аудандастыруы жалпы қоғамдық аудандастырумен сәйкес келеді, ал ол бойынша мемлекет Солтүстік-Шығыс, Оңтүстік , Орталық Батыс және Батыс аудандар болып бөлінеді. Осыған ұқсас төрт туристік макораудандарды бөлу жеңіл болады.

Тығыз орналасқан Солтүстік –Шығыс макроауданы мәдени –тарихи мұрасымен, сонымен қоса, қазіргі америка мәдениетінің туристерді қызықтыратын туристік орындарымен өте бай болып келеді. Бұдан басқа, мұнда іскерлік туризм өте жақсы дамыған. Макораудан орталығы , яғни ядросы болып Бос-Ваш мегалополисі, ал астанасы- Нью-Йорк қаласы болып табылады.

Оңтүстік макроаудан бірінші кезекте өзінің теңіз жағалауларымен және курорттарымен , фестивальдерімен және тақырыптық парктерімен, ал екінші кезекте – мәдени-тарихи ескерткіштерімен қызықтырады. Соңында айтылғандар, мұнда біріншілерден де көп. Шетелдік туристер үшін ( сонымен қоса көптеген американдықтар үшін де) бұл макроаудан Батыс немесе Солтүстік Шығыс аудандар секілді өте тартымды емес. Алайда бір ерекшелік бар. Бұл Флорида- жағажай- ойын- сауық туризмінің апофеозі болып табылады. Өзінің астанасы Майамимен қоса, бұл аудан әлемдік туристік Меккеге айналған.

«Хартленд ауданы» (Heart Land- ағылшын тілінен аударғанда «жер жүрегі») , яғни Орталық Батыс – бұл теңіз жағалаулары мен тығыз халқы жоқ АҚШ-тың ішкі жері. Оңтүстік және Солтүстік –Шығыс аудандары секілді мұнда тарихи- мәдени ескерткіштер, ал Батыс аудан секілді ландшафт әртүрлілігі жоқ болып табылады. Сондықтан бұл макроаудан жалпы алғанда туристік периферия болып табылады. Шетелдік туристер ,бұл ауданды негізінен транзиттік орын ретінде қарайды, ал соған жауап ретінде жергілікті халық шетелге саяхат жасауға ұмтылмайды. Жалғыз ерекшелік – ірі агломерация орталығы Кливленд- Чикаго –Детройтта іскерлік туризм жақсы дамыған. Бұл макроаудан ядросы – туристік ағымдардың генераторы болып табылады. Макораудан астанасы – Чикаго.

Батыс макроаудан әлемдік дәрежеде табиғи ескерткіштерімен, ұлттық парктерімен және ландшафттың әртүрлілігімен әйгілі. Бірінші кезекте экологиялық және спорттық туризм тұр. Табиғи көп нүктенің неондық леп белгісі болып макроаудан ауданы- Калифорния орталығы есептеледі, ол жерде «Голливуд», «Диснейленд», «Лас-Вегас» басшылық етеді. Экологиялық туризм бұл жерде ойын-сауық туризміне, жағажайлық және іскерлік туризмге жол береді.Макораудан астанасы- Лос-Анджелес.

Туристік макроаудандар аудандарға бөлінеді. Солтүстік – Шығыс макорауданының құрамында – Мегалополис және Янкиленд; Оңтүстік макорауданда – Оңтүстік- Атлант ауданы, Галф және Флорида; Хартлендте- Көл маңы (Приозерье) ауданы, Орталық жазық және Ұлы жазықтар; және Батыс макроауданда- Ішкі Батыс, Солтүстік –Батыс, Калифорния, және Аляска. Сондай-ақ , тропикалық аралдар да Гавайи болып бір ауданға біріктірілген. Әрқайсысын жеке-жеке қарастырайық.

Мегалополис- бұл Бостоннан Вашингтонға дейінгі 100 мың км жерде созылып жатқан үздіксіз құрылыстары бар аудан. Бұл құрылыстар арасындағы бөліну тек Шығыс Коннектикутта байқалады, сондықтан Бостон мен Нью-Йорк арасындағы аймақ

Мегаолполистің басқа ірі қалалары –Бостон және Филадельфия өздерінің тарихи ескерткіштерімен әйгілі.Негізгі зәулім сарай болып –Вашингтон тұр. Мегалополис Атлант мұхиты жағалауында орналасқан, сол себепті ауданда жағажайлық және ойын-сауық туризмі басты рөл атқарады. Жағажайлар нью-йорктік Лонг-Айлендте, нью-джерсийлік- Кэйп- Мэйи және Оушен –Ситиде, Мэриленд штатында орналасқан. Ауданның негізгі ойын- сауық орталығы –Атлантик –Сити, Нью-Джерси штаты- Лас- Вегастың шығыстағы аналогы болып табылады. Дегенмен Атлантик-Сити келушілердің саны, және туризмнен түсетін табысы бойынша әлдеқайда алдыда тұр.

Янкиленд- АҚШ-тың мәдени орталығы, янкилердің өмір сүру ареалы. Аудан екі бөлікке бөлінеді: Жаңа Англия ( Коннектикут, Массачусетс, Род-Айленд, Нью-Гемпшир, Вермонт және Мэн штаттары) және Жоғарғы Нью-Йорк. Алайда олардың мәдени-танымдық және табиғатқа бағытталған туризмге мамандануы, сондай-ақ Мегалополисте хинтерланд ретінде орналасуы оларды бір ауданға біріктіреді. Оларға сонымен қоса, Пенсильвания штаты жатады.Жаңа Англия- америка тарихының бесігі, мұнда колониалдық кезеңнен бері қатты өзгеріске ұшырамаған қалашықтар сақталған. Олардың тыныш бейнесі өзіне көптеген туристерді, әсіресе демалыс күндері көршілес Мегалополис тұрғындарын қызықтырады.Тек Массачусетс штатында осындай қалалардан тарихи ауыл Плимутты ( әйгілі «Мэйфлауердің» халықтарының бірінші колония жері), университеттік Кембриджді, мыстандарға процесс жүргізген атақты Салемді, фабрикалық Лоуэлл мен Лексингтонды атауға болады. Бұл тізімді Жаңа Англияның басқа қалаларымен де жалғастыруға болады : Провиден және Ньюпорт (Род-айленд штаты), Хартфорд пен Нью-Хейвен (Коннектикут штаты), Портсмут (Нью-Гемпшир штаты) және Портленд (Мэн штаты).

Оңтүстік- Атлант ауданы мәдени-танымдық туризмге маманданған. Мегалополистен алшақ ,сол себепті туристік секторда біршама нашар дамыған. Мұнда келушілерді алдымен Азаматтық соғысқа байланысты тарихи орындар қызықтырады. Олардың қатарына : Чарлстон қаласын Оңтүстік Каролина штаты, және Саваннаны , джорджия штаты және Уильямсб және Джеймстаунды ( Виргиния штаты) жатқызамыз.Туристерді сонымен қоса, Дж. Вашингтонның ( Маунт- Вернон) және Т. Джефферсонның ( Монтичелло ) жерлері (Виргиния штаты), қызықтырады.

Флорида. Жағажайлар түбектің барлық жағалауларын қамтиды, бұл атақты Күн және Алтын жағалаулар. Ең танымал курорттар болып, Майами- бич, Дэйтон-Бич және Палм-Бич болып табылады. Майами-Бич Бұл аудан астанасы Майамидің бір бөлігіне, ал жалпы алғанда мемлекеттің курорттық астанасына айналды.

Бірақ Флориданың туристік жүрегі - Орландо қаласына жақын жерде, барлық отбасыға арналған тематикалық парктері бар жер болып табылады. Алдымен бұл «Дисней -Уорлд», оның ауданы 69 кв.км және бұл жер шарындағы ірі туристік ойын-сауық кешені саналады. «Жоғарғы кезеңде » (жаз мезгілі, рождестволық демалыстар) паркке күн сайын 100 мың адам келеді. «Дисней-Уорлд»- бұл жай ғана аттракциондары бар парк ғана емес, бұл қонақ үйлері, мейрамханалары, дүкендері және билеу алаңы бар ірі туристік кешен.

«Дисней» студиясының жетістігі көпшілікті шабыттандырды, сол себепті «Дисней Уорлд » жанынан көптеген басқа тақырыптық парктер пайда болды. Солардың ішіндегі ең танымалдары «Юниверсал» студиясының парктері, ол адамдарды кино әлеміне және неше түрлі оқиғаларға жетелейді. Бұдан басқа «Су әлемі» кешені, ол туристерді дельфиндерімен, касаткаларымен, теңіз арыстандарымен және басқа да мұхитта өмір сүретін жануарларымен таныстырады. Бұдан басқа , орланда аймақтарында басқа бірнеше тақырыптық парктер бар, олардың ішінен « Тамаша Қытай» кешенін айтуға болады. Бұл жерде Қытайдың танымал жерлерінің кішкентай көшірмелерін көруге болады. Тақырыптық парктерге Кеннеди Ғарыштық орталығын жатқызуға болады, ол Канаварел мүйісіндегі космодромға жақын жерде орналасқан, бірақ бұл аттракциондар паркіне қарағанда мұражай болып келеді.

Галф. Ауданның негізі жағажайлары, біріншіден флоридалық панхэндл (ағыл. Panhandle- «таба сабы»- штат территориясының ұзын жіңішке бөлігі), ол Пенсакол жағажайынан Панама-Ситиге дейінгі жағажай желілерін қамтиды. Екіншіден, бұл Галвестон және Падре-Айленд аумақтарындағы техастық курорттар. Алайда, аудан жағажайларына қарамастан фестивальдерімен әйгілі. Туристердің саны бойынша көшбасшы- Жаңа Орлеанда өтетін Марди-Гра ( Луизиана штаты). Бұл фестиваль Рио және Венециядағы карнавалдардан кем түспейді. Галфке туристерді сонымен қоса музыкалық фестивальдер де қызықтырады, себебі Жаңа Орлеан – джаз астанасы, Нэшвилл- кантри , Ал Мемфис ( Теннеси штаты)- рок-н-ролл астанасы. Мемфисте Элвис Преслидің меншігі-Грейсленд орналасқан, ол жерде жылына 700 мыңнан астам туристер келеді. Әншінің туған күні 8 қаңтарда – мұнда әншіге орай фестиваль өткізіледі.

Ауданның мәдени- тарихи объектілерінен туристер Жаңа Орлеанның ескі француз кварталына барады, Оңтүстіктің құл иеленушілік кезеңінің ескерткіштері, Техастың әскери тарихымен байланысты ескерткіштерін тамашалайды. Бұдан бөлек, техастық Даллас пен Хьюстон – іскерлік туризм орталықтары.

Көл маңы. Бұл аудан Ұлы көлдер жағалауындағы күшті өндірістік кешендерімен ерекшеленеді. Мұнда Чикаго және Детройт орталықтары болып есептелетін іскерлік туризм жақсы дамыған. Сонымен қоса, Чикаго жай демалу үшін келген туристерге де бай.Қалалық көп қабатты үйлер тек нью-йорктік үйлерге ғана жол береді, дегенмен тек Чикаго қаласында мемлекеттің ең биік ғимараты Сирс-Тауэр орналасқан. Көп қабатты үйлерден бөлек Лупа (ағыл. Loop-«ілмек»)- қаланың іскерлік орталығы, және «Тамаша миля» - қаланың сауда орталығынан бөлек туристер мұнда тарихи орындарды (Аль-Капон кезеңіндегі және «құрғақ заң» кезіндегі мұралар әйгілі) және көптеген мұражайларды тамашалайды.

Көл маңының басқа ірі қалалары өздерін туристік дестинация секілді жарнамалайды. Автокөлік астанасы Детройтта көптеген автокөлік мұражайларынан бөлек, Генри Фордтың эклектикалық коллекциялар мұражайы бар және жыл сайынғы джаздық фестивальдер өткізіледі. Ал Кливлендте жақын арада өзінің аумағы бойынша үлкен рок-н-ролл мұражайы ашылды.

Тығыз халқы бар урбандалған аудан ядросы демалыс күндері туристердің көптеген ағымдарын қамтамасыз етеді. Олар өздерінің уик-эндтерін Ұлы көлдер маңында өткізсе , ал Миннесотадағы «10 мың көл өлкесіне» бүкіл әлемнен туристер келеді.

Орталық жазықтар. Теңіз жағажайлары, биік таулары және ірі көлдері жоқ ауыл шаруашылық жазығында туристердің көңілін аулау қиынға соғады, әсіресе осындай әртүрлі ландшафттары бар АҚШ мемлекеті үшін. Әлсіз дамыған туристік ауданның тек кейбіржерлерінде ғана туристік белсенділік байқалады. Бұл туристік аудандардан , табиғатқа бағытталған (Мамонттық үңгір, Кентукки штаты), оқиғалық ( Индианаполистегі автокөлік жарыстары , Индиана штаты, Луисвиллдегі ат жарыстары, Кентукки штаты) және мәдени- танымдық (Спрингфилдегі А.Линкольннің өмірімен байланысты орындар , Иллинойс штаты) туризм түрлерін байқауға болады.

Ұлы жазықтар. Бұл да әлсіз дамыған туристік аудан, негізінен транзиттік функциялар атқарады.Солтүстіктен бастлып оңтүстікке дейін созылған бидай далалары туристерді тек «торнадо аллеясы» ретінде қызықтырады. Себебі, жиі болатын апаттан болатын бұзылуларды көруші туристер де кездеседі. Дегенмен, туристік емес жазықтың өзіндік орографиялық ерекшелігі де бар. Бұл Блэк-Хиллз – таулы аудан, өзінің табиғи және тарихи ескерткіштерімен әйгілі.Табиғи: көптеген үңгірлер , ал тарихи- Үндістердің Соғыстарының XIX ғасырдың мұралары. Бірақ Блек-Хиллздағы туристердің ең көп баратын жері Рашмор тауы. Ол жерже жартаста америка президенттерінің кескіндері бар.Қазіргі кезде оған жақын маңда үндістердің көсемі Крейзи Хорстың статуясы жасалуда.егер статуя жасалып бітсе, ол жер шарындағы ең үлкен скульптура болады (қазіргі кезде тек көсемнің беті ғана жасалған , көлемі 9 қабатты үймен тең).

Ішкі Батыс. Аудан өзінің ландшафтының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Қарлы таулар, гейзерлер, шөлдер, каньондар, тұзды көлдер, таулы ормандар мұның барлығы қалай ғана бір аудан ішінде шоғырланғаны әрбір адамды таң қалдырады.Біз АҚШ-тың табиғатқа бағытталған туризмін айтқанда, ойға демнің арасында Ішкі Батыс пейзаждары келеді.

Ең танымал және әлем бойынша ең алғашқы ашылған (1872 жылы ) ұлттық парк –Йеллоустон өзіне туристерді сарқырамаларымен, гейзерлерімен, ыстық суларымен, тауға саяхат жасауға мүмкіндіктерімен, жабайы аңдарымен шақырады.Дәл сол вайомий штатында гранд-Тетон ұлттық паркі орналасқан, бұл жерде негізнен таулы жорықтар жасауға және тауға өрмелеуге ыңғайлы. Көршілес Монтана штатында Гласьер ұлттық паркі орналасқан. Ол жерде 4 дюжина мұздықтары бар. Юта штаты каньондармен және таулы массивтерімен алабажақтанған, ол жел әсерінен небір ғажайып формаларға айналған. Арчес ұлттық паркі табиғат күшімен салынған табиғи көпірлер ман аркалардың саны бойынша әлемде бірінші орында тұр.

Бірақ ауданның, сонымен қоса бүкіл елдің табиғи маржаны Колорадо жәе Аризона штаттарында орналасқан.Бұл Гранд-Каньон ұзындығы 350км, ені 6-дан 30 км-ге созылған, және тереңдігі- 1,5 км. Әр жылы ол жерге 4 млн адам келеді. ВВС атты танмао каналда «Өлмес бұрын көретін 50 орын» атты бағдарламада, көптеген көрермендердің дауыс беруі арқылы бұл жер бірінші орынға ие болды.

Солтүстік-Батыс. Бұл АҚШ көршілес штаттарының ішіндегі ең ылғалды ауданы. Жергілікті қалжың бойынша, бұл жердің тұрғындары жаздың келуін жаңбырдың жылуынан біледі дейді.Аудан өте сирек кездесетін және әдемі пейжаздармен ерекшеленеді және ол экотуризм орталығы болып саналады.Солтүстік –Батыс өзіне туристерді Калифорния секілді қызықтырмайды, бірақ осы адамдардың аздығы, және табиғатының қозғалмауы себепті бұл жер экотуризм, жаяу саяхаттар ауданы болып есептеледі.

Ауданның танымал орталығы болып ЮНЕСКО құрамына енгізілген Олимпик ұлттық паркі, Рейнир тауы, Худ тауы, Крэйтер көлі, Хэллс каньоны есептеледі.

Бұдан басқа туристер үшін қызықты қалалар Сиэтл қадасы мен Портленд қаласы. Сиэтл ең әдемі және қауіпсіз қала. Сол себепті бұл жерде ірі жарыстар өткізіледі. Күшті контейнерлік порты, сондай-ақ «Боинг», «Майкрософт» компанияларының штаб пәтері осы жерде орналасқандықтан, бұл жерде іскерлік туризм дамуы да қамтылған.

Аляска. Мамандануы бойынша Аляска алдыңғы ауданға ұқсайды, алайда АҚШ-тың басқа аудандарынан алшақ орналасқандықтан және оның табиғатының өзгешелігі оны жеке ауданға біріктіруді талап етеді.Ұлттық парктер мен басқа ерекше қорғаудағы орындар бұл ауданның үштен бірін алып жатыр, алайда туристер бұл жерде Анкоридж қаласының маңына барады.Табиғи туристік объектілер қатарына Денали ұлттық паркі бар. Бұл парктк Солтүстік Американың ең биік нүктесі-Мак Кинли тауы орналасқан.

Бұдан бөлек, Аляска эскимостар мен алеуттердің мәдениетін зерттеумен, сондай-ақ орыс колонистерінің мұраларымен танысу үшін туристерге қызықты.

Калифорния. Ең халқы көп штат, бұл аудан туристердің келуі бойынша да, туризмнен түсетін табыс бойынша да көшбасшы болып табылады. Бұл «американдық Ривьерада» жоғарыда айтылған туризмнің барлық түрі бар.

Маңызды туристік магнит- штаттың оңтүстігі. Лос –Анжелес бұрыннан «Голливудпен» танымал. Тіпті оның маңызды көшелері ( Сансет, Манхолланддрайв, Беверли-Хиллс бульварлары, Голливуд бульварындағы жұлдыздар Аллеясы ) нақты өмірдегі емес киноэкраннан келгендей әсер береді. Флоридамен қатар , оңтүстік Калифорния – тақырыптық парктер базасындағы ойын-сауық орталығы. Орландо секілді, мұнда «Диснейленд», «Юниверсал» киностудия паркі , «Су әлемі» паркі бар. Сонымен қоса, голливуд киностудияларына жасалатын турлар да танымал. Калифорния оңтүстігі сондай-ақ жағажайлық туризмге бағытталған, және ол әлемдік серфинг орталығы саналады.

Гавайи. Аудан АҚШ құрамындағы тропикалық аралдарды біріктіреді, ол жерде туризм экономиканың маңызды саласы болып табылады. Гавайи- АҚШ-тың жеке штаты, ол Виргиния штаты мен Гуам аралдарына қарағанда туристік ағымдары көп арал.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]