Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GMT_Udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
313 Кб
Скачать
☆

16.Хт мемлекеттің төлем балансына тигізетін әсері.

Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі – елдің төлем балансына тигізетін əсері. Сондықтан шетелдік туристердің келуін «белсенді» туризм деп атайды. Оған қарсы, туристердің шет елге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюына əсерін тигізетін туризмді «белсенді емес» немесе «пассивті» дейді.

Туристердің белсенді жəне пассивті болып бөлінуі туристік əрекеттің қаражат нəтижесімен байланысты, ол ішкі туризмге тарамай, халықаралық туризмде ғана пайда болады.Кейбір жағдайда шетелдік туризмнің дамуы елдің экономикалық жəне əлеуметтік дамуын жылдамдатуға да жіберілуі мүмкін.Шаруашылық жүйесінде туризм еңбек бөлінуін көрсетеді, бұндай да басты рөлді экономикасы жоғары дамыған елдер атқарады. Сыртқы сауданың басым бөлігі өнеркəсібі дамыған елдер арасындағы тауар алмасуға келеді. Халықаралық туристік алмасуда да нақ солай болады. Əлемдегі негізгі туристік сапарлардың көбісі өндірісі жоғары дамыған елдер арасында жүреді, өйткені оларда азаматтардың шет елге шығу пайызы жоғары (АҚШ, Франция, Ұлыбритания). Сондай-ақ, солар мен экономикасы орта деңгейде дамыған елдер (Греция, Португалия, Түркия) жəне дамушы елдер (Тунис, Таиланд жəне т.б.) арасында да жүреді. Осыған байланысты Дүниежүзілік

туристік ұйым келесі анықтамаларды қабылдады: «туристерді жеткізуші елдер» жəне «туристерді қабылдаушы елдер».Экономикалық жағынан белсенді туризм (туристерді қабылдау) туристік игіліктерді экспорттау, ал пассивті туризм (азаматтардың шығуы) –импорттау деуге болады.Белсенді жəне пассивті туризмнің экономикалық əсерін есептеу өте қиын,себебі шетел туристерінің жергілікті өндірістің өнімдеріне сұранысы мен көлемі туралы хабарлар жоқ. Бұл сұранысты есепке алу мүмкін емес, оны тек болжамдауға болады. Статистикалық есептің қиындығы келесіде: тұтыну үрдісі қабылдаушы елде жүреді, ал сатып алынған тауарлар туристің тұрақты тұру еліне шығарылады. Бұл тауарлар шекараны өткенде тізімге алынбайды.Бұл жерде белсенді туризмді "көрінбейтін экспорт", ал пассивті туризмді –"көрінбейтін импорт" дейді.

Халықаралық туризмнің елдің төлем балансына әсерін шетел туристерінің шығыны мен елдің резиденттерінің шығын айырмасымен есептеледі.Дтұ ұсынатын туристік есепте статистикалық ақпараттан шығады. Статистикалық ақпара үш басты құрамнан тұрады:

  • Халықаралық туристік ағымды көрсететін шекарадан алынған статистика. Иммиграциялық бақылаудан және шекарадағы сұраныстан алынады.

- тұрақты жерлерден алынатын статистика. Ол сон.қатар сұраныс туралы ақпарат береді.Бірақ, жеке үйді жалға алу, қатысушылардан жалға алу статистика жинауды қиындатады.

- көліктік статистика.

Көптеген дамушы елдерде жағдай нашар. Себебі олар кері туристік балансқа ие. Себебі, олар инфрақұрылымы жеткіліксіз, олар басқа елдерден алған кредиттеріне қарызын береді. Х.туризмнің төлем балансы басқа ағымдағы төлем балансына және оң әсермен суммарлы балансынан тұрады.

17.Туристерді жеткізуші елдер және туристерді қабылдаушы елдер.

Шаруашылық жүйесінде туризм еңбек бөлінуін көрсетеді, бұндай да басты рөлді экономикасы жоғары дамыған елдер атқарады. Сыртқы сауданың басым бөлігі өнеркəсібі дамыған елдер арасындағы тауар алмасуға келеді. Халықаралық туристік алмасуда да нақ солай болады. Əлемдегі негізгі туристік сапарлардың көбісі өндірісі жоғары дамыған елдер арасында жүреді, өйткені оларда азаматтардың шет елге шығу пайызы жоғары (АҚШ, Франция, Ұлыбритания). Сондай-ақ, солар мен экономикасы орта деңгейде дамыған елдер (Греция, Португалия, Түркия) жəне дамушы елдер (Тунис, Таиланд жəне т.б.) арасында да жүреді. Осыған байланысты Дүниежүзілік туристік ұйым келесі анықтамаларды қабылдады: «туристерді жеткізуші елдер» жəне «туристерді қабылдаушы елдер». Экономикалық жағынан белсенді туризм (туристерді қабылдау) туристік игіліктерді экспорттау, ал пассивті туризм (азаматтардың шығуы) – импорттау деуге болады. Туристерді қабылдаушы елдер ішінде АҚШ, Испания, Франция. Жаңа индустриалды экономикалар оңтүстік Корея, Сянган, Тайвань және Сингапур және оңтүстік – шығыс елдері, тайланд, малайзия және индонезия экономикалық өсімді қолдайтын елдер пайда болды. Жаңа туристік бағыттар пайда бола бастады, мысалы, оңтүстік – шығыс азия – австралия.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]