Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GMT_Udachi_vsem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
313 Кб
Скачать
☆

87. Мексиканың негізгі туристік орталықтарына сипаттама.

Мексика Солтүстік Американың оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан.Оған Тынық мұхиттың көптеген аралдары жатады.Территориясы 1958.2 мың кв.км.Шығыста Мексика Мексика шығанағымен,батыста Тынық мұхитымен,солтүстікте АҚШ пен,оңтүстікте Гватемала мен Белизбен шектеседі.

Ғажайып жағажай мен курорттар,жылдың барлық мезгіліндегі жағымды климат,алуан түрлі табиғи обьектілер жанартаулар Орисаба,Пепокатепетль жәнеИстаксиуатль,шөлдегі алып кактустар мен қалың тропиктік өсімдіктер шетел туристерін келуіне негіз болады.Елдің туристік аудандары өте көп және әртүрлі болып келеді.

Мехико елдің астанасы.Бұл ең үлкен және ең көне,тез қарқынмен дамып келе жатқан қалалардың бірі.Мехико Батыс жартышардағы ең көне астананың бірі.Негізін үнді ацтек тайпалары XIV ғасырда қалады.Мехико өркениеттің тірі мұражаы саналады.Онда 1400 тарихи монумент,10 археологиялық зоналар, 80 халықтық орталықтар,2000 мейрамханалар бар.

Ұлы Чолула пирамидасы әлемдегі ең үлкені болып саналды,тек бұзылмас бұрын.Туристерді Гуадалахара қызықтырады,осы жерден мескиканың көптеген салт дәстүрлер таралады.Көптеген ғимараттар мен музей,теартлар бар.

Туристердің қызығатыны Оахака штаты.Оахака штатының жағажайлары Мексикадағы ең әдемі жерлердің бірі.

Мексиканың оңтүстігі майя тайпансының бесігі.адамзат тарихындағы ғаламат және жұмбақ мәдениеттің бірі саналады,Майя тайпаларының әлі де болса бар екені,оларды испандық конкистадтар мен қазрігі жаңашылдық өзгерте алмауында.Ежелгі май қалалары туристерді жанды тарих күшімен тартады. Паленке қаласы өте қызық пирамида,храмдар,булы моншалары.

Акупулько тынықмұхиттық танымал курорт.Бұл жерде қазіргі заманға сай барлық туристік инфрақұрылымдардың барлығы бар.

Туристердің назарын аударатын Сан Диего аймағы.Қаланы Теңіз қарақшыларынан қорғаған.

Канкун мексикадағы екінші алып курортардың бірі.Бұл жердегі туристік орталықтың дамуы 1970 жылдан бастау алады.

Табиғат ерекшеліктерінде Мексикадағы 58 ұлттық парктер мен биосфера қорықшалары бар.калифорния шығанағы өте қызық болып келеді.

Туризм елдің экнонмикасында маңызды орныды алды және нарықтағы көптеген жұмыс орындарын толтыруда.Басқа елдердің ресурстарымен,инфрақұрылымен салыстырғанда Мексиканығ өзіндік ерекшеліктері бар Өйткені ол әлі жас мемлекет,туризм саласында дамуға барлық мүмкіншілік толып жатыр.

88. Аргентина мен Бразилияның негізгі туристік орталықтарына сипаттама. Бразилия әлемдегі және Оңтүстік Америкадағы алып мемлекеттің бірі.Ауданы 8.5 млн.кв.км. Көлемі бойынша әлемде бесінші орынды алады. «Тропикалық алып» немесе «континенттегі контитенет» деген жиі атауға ие болады.Бұл ел өзінің табиғатының әртүрлі ғаламаттары туристерді қызықтыратын көптеген туристік орталықтары бар.

Туристік ресурстарының шоғырлануы қарай елдә бес негізгі туристік орталыққа бөлуге болады:Солтүстік,солтүстік шығыс,оңтүстік шығыс,оңтүстік және батыс.

Солтүстік орталықта Амазонияның жұмбақ және тамаша аудандарынң ортасы.Ол Бразилияның 1/3 алады.Оның флорасының 30%,фаунасының 25% әлі зерттемеген.Бұл жерде әлі күнге дейін ежелгі үнді тайпалары өмір сүреді.Сондыөтан туристер қиын да болса да осы ауданға баруға тырысады.

Солтүстік Шығыс бөлігенде туризм жақсы дамуға түспеген,бұнда ауылшаруашылығы басым.Бірақ та көптеген ғибадатханалар ме танымал жағажайлыар Итапан,Питуба және Амаралина.

Оңтүстік Шығыс Бразиялының экономика ауданы.Әлемге танымал Рио де Жанейро қаласы осында.Қаланаң негізі символы ретінде Христос мүсіні.Қаладағы және әлемге танымал бразилия карнавалы осы қалада өтеді.Жыл сайын жаз айында өтеді және ол төрт күн,төрт түнге созылады.Карнавал кезінде елге дүниежүзі бойынша туристер көп жиналады.

Туристік орталықтың бірі аса ірі Сан Паула қаласы.Бұл өте үлкен өнеркәсіп орталығы.Санчес сан Паулаға көрші орналсақан жақсы жағажайы мен жоғары деңгейдегі инфрақұрылымы дамыған маңызды айлақ ьолып саналады.

Оңтүстік зона өзінің жағымды климатымен әйгілі. Табиғаттың аса ерекше құндылықтарның бірі Игуасу сарқырамасы. Сарқыраманың тамаша көрінісі мен мөлдір суын көру үшін әлемнен туристер көп шоғырланады. Сарқырама дауысы бірнеше км жерге дейін жетеді.

Батыс зона елдің жаңа астанасы Бразилиа қаласы орналасуымен маңызды.Қаланың бейнесі технологияның көрініснде жасалған, қала ұшақ кейпінде тұрғызылған.

Бразилия елінің Туризмнің даму бағытының негізі АҚШ, Англия, Канада, Германия, Мексика, Франция Жапония мемлекеттері болып табылады.

89. Қытайдың негізгі туристік аудандары мен орталықтарына сипаттама. Қытай Халық Республикасы Орталық және Шығыс Азия территорияларында орналасқан мемлекет. Оның аумағы – 9560000 кв.км.Аумағы бойынша Ресей мен Канададан кейінгі үшінші орынды алады.Халық саны 1 млрд. 300 млн адам.Тұрғындардың көбі 93% қытайлықтар.

Қытайда туристік ресурстардың барлығы бар. Онда бикі таулар мен қыратар, жазықтар мен ойпаттар, жағалау бойындағы көптген теңіздерді, жағажайларды, курортты орындарды, танымал ғибадатханаларды, соның ішінде аты аңызға айналған Шаолинь ғибадатханасы, Цинхай провинциясындағы Женьшень фермалары, Такла-Макан мен Гоби шөлдеріндегі көптеген археологиялық орындарды, Гималай мен Караколдегі альпинитік базаларды кездестірууге болады. Сонымен бірге бұл жерде керемет табиғи көрнекі орындары да бар – көптеген тау өзендері бар Юнанаь-Гуичжоу живописьті қыраты, сарқырамалар мен терең үңгірлер, Тайху мен Сиху көлдері, Тайшань живописьті тауы (ЮНЕСКО тізіміне енген), Дуньхуан үңгірлері – көне будда өнерінің қазынасы, Юн Ган үңгірі, Хуангошу сарқырамасы (биіктігі 74 м, ені 81 м), карсты үңгірлер мен Ваньшэнь уездінде «тасты орман», Рид Флют, Қара будда, Жаңа Су мен Айдаһар үңгірлері, Ішкі Моңғолияның далаларында көне ат жарысынының өнерін көріп тамашалауға болады. Ал Үлкен Хинган ормандарында аңшылықты, Харбинде жыл сайын мұз мүсіндері және БҰҰ мәдени мұраларының фестивалі ұйымдастырылады [9].

Ұлы Жібек жолымен саяхаттап жүріп Синьцзяндегі әлемге әйгілі 3 каньонды (Янцзы өзені бойымен Саньсяда, Эмэй тауында Цзючжайгоу мемлекеттік қорығында орналасқан) көрге болады. Қытайда туристер үшін мәдени-тарихи маңызға ие 99 қала, 750 мәдени ескерткіштер, 119 пейзажды жерлер негізгі туристік нысандарына айналған. Олардың 19 БҰҰ табиғи және мәдени мұралар тізіміне енген.

Шаньси платосының оңтүстігінде Пекин мемлекеттің ежелгі қаласы болмағанымен, бірақ ең қызықтыы болып саналады. Мұнда міндетті түрде әлемде ең үлкен сарайлық кешен Гугун императорының (ХV ғ.) «Тыйым қаласына» бару керек. Бұл қаланың ерекшелігі – 9 мыңдай ортағасырлық қабырғалар мен тарихи құрылыстар. Қазіргі кезде көптеген орындарда мұражайлардың экспозициясы ашылған. Онда император қазынасы, сағаттар коллекциясы, түсті керамика, нефритті бұйымдар, қола бұйымдары, Цинь Шихан император дәуіріндегі бұйымдар, каллиграфия өнімдері, қолөнердің әртүрлі туындылары көрсетілімге қойылған.

Сонымен бірге Қытайда әлемдегі ең үлкен алаңдарының бірі – Тяньаньмэнь («Көк тәңірінің қақпа алаңы» ауданы 880х550 м), Цзиньмэнь («алдыңғы қақпа») мен Жазғы сарай (Цхэюань, Пекиннен 12 км), императорлық парктері Бэхай («солтүстік теңіз») және Ихэюань («демалыс паркі»), Туаньчэнь дөңгелек қаласы, Цзюлуньи 9 айдаһар қорғаны секілді назар аударып көздің жауын аларлықтай жерлері бар.

Ал діни туризмге арналған Юнхэгун будда храмы (1694 ж), Кунмяодағы «Конфуций храмы» (1306 ж), Байюьгуань даоизм храмы, Мао Цзедун мазары «Мао Чжуси Цзиняньтань», көне Лугоуцяо көпірі (Марко Поло көпірі 1189 ж.), Ұлттық галерия, Минь әулетінінің 13 император сағанасы бар Цян-Тан паркі, Қытай тарихи мен Қытай төңкеріс тарихының мұражайлар кешені, «Жер асты қаласы» және тағы басқалары [10].

Көптеген туристерді Қытай елордасының жарастылыстану мұражайы, Байшэн қолөнер мұражайы, қала мұражайлары қызықтырады. Пекинге келуші туристердің саны арзан бағадағы сауда орталықтары үшін келеді. Олар танымал Жібек (Ксюшун), Маржн және Яболу (Ябао Луа) сауда орталықтарына, Янгуаменуэйдегі «Достық» дүкендеріне, «Люфтганза» (Яньша) әмбебап дүкендеріне және Чананцзе көешесіндегі жүзедегн сауда нүктелеріне барады.

Пекиннің солтүстік-батыс бөлігіне қарай 80 км жере Бадалин, Мутяньэ және Симатай Ұлы Қытай қорғанының қабырғалары (ІІ-ІІІ ғ. ұзындығы 6,8 мың км) бөліктері өтеді. Елорадның шығысында 200 км жерде, Сары теңіз жағалауларында Бэйдайхэ курорттының орны орналасқан. Бэйдайхэнің оңтүстік-батысына қарай 17 км «Алтын құмдар» жағажайы бар. Соынмен бірге жанында танымал Хэбэй мен Кинхангдао курорттары үлкен демалыс кешендерін құрайды.

Сиань көне қаласында Циньшихуана императорының сағанасында терракотты жауангерлер олардың жылқылар мүсіндерінің мұражайы бар. Ал оның жанында Чжокоудяньда ЮНЕСКО тізіміне енген адамның бұрынғы формалары мәдени мұрасы орналасқан. Сучжоуда 100 аса сақталған бақшалы-паркті ансамбльдер сақталған.

Пекиннің оңтүстік шығысы живописьті Тайшань тауы орналасқан. Тайшань тауы – даосизмнің 5 қаксиетті тауларының бірі болып саналады. Оның жанында Конфуций храмы (б.з.д. 478 жыл) жәнеЯньшэнгун резиденциясының архитектуралы-паркті кешені де айналаны көркейтіп тұр.

Шаньси провинциясындағы Пиньяо қаласы б.з.д.VІІІ-VІІ ғғ, негізі қаланған және ол ұзындығы 6 км жететін көне қала қорғанымен, Чжэньго храмы (Хғ.), Шуанлинс храмы ( 571жыл), Цинсюйгуан храмымен (607 жыл) танымал. Қала ЮНЕСКО мәдени мұра тізіміне енген.

Таңы бір ЮНЕСКО әлемдік мәдени мұра тізіміне енген көне қала –Юньань провинциясындағы Лицзянь қаласы. Қалада негізгі көрнекі орны - әртүрлі тас плиталарымен әшекейленген Сфан алаңы. Бұл алаң жібек пен шай сауда жолдарының орталықтарының бірі. Жүздеген өзендердің ағысы әр дәуірде әртүрлі салынған көпірден өтіп қаланы әсемдей түседі.

Гуандун провинциясының басты қаласы Гуанчжоуда мемлекеттің басты жануарлар паркін, Гуанжоу мұражайын, Гуантас пен Хуайсенг мешітін көруге болады. Қаланың өзі сауда-саттық пен теңіз курорттары дамыған ашық экономикалық зонаны бейнелейді. Қаланың жанындағы мемлекеттің ежелгі астанасы Наньцзин (1420 жылға дейін), кең бульварымен, көлеңкелі ағаштарымен танымал. Бұл жер өте ыстық болғандықтан, ағаштар өзіндік оазис секілді рөл атқарады. Мұнда көптеген орта ғасырлық құрылыстар сақталған, сонын ішінде Минь дәуіріндегі қала қорғаны ұзындығы 33 км болатын әлемдегі ең ұзын қала қорғаны болып саналады[11].

Чунцин – Қытайдың үш мыңжылдық тарихы бар ежелгі қаласы. Қала ыстық бұлақтар,үңгірлдер, живописьті Цзиньюньшань мен Наньшань жоталарымен, Цзиньюньшань орман паркімен, Ушань тауындағы сарқырамаларымен, Шуангуйтан будда ғибадатханасымен, «Дяоюйчэн» қорғанымен және т.б. танымал. Қала ішінде мынадай көрнекі орындар өте қызықты – Хуньяньцунь мұражайы, Чан Кайши, Чжан Чжинжун мен Кун Сянси резиденциясымен, Пашеньданов концлагерь мұражайы. Қаладан Янцзы өзені арқылы көптеген өзен круиздері басталады.

Гонконгта Виктория паркі, Абердин «жүзуші сауда ауданы», Мэн Мо храмы, орталық базар. Ванчай, Әулие Джон соборы, бұрынғы француз миссионерлер ғимараты. Үкімет үйі, қала территориясының 40 % алып жатқан парктері бар туристердің сұранысының көп пайызын құрайтын қала.

Коулун түбегінде Гонконгтың туристік орталықтары орналасқан. Онда мыңдаған дүкендер мен барлар, ғарыш әлемінің мұражайы, тарих мұражайы, Пенинсула отельі, алып шахмат тақтайы, құстар бағы, бонсай экспозициясы және т.б. көрнекі орындары бар.

Шанхай әкімшілік орталығы – әлемдік ең ірі сауда қаласы. Мұнда Нандзин Донлу, Хуайхай Чжинлу, Жинмин Донлу,

Сычуань Бэйиу, Цзиньмин Донлу мен Нанцзин Слу көшелерінде мыңдаған сауда орындарынан басқа Сижоу Крик живописьті кешені, көне қала, Реньминь алаңын, Шанхайдың көрме орталықтарын, Өнер мен тарих мұражайларын, мандарин бағын, нефрит будда храмын көруге болады.

Хайнань аралы Қытайдың Оңтүстік-Шығыс теңізіндегі аралы. Хайнаньды көп жағдайда «Шығыс Гавайлары» деп атайды. Ол Шығыс Азиядағы ең үздік курортты ауданы. Ландшавтты парктер мен Гуантань Мяо термалды бұлақтары, «Мидл Киндом» мұхит паркі, Синлун тропикалық өсімдіктер бағымен туристерді қызықтырады. Аралдың үздік курортты – Санья өзінің фешенебельді стильді отельдерімен танымал болып келеді[12].

Тибет – мыңдаған ғибадатханалары бар ежелгі мәдениет орталығы. Тибеттің орталығы Лхаса қаласы саналады. Лхасада Йокхань храмы, Патал сарайы (ХVІІғ.) – далай-лама резиденциясы,Норбулинг паркі (Норбуг –Линкха, Далай-ламаның жазғы сарайы 1994 жылы ЮНЕСКО мәдени мұра тізіміне енген, ХVІІ ғ.) бар. Мұнда қажылыққа келушілер «әлем орталығы» болып саналатын Кайлаш тау жотасы мен Шипацедегі Пангин Лама резиденциясын көру үшін келеді.

Қытай мемлекетінің негізгі туризм орталығы – Пекин қаласы болып табылады. ҚХР астанасы орталық басқарау шаһары. Пекин – бұл мемлекеттің маңызды саяси, экономикалық, мәдени, тарихи және туристік орталығы.

Қазіргі уақытта Қытай Азиядағы жетекші туристік орталыққа айнгалып, келуші шетел туристер саны бойынша мемлекет әлемде 4-орынға шықты. Соңғы жылдары аталмыш мемлекеттің елордасына 2 млн астам адам жан-жақтан келеді. Қалада 200 негізгі туристік нысан бар, бірақ көптеген туристер тек қана танымал түрлерімен танысады.

2020-ға дейін Қытай мемлекеті өз мүмкіншіліктерін дамытуға тырысып, үлкен күш жұмсауда. Ол жылдық өсім 7 пайызға сәйкестердіріп, әлемдегі туристік нарықта көшбасшысына айналды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]