Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpor ekonomteorya.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
172 Кб
Скачать
☆

2.Экономикалық теорияның пән ретіндегі ерекшеліктері және басқа ғылым салаларымен байланысы. Экономикалық теорияның қазіргі Қазақстан экономикасын дамытудағы рөлі мен қызметтері.

Экономика ғылымының негізгі зерттеу аясы экономика, адамдардың ерекше өмір сүретін орыны. Бұл саланың ерекшелігін, оның мазмұнын, элементін экономикалық ғылым анықтайды, зерттейді. Экономика-лық теория – оның негізгі бөлігі. Экономика жөніндегі алғашқы ғылыми мәліметтер ерте дәуірдегі Вавилон, Египет, Индия, Қытай, Грек ойшылдарының еңбектерінде кездеседі.

Байлыққа ие болу және тұтынымды қанағаттандыру жайлы ойлануды Аристотель (384-322) экономика және хрематисс­ти­каға бөлді. Экономиканың біздің ғ.д. негізгі мақсаты – тұтыну құнын алу, өмір сүруге керекті үй шаруашылығы, өнер, сауда арқы­лы баю болды. Байлық және ақшаны иемденуде алға қойған мақсатқа жетудің шегі жоқ. Егер экономика табиғи себептер­мен қам­тамасыз етілсе, хремасстика табиғат заңдарымен үйлеспей тұрғандайәсер қалдырды.

«Хремасстика» термині – сауда капитализмімен ұқсас түсінік. Экономика терминін экономикалық ғылымға ең алғаш әкелген Ксенофонт өзінің кітабын «Экономия» деп атады. Бұл еңбегінде сол заманғы құл иеленушінің үй шаруашылығын басқару жөніндегі нұсқаулары жазылған. Экономикалық ғылым басқа қоғамдық ғылым сияқты әр түрлі және күрделі қоғамдық шындықтың бір қырын қамтып зерттейді. Осы негізде, белгілі көзқарас арқылы адамдар және индивидиум арасындағы көзқарасты қарастырады. Альфред Маршаллдың басты негізгі түсіндіруі молшылықтың материалдық жағдайын жасау мен пайдалануға негізделген

Экономикалық теория – қоғамдық ғылым. Ол, басқа да ғылымдармен қатар, қоғамдағы адамдар арасындағы іс-әрекеттердің өзара байланыстарын және қарым-қатынастарын зерттейді. Сонымен қатар, әлеуметтану және философия пәндерінен айырмашылығы, қоғамды бүтіндей қарастырмайды, тек қана оның экономикалық саласын, яғни шаруашылық байланыстар мен адамдардың экономикалық іс-әрекетін қарастырады. Нақтылай айтсақ, экономикалық теория, экономиканы ұйымдастыру және реттеу, баға белгілеу және ақша табыстары, өндіріс үрдісіндегі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қарым-қатынастарын реттеу мәселелерін шешумен айналысады. Осы сұрақтардың барлығы, яғни экономикалық мәселелердің басты көрсеткіші болып табылатын - өндіріс шығындарын аз жұмсау арқылы, игіліктердің санын жеткілікті өндіру мәселесінің негізі болып табылады.

Экономикалық теория пәні мен саясиэкономия пәні ұқсас. Дегенмен, экономикалық теория адамдар арасындағы субъективтік жағын қарастырады. Яғни адамдар­дың мінез-құлқын, таптар мен таптардың материалдық, материал­дық емес игіліктермен байланысты қатынастарын қарастырса, ал саяси экономия материалдық игілікті талдаумен шектеледі.

Экономикалық теория басқа экономикалық ғылымдармен өзара байланысы арқылы шектелмейді, қоғамның табиғи кешеніне, сонымен бірге техникалық ғылымдарға да әсер етеді, адамдардың шаруашылық қызметінде оларды пайдаланудың тиімді нәтижесін анықтайды. Бұл экономикалық социологияға қатысты, мәдени экономия, химия ғылымының экономикасы, металлургия салаларының экономикасы т.с.с. экономикалық ғылымның ішкі саласы қолданбалы ғылымдардың барлық салаларымен байланысты. Бұл ғылымдардың техника мен технологиясының интегралдық байланысының дамуына әсер етеді, бұл жағдай келешек инженер кадрларды дайындауға, техникалық шешімді тиімді пайдалануға өте қажетті.

 Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие -ақша және қаржы шаруашылығы; ақша-несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-сонды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түйінді түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополиаланған мемлекет тік банктердің құрылым дардың әкімшілік-әміршілік басқа ру жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негіз делген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда. Экономиканың нақты секто рын, яғни өнеркәсіпті дамыту және халықаралық нарықтық жүйенің бәсекелестігінің қатаң талаптарына жауап бере алатын тұрақты экономиканың жүйесін құру, экономиканың несиеге деген қажеттілігін арттыруда. Осыған байланысты үкімет пен Ұлттық Банктің құрған бағдарламаларына сәй кес экономикаға несие 4,5 есе өсірілді. Сонымен қатар, ипотекалық несиенің қажеттілігінің артуына байланысты банктердің халыққа берген несие соммасы 8 милиард теңге ге жетті. Алайда, Қазақстанда табысы аз халықтардың үлесі жоғары болуына байланысты көп адамдар әзірге ипотека лық несиеге қол жеткізе алмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]