Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpor ekonomteorya.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
172 Кб
Скачать
☆

8.Нарықтық экономиканың қазақстандық моделінің қалыптасуындағы негізгі кезеңдер және оның ерекшеліктері

Қазақстанда нарықты экономикаға көшу шартты түрде үш кезеңге бөлініп отыр.Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды қамтиды.Ол микроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталады: олар меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну нарығын таурлармен толтыру.1992 жылғы наурыздың 5-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданған «Қазақстан Республикасында мемлект иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға (IIкезең)» арналған ұлттық бағдарламасында былай деп жазылған: Жекешелендірудің негізгі мақсаты-мемлекетке қарасты өндірістік объектілерді , басқа да материалдық емес активтерді мемлекеттің өтеусіз және өтеммен беру арқылы республика халқына ұлттық мүлікті қайтару барысында меншік құқығын дербестендіру негізінде орталықтантырған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Екінші кезеңде (1996-2005жылдар) экономиканың шикізаттың бағытын біртіндеп жою жалғасады,бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен телекомуникацияны жедел дамыту, сондайөақ дамыған тауар және валюта,капитал,жұмыс күші,бағалы қағаздар интелектілік меншік нарығын құру болмақ.

Үшінші кезең 5-7 жыл мерзімге созылып, ашық үлдегі экономиканың шапшаң қарын алып дамуымен сипатталды,соның негізінде өтпелі кезеннің стратегиялық мақсатына жетумен Қазақстанынң әлемдік саудадағы айқындамасындағы нығаюмен және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кіруіме сипатталатын болады.

Қазақстан нарыққа көшу бағдарламалары: - институционладық реформа, мемлекет ролін қайта қарастыру, заңдылықтар реформалары, орындаушы биліктің қайта құрылуы, әлеуметтік қорғау жүйесін құру, мемлекеттік институттардың (салық жүйесінің, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін бақылау, ақша саясатын бақылау) реформасы; - макроэкономикалық тұрақтылықты, қатаң бюджеттік және несие саясаты, мемлекеттік бюджет тапшылығымен күресу; - баға және нарық реформасы: бағалардан бақылауды алып тастауды, өндірістік факторлардың бәсекелестік нарығын құруды және сауда либерализациясын; - кәсіпкерлікті дамытуды: жеке меншік секторының қалыптасуын, меншік құқығын нығайтуды, салаларға фирманың қол жеткізе және шыға алуын, кәсіпорындардың қайта құрылуын қарастырады. Жоғарыда айтылғандардан басқа бағдарламалардан көшудің басқа бағыты болып нарық инфрақұрылымын құру. Ол Қазақстанда нарық қатынастарын дамыту бойынша мемлекет өзегі болып табылады. Тауарлы шаруашылықтың даму барысында нысандарының көп түрлілігімен ерекшеленетін және ежелгі базарлардан компьютерлермен қамсыздандырылған, қазіргі заманға ұйымдастырылған нарықтарға дейін жол кешкен нарық қалыптасты.

Экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика үкiметi нарыққа өтудiң тұжырымдамасын жасап шығарды. Тұжырымдамада мемлекеттiк және экономикалық егемендiктiң қағидаларына негiзделген. Онда нарыққа өтудiң стратегиялық бағыттары анықталған. Реттеулi нарықтық экономикаға өту келесi негiзгi бағыттардан құралады: • Меншiктi мемлекет иелiгiнен алу- ол мемлекеттiк меншiктiң монополиясын жою және өндiрушiлердiң бәсекесiн дамытуға жағдай туғызу.  • Монополиясыздандыру және монополияға қарсы саясат- аталмыш заңды  • Қабылдау, еркiн кәсiпкерлiкке жағдай туғызу және қатарлы өндiрiстiк құрылымдарды дамыту. • Қаржылық сауықтыру және экономиканы тұрақтандыру. • Баға құрылымы саясаты. Аталған реттеулi нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасында негiзгi қағидалар белгiленген. Олар төменде көрсетiлгендей: • Республика территориясында заңдылықтың басымдылығы мен үстемдiгi; • Меншiк түрлерiнiң сан алуандығы және олардың еркiн дамуы мен бәсекесi; • Дербес баға белгiлеу саясаты; • Сыртқы экономикалық саясатты жүргiзудегi толық дербестiк;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]