- •1.Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның пән ретіндегі ерекшеліктері және басқа ғылым салаларымен байланысы. Экономикалық теорияның қазіргі Қазақстан экономикасын дамытудағы рөлі мен қызметтері.
- •3.Экономикалық теорияның зерттеу әдістері, қызметтері, оларды қолдану ерекшеліктері.
- •4.Экономикалық теорияның даму кезеңдеріне сипаттама.
- •5.Экономикалық жүйенің негізгі үлгілері.
- •6.Экономикалық жүйелерді жіктеу өлшемі, түрлері және негізгі белгілері.
- •8.Нарықтық экономиканың қазақстандық моделінің қалыптасуындағы негізгі кезеңдер және оның ерекшеліктері
- •9.Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны.
- •10. Меншік экономикалық және құқықтық категория ретінде. Меншіктің тарихи түрлері, мемлекеттік және жеке меншікке салыстырмалы талдау.
- •11.Қазақстанда жеке меншік институтының қалыптасуы мен даму мәселелері
- •13.Қоғамдық шаруашылық және оның нысандары. Тауар және ақша.
- •16.Ақша нарығы. Ақшаға деген сұраныс пен ұсыныс. Қазіргі ақшаның ерекшеліктері.
- •17.Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.
- •Нарықтың маңызды элементтері
- •21.Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •1.Сурет. Сұраныс пен ұсыныстың рыноктық тепе-теңдігі.
- •26.Кәсіпкерліктің негізгі белгілері және кәсіпкерлік қызметтің тартымдылығын анықтау ерекшеліктеріне талдау.
- •27.Кәсіпкерлікті өндіріс факторы ретінде қарауға Сіздің көзқарасыңыз және ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •28.Капитал құрылымын талдау ерекшеліктері. Айналмалы капитал айналымын тездету жолдары.
- •32.Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында пайданы неғұрлым көбейту жолдары.
- •33,34.Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар. 34.Өндіріс факторлары және олардың жасайтын табыс түрлері. Факторлық табыстардың тиімділігін анықтау.
- •35.Қазақстандағы өндіріс нарықтарының қалыптасуы мен дамуы. Қазақстандағы еңбек нарығының жағдайы және кәсіподақтың міндеттері.
- •36.Дамыған елдердегі еңбекақы төлеудің ерекшеліктері.
- •37.Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •38.Ұлттық экономиканың негізгі секторлары және ұлттық байлық. Ұлттық экономика деңгейіндегі экономикалық айналым моделі.
- •39.Экономикадағы макроэкономикалық және микроэкономикалық деңгейдегі мәселелердің өзара байланысы.
- •42. Жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік және ресурстардың толық қамтылуы.
- •46. Жұмыссыздық және өзін-өзін жұмыспен қамтитындар
- •48. Қазақстандағы жұмыссыздықтың себептері және еңбек биржасының қызметі
- •49. Экономикалық өсу және экономикалық цикл
- •50. Экономикалық өсуге әсер ететін факторларды талдау.
- •51. Экономикалық циклдың ауытқу себептері және дағдарыстың ерекшеліктер
- •52. Мемлекеттің экономикалық дамуы және дағдарыстан шығу жолдары
- •53. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты және құралдары.
- •54. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының қажеттілігі. Қазіргі экономикалық теориядағы әртүрлі көзқарастар.
- •55. Ақша-несие саясаты және негізгі әдістері.
- •56. Мемлекеттік бюджет, табыстардың қайта бөлінуі
- •57. Әлемдік экономика және оның даму мәселелері.
- •60. Дүниежүзілік сауданың мәні және құрылымы. Қазақстанның дсұ-на кіру мәселелері.
10. Меншік экономикалық және құқықтық категория ретінде. Меншіктің тарихи түрлері, мемлекеттік және жеке меншікке салыстырмалы талдау.
«Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің фундаменті болып табылады. Ол тарихи түрде адаммен , қоғаммен бірге пайда болады. Сонымен, меншік дегеніміз өндіріс құрал жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.Ол адам және заттың арасындағы қатынастар болып табылады.Оның өз даму тарихы бар.Онымен адамдардың өте қуатты экономикалық,кәсіпкерлік әрекеттері , мақсатты қозғалыс жүйесі,тағыда басқа әр түрлі экономикалық мүдделері,шаруашылық жүргізу формалары мен тәсілдеріне байланысты.Дүниежүзілік тәжірибенің дәлелдегені меншіктің аса маңыздылығы жалпы адамзаттың маңызды бағалылығына жатады. Меншік қатынастарының ерекшелігі , ол , бір жағынан өте қарапайым, ал екінші жағынан , өте күрделі де.
Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып,пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу , айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.Бұл дегеніміз өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы күрделі шаруашылық өндіру адамдардың өз қажетіне қарай табиғат байлығы мен жұмыс күшін иемдену болып табылады. Меншік қатынастары : а/иемдену бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. б/материалдық ресурстарды тиімді пайдалану мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алу, сондай ақ одан пайда табу. в/ материалдық ресурстарды тұтыну, яғни өз игіліктеріне байланысты жүзеге асырудың экономикалық сипатын анықтау процесіндегі қарым қатынастарды қамтиды. Міне, осылардың барлығы да өндшріс сферасындағы аса маңызды: “адам адам” қарым қАтынастарын бейнелейді. Сонымен қатар, меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктермен де сипатталады: а/екі жұп категорияларының өзара байланысы :(меншіктеу) иемдену шеттету; ә/жекелену қоғамдастыру сияқты жұп категориялардың өзара байланысы ; б/өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі ; в/ табыстарды уйлестіру тәсілі г/субъектілік обектілік талдау Меншік тек экономикалық мағынада емес, құқылық формада да дами алады. Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдіктермен сипатталады . Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасатын билік ету құқықтарының санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы. Меншік құқығының теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері американ экономистері Рональд Коуз (1910жыл) және Армен Алчиан(1914жыл) қосты. Осы ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес , ресурс өзінен өзі меншік бола алмайды , тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық міне осы меншіктің құқықтық мазмұнын құрайды .Бұл процеске қатынасатындардың барлығы меншік құқығын өткеру кезінде “ойын ережесін ”білуі қажет . Меншік кімге жатады, және өзара іс әрекетті ұштастыруға қол жеткізу үшін олармен келісу керек пе? Батыстың экономикалық және заң әдебиеттерінде пайдаланылып жүрген анықтамалардың ойынша меншік құқығы төмендегідей 11 бөлімнен тұрады: 1.Иелену құқығы , яғни игіліктерге міндеттелген денелік ( күш қуаттылық ) бақылау құқығы ; 2. Пайдалану құқығы , яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы ; 3.Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қашан қамтамасыз етуді шешу құқығы; 4.Табысқа деген құқық , яғни игіліктерді қолдану нәтижесінде ие болу құқығы; 5.Егеменділік құқығы , яғни бейтараптандыру , тұтыну , игілікті жою немесе өзгерту құқығы; 6.Қауіпсіздік құқығы , яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы; 7.Игілікті мұрагерге беру құқығы; 8.Игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы; 9.Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы; 10.Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі; 11.Қалдықты сипат құқығы, яғни процедура мен институттардың өмір сүру құқығы , бұзылған құқық шараларын қалпына келтіруді қамтамасыз ету; Айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады: меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны өзара байланысты, олардың арасында бір сөзбен айтқанда “тамырлар қатынасының заңы ” әрекет етеді .Осы тұрғыдан алғанда меншік бір мезгілде әрі экономика, әрі заң категориясына жатады.Осы бірлікте анықтаушы рөлді меншіктің экономикалық жағы атқарады. Егер, меншік экономикалық форманы қабылдамайтын Мемлекеттік меншік дегеніміз, меншік объектісін басқаруды және пайдалану шешімдерін мемлекеттік билік органдары қабылдайтын қатынастар жүйесі. Мемлекеттік меншік - бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, аймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.
Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады. Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.
