- •1.Құқықтық мәдениетті, құқықтық сананы түсінудің әдістемелік негіздері
- •2.Құқықтық мәдениетті зерттеу әдістері. Жалпы ғылымдық және жеке ғылымдық әдістер
- •3.Құқықтық танымның тұжырымдамасы және оның құқықтық тәжірибеге ықпалы.
- •4.Құқықты түсінудің кешеңді, интегративті жолдары және оның қоғамның құқықтық мәдениетінің дамуы үшін маңызы.
- •5.Мәдениет пен өркениеттің түсінігі. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •6.Адам құқықтары - құқықтық мәдениеттің жоғарғы құндылығы ретінде.
- •8.Құқықтық сананың деңгейі. Құқықтық сананың түрлері
- •10.Құқықтық идеология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде
- •11.Құқықтық тәжірибе – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде
- •12.Құқыққа сай мінез-құлықтың түрлері
- •13.Құқықтық мәдениетті зерттеудің социологиялық әдістері.
- •14.Жастар саясаты туралы заң және оның құқықтық мәдениетке әсері.
- •Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысы. 1995 жылғы 21 маусым n 2347
- •16.Құқықтық немқұрайлықтың (нигилизм) ақырғы нысаны ретіндегі құқықтық арсыздық
- •18.11 Қазан 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет пен діни ұйымдар туралы» қр заңы және оның құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •19.Мәдениет пен менталитеттің арақатынасы. Құқықтық менталитет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •21.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •22.Қазақстанда құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу және онымен күресу жолдары.
- •23.Адам құқығына жаһанданудың тигізетін әсері. Адам құқығын қамтамасыз ету тұрғысынан жаһанданудың оң және теріс тұстары
- •24.Суицид. Суицидтің қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық тәрбиесіне тигізетін әсері
- •25.Қазақ халқының құқықтық мұрасы болып табылатын Жеті Жарғы және оның көшпелі құқықтық мәдениеттің дамуына тигізген әсері
- •26.Өркениетті демократиялық қоғамды қалыптастырудағы құқықтық мемлекет идеясы
- •27.Құқықтық тәрбие: түсінігі және құрамы
- •28.Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбие тәжірибесі: қалыптасуы мен дамуы.
- •30.Кәсіби құқықтық сана мен кәсіби құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •31.Құқыққа сай мінез-құлық жеке тұлғаның құқықтық мәдениетінің даму нәтижесі ретінде.
- •32.Құқықтың түсінігі. Құқықты түсіну мен құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •36.Мемлекеттік органдардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері, даму перспективалары.
- •37.Құқықтық сана – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде.
- •57.Прокурордың құқықтық мәдениеті
- •58.Заң шығарушының құқықтық мәдениеті
- •11.Есеп. Кінәсіздік презумпциясы. Dura Lex Sed Lex – қағидасының мәнін ашыңыз. Аталған қағиданы осы заман құқығының талаптарымен байланыстырыңыз.
- •12.Есеп. Қылмыстық істі шешу барысында н. Есімді тергеуші әкімшілік құқық нормаларына жүгінді. Сот үкім шығару кезінде сот прецедентіне негізделген. Құқықтың қай қағидасы бұзылды?
- •13.Есеп. Осы заман құқығы үшін рим құқығының маңызын ашыңыз. Ілімдері құқықтың қайнар көзі болып есептелген бес рим заңгерінің аттарын атаңыз.
- •14.Есеп. Грамматикалық ережелерге сүйене отырып, келесі тұжырымның мағынасын түсіндіріңіз: «өлім жазасы немесе рақымшылық». Бұл тұжырымның екі түрлі мағынасын ашыңыз. Ол неге байланысты?
- •15.Есеп. Қазақстандық газеттерден көрініс тапқан құқықтық қателіктерді анықтаңыз.
- •17.Есеп. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс қолданылмаған? Сөйлемді түзеңіз.
- •23.Есеп. Қазіргі кезде қоғамда көп әйел алушылық мәселесі белсеңді талқылануда. Бұл мәселе бойынша өзіндік көзқарасыңызды білдіріңіз. Оған құқықтық баға беріңіз, қр Конституциясымен байланыстырыңыз.
- •27.Есеп. Құқықтық мәдениетті дамыту тұрғысынан «қоғам», «адам», «менталитет», «өркениет» ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •28. Есеп. Берілеген сөздерге синонимдер табыңыз. Қандай жағдайда синонимдік жұптардың әр сөзі сізге дұрысырақ болып көрінеді?
2.Құқықтық мәдениетті зерттеу әдістері. Жалпы ғылымдық және жеке ғылымдық әдістер
Мәдениет бұл сан қырлы, әртүрлі қүбылыс. Мәдениетті белгілі бір қоғамда салт-дәстүр, әдет-ғұрып және әдеп түрғысынан көрініс табады.
Мәдениет - адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы.
Қоғамның мәдениеті бірнеше түрге бөлінеді: саяси, экономикалық, элеуметтік, парасаттылық, инабаттылық, экологиялық, құқықтық, т.б. мэдениет жүйе салалары. Олар бір-бірімен тығыз байланыста қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік дамуына сәйкес дамиды. Сонымен қатар олар қоғамның әр саласындағы қарым-қатынастарды реттеп-басқарып отырады. Мәдениет салаларының арақатынасы бірлестікте және дербестікте дамып қоғамның экономикасын, әлеуметтік жағдайын жақсартып, нығайтып отырады. Жақсы дамыған экономика, мәдениеттің жан-жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды. Мәдениеттің жақсы дамуына мемлекетпен бірге бірлестіктер, одақтар, үжымдар зор үлес қосады. Жоғары деңгейі мәдениетке қүқықтық мемлекет жол ашады.
Сонымен, қоғамның парасаттылық, инабаттылық тәрбиелік т.б. деңгейі мәдениеттің деңгейімен айқындалады. Ал мәдениеттің деңгейі қоғамның экономикасының, саяси-әлеуметтік деңгейіне байланысты.
Қоғам мәдениетінің негізгі салаларының бірі- қүқықтық мәдениет. Бұл қоғамдағы мәдени қүндылықтарды сақтау, жаңғырту, дамыту, оларға азаматтарды баурау жөніндегі қатынастарды қүқықтық нормалар арқылы реттеп-басқару. Қүқықтық мәдениет қоғамдағы мәдениеттің деңгейінен жоғарғы бола алмайды. Бүл объективтік процесс.
Қүқықтық мәдениет қоғамның қүқықтық санасының, айнасы деуге болады. Өйткені бүл мәдениет адам қоғамының өткен формацияларының құқықтық мәдениетінің жетістіктерін жинақтап, біріктіріп отырады. Қүқықтық мәдениет екі бөлімнен түрады: жеке түлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет. Жеке түлғалардың мәдениеті қоғамдық мәдениетті дамытуға шешуші үлес қосады. Қүқықтық мәдениет жалпы-халықтық байлық, ол адам қоғамының тарихи цивилизациялық жетістігі.
Құқықтық мәдениет жеке түлғалардың білімінің деңгейіне қарай үшке бөлінеді: күнделікті, профессионалдық, теоретикалық.
Күнделікті мәдениет жалпы қоғамдық мәдениеттің көлеміндегі дәреже. Бұл дәреже еңбектенсе өсуі мүмкін. Профессионалдық мәдениеттің бір немесе бірнеше саласын игеру. Теоретикалық мәдениеттің теориясын жақсы білу.
Құқықтық мәдениеттің функциялары: танымдық, реттеушілік, прогностикалық, нормативтік. Танымдық-құқықтық мәдениет теориясын дамыту; реттеушілік-мәдениетті реттеп-басқару; нормативтік-мәдениет бағытындағы нормативтік актілердің сапасын жақсарту, сол арқылы қүқықтың рөлін көтеру, күшейту; прогностикалық (болжау) - қүқықтық мәдениеттің болашағын дүрыс болжау.
Құқықтық мәдениет субъектісіне қарай үш жүйеге бөлінеді: қоғамдық, топтық және жеке түлға. Бүл жүйелерге азаматтардың белсенділігі өте қажет, онсыз нормативтік актілердің іске асуы, орындалуы нашарлайды. Белсенділіктің екі түрі болады: біріншісі-қүқық шығармашылықтағы, құқықты дамытудағы, орындаудағы белсенділік; екіншісі-заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы белсенділік.
Қоғамдық жүйедегі нормативтік актілер барлық халықты қамтып, қоғамдық көлемде мәдениетті дамыту; топтық жүйе-бірлестіктер, одақтар, үжымдар көлемінде мәдениет мәселесімен шұғылдану; жеке тұлға жүйесі-жеке адамдардың рухани сана-сезімін, білімін, мәдени тәжірибесін дамыту.
Құқықтық мәдениеттің қызметі үш топқа бөлінеді: танымдылық, бағалаушылық, реттеушілік. Танымдылық-халықтың заң білімін білуінің деңгейі, рухани сана-сезімнің жақсаруы. Бағалаушылық тобы төрт жүйеден құралады: құқықтық саналары, қағидалары, құрылымы, функциялары; құқықтық тәртіпті; заңдылықты қорғайтын органдардың жүмысы; азаматтардың өздерінің баға беруі (заңдылыққа, тәртіпке, мәдениетке). Реттеушілік тобы-қоғамдағы мәдениет бағытындағы қарым-қатынастарды реттеп-басқару олардың, заңдылық немесе заңды еместігін анықтау, дұрыс орындалуын қамтамасыз ету.
Құқықтық мемлекеттің ең маңызды белгісі - халықтың құқықтық мәдениетінің, құқық қорғаушылары мен басқа да лауазымды тұлғалардың кәсіби мәдениетінің болуы. Бұл белгі құқықтық мемлекетті құрудың міндетті шарты.
Құқықтық мәдениет — қоғамның құқықтық болмысының сапалық күйі. Бұл күй құқықтық актілердің, құқықтық және құқық қолданушылық қызметтің қаншалықты деңгейде екендігін білдіреді.
Осы сапалық күй тұлғаның құқықтық санасын, құқықтық дамуын, оның жүріс-тұрыс еркіндігі дәрежесін, мемлекет пен тұлғаның өзара жауаптылығы деңгейін де білдіреді. Және де бұл күй қоғам дамуына және қоғамның тіршілік ету жағдайларына ықпал жасап қолдау көрсетудегі қол жеткізілген деңгейін де көрсетеді.
Құқықтық мәдениет (кең мағынада) дегеніміз нақты іс-қимыл, әрекет жасау үстіндегі заң қондырғысы компоненттерінің жиынтығы жөне құқық жөнінде, оның жүзеге асырылуы туралы, мемлекет органдарының, лауазым иелерінің іс-әрекеттері жөнінде адамдардың жалпы түсінігі мен пайымдаулары.
Құқықтық мәдениет (тар мағынада) дегеніміз тұлғаның құқық туралы ой-пікірлері, сезімдері мен пайымдаулары және де саналы түрдегі қажеттіліктері. Осы қажеттіліктер тұлғаның құқыққа сай мінездерінен, жүріс-тұрыстарынан көрініс табады.
Құқықтық мәдениеттің 3 түрі бар:
- жеке түлғаның құқықтық мәдениеті
- қоғамның құқықтық мәдениеті
- кәсіби топтың құқықтық мәдениеті
Тұлғаның құқықтық мәдениеті - құқықты білу, ұғыну (түсіну) және құрметтеуден (құрмет тұтудан) тұрады. Ал мұның өзі құқықтық ұйғарымдарды жете түсініп барып орындаудан білінеді (көрінеді).
Қоғамның құқықтық мәдениеті дегеніміз - адамзаттың құқық саласында белгілі бір қоғамның құқықтық шындықтарын көрсететін, құқықтық сана деңгейін және қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті, заң шығарушылық жағдай мен заң техникасын қоғамның ұғынып білуін айтамыз. Қоғамның құқықтық мәдениетті құқықтық шындықтар саласында адамзатпен жиналған құндылықтар жүйесін құрайды.
Ол құндылықтар:
1) құқықтық сана;
2) заңдылық пен құқықтық тәртіп;
3) заң шығарушылық жағдайы;
4) заңи практика.
Кәсіби топтың құқықтық мәдениеті дегеніміз белгілі бір қоғамның әлеуметтік, саяси, құқықтық буынында лауазым иелерінің мемлекеттік қызметін кәсіби тұрғыдан ой-тұжырымдарын, пікірінің қоғам болмысы мен мемлекет өміріндегі құқықтық мәдениеттің көріністерін мемлекеттік қызметкерлердің ұғынуын айтамыз.
