- •1.Құқықтық мәдениетті, құқықтық сананы түсінудің әдістемелік негіздері
- •2.Құқықтық мәдениетті зерттеу әдістері. Жалпы ғылымдық және жеке ғылымдық әдістер
- •3.Құқықтық танымның тұжырымдамасы және оның құқықтық тәжірибеге ықпалы.
- •4.Құқықты түсінудің кешеңді, интегративті жолдары және оның қоғамның құқықтық мәдениетінің дамуы үшін маңызы.
- •5.Мәдениет пен өркениеттің түсінігі. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •6.Адам құқықтары - құқықтық мәдениеттің жоғарғы құндылығы ретінде.
- •8.Құқықтық сананың деңгейі. Құқықтық сананың түрлері
- •10.Құқықтық идеология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде
- •11.Құқықтық тәжірибе – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде
- •12.Құқыққа сай мінез-құлықтың түрлері
- •13.Құқықтық мәдениетті зерттеудің социологиялық әдістері.
- •14.Жастар саясаты туралы заң және оның құқықтық мәдениетке әсері.
- •Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысы. 1995 жылғы 21 маусым n 2347
- •16.Құқықтық немқұрайлықтың (нигилизм) ақырғы нысаны ретіндегі құқықтық арсыздық
- •18.11 Қазан 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет пен діни ұйымдар туралы» қр заңы және оның құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •19.Мәдениет пен менталитеттің арақатынасы. Құқықтық менталитет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •21.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •22.Қазақстанда құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу және онымен күресу жолдары.
- •23.Адам құқығына жаһанданудың тигізетін әсері. Адам құқығын қамтамасыз ету тұрғысынан жаһанданудың оң және теріс тұстары
- •24.Суицид. Суицидтің қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық тәрбиесіне тигізетін әсері
- •25.Қазақ халқының құқықтық мұрасы болып табылатын Жеті Жарғы және оның көшпелі құқықтық мәдениеттің дамуына тигізген әсері
- •26.Өркениетті демократиялық қоғамды қалыптастырудағы құқықтық мемлекет идеясы
- •27.Құқықтық тәрбие: түсінігі және құрамы
- •28.Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбие тәжірибесі: қалыптасуы мен дамуы.
- •30.Кәсіби құқықтық сана мен кәсіби құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •31.Құқыққа сай мінез-құлық жеке тұлғаның құқықтық мәдениетінің даму нәтижесі ретінде.
- •32.Құқықтың түсінігі. Құқықты түсіну мен құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •36.Мемлекеттік органдардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері, даму перспективалары.
- •37.Құқықтық сана – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде.
- •57.Прокурордың құқықтық мәдениеті
- •58.Заң шығарушының құқықтық мәдениеті
- •11.Есеп. Кінәсіздік презумпциясы. Dura Lex Sed Lex – қағидасының мәнін ашыңыз. Аталған қағиданы осы заман құқығының талаптарымен байланыстырыңыз.
- •12.Есеп. Қылмыстық істі шешу барысында н. Есімді тергеуші әкімшілік құқық нормаларына жүгінді. Сот үкім шығару кезінде сот прецедентіне негізделген. Құқықтың қай қағидасы бұзылды?
- •13.Есеп. Осы заман құқығы үшін рим құқығының маңызын ашыңыз. Ілімдері құқықтың қайнар көзі болып есептелген бес рим заңгерінің аттарын атаңыз.
- •14.Есеп. Грамматикалық ережелерге сүйене отырып, келесі тұжырымның мағынасын түсіндіріңіз: «өлім жазасы немесе рақымшылық». Бұл тұжырымның екі түрлі мағынасын ашыңыз. Ол неге байланысты?
- •15.Есеп. Қазақстандық газеттерден көрініс тапқан құқықтық қателіктерді анықтаңыз.
- •17.Есеп. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс қолданылмаған? Сөйлемді түзеңіз.
- •23.Есеп. Қазіргі кезде қоғамда көп әйел алушылық мәселесі белсеңді талқылануда. Бұл мәселе бойынша өзіндік көзқарасыңызды білдіріңіз. Оған құқықтық баға беріңіз, қр Конституциясымен байланыстырыңыз.
- •27.Есеп. Құқықтық мәдениетті дамыту тұрғысынан «қоғам», «адам», «менталитет», «өркениет» ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •28. Есеп. Берілеген сөздерге синонимдер табыңыз. Қандай жағдайда синонимдік жұптардың әр сөзі сізге дұрысырақ болып көрінеді?
14.Есеп. Грамматикалық ережелерге сүйене отырып, келесі тұжырымның мағынасын түсіндіріңіз: «өлім жазасы немесе рақымшылық». Бұл тұжырымның екі түрлі мағынасын ашыңыз. Ол неге байланысты?
Адамдардың жеке айқындалмаған, белгілі бір санатты кешірім жасау кезінде жазаны одан әрі өтеуден босатылуы не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін. Рақымшылық қылмыстық құқықтағы гуманизмнің бір көрінісі. Әдетте, біздің мемлекетіміздің тарихындағы атаулы күндерге немесе елдегі белгілі бір оқиғаларға байланысты жарияланады. Қазақстан Республикасының Парламентіне рақымшылық жасау актілерін шығару құкығы берілген. Рақымшылық жасау актісі, ол шығарылғанға дейін және оның заңды күшіне енгеніне дейін қылмыс жасаған адамдарға таралады. Рақымшылық жасау актісіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар негізгі жаза түрінен босатылуы, оларға тағайындалған жаза неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы мүмкін, жазасын өтеген адамның рақымшылық жасау туралы актімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін. Рақымшылық жасау актісіне қарағанда, кешірім ету — бұл ауыр қылмыс жасағаны үшін соттың айыпталған адамға қатысты жеке кешірім жасау актісі. Кешірім ету актісін шығару назар аударуға және қолдауға тұрарлық ерекше мән-жайларға негізделеді — шын өкіну, ізгілік. Кешірім ету нақты адамдарға қатысты, атап белгіленген бір немесе бірнешеуіне қолданылады. Кешірім ету актісінің нәтижесінде анағұрлым қатаң жазалар (өлім жазасы сияқты) жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы не жаза қысқартылуы немесе алынып тасталуы мүмкін. Кешірім ету құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне берілген. Кешірім ету жасалған қылмыстың санаттарымен де, қолданылған жазаның түрімен де шектелмейді. Сонымен, қылмыстық жауапкершіліктен босату деп, қылмыс жасаған адамды мемлекет тарапынан соттау міндетінен, оның әрекетін теріс бағалау түрінде босатуды айтады. Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершіліктен босатудың көптеген түрлері қарастырылған. Жазалаудан босату деп соттың үкімімен тағайындалған қылмыстық жазаны өтеу міндетінен айыпты адамды толықтай немесе ішінара босатуды айтады Өлім жазасы – ежелден келе жатқан ең ауыр жаза. Өлім жазасы қоғамдағы ауыр қылмыстармен күресу үшін қолданылған. Көне замандарда негізінен патшаның әмірін орындамаған адамды, иесіне қарсыласқан құлды, ұрлық жасаған адамды, бұйрықты орындамаған жауынгерді өлім жазасына кескен. Шыңғысхан әскерінде бір адам шайқас кезінде шегінсе немесе қашса құрамына сол жауынгер кіретін бір ондық түгел өлтірілген.
15.Есеп. Қазақстандық газеттерден көрініс тапқан құқықтық қателіктерді анықтаңыз.
Бірінші қате, қылмыскер-дұрыс емес болып табылады, екінші қате- бірнеше минуттан кейін-бұл сөздер қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көрініс таппаған болып табылады. Үшінші қате- оның өміріне қауіп төндіруге байланысты қылмыстық іс қозғалмады, бұл мәселе де қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көрініс таппаған. Төртінші қате- ұйымдасқан қылмыскерлік топ басшысы А.Ш.-ға қатысты ең ауыр жаза – ату жазасы тағайындалды-бұл жерде – ҚР ҚІЖЗ сәйкес өлім жазасы деп көрініс табуы керек. Келесі қате- бәрі де заңды – айырбас шарты нақты жасалды және қайта қарауға жатпайды.,оны Талғар АІІБ (РУВД) қамады-айырбас шарты қайта жасалуға жатпайды және Талғар ауданының ІІБ болуы тиіс.
16.Есеп. Құқықтық тәрбиелеу туралы пікірсайыс барысында құқықтық тәрбиемен мемлекет, мектеп, ЖОО, еңбек коллективі айналысу керек деген пікірлер айтылды. Адамның құқықтары мен бостандықтары табиғи және оған тумысынан берілген, ажырамайтын, табиғи ретінде танылады және ең жоғары әлеуметтік құндылық болып табылады. Адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау мемлекет функцияларының бірі.Тұлға мен мемлекеттің қарым – қатынасы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам концепциясына сәйкес дамуда. Мемлекет пен адам құқығының арасындағы өзара байланыстылығы және өзара негізділігі құқықтық мемлекеттің басты мақсаты адам және азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету болып табылатындығынан көруге болады. Қоғам тәртіпке негізделіп, қалыптасып, өмір сүреді. Қоғамдағы тәртіп түрлі әлеуметтік нормалардың, адамдардың мінез – құлқын реттейтін қағидалардың әсерімен, яғни күшімен орнатылады. Құқықтық нормаларды қолдану нәтижесінде құқықтық тәртіп орнығатыны, ал құқытық нормалар негізінен заңнан нәр алып белгілі құқықтар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Еліміздің заңдарын сақтау, оған мойынсыну- жауапкершілікті, түсіністікті, заңдарды білуді және соған сәйкес мінез-құлық пен іс-әрекеттерді үйлестіруді талап етеді. Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда барлық деңгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ұстаздар мен ата-аналар, азаматтар да түсінуде. Құқық бұзушылық жөнінде «Құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі», – деп көрсетілген. Біздің мемлекетте құқықтық тәрбие жұмысы өте жақсы болып табылады.
