Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Madeniet_otvety.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
738 Кб
Скачать
☆

58.Заң шығарушының құқықтық мәдениеті

Құқықтық мәдениеттің ең жоғарғы деңгейдегі түрі профессионал заңгерлер. Бүл топқа жататындар: мемлекеттің заңды қорғайтын органдарында қызмет атқаратын азаматтар мен заңгерлердің кәсіпқойлық ғылыми үйымдарында жүмыс істейтін мамандар. Олардың көпшілігінің қүқықтық сана-сезімі, білімі, тәжірибесі өте жоғары дәрежеде болады. Сондықтан, олар нормативтік актілерді қабылдауға, қорғауға, орындауға өте зор үлес қосады, қателікке, кемшілікке жол берілмейді. Бүл бағыттта әсіресе маман заңгерлердің рөлі өте жоғары дәрежеде болады. Олар құқық теориясын ғылыми түрғыдан жан-жақты зерттеп, дамытып отырады, нормативтік актілердің сапалы болып шығуына, орындалуына көп үлес қосады.

Мемлекеттік профессионал заңгерлердің қүқықтық білімін, сана-сезімін, мамандық тәжірибиесін үздіксіз жетілдіріп отыруға көңіл бөліп көптеген істер атқарады, шаралар қолданады. Сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті дамытуға, нығайтуға мүмкіншілік жасап отырады. Профессионал заңгерлердің басым көпшілігі адал, жақсы қызмет атқарады, демократияны, әділдікті, теңдікті, бостандықты дамытуға зор үлес қосады.

Сонымен бірге көп мемлекеттердің өмір тәжірибиесі көрсеткендей заңгерлердің ішінен азшылық болса да заңдылықты, кұқықтық тәртіпті бұзатындар кездесіп жатады. Оның себебі сана-сезім, мәдениеттің, білімнің деңгейі төмен, нашар болуынан. Ондай адамдар әшкереленіп, қүқық қорғау органдарынан құдаланады.

Қоғамның құқықтық мәдениетін жетілдіруге заңгерлердің ғылыми және кәсіпқойлық қоғамдастарының ұйымдарының маңызы өте зор. Олар нормативтік актілердің сапасын көтеруге, нормалардың қажеттіліктерін түзеуге, кемшіліктерін жетілдіруге, қүқық теориясын дамытуға көп үлес қосады.

Қоғам өміріндегі құқықтық мәдениетті дамытудың жолдары. Екі басты критерилер қалыптасқан - заңдылықтың даму деңгейі және мемлекеттегі заңдылықтың жағдайы. Осы көрсеткіштер құқықтық мәдениеттің екі өлшемін сипаттайды:

нормативті-міндетті

практикалық

Олардың сәйкесіне және өзара келісіміне байланысты құқықтық өмірдің деңгейін анықталады.

Қоғамның жоғарғы заңды мәдениеттің белгілеріне мыналар жатады:

Заңдылықтың әлеуметтік орнықталығы нормативтік актілердің мазмұнының қоғам дамуының қажеттіліктеріне сәйкестігін білдіреді, сонымен құқықтық ғылымның жетістіктерін заңдарда көрініс табуы.

Заңдылықтың заң-техникалық жетілгендігі бұл заңдарды орындаудағы заң механизмдерінің қызметінің жетілгендігін, заң тілінің нақтылығы мен анықтылығын, нормативтік құкықтық актілерде, саттық және әкімшілік шешімдерде қолданылатын терминдердің, анықтамалардың бір мағыналығын, заң әріптері мен мағынасының сәйкестігін, оларды өздігінен талдауға мүмкіндігінің жоқтығын, заңдылықта маңызды мәселелерге байланысты олқылықтардың болмауын көрсетеді.

Заңдылықтың эффектілігі - оның белгіленуінің әлеуметтік жетістіктерге сәйкестігі. Заңдылықтың құқықтық мәртебесі оның қызметімен анықталады. Адамның санасында, оның жүріс-тұрысында қандай да болмасын «жақсы», «прогрессивті» қолдау таппаса, әлеуметтік құндылық ретінде қаралмайды және танылмайды.

Құқықтық мәдениеттің негізгі белгісі, оның құрылысының міндетті шарты болып қоғамның, қүқық қорғау органдарының кәсіби мәдениеті, лауазымды түлғалардың құқықтық мәдениеті болып табылады.

Құқықтық мәдениет құқықтық әлеуметтік құндылығын белгілеп, дамытатын құқықтық сананын, заңдылықтың, заң шығармашылық қызметінің, заң практикасының құқықтық жағдайы болып табылады.

59.Құқықтық мәдениеттің құқық шығармашылығындағы маңызы. Құқық шығармашылығы дегеніміз- нақты адамдардың құқық шығармашылығымен айналысуы болып табылады. Құқық – адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. Көне заманнан оқымыстылар құқықтың мәні мен мазмұнын түсінбекші болып, оған сан қилы анықтамалар берген. Оның түсінігі мен мәнін анықтаудың үш жолын айтуға болады. 1) нормативті тұрғыдан қарау, былайша айтқанда, құқықты заң нормаларының жүйесі деп санау; 2) социологиялық тұрғыдан карау, яғни, құқықты реттелетін қоғамдық қатынастармен ұқсас деп санау; 3) философиялық тұрғыдан қарау, яғни құқықты бос-тандық пен әділдік деңгейімен байланыстыру.

Құқықты социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық қатынастар да жатады.

Құқыққа, ерекше әлеумттік құбылыс ретінде қарасақ оған жалпы және айрыұша белгілер тән екендігін байқаймыз.

60. Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті. Қоғамдық – саяси және заң баспасөздерінің беттерінде қазіргі күні ең өзекті және ауқымды мәселелердің бірі ретінде қоғамдық және жеке өмірдегі мораль мен құқықтың бірлігі, айырмашылықтары тақырыптары танылады. Және бұл кездей емес: құқық және мораль - мінезі нақты-тарихи жағдайлармен және қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымымен анықталатын әркезде біртұтас әрекет ететін адами мәдениеттің басты элементтері болып табылады. Мораль – адамдардың әрекеттерінде және қозғалыстарында айқындалатын, жеке сенімдерінен, әдеттерінен, тәрбиелерінен, қоғамның, нақты кластардың немесе әлеуметтік топтардың әсерінен көрініс табатын, олардың арасындағы бір-біріне деген, қоғамға деген, мемлекеттің нақты әлеуметтік топтарына деген қатынастарды реттейтін нақты тарихи айқындалған көзқарастардың, нормалардың, бағалаулардың, сенімдердің жүйесі. Құқық – әрекеттер мен қозғалыстардың жауапкершілігі мен еркінің өлшемі болып табылатын, қоғамдағы әртүрлі топтардың жалпы бірыңғай еркін білдіретін жалпы міндетті мемлекеттік қағидалар мен мақсаттардың бірлігі. Сонымен, құқық – саяси-заңды құбылыс қана емес, сонымен қатар әлеуметтік-ізгілік құбылыс болып табылады. Азаматтық қоғамның құқықтық өмірі адамгершілік, ақиқат, ұят пен ар-ождан, жақсылық, адамгершілік қасиеттір, еркіндік пен жауапкершілікті мораль категорияларынсыз дами алмайды. Құқық пен моральдың қатынастары – көріністердің әр түрлілігімен: біріншіден, бірлілігі мен тұтастығы; екіншіден, айырмашылық; үшіншіден, тұтастай әрекеттерімен мінезделетін үрдіс. Құқық пен мораль нормаларының бірлілігі мен тұтастығы мыналармен сипатталады: Қоғамдық сананың және қоғамдық қатынастардың нысаны ретінде мораль мен құқық өз араларында өзара ұқсастықтарға ие, өйткені екеуі де ортақ әлеуметтік функцияларды атқарады: қоғамдағы адамдар арасындағы әрекеттерді реттеудің қажетті құралы болып табылады, нормативтік мінез танытады, және азаматтар ереже бойынша, ерікті және есті түрде осы нормалар мен принциптерді орындайды; ізгілік жіне құқық оларға ортақ жалпы адами құндылықтар негізінде дамиды. Бұған қарамастан, құқық нормалары, ерекшелік ретінде, жазбаша түрде болады, яғни мемлекетпен ресми бекітіледі, ал мораль нормалары көбінесе қоғам санасында өмір сүреді, - мораль да, құқық та әлеуметтік топтардың, тұтастай қоғамның еркін, іс жүзінде қоғамдық қатынастардың барлық жақтарын қамтитын әрекеттер ережесінің жинақталған жүйесін, сонымен қатар айқындалған өлшемде жалпы қоғамдық санадағы ақиқатық пен міндеттілік туралы кейбір көзқарастарды көрсетеді. Бұл нормалар жалпылық мінез танытады, қоғамның барлық мүшелерін қамтиды. Бұдан басқа, моральдық және құқықтық талаптар бағалау-басымдық мінездеріменен біріктірілген. Құқық та, мораль да қоғамның әлеуметтік-тарихи қажеттілігін сипаттайтын қоғамдық сананың әрекеттер ережесінде қатаң айқындалған, қатаң түде тіркелген нормалардың жиынтығын құрайды.

1.Есеп. Атақты итальяндық заңгер Чезаре Беккария жаза мен қылмыс мәселелерін зерттей келе өлім жазасын тағайындау қылмыстылықпен күресудің бір шарасы ретінде болатынына күмән келтірген. Ал академик С.С. Сартаев өзінің «Ар мен дар алдындағы сөз» атты еңбегінде өлім жазасының мәселелерін зерттей келе қандай түйіндер жасайды? Өлім жазасын алып тастауға өзіндік көзқарасыңызды білдіріңіз. Қазіргі кезде Қазақстанда өлім жазасы қоданылады ма?

Өлім жазасы – ежелден келе жатқан ең ауыр жаза. Өлім жазасы қоғамдағы ауыр қылмыстармен күресу үшін қолданылған. Көне замандарда негізінен патшаның әмірін орындамаған адамды, иесіне қарсыласқан құлды, ұрлық жасаған адамды, бұйрықты орындамаған жауынгерді өлім жазасына кескен. Шыңғысхан әскерінде бір адам шайқас кезінде шегінсе немесе қашса құрамына сол жауынгер кіретін бір ондық түгел өлтірілген. 13 ғасырда Еуропада басталған инквизиция католик шіркеуінің ілімінен дүниетанымы өзгеше адамдарға өлім жазасын (өртеу) қолданды. Ислам елдерінде кісі өлтірушілер, зинақорлар осы жазаға кесілді. Қазақ қоғамында да жазаның бұл түрі ауыр қылмыс жасағандарға қолданылды. Қанға қан қағидасын бірте-бірте құн төлету жазасы ығыстырғанымен, соғыс кезіндегі сатқындық, туыс адаммен көңіл қосу сияқты бірқатар қылмыстар үшін өлім жазасына кесті (ат құйрығына байлау, таспен атқылау). 20 ғасырдың 2-жартысында адам қоғамын ізгілендіру ағымының күш алуы нәтижесінде өлім жазасын жоюға бағытталған халықаралық шаралар іске асырыла бастады. Еуропа Кеңесі Адам құқықтары мен бостандығын қорғау туралы конвенцияға қосымша 1983 жылғы 28 сәуірде өлім жазасын жою туралы №6 хаттама қабылдады. БҰҰ Бас Ассамблеясы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықар. пактіге қосымша 1989 жылы 15 желтоқсанда өлім жазасын жою туралы екінші қосымша хаттама қабылдап, әлем елдерін сол хаттамаға қол қойып, қосылуға шақырды. Осы шаралардан кейін әлемнің 80-нен астам мемлекеті өз қылмыстық заңынан өлім жазасын алып тастады. Қазақстанда өлім жазасы (ату) тек айрықша ауыр қылмыстар (лаңкестік, геноцид, айуандықпен кісі өлтіру, т.б.) үшін тағайындалады. 18-ге толмаған жасөспірімге, әйел адамға, сот үкімі шыққанға дейін 65 жасқа толған ер адамға қолданылмайды. Рақымшылық жасалған жағдайда өлім жазасы өмір бойына немесе 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін. Қазақстанда 2003 жылдан бастап өлім жазасына мораторий жарияланған.

2.Есеп. ҚР Конституциясы 39-баптың, 1-тармағын қараңыз. Көрсетілген норманың мақсаты қандай? Осы нормаға доктриналдық түсінік беріңіз, атап айтқанда конституциялық құрылысты қорғаудың, қоғамдық тәртіпті сақтаудың түсініктерін, адам құқықтары мен бостандықтары, халықтың денсаулығы мен ізгілігі мәселелерін ашып, түсіндіріңіз. Осы норманың іс жүзінде қолданылуы жайлы мысалдар келтіріңіз.

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана және тек заңмен шектелуi мүмкiн. Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады. Адам құқылары — адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқылары т а б и ғ и және ә л е у м е т т і к болып екіге бөлінеді. Табиғи құқылар дегеніміз — адамның тіршілік етуінен туындайтын (мысалы, өмір сүру, еркіндікке жету, жеке басына тиіспеушілік т. б.) құқылары. Әлеуметтік құқылар дегеніміз — адамның мемл-пен өзара әрекеті процесінде пайда болатын (мысалы, білім алуға, еңбек етуге, бақуатты өмір сүруге, азаматтық алуға, сот әділдігіне жүгінуге, еркін жүріп-тұруға, мүліктерді иеленуге) құқылары. Адам құқықтарының қағидалары ұлттық деңгейде Конституцияда (Қазақстан Республткасының Конституциясы, 10-39 баптар) және заң актілерінде (мысалы, Азаматтық Кодексте, Қылмыстық Кодексте, жарлықтарда, арнаулы заңдарда) қарастырылады. Халықаралық деңгейде адам құқыларын қорғау, ең алдымен адам құқылары жөніндегі халықаралық билльде негізделген; оған адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясы (10.12.48), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқылар туралы пакт (12.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пакт (19.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пактіге факультативтік хаттама (19.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пактіге екінші факультативтік хаттама (19.12.66) енеді. Адам құқықтарының жекелеген аспектілері халықар. конвенцияларда көрініс тапқан. Олар адамның нақты құқыларын немесе кешенді құқыларын қорғауға: нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жоюға, адамды кепілдікте ұстауға қарсы күресуге, жәбірлеп, қинауға тыйым салуға, апартеидтік қылмыстардың жолын кесіп, ол үшін жаза белгілеуге, т.б. бағытталған. Адам құқыларын халықаралық деңгейде қорғап, қаделеу ісі Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ), Мәдениет пен білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ұйым (МБСЫҰ, яки, ЮНЕСКО), Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сияқты БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің практикалық іс-әрекеттерімен, халықар.-құқықтық актілерімен жүзеге асырылады.

3.Есеп. 11 қазан 2011 жылы «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР жаңа заңы қабылданды. Аталған заңның басты мақсатын ашыңыз. Заңға сәйкес қандай жаңа ережелер енгізілген? Осы заң адамның ар-намыс бостандығына құқығын шектемей ме? Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне, сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр күштеп мәжбүрлеуге жол берiлмейдi.Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен не ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен) немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға мәжбүрлеумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне жол берілмейді.Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасау жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартатын діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді. Діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге жол берілмейді.Дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді. Діни бірлестіктің басшысы кәмелетке толмағандардың ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қабылдауға міндетті.

4.Есеп. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 – бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет етіп бекітеді және оның басты қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылады» - делінген. Аталған нормаға доктриналды (ғылыми) талқылау жасаңыз. «Бекітеді» сөзіне басты назар аударыңыз, «зайырлы», «құқықтық», «әлеуметтік», «демократиялық», «унитарлық» термидерінің мағынасын ашыңыз.

Яғни, бекітеді деген сөздің мағынасы-қабылдайды, орнықтырады деген мағына береді. Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет етіп бекітеді және оның басты қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылады» - делінген, бұл мәселе тек Қазақстан Республикасның Конституциясында ғана емес, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алу жолында да көрініс тапқан, яғни, айтып отырған сөзіміз, «Егемендік туралы декларация» және «Тәуелсіздік туралы» конституциялық заң болып табылады.

5.Есеп. Әлем мемлекеттерінде әр түрлі саяси қақтығыстар орын алуда, дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар болуда, заңсыз көші-қоны мен экологиялық ахуалдар көбеюіде. Бұл проблемалар Қазақстанды да айналып өтіп жатқан жоқ екені белгілі.

Яғни, барлық дүние жүзінде әлемдік экономикалық дағдарыс орын алуда. Бұл қиыншылықтар да Қазақстан Республикасын айналып өтпеді, өйткені, барлық мемлекеттер бір-бірімен тығыз жұмыс істеп, беделдерін көтереді, ақша айналым саясатын жүзеге асырады. Біздің айтқымыз келіп отырғаны, ол – жақындағы болған 2007 жылы басталған әлемдік дағдарыстың әлемнің барлық мемлекеттерінің экономикасына кері әсерін тигізді. Бұның қайнар көзі болып- АҚШ-тың әйгілі банкі болып табылады. Мұнымен күресу жолдары келесідей болып табылады-шикізатты отандық зауыттарды өндіру, адамдардың еңбек атқаруы, әлем мемлекеттерімен арнайы конференциялар өткізу.

6.Есеп. Құқықтық презумпцияға түсінік беріңіз. Құқықтық презумция мен құқықтық фикция түсініктерінің айырмашылығын көрсетіңіз. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77– бабын доктриналды талдаңыз, кінәсіздік презумпциясының мағынасын ашыңыз, осы ережелердің қайсысы көп бұзылады?

Судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi, және ол заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соғады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi. Заңды қолданған кезде судья төмендегi принциптердi басшылыққа алуға тиiс: 1) адамның кiнәлi екендiгi заңды күшiне енген сот үкiмiмен танылғанша ол жасалған қылмысқа кiнәлi емес деп есептеледi; 2) бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де қайтадан қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартуға болмайды; 3) өзiне заңмен көзделген соттылығын оның келiсiмiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне болмайды; 4) сотта әркiм өз сөзiн тыңдатуға құқылы; 5) жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттемелер жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың керi күшi болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейiн ол үшiн жауапкершiлiк заңмен алынып тасталса немесе жеңiлдетiлсе, жаңа заң қолданылады;

6) айыпталушы өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес; 7) ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгiленген шектегi жақын туыстарына қарсы айғақ беруге мiндеттi емес. Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға мiндеттi емес; 8) адамның кiнәлi екендiгi жөнiндегi кез келген күдiк айыпталушының пайдасына қарастырылады; 9) заңсыз тәсiлмен алынған айғақтардың заңды күшi болмайды. Ешкiм өзiнiң жеке мойындауы негiзiнде ғана сотталуға тиiс емес; 10) Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берiлмейдi. Конституциямен белгiленген сот төрелiгiнiң принциптерi Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бiрыңғай болып табылады. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы. Презумпция дәлелдеуді талап етпейтін топшылама. Кінәсіздік презумпциясы адамның кінәсіздігі туралы топшылама. Қарапайым сөзбен айтқанда: «Ұсталмаса ұры емес».Кінәсіздік презумпциясы қағидасының негізгі идеялары:

  • Айыпталушы соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады.

  • Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Адамды оның мойындауына негіздегі қана кінәлі деп тануға болмайды.

  • Айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына түсіндіріледі.

  • Ешкім өзіне-өзі қарсы айғақ беруге міндетті емес.

7.Есеп. Ерлі-зайыптылар ажырасуға өтініш жазды. Олардың кәмелеттік жасқа толмаған қыздарына зақым келтірмеу үшін, әйелі Асель екінші рет тұрмысқа шықпауы керек деген келісім-шарт жасайды. Келісім-шарт бойынша пәтер әйелінде қалады. Ерлі-зайыптылар бір кәсіпорында жұмыс атқарғандықтан, Нұржан жұмыстан шығуы жайлы міндеттеме алады. Ажырасқаннан кейін біраз уақыт өткен соң Асель басқа адамға тұрмысқа шығады. Нұржан сотқа ортақ пәтерді бөлу жайлы талап қояды. Асель бұрынғы күйеуінің талаптарын қабылдамау жайлы сотқа қарама-қарсы шағым жазады, себебі күйеуі жұмыстан шыққан жоқ болатын.

Неке және отбасы туралы заңнамалық актінің номасына сәйкес-ерлі зайыртылардың тұрмыста тұрған кезіндегі берген міндеттеемелері заңдық күшке ие болады, егер бір тарап берген міндеттемесін орындамаған кезде екінші тарап қарсы тлап қоюға құқылы болып табылады. Сәйкесінше, зайыбы Асель өзінің жұбайына қарсы талап қоя алады және бұл заңды болып табылады, өйткені, жұбайы Нұржан өз міндетін атқарған жоқ болып табыла. Сот зайыбы Асельдің пайдасына шешім шығарады.

8.Есеп. Алматы қаласының нотариалды кеңсесінің біреуінде ҚР азаматшасы мен Иран азаматы арасында неке келісім шарты жасалды. Келісім шартта келесідей тармақтар бар: некеге тұрардағы ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі өзінде болады; неке барысында ерлі-зайыптыларда пайда болған мүлік күйеуіне тиесілі болады да, жеке қолданылатын заттары мен күйеуі сыйлаған әшекей бұйымдар әйеліне тиесілі.

Аталған мәселе Қазақстан Республикасының Конституциясына қарсы келеді, яғни, ешбір адамның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге тыйым салынады. Яғни, бұл келісімді сот жарамсыз деп тануы қажет және бұл жерде «Адам құқықтары» туралы Декларацияға да тікелей қарсы келіп тұр. Егер, ерлі-зайыптылардың балары Қазақстан Республикасында туылса, онда, сәйкесінше-балаларының таңдауы бойынша балалары Қазақстан Республикасның азаматтығын алуға рұқсат етіледі.

9.Есеп. Мына жағдайды елестетіңіз: Сіз екі әріптесіңіздің құқықтық мемлекеттің қағидалары туралы пікірталасының куәсі боласыз. Біріншісі, басты қағида – заң күшінің жоғарылылығы деп есептейді. Ал, екіншісінің ойы бойынша жеке тұлғаның бостандығы, оның құқықтары мен мүдделері, ар–ождан мен қадір–қасиетіне қол сұғылмаушылық қағидасы маңызды деп санайды. Сіздің пікіріңіз қандай?

Яғни, Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны. Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады. Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың арақатынасын қалыптастырудың әмбебап идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі. Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша, азаматтардың құқықтарының шынайылығы әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске ас¬қан конституциялық мемлекет. Конституциялық құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам дамуының маңызды бағыттары, оның басты идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады. Соның негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.

10.Есеп. Академик С.З. Зиманов өзінің ғылыми мақалаларында Қазақ құқығы болып табылатын, ұзақ тарихи уақытта өзінің мәнін әлі күнге дейін жоғалтпаған - Жеті Жарғының өмір сүргіштігін ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, негіздейді. С.З. Зимановтың негіздеген түйіндерінің мәнін ашыңыз.

'“Жеті жарғы” — негізінен, заң жинақтары мен құқық саласы бойынша кітаптар шығаруға маманданған республикалық баспа. 1994 ж. ҚР Әділет министрлігінің “Заң әдебиеті” баспасы болып құрылған. 1998 ж. “Жеті жарғы” жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Баспа Қазақстан Республикасының заңдарын, кодекстерін және заң актілерін жұртшылыққа шұғыл жеткізіп отыру, сондай-ақ, заңгерлердің күнделікті жұмысына аса қажет нормативтік-құқықтық актілер жинақтарын, құқық тақырыбына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап, кітап етіп шығарумен айналысады. Сондай-ақ, Парламент қабылдаған заң актілерін қазақ және орыс тілдерінде бір мұқабада кітап етіп шығарады. Академик Салық Зимановтың басқаруымен 10 томдық “Қазақтың Ата заңдары” кітабын шығару ісі қолға алынды. “Жеті жарғы” баспасы құрылғаннан бергі 7 жыл ішінде (1994 — 2001) қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, корей, ағылшын тілдерінде 661 заң әдебиеттерін шығарса, соның 374-і қазақ тіліндегі кітаптар. Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]