- •1. Көпшілік спорттық туризмнің алатын орны мен маңызы.
- •1.3 Спорттық көпшілік туризмді дамыту үшін мектеп жастарының үлесі.
- •2 Студент жастарды тәрбиелеудегі көпшілік спорттық туризмнің алатын орны
- •1.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық - көпшілік туризмді дамытудың әлеуметтік мүмкіндіктері
- •2.2 Туризммен айналысатындардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
- •2.3 Туризммен айналысуға арналған іріктеу әдістемесі. Туризмді оқыту әдістемесі.
- •3.1 Студент жастардың туристік дайындық ерекшеліктері
- •3.2 Бұқаралық туристік іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі
2.2 Туризммен айналысатындардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
Бұрын айтылғандай, туризмнің қоғамдық құбылыс ретіндегі маңызды қызметтерінің бірі болып, құрамында рухани байлық, адамгершілік пәктік пен физикалық жетілу кіретін коммунистік қоғамды саналы және белсенді түрде құратын тұлғаның жан жақты және үйлесімді дамуын қалыптастыру болып табылады. Қоммунистік дамудың барлық құрушы бөліктері өзара байланысты. Еңбектенушілердің оқып жатқан жастарға деген туристік іс-әрекетіндегі бұл байланыс коммунистік тәрбиенің әрбір міндетінің жалпы бағыттылығынан көрініс табады. Олар бірін бірі толықтырады, зияткерлік дамыған, физикалық мықты және шыныққан, жоғары өнімді еңбек пен үдемелі қоғамдық іскерлікке даяр адамдарды тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.
Коммунистік тәрбие құрамына идеялық саяси, адамгершілік, еңбек тәрбиесі мен политехникалық оқыту, эстетикалық және дене тәрбиесі кіреді. Идеялық саяси тәрбие коммунистік сенуді, азаматтық ересектік ұалыптасуын, қоғамдық белсенділік пен патриотты және интернационалды тәрбиемен тығыз байланысты қоғамдық мінез құлық дағдыларын дамытуды қарастырады. Біздің жастар әртүрлі халықтардың шығармашылық еңбегі нәтижесінде туындаған, фашизммен қатал күресте қол жеткізгенді бағалауы тиіс.
Коммунистік партияның жастарды кеңестік халқын революциялық, әскери және еңбектік дәстүрде тәрбиелей отыра оған Отанына деген сүйіспеншілігін тудыру, М.И.Калинин жазғандай, «асып-тасқан, белсенді, құштарлы махаббатты... жауына деген еш аяушылықты білмейтін, Отан үшін ешбір нәрседен тайсалмайтын махаббатты» тудыру.
Туризм көмегімен қоғамдық саяси тәрбиелеу мақсаты ұжымшылдарды дамыту, яғни қоғам мүддесін өз мүддесін жоғары қоятын, қиындық пен кедергіні жеңе отыра ұжым қуанышы мен қайғысын бөлісе алатын адамдарды дамыту. Ұжым рөлі әсіресе әр түрлі қиындық деңгейлі саяхаттарды көрінеді. Ұжымшыл топ – жолды сәтті жүріп отыру, белсенді демалысты жақсылап ұйымдастыру кепілі.
Туристік саяхаттарда, тіпті ұзақтығы мен ұзындығы көп болмаса да, ұжымшылдық, табиғатқа деген сүйіспеншілік туады, қатысушылардың дүниетанымы кеңейтетіндігін атап өту керек. Саяхаттағы ортақ мақсат әртүрлі жастағы адамдарды жақындастырады. Жоодың өткен әрбір шақырымы өзінің күшіне деген сенімділікті бекітеді, үлкен адамгершілік қанағаттануға ие болдырады.
Туризм көмегімен еңбектік тәрбиелеу өзіне өзі қызмет ету және қоғамдық пайдалы іс әрекет шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға саяды. Туристік топ мүшелері бүкіл сапар бойы өз бетендік өмір сүрулерін қамтамасыз етуі тиіс: бағыт бағдар таба білу және кедергілерді жеңу, лагерь құру, тамақ дайындау, құрал жабдықтарды жөндеу, киімді жөндеу, суретке түсіру, сапар сипаттамасын жасау. Осының арқасында туристер қарапайым еңбек әдістер элементтерін меңгеріп қоймай, сонымен қатар саналық тәртіптілік, ұйымдастырушылық, жұмыстағы іс әрекеттер үйлесімділігін көрсетуге тырысады.
Эстетикалық тәрбие. Туризм адами іс әрекеттің бір түрі ретінде онымен айналысушыларды табиғат пен қоғамдағы таңғажайыпқа итермелейді, өмірін рухани мазмұнмен толтырады, оны әдемірек, байырақ етеді, қоршаған әлемді дұрысырақ түсінуге көмектеседі. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский табиғатты жас ұрпақтың керемет тәрбиешісі деп атаған. Табиғатта адам оның қуатты күшімен, түстер үйлесімділігімен, ормандар, дала, өзендер мен көлдер, тау шатқалдарымен кездеседі.
Паустовский « Саяхат біздің санамызда өшпес із қалдырады... Егер өз елдерің мен барлық жердің шынайы ұлдары болғыңыз келсе, қажырлық пен адамдық, еңбек пен күрес адамдары, рухани құндылықтарды тудыратын адам болғыңыз келсе, онда алыс саяхат музасына адал болыңыз, өзіңіздің қуатыңыз бен бос уақытыңызға байланысты саяхаттаңыз. Себебі әрбір саяхат – керемет пен таңғажайып әлеміне ену» деп жазған.
Жаттығулық және саяхаттық жағдайларда еріктік қасиеттер тәрбиеленеді: батылдылық пен шешімділік, шыдамдылық, табандылық, жетекшілік пен тәртіптілік. Еріктік қасиетті жан-жақты тәрбиелеу туристерді дайындаудың негізгі мазмұнына енуі тиіс.
Батылдылық – өмірге, денсаулық пен адам беделіне қауіпті жағдайларда іс әрекет сапасын төмендетпей іс әрекет жасай алу қабілеті. Шешімділік ретінде адамның тез шешім қабылдап, оған маңызды жағдайларда оны жүзеге асыру.
Батылдылық пен шешімділік саяхатты жасау мен табиғи қиын кедергілерден өтуде маңызды рөл атқарады: су кедергілері, шатқалдар, мұздықтар және т.б. Бұл қасиеттерді тәрбиелеу үнемі жүзеге асады. Сонымен қатар оларды орындау кезінде жаттығуларды үнемі қиындату маңызды рөлге ие болады: шатқалдардың ұзындығы мен биіктігін арттыру; жоғарылатылған және тарылтылған тірек үстінде тепе-теңдікті сақтау жаттығуларын орындау; суға үлкен биіктіктен секіру; су туризмі техникасында қақпаны жақындату; әр түрлі биіктікті шатқалдардан «дюльфрем» және спорттық тәсілмен түсу; мұздық биіктіктерден қысқыш арқылы жүру; тау өзені арқылы өту.
Шыдамдылық қосымша еріктік жігер көмегімен берілген деңгейдегі жұмыс кернеулігін (үдеуін) оны орындауға кедергі жасайтын ішкі жағдайлардың пайда болуын ( мысалы, жаттығуда немесе саяхатта шаршаған кезде, тауда оттегі жетпеген кезде) жеңіп шығу. Шыдамдылық өлшемі болып шаршаған кезден бастап берілген деңгейде ерікті сақтап тұрудан бас тарту сәтіне дейінгі уақыт болуы мүмкін.
Табандылық – қиындық пен сәтсіздіктерге қарамастан мақсатқа дейінгі үнемі ұмтылысты көрсету. Саяхатқа дайындық немесе жарыс барысында туристі саяхатқа жақын жағдайда қалдыру керек: кез келген ауа райына қарамастан жаттығу мен жарысу, туризм техникасы бойынша жаттығулар мен жарыстар жолдарын біртіндеп қиындату, жүктемелер арасындағы демалыс аралығын қысқарту, берілген жұмыстың аяғына дейін орындалуын талап ету, саяхатқа шығу күні мен саяхатты жүру жылдамдығын ұлғайту.
Жетекшілік – іс-әрекетте шығармашылықты білдіру, оның жаңа түріне деген ішкі ұмтылыс.
Туристің тұлғалық сипаты болып қалыптасқан еріктік қасиеттер «спорттық сипаттың» маңызды қисиетін анықтайды – жарыстардағы жеңіске деген немесе жоспарланған туристік сапарды өтуге деген ұмтылысты, олар құрамында шамадан тыс қозғалыс пен экстремалды жағдайларға деген назар аудару, жалпы психикалық тұрақтылық пен шешімді тез қабылдауға деген қабілеттілікті құрайды. Осы қасиетпен бірге тәртіптілік, міндеткерлік, спорттық еңбек сүйгіштік тәрізді мінез-құлық сипаттары тәрбиеленеді.
Топтағы тәртіп сақтау туризмдегі жоғары спорттық дәрежеге жетуге мақсатты түрде және жоспарлы дайындалуға, сапар барысында өз күшіне деген сенімділік пен қуаныш атмосферасын қалыптастыруға, жолдастар қолдауын сезінуге мүмкіндік береді. Туристерге саналы тәртіптілікті тәрбиелеудің өзіндік сипаты бар, себебі туризм сабақтары өз бетіндік сипатқа ие. Саяхаттар әдетте демалыс немесе мектептік демалыс кезінде, өз өз қаражаттарына жасалынады. Саяхатқа дайындықты, жаттығуларды көптеген жағдайларда оған қатысушылардан тәжірибесі бойынша басымдылыққа ие спортшылар басқарады. Әсіресе маңызды болып тәртіп – бұл ең алдымен ұжым мүддесіне бағыну, қоғамдағы мінез-құлық нормаларына қарама-қайшы келетін өз қалауларымен күресу болып табылатынын түсіну маңызды.
Туризммен айналысушылардың еріктік күштерін үнемі дамытып отыру қажет. Ол үшін қажет: жаттығу сабақтарында қиындық деңгейлерін біртіндеп арттырып отыру; гуманизм техникасы бойынша сапар мен жарыстарды модельдейтін жағдайларда жаттығу үдеулігін арттыру арқылы жылдам әрі белсенді еріктік кернеулерді шақыру; кез келген тапсырманы орындауға деген сенімділікті тудыру; ұзақ еріктік күшке деген қабілеттілікті қалыптастыратын тапсырмаларға деген назарды барынша шоғырландыру.
Туристік сапарларда жиі күтпеген қиындықтармен немесе жағдайлармен кездесуге тура келеді (көтерілу мен түсудің қиын бөліктері, сарқырамалар, көшкін қауіпі бар шатқалдар, күрделі метеорологиялық жағдайлар: қарлы боран, найзағай, қатты аяз немесе аптап ыстық; жыртқыш аңдармен кездесу, табиғат апаттары: жер сілкіністері, топан су, сел, жаңартау атқылауы, көшкін тасуы). Әрбір осындай жағдайда туристер шешім тауып, өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысу керек, ол үшін психикалық жағдайын реттей алуы керек, яғни қалыпқа келу мақсатында қозу деңгейін төмендету әдістерін білу керек. Ондай әдістерге жатады:
Психикалық кернеуді төмендетуге арналған сөздік әсер ету: «уайымдама», «өзіңе ие бол» тәрізді өзіндік бұйрықтар, жағымды эмоционалды реакцияларды туғызатын бейнелер мен құбылыстарға назар мен көңіл аудару – алдыңғы сапарлар мен көтерілімдер, кинофильмдер, шығармалар жайлы естеліктер; ой бағытын өзгерту немесе «алдастыру», «алмастыру»; екінші сигналдық жүйе арқылы арнайы әсер ету әдістерін пайдалану (тыныштандыратын немесе керісінше қоздыратын сөздерді пайдалану, мысалы: «жарйсың», «жақсы», «қорықпа», «асықпа»);
Топқа жағымды соңы бар күлкінішті сөздер немесе әңгімелер арқылы сөздік әсер ету;
Топ жаттықтырушысы немесе жетекшісі жағынан әсер ету: жаттықтырушының сендірушілік іс-әрекеті; сапар қатысушыларын сөзбен қолдау, қиын кедергілерден өту кезінде қолдауға ие болу («жарайсың»).
Психологиялық дайындық. Топты туристік сапарларға дайындау жағдайында қатысушылардың психологиялық дайындығына аса ерекше мағына береді. Туристік топ сапарда ұзақ уақыт болған жағдайда өмірін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Туристерді саяхатта кездесуі мүмкін қиындықтарға алдын ала үйрету (қиын метеорологиялық жағдайлар, табиғи кедергілер, сөмке ауырлығы); қиын жағдайда жылдам шешім қабылдау қабілетін тәрбиелеу, жағымсыз жағдайлардағы ұжымның психологиялық тұрақтылығын қалыптасытур маңызды. Біршама жетістікке туризм түрлерінен бірыңғай жаттығу кезінде жетуге болады. Топтағы жақсы психологиялық микроклиматты тудыру көбіне оның жетекшісіне (жаттықтырушыға) байланысты. Сапарда оның шешімі қатысушылар үшін заң, ал олардың дұрыстығы мен уақыттылығы – сапарды сәтті әрі апатсыз өту кепілі.
Жаттықтырушы тұлғасы тәрбие үдерісіне үлкен әсер етеді. Жаттықтырушының ең маңызды жағымды сипаттары: эмоционалды тұрақтылық (көңіл-күйіндегі ауыспашылықтың болмауы және оны жасыру қабілеті); жұмысқа деген ұмтылушылық; қиындыққа деген оптимистік реакция; психологиялық ынталандырушылықты пайдаланудағы реттілік (қолдау, мақтау, кінәлау, ашынудан гөріжиірек пайдалануы тиіс);сапарда немесе жаттығуда топтың жоғары адамгершілік жағдайын үнемі қолдап отыру қабілеті; зиялылық; туристерді өз ойлағандарын іске асыруға бағыттау білу қабілеті; қандай жағдайджа болмасын беделін түсірмеу; апаттық жағдайға ұшыраған кез келген туристік топқа көмектесе алу қабілеті.
Туристің үнемі мазасын алу, дөрекі айғай, оның назарын кемшліктеріне, алдағы іс-әрекетке шамадан тыс бағыттау, мазақтау сенімсіздікке апарадыы, ал ол арқылы – уайымшылдыққа, қорқақтыққа, шешімділікті жоғалтуға апарады. Топ жаттықтырушысының мойнында ұжымдағы адамгершілк климатын қалыптастыру міндеті жатыр. В.И.Лени жетекші сапасы оның билік күшімен емес, оның бедел күшімен, үлкен тәжірибелігімен, үлкен жан-жақтылығымен, дарындылығымен анықталады деген. Жаттықтырушы жоғары кәсіби сипатын байқататын, туристерді біркелкі дайындауда алысқа қарайтын, өз оқушыларының өмірін бақылайтын, оларға құрметпен және талаппен қарайтын жерде психологиялық және адамгершілік климат жақсы болады. Әлеуметтік-психологиялық климаттың қалыптасуын басқару мүмкін және міндетті. Тек қана ұжымшыл әрі біріккен топ қиын сапардан өтіп, табиғатпен күресті жеңе алады.
Туристің тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеудің қолданбалы мағынасы болып физикалық іс-әрекеттің оның рухани қалыптасуымен бірыңғай жан-жақты қалыптасуында.
