Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка новый.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
93 Кб
Скачать
☆

2.3 Туризммен айналысуға арналған іріктеу әдістемесі. Туризмді оқыту әдістемесі.

Туризммен айналысуға арналған іріктеу әдістемесі. Адамның спорттық іс-әрекет жетістігі көбінесе оның қандай да бір спорт түрімен уақытында айналыса бастауымен, сондай-ақ оның таңдалған түрге деген саналы қызығушылығының қаншалықты тұрақты қалыптасуына байланысты. Осы мақсатта балалар мен жасөспірімдер үшін іріктеуге арналған арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады, олардың басы болашақта спортпен жүйелі түрде айналысуға бағыттаумен ьайанысты. Бағдарлау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең мақсаты – адамда дене шынықтыру мен спортқа деген саналы қызығушылығын тудыру. Екінші кезең мақсаты – қандай да бір спорт түріне деген шынайы қызығушылығын оны басқа спорт түрлерінің жетістіктерімен салыстыра отыра тудыру.

Іріктеу педагогикалық іс-әрекет ретіндегі мағынасы болып табылады: әрбір адамда дене шынықтыру және спортпен айналысу жайлы қандай да бір қалыптасқан ойлары болады, сондай-ақ белгілі бір жағдайларда онда қандай да бір мөлшерде икемділігі мен қабілеті пайда болуы мүмкін, әрине, егер таңдалған спорт түрімен айналысса. Бұл икемділік пен қабілеттерді тану, жоғары нәтижеге жету мақсатында нақты спорт түрімен белсенді айналысуға себеп болатын алғышарттарын қалыптастыру – бұл іріктеудің жалпы мақсаты.

Туризмнің бағдарлау және іріктеу бағыттылығы, сипаты мен мазмұны басқа спорт түрлеріне қарағанда кейбір ерекшеліктерге ие. Тіпті адамның анатомиялық-физиологиялық нышандарын есепке ала отырып оның қабілеттерін анықтау туризмде біршама басқаша. Осылайша, спорттық іріутеу адамның потенциалды мүмкіндіктерін бақылау бойынша нақты іс-әрекеттермен байланысты, ал олар спортшының сәйкес антропометриялық және морфоқызметтік мәліметтер үлгісін, сондай-ақ оның қозғалыс сипаттарын анықтауға қажет.

Туризммен айланысушыларды іріктеу кезінде алдымен туризм тәрбие үлгісі ретінде қолжетімділікпен, қолданбалығымен және қозғалыс сипатының,кейін туризммен айналысу барысында қалыптасатын, әрбір адам білуі тиіс шеберлік пен дағдылардың белгілі бір деңгейімен сипатталады. Сондай-ақ, туризмдегі жоғары спорттық нәтиже тек қана топтың бірігіп жұмыс жасаған кезінде ғана қол жетімді. Сонымен қатар, спорттық туризмде жоғары нәтижелерге ұжымшылдық, өз қызығушылығын қоғам мүддесіне бағындыра білу, берілген жұмысқа деген жауапкершілік сезімі, тәртіптілік, белсенділік, шығармашылық, саяхат әр мүшесінің қоғамдық пайдалы кешенді жұмысты орындау міндеткерлігін жоғары деңгейде меңгеру тәрізді ұзақ практика барысында қол жеткізілген тұлғалық қасиеттер есебінен қол жеткізіледі. Күрделі саяхаттарға қатысу үшін өзіндік табиғи реттеуші ретінде ең тәжірибелі және дайындалған адамдарды іріктеу кезінде спорттық жіктеудің өзі ынталандырушы фактор болып саналады.

Осылайша, туризмдегі іріктеу бағдары әртүрлі үгіт-насихат жұмысының нәтижесі ретінде, сондай-ақ жастарға білім беру ретінде келесі міндеттерді орындаумен байланысты: туризммен айналысуға деген саналы қарым-қатынасты қалыптастыру, оның тәрбие құралы ретінде маңыздылығы, дене шынықтырудағы ұжымның міндетті бөлігі ретіндегі туристік жұмыстың түрі мен әдістері, туристік шеберліктер мен дағдыларды өз бетімен меңгеру, саяхаттарда әртүрлі қоғамдық пайдалы іс-шараларды өткізу маңыздылығы туралы дұрыс пікір қалыптастыру; құрамы борйынша тұрақты туристік секцияларды қалыптастыру, оның мүшелері санаттық саяхаттарды ұйымдастырып, өткізе алатын, әртүрлі туристік жарыстарға қатыса алатындай жасау.

Туризммен айналысуға баулу негізінен жалпы білім беретін мектепте басталады. Соңғы жылдары отбасылық өз бетіндік туризм шеңберінде мектеп жасына дейінгі балаларды да туризммен айналысуға баулу практикасы кеңейіп барады. Балалар мен жасөспірімдерді туризмге бағдарлау мен іріктеу тиімділігін арттыру үшін дене шынықтырулық белсенділер, комсомолдық және пионерлік ұйымдар, бүкіл педагогикалық ұжым, ата-аналар комитеті мен пионерлік ұйымдар мен мекемелер көмегімен дене шынықтыру мұғалімдерімен ұйымдастырылатын мектепішілік спорттық-бұқаралық іс-шаралар бағдарламасы бар.

Жалпы білім беру мектеп оқушыларын туризмге тарту дүниетану, табиғаттану, картография, тарих, сондай-ақ мектеп мұражайына мәлімет жинау мақсатында іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізумен тығыз байланысты. Бұл білім жалпы білім беретін мектептің жалпы бағдарламасымен байланысты.

Оқушыларды туризмге тарту бойынша жұмыстың маңызды бөлігі болып ( мектеп белсенділерінің үгіт-насихат іскерлігі) сабақтарда, қабырға басылымдарында, радио арқылы және туристік кештерде туризмді түсіндіру мен насихаттау табылады. Оқушыларды туризмге қызықтырудың басты шарты – туризмдегі оқыту-жаттығу үдерісіне деген саналы қарым-қатынасты қалыптастыру. Туристік үйірмелер мүшелерінің қоғамдық пайдалы іс-шараларға қатысуы көбіне бірыңғай ұжымның қалыптасуына себеп болады. Тек осы жағдайда ғана оқушыларды туризмге деген қажеттілік туады. Оқушыларды бағыттаудағы педагогтың рөлі болып оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың алдында туристік жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін біртіндеп ашып отыру, шығармашылық пен белсенділікті қолдап отыру табылады. Мұнда отбасылық туризмнің де алатын орны зор. Ата-аналары туристік шеберлік пен дағдыны баули білген балалар белсенділер құрамына енеді және әртүрлі бұқаралық мектепішілік туристік іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.

Туризмдегі қажетті қозғалыс қабілеттері, арнайы шеберліктер мен дағдылар – уақытпен үйренетін істер. Алайда оқушылардың белсенді туристік іс-әрекетпен айналысуы саналы түрде болуына қол жеткізу керек. Алдын ала туризммен айналысу ерекшелігін түсіндіру керек, ол біршама шыдамдылық пен адамгершілік-еріктік қасиетті көрсете білу, туристердің ұйымдастырушылығының жоғары деңгейімен, қауіпсіздік бойынша ережелдерді сақтау, көптеген қоғамдық пайдалы істерге қатысуымен байланысты.

Айтылғанды ескере отырып, туризммен айналысуға іріктеудің төрт кезеңін атап өту керек.

Іріктеудің бірінші кезеңі мектептің дене шынықтыру бойынша оқу бағдарламасында белгіленген демалыс күндеріндегі саяхат күндеріне оқушыларды тартумен байланысты. Бұл ең бұқаралық кезең. Оған барлық оқушылар қатысуы тиіс.

Екінші кезеңге демалыс күндеріндегі саяхаттарда, туристік ісшараларды белсенді қатысқан, «Жас турист» белгісіне лайықталған 10-14 жастағы оқушыларды тартумен байланысты. Аталған жағдайда жалпы ұзындығы 50 км, дала жағдайында бір рет қонуы бар төрттен кем емес саяхат жасау керек.

Туристік үйірмелерге іріктеудің үшінші кезеңі туризмнің екінші кезеңінде, іс-шараларға белсенді қатысып, «Ксро туристі» белгісіне лайықталған оқуышлармен тығыз байланысты. Олар екі жылдық мерзім ішінде жалпы ұзақтығы 5 күннен кем емес және ұзындығы жаяу немесе шаңғыда 75 км кем емес, ескекті қайықтарда 100 км кем емес, веловипедте 150 км кем емес 5 бір-екі күндік саяхатқа қатысуы тиіс. Сондай-ақ, жазғы уақытта саяхатқа қатысушылар 2-ден кем емес далада қонуды ұйымдастыруы керек. Осы кезеңде оқуышларды туристік кедергілер жолағын және спорттық бағдарлауды өтуі тиіс. Соңғысы ГТО кешенінің нормативтеріне сәйкес өткізіледі. Туристің негізгі дене жайындығының критерийі болып үшінші кезеңде ГТО кешені нормативтерін алтын белгіге орындау болып табылады. Нормативтерді қабылдау туризм техникасы мен тәсілі бойынша жарыстарды іске асады.

Техникум, ЖОО, мекемелер мен өндірістік орындарда ұйымдастырылатын турисотік үйірмелерге көбіне туризммен мектепте айналысқандар барады. Кейде бұл үйірмелерге туризм бойынша разрядтары жоқ әр жастағы адамдар келеді.бұд жағдайда керекті шеберлік пен дағдыларды қалыптастырудың барлық деңгейлерін өту керек, ол демалыс күнгі саяхаттан бастап белгісі үшін саяхатқа дейінгі деңгейлер. Кейіннен Бірыңғай бүкілодақтық спорттық жіктеу туризмі бйоынша разрядтық талаптар жүйесі туризммен айналысушыларды санаттық саяхаттарға қатысуға жіберу үшін реттік іріктеу критерийі қызметін атқарады.

Туризмді оқыту әдістемесі. Оқытудың жемістіліг көбіне мұғалім мен оқушының өз мақсаттарына қалай түсінетіндігіне байланысты. Бұл сондай-ақ көптеген факторларды ескеретін (алдыңғы мәліметті меңгеру, айналысушлардың жеке ерекшеліктері, олардың жасы, физикалық дайындық деңгейі және т.б.) жалпы емес, жеке (дифференциалданған) міндеттерге де байланысты.

Бағытталған үдеріс ретіндегі туризмді оқыту қамтамасыз етуі тиіс: біріншіден, жергілікті жерде алғашқы қозғалыс техникасын меңгеру (табиғи кедергілерді жеңу арқылы әртүрлі қозғалыс түрлері); екіншіден, дала жағдайында тұрмыстық жағдайды ұйымдастыруға қажетті дағдыларды меңгеру; үшіншіден, саяхаттағы қоғамдық пайдалы істі жүрігзу тәсілдерімен танысу; төртіншіден, картография мен топография, өлкетану мен табиғаттанубілімдерінің негізін қалыптастыру. Жоғарыда аталғандарды үйрету адамның жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға ретінде тәрбиеленуімен тығыз байланысты.

Туризмді үйретуде үш кезектес кезеңді айыра білу керек: туризм жайлы алғашқы түсінікпен танысу; жергілікті жерде орын ауыстырудың қандай да бір тәсіліне тән пайдалы с-әрекет қозғалыстарын меңгеру, сондай-ақ жергілікті жер жағдайында тұрмыстық жағдайды ұйымдастырудың туристік тәсілі мен амалдарын меңгеру; саяхат барысында алынған білім мен техникалық-тәсілдік іс-әрекеттерді жетілдіру.

Оқытудың бірінші кезеңінде ақпараттың әртүрлі тәсілдері мен әдістері арқылы (сөзбен және іспен) тәрбиеленушілерде туризм жайлы өз ережелері мен заңдары бар құбылыс ретінде түсінік қалыптастыру, оның адам тәрбиелеу тәсілі ретіндегі жетістігі, ұйымдастырылған сабақтар үдерісінде меңгеруге тиісті туристік техникасы мен тәсілдері жайлы түсіндіру. тәрбиеленушілер назарын туризмнің қандай да бір түрінің техникасы ен тәсілдерінің ерекшеліктеріне аудару қажетін (әдетте оқытуды жаяу немесе шаңғы туризмінен бастайды). бұл кезеңде көрнекіліктер (кинофильмдер мен слайдфильмдер) қатты қажет. сонымен қатар, туризммен айналысушылардың құқықтары мен міндеттерін толықтай түсіндіру міндетті.

Туризм жайлы жалпы түсінікті қалыптастыру кезеңінде тәрбиеленушілердің туризмнің негізгі ерекшеліктерін, сондай-ақ оның дене шынықтырудың кеңестік жүйенің басқа да тәсілдерімен байланысын меңгеруіне қол жеткізу керек. Білімдерін тексеруді қойылған сұрақтарға жауап беру түрінде өткізуге болады.

Туризмді оқытудың екінші кезеңінде табиғи-қолданбалы сипаттағы жаттығуларға басты назар аудара отырып, жалпы физикалық дайындықтың әртүрлі құралдарын кеңінен пайдалану қажет (жүгіру, жүру, секіру, лақтырулар). Оқыту бағдарламасына туристік құрал-жабдықтарды пайдаланатын, сондай-ақ құрал-жабдықтармен жол жүретін жаттығуларды енгізу қажетті. Бір уақытта карта мен тұсбағарды пайдалана отыра жергілікті жерде бағдар табу әдістерін, кедергілерді жеңудің әртүрлі нұсқаларын пайдалану керек. Мұның барлығын бір күндік саяхатта жасауға болады. Оқытудың екінші кезеңінде қатысушыларға қарапайымдалған жағдайларды жасай білу керек. Ол үшін пайдалану керек: сөмкемен бірге өтетін қысқартылған сапар; бірнеше нұсқасын пайдалануға болатынын табиғи кедергілері бар жерлерді таңдау; қарапайым туристік құрал-жабдықтарды пайдалану; сапарда жиі демалыс ұйымдастыру; көрінетін бағдарлар бойымен орын ауыстыру (орман бөлігі, жоғары вольтты электр жолақтары және т.б.);карта мен тұсбағарды пайдалана отыра орналасу орнын оңай табуға болатын белгіленген трассаны таңдау.

Оқыту кезіндегі тәсілдік әдістерді меңгеру үшін әртүрлі ғимараттар пайдаланылады, мысалы, картаны пайдалана отыра табиғи кедергіден өту үшін ең тиімді нұсқаны (қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда) таңдау.

Жаңадан бастаушы туристерге оқытудың екінші кезеңінде осы іскерлікпен тереңірек айналысу үшін қажетті негізгі шеберліктер мен дағыларды меңгеруіне куәлік ететін нәтиже ретіндегі шартты-рефлекторлы байланыстар қалыптасуы тиіс.

Туризмді оқытудың үшінші кезеңінде әртүрлі жағдайда ең тиімді техникалық-тәсілдік әдістерді пайдаланудағы тұрақтылық пен автоматтықты көрсететін белгілі бір деңгейге жету мәселесі шешілуі тиіс. Ол әсіресе туристен біршама күшті талапа ететін сапар бөліктеріне байланысты. Оқытудың үшінші кезеңінде айналысушылардың ағзасында біршама морфоқызметтік өзгерістер жүзеге асады – ол бірнеше реттік күрделі мақсатты жаттығулар әсері нәтижесі.

Туризммен айналысушының арнайы дағдылары мен қозғалыс қабілеттерін жетілдіру оқытудың аяқтаушы кешені ретінде қарастырылып, ең алдымен І санатты күрделі саяхат жағдайында жүзеге асады.

3. ҚОСТАНАЙ АЙМАҒЫНЫҢ ЖОО-ДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН СПОРТТЫҚ-ТУРИСТІК КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАРҒА САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ЖАСАУ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]