Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка новый.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
93 Кб
Скачать
☆

3.1 Студент жастардың туристік дайындық ерекшеліктері

Туризм студенттердің бос уақытын ұйымдастыруда, олардың еңбекке қабілеттілігін сақтау мен артыруда аса үлкен орынға ие. ЖОО-ның туристер клубы бұқаралық туристік іс-шараларды, спорттық саяхаттарды өткізу, қоғамдық туристік кадрларды дайындау (әсіресе демалыс күндеріндегі саяхат жетекшілерін), туризмді насихаттау, жастарды Коммунистік партия мен кеңес халқының революциялық, әскери және еңбектік дәстүрінде дайындаудың әдістемелік-ұйымдастыру орталығы қызметін атқарады. Студенттердің жаттығуын құру ерекшеліктері олардың аз қозғалысты, аз физикалық жүктемелі өмір салтымен байланысты. Жатттығу үдересінің міндеті – физикалық қабілеттерді жан-жақты тәрбиелеу мен жас сатысымен сәйкес келетін ГТО норматив кешенін орындау, туризмнің таңдалған түрінің арнайы жаттығулардың кең шеңберін меңгеру. Жаттығулардың әдістері мен тәсілдері 5, 11-13 тарауларда жазылған. Физикалық дайындық түрлері – таңғы гимнастика, міндетті және қосымша сабақтар, дене шынықтыру үзілістері, туристік үйірмелердегі сабақтар, демалыс күнгі саяхаттар, туризм техникасы бойынша жарыстар, спорттық-сауықтыру лагерьлеріндегі сабақтар.

Студенттер саяхатқа демалыс кездерінде – қыста және жазда барады. Туристік саяхат алдында емтихандық сессиямен сәйкес келетін дайындық кезеңі (бір ай шамасында)

Студенттер саяхатқа демалыс кездерінде – қыста және жазда барады. Туристік саяхат алдында емтихандық сессиямен сәйкес келетін дайындық кезеңі (бір ай шамасында) бар, яғни физикалық белсенділігін аз кезінде. Осыны ескере отыра, ЖОО-да сессия алдындағы уақытта дайындық жүктемесін алдыңғы азайту алдын ала жоспарлануы мақсатында арттыру ұсынылады. Саяхатталды барлық негізгі іс-шараларға (топты жабдықтау, саяхат ауданың таңдау және сапар мәліметтерін оқу, жабдықтарды, медициналық қобдишаны даярлау, тамақ тізімін құрау, МКК-ге шығу) сессиямен басталғанға дейін аяқталуы тиіс.

ЖОО дене шынықтыру кафедралары студенттердің саяхатқа деген дайындығын «КСРО аймағында өз бетндік туристер саяхаттар мен сапарларды ұйымдастыру мен өткізу ережелерімен» сәйкес кадағалауға, топ құрамы мен оның жетекшесін бекітуге, қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге, топ мүшелерінің физикалық, техникалық және теориялық дайындығына жағдай жасауға міндетті.

3.2 Бұқаралық туристік іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі

Дене шынықтыру ұжымының туристік үйірмесінің жұмысы

Бұқаралық туристік жұмысты ұйымдастыру мен өткізу жүйесіндегі негізгі бөлігі болып мекемелер, ұйымдар, кәсіпорныдар, колхоздар мен совхоздар, жоғары және арнайы білім беру мекемелері, ГПТУ, жалпы білім беретін мектептер, пионерлер Үйірлері мен Сарайлары, арнайыландырылған туристік балалық мекемелер (жас туристер бекеті) дене шынықтыру ұжымдарының туристік үйірмелері (туристік клубы) табылады. Бұқаралық туристік саяхаттарды ұйымдастыруға сондай-ақ кәсіподақтар мен мекемелердің туристік базалары, спорттық-сауықтыру және пионерлік лагерлер аса маңызды үлес қосады.

Дене шынықтыру ұжымының туристік үйірмелерінің (туристік клубы) негізгі міндеттері – коммунизм құрушысының адамгершілік қағидасы негізінде туристерді тәрбиелеу; еңбектенуші және оқушы жастарды туризммен басқа да денешынықтыру іс-шараларымен айналасуға олардың рухани және физикалық дамуы, денсаулығын бекітуге, белсенді демалысты ұйымдастыру мақсатында тарту.

Туристік үйірме іс-әрекетінің негізгі жағы – бұқаралық өз бетіндік туризмнің кеңінен дамуы мен жетілуі бойына үгіт-насихаттық және ұйымдастырушылық жұмыс, жас ұрпақты идеялық-саясаттық, еңбектік және адамгершілік тәрбиесін арттыру мақсатында оның мүмкіндіктерін барынша пайдалану, еңбектенушілердің денсаулығын бекіту мен бос уақытын пайдалы пайдалану, тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы, белсенді өмірлік позициясы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Үйірме жұмысының негізгі бағыттары мен бөлімдері былайша қысқаша берілуі мүмкін:

Бұқаралық туристік іс-шараларды ұйымдастыру: ұжымның туристік слеттері, туризм түрлері және әскери-қолданбалы дағдылар бойынша жарыстар, демалыс күндеріндегі саяхаттар, сондай-ақ ГТО кешені бойынша сынақтық саяхат, «КСРО туристі» белгісіне саяхат, Коммунистік партия мен кеңес халқының революциялық, әскери және еңбек даңқы орындарына жұлдызды насихаттық саяхаттар. Дене шынықтыру ұжымының туристік үйірмелері бойларында білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру және спорттық міндеттерді біріктіретін саяхаттарды ойлап табуы керек.

Саяхаттарды ұйымдастыру: жаяу, шаңғылық, су, таулық, велосипедтік) комиссия ұйымдастырылады. Туризмнің қандай да бір жұмыс бөлігі мен түрлеріне жауапты комиссиялар үйірменің немесе клубтың жұмыс жоспарына сәйкес туристік іс-шараларды ұйымдастырып, өткізеі. Дене шынықтыру ұжымының туристік үйірмесі немесе туристер клубының іскерлегінде ұйымдастырушылық және әдістемелік рольді ұзақ уақытта және оперативті ақпарат, туристік іс-шаралар стендтік жүйесі, сондай-ақ бұқаралық туристік саяхаттарды ұйымдастыру және өткізу сұрақтары бойынша көрнекі материалды құрайтын стендтер атқарады.

Слетке дайындық

Слетке деген үлкен алуан түрлі дайындық тек туристік, комсомолдық, кәсіподақ белсенділерінің кеңінен тартылуы; белгіленген міндеттердің орындалуын уақытылы қадағалау; қандай да бір іс-шараны дайындаумен айналысатын ұйымдастырушылардың бірігіп жұмыс істеуі жағдайында ғана нәтижелі өткізілуі мүмкін.

Бұл жұмыспен айналысатын адам саны көп болған сайын слеттің аумағы кеңірек, барлық іс-әрекеттері үйлестіру, слетті дайындау мен оны өткізуге айқын жетекшілік жасау қажеттіліктері өткірірек. Сондықтан слет штабының құрылымын ерекше мұқияттылықпен таңдаған жөн.

Бұл органға қандай қызметтер артылған және оның құрамына кімдер кіреді?Мұны туристердің аудандық слеті штабының құрылысы үлгісінде қарастыруға болады:

  1. Штаб бастығы.

  2. Штаб бастығының орынбасары.

  3. Комендант (өткізілу орнына, құрал-жабдықтарға, слетті жабдықтауды қамтамасыз етуге жауап береді. Керек болған жағдайда алаңға отынның әкелуін ұйымдастырады. Слет қатысушыларын бөліп, алаңға орналастырады.)

  4. Слеттің бас хатшысы (керекті құжаттаманы даярлауды ұйымдастырады: слетке қатысуға өтініштерді қабылдау, жарыс, конкурс, көрсетілім нәтижелерін өңдеу,өтініштерді қабылдау, жарыс, конкурс, көрсетілім нәтижелерін өңдеутысуғаы: ық іс-әрекеттері үйлестіру, слетті дайындау мен оны слеттің өткізілуі туралы есепті жасау.)

  5. Туристік жарыстардың басты төрешісі.

  6. Слет насихатына жауапты адам.

  7. Слеттегі жарыстарды өткізуге және жарыс комиссиясының жұмысын ұйымдастыруға жауапты адам.

  8. Слеттегі спорттық жарыстар мен ойындарды даярлау мен өткізуге жауапты адам (волейбол, футбол, лапта, стел теннисі, шахмат, дойбы, күлкілі эстафета, арқан тарту және т.б.)

  9. Жалпы отты ұйымдастыру мен кеші өткізуге жауапты адам.

  10. Жұмыс тәжірибесімен алмасуды ұйымдастыруға жауапты адам.

  11. Слет дәрігері.

Штаб құрамын бекіту мен міндеттерді бөлгеннен кейін слетті даярлау мен өткізу жоспары жасалады. Штабтың әр мүшесі өз жұмысы бөлігі бойынша жоспар құрады. Сосын осының негізінде ортақ жоспар құрылады.

Слетке дайындық кезінде ұсақ-түйектер жоқ. Әрбір сәтсіздік – от жанындағы қызықсық концерт, жаман от, қызықсыз көрме – қатысушылар көңіл-күйін түсіріп қана қоймай, туризмдегі болашақтағы бұқаралықты арттыру келешегіне әсер етеді. Сондықтан слетке дайындық кезінде әрқашан кездесетін ең маңызды сұрақтарды атап өтеуге болмайды.

Олар көп:

  1. Орын таңдау.

  2. Слет насихаты.

  3. Жарыс комиссиясын таңдау.

  4. Жарыс шарттарын жасау.

  5. Коменданттық топты таңдау.

  6. Слетті материалдық қамтамасыз ету.

  7. Слеттің жұмыс жоспары, шеру жоспары.

  8. Алаң, келуді жабдықтау мен безендіру.

  9. Слетті медициналық қызметпен қамтамасыз ету.

  10. Туристік жарыстарға дайындық.

  11. Спорттық ойындар, кездесулерге дайындық.

  12. Кешті ұйымдастыру.

  13. Орман шаруашылығымен слетті өткізу орны жайлы келісу.

  14. Слетті отынмен қамтамасыз ету.

  15. Ортақ отты жасау.

  16. «Жасыл күзет» жұмысын ұйымдастыру.

  17. Слетті отынмен қамтамасыз ету.

  18. Ортақ отты жасау.

  19. Кездесулер, әңгімелерді ұйымдастыру.

  20. Ұжым өкілдерінің жиналысына дайындау мен өткізу.

  21. Слетке қатысуға өтініштерді қабылдау.

  22. Туристік құрал-жабдықтар көрмесін дайындау.

  23. Слет қатысушыларының келуін ұйымдастыру.

  24. Ортақ пайдалыналатын орындарды жабдықтау.

  25. Буфет жұмысын ұйымдастыру.

  26. Сыйлықтарды дайындау.

  27. Слетті өткізу.

  28. Есеп беруді жасау.

Бұл жерде біз осы үлкен жұмыстың тек кейбір жақтарына тоқталып өтеміз. Жақсы ойдастырылған слет насихатыоған деген туристердің қызығушылығының дамуына, оны, бұқаралығына үлкен әсер етеді. Әдемілеп безендірілген Ережені слеттен 2-3 ай бұрын үйірмелерге таратқан жөн. Мүмкін болса үлкен жарнамалық қағаздарды жасап, оларды мекемелер, заводтар, аулаларды жабыстыру қажет, ол алдағы туристік мерекеге деген жалпы назарды аудару үшін керек. Егер ол мүмкін болмаған жағдайда суретші-туристер слетке қатысуға шақыратын түрлі-түсті жарнамалар мен хабарландыруларды өздері-ақ жасай алады. Олардың құрамына слет бағдарламасын, сондай-ақ алаңның орналасу орнын, оған баратын жолдарды, қатысушылар келетін поездер, кемелер кестесін енгізген жөн.

Дәл слет алдында (өтуіне 2-3 күн қалғанда) ол жайлы радиодан хабарлап, бұл мерекеге қатысам деушілерді шақыруға болады. Қабырға газеттерінде, көп таралымды және қалалық комсомолдық газеттерде сәйкес мақалалар мен ақпараттарды басып шығаруға болады.

Ауданның, қаланың туристік клубында немесе мекеменің турист бұрышында слет штабы мүшелерінің, тәжірибелі туристердің жүйелі түрде кезеншілікті ұйымдастыру қажет. Себебі слетке дайындық жарыстарды, байқау мен көрсетілім бойынша сұрақтар туындауы мүмкін.

Екінші жағынан, слет ұйымдастырушыларына туристік үйірмелермен үнемі байланыста болған дұрыс. Туристік белсенділерді слетті дайындау мен өткізуге кеңінен тарту туристің өз мерекесіне деген қызығушылықтық қарым-қатынасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Коменданттық топ әр түрлі үйірмелер өкілдерінен құрылады. Олар слет комендының қарамағында болады және алаңды жоспарлау мен жабдықтаумен айналысады. Слеттің материалдық шаруашылығы оның қарамағында: шатырлар, күректер, үстелдер, жалаулар, жіптер, балталар, мегафондар, аралар және т.б. коменданттық топтың міндетіне үлкен ортақ отты жасау, алаң мен оған апаратын жолдарды безендіру, ойынға арналған алаңдарды дайындау, әр түрлі өткелдерді жасау, жедел жәрдем немесе радиомашина еш қиындықсыз слетке жете алу үшін жолдың өтілуі қиын жерлерін тазалау кіреді. Туристер келгенге дейін ұрандар мен плакаттарды ілу, алаңға апаратын жолды белгілеу, шосселік жолдар мен барлық қиылыстарға «Слетке» бағдарлауышын қою.

Коменданттық топсондай-ақ слеттегі туристік жарыстарды дайындау бойынша маңызды жұмыс атқаруы тиіс. Бұл жұмыс кедергі жолақтарының кезеңдерін жабдықтау, сәре мен мәре орындарын безеңдіру , нәтижелер хабарланатын таблоны орнатуды құрайды. Бұл барлық жұмысты орындауға коменданттық топтық күші жетпей қалуы мүмкін. Оның мүшелері басқалары тәрізді турист-қоғамшылдар ғой. Олар бос уақыттарында, қоғамдық бастауларда дайындық жұмыстармен айналысады, еш сыйақысыз. Оның әр-біреуі слетте басқалармен бірге көңіл көтергісі, ойындарға қатысқысы, кинофильм немесе концертті тамашалығысы, өлең айтқысы келуі мүмкін. Ондай жағдайда не істеу керек? Барлығы уақытында және жақсы безендіріліуі және комендаттық топ мүшелері мерекеге қатысуын қалайша жүзеге асыруға болады? Мұндай сұрақты шешу қиын емес: бір түр үйірме ортақ отты безендіруге көмектеседі, екіншісі – алаңды әдемілеп безендіреді, үшіншісі –жалауға арнап биік тұтқа тауып оны алаң ортасында орнатады. Былайша айтқанда, көп құрамды туристік ұжым үшін белгілі біп тапсырманы орындауға бірнеше адамды бөлу қиын ба екен? Сонымен қатар, әр түрлі туристік үйірмелер тартылыңан слеттер мен басқаларына қарағанда сәттірек өтеді.

Слетке орын таңдау. Слетті слеталды саяхаттар жүріп өткен сапарларға байланысты орындарға жақын өткізген жөн. Берілген ауданды білетін туристермен кенесу, тұрғылықты жерге бірнеше рет бару, әр-түрлі нұсқаларды таңдау керек болады. Орын келіп-кетуге, бағдарлау және туристік техника бойынша жарыстар ұзындығын дайындауға қатысушыларды орналастыру және лагердің қалыпты өмірін ұйымдастыруға ыңғайлы болу керек.

Слет орнына деген талап слет тақырыбына байланыссыз, тұрақты және ортақ болуы керек?

  1. Слет орнын жақын теміржол бекеті, автобус аялдамасы немесе кемежайдан 3-5 км-ден алыс таңдамау керек. Туристер жарық кезінде орналасып, ортақ отқа дайындалып үлгеруі тиіс.

Қатысушылардың лагерьге келуінің бірнеше нұсқасын қарастыру керек, ол туристік топтарды бөлуге және оларды әр түрлі бағытта жіберуге мүмкіндік береді.

Келуді ойластыру кезінде жолда кездесетін өзендер, бұлақтар, көлдер, батпақтарды есепке алу керек. Келуді арасында қиын жолдары да бар (тәжірибелі туристер үшін) және қарапайым, бірақ қызықсыз емес (жаңа қатысушылар үшін) жолдарды таңдау керек. Слет орнына радиомашиналар, буфеті мен жабдықтары бар көліктер өте алатындай жолдар апаруы тиіс.

  1. Слет лагері орналасуы тиіс алаң құрғақ, тегс, бірақ желден жасырылған болуы тиіс. Көптеген жағдайда слетке тек қана туристер ғана емес, сонымен қатар туризмге еш қатысы жоқ адамдар да келеді. Сондықтан слеттер үшін мерекеге келген барлық адамдарды орналастыруға болатын шатырлы қалашықты құрастыруға болатын үлкен алаңдара таңдалады. Алаң өзен немесе көл жағасында орналасқан тамаша. Алайда бұл жағдайда судағы бақылау-құтқару қызметін ұйымдастыру, және су көзін сәйкесінше тексеру мен шомылуға арналған қажетті жабдықпен қамтамасыз етуге болады.

  2. Міндетті талап – ішуге жарамды судың болуы. Лагерьге жақын жерде бұлақтар немесе құдықтао болуы тиіс. Барлық су көздерін мұқият тексеру керек, оның ішуге жарамдылығы қандай екенін анықтау қажет.

  3. Отын туралы. Туристік слетті ұйымдастырушысы болған әрбір адам слет әсіресе отынмен жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген жағдайда жасыл ағаштардың шабылмауын қадағалау қиын екенің біледі.

Мұнда кез келген саяхатта сияқты тамақ отта дайындайды. Бірақ оның саяхаттан айырмашылығы болып мұнда бір немесе екі от емес, бірден оншақты оттың жағылуы болып табылады. Сондықтан қоршаған орман үшін ұйымдастырушылардың туристерді отынмен қамтамасыз етпеуі үлкен жауапкершіліксіз әсеріне алып келуі мүмкін. Жергілікті орман шаруашылығымен алдын ала байланысып, алаң маңында тамызық, жай жатқан бұтақтарды бар-жоғын және отты дайындау үшін нені пайдалануға болатынын алдын ала білу керек. Егер алаң маңында қу отын тым аз болған жағдайда орманшылар отынды қайдан көлікпен әкелуге болатынын немесе слетті өткізуге ыңғайлырақ орынды кеңес етуі мүмкін.

  1. Таңдалған орынның бағдарлау және кедергілер жолағын өту бойынша туристік жарыстарды өткізуге жарамдылығы. Жарамдылықтың не екенін келесі тараулардың бірінде айтылады. Әзірше бұл талаптың маңыздылығымен шектеліп өтеміз.

Лагерді жоспарлау алдын ала жүргізіледі, ол үшін алаң алдын ала зерттеліп бөлінеді. Жалауды ілетін орын таңдап, оны ілетін тұтқаны орнату, салтанатты жиналыс пен әр түолі жарыстарды өткізетін орындарды белгілеу керек. Көркем өз бетінділік пен туристік әндерді айта алатын, слет қатысушыларының барлығы бірдей сыятындай ортақ отқа арналған орын іздеу керек.

Осы ортақ алаңда басты төрелік коллегия мен медпункт шатырлары орнатылады лардағы атқарылатын жұмыстар тыныштықты талап етеді, сондықтан оларды слет қатысушыларының шатырларынан біраз алысырақ орнатқан жөн.

Шатырлы қалашықты слетке келетін адамдар санына байланысты орналастырады. Әрбір келетін топқа шатыр мен отты санына байланысты орналастырады. Әрбір келетін топқа шатыр мен отты жасайтын жер бөлігі беріледі, орналасу реті комендантпен белгіленеді және барлық туристер үшін міндетті болып табылады. Оттан шатыр сыртында, олардан 10-12 м алыстықта жасалады. Коменданттық топтың келесі міндеті болып ортақ үлкен отты жабдықтау болып табылады. Оны орналыстыру мен жабдықтау үдерісі көп уақыт алмайды. Оған келетін алаң табу, отын әкелу мен оларды кесу қиынырақ. Слеттің кешкі бағдарламасы бірнеше сағатқа созылатынын ескеру керек. Сондықтан отын көлемі отты бүкіл концерт бойы жағып отыру үшін жетуі керек.

Отқа арнап ойын дайындап жатқан кезде болашақ оттан 1-1,5 м жерде барлық аумақ бойынша ені 60-80 см жер жолағын қазады. Ол оттың шөп бойымен таралмауы мақсатында жасалады. Сонымен, қатар жақын жердегі ағаш бастарынан 50 м-ден кем жерге аластатылуы тиіс.

От жанында орналасқан туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында маңызды. От негізін мықтап бекітіп , отындарды дұрыстап орналыстыру, отты реттеп отыру, жалын мен көрермендер арасындағы аралықты сақтап отыру қажет. Бүкіл кеш бойы от жанында алдын ала нұсқамада өткен 3-4 турист-отшы кезекшілік жасауы тиіс.

Біздің айтқанымыздың барлығы әр түрлі үйірмелер, аудандар, қалалардағы слеттерді ұйымдастыру мен өткізудегі тәжірибеден алынған. Мұнда ол тек жиналып, біріктірілген. Әрени, әр үйірме жаңы бірдеңелерді ойлап табуы мүмкін. Бірақ дайындықтың ортақ ұраны: «Слетке баолығы дайындалады – ешкім шетте қалмауы тиіс» - өзгермей қалады.

Слетті өткізу жолдары.

Слеттін ашылуы. Егер дене шынықтыру ұжымдарымен сенбі және жексенбі күндері ұйымдастырылатын туристік слетттерді мұқият бақыласа, барлық жерлерге жуық ашылудын салтанатты рәсімі екінші күннің таңында, слет жұмысы басталған кезде өткізілетін аңғару қиын емес. Мүмкін бұл ашылуға үлкен салтанаттық сипат беруге немесе ұйымдастырушылық сипатты сұрақтарға байланысты (кешке қатысушыларға тыныш, артық асығусыз алаңда орналасуға, жақсылап орналасуға уақыт беру керек қой) шығар.

Бірақ салтанатты ашылу таңертен не кешке өткізілісмесін, слет ұйымдастырушылары бір нәрсені есте сақтауы тиіс: ашылудың қаншалықты сәтті өтуіне көбінесе слеттің алдыңғы жұмысы тәуелді. Нақты ұйымдастырылған рәсім барлық қатысушыларды тартады, оларды тәртіпке шақырады, олардың жақсы көніл-күйіне себепкер болады. Слет қатысушыларын салтанатты сапқа тұрғызу орталағында жалау орнатылған алаңда жүзеге асырады. Алаңды жалаулармен ұрандармен, транспаранттармен безендіреді. Кейде, әсіресе ірі слеттерде топтардың қандай да бір ұжымға немесе ауданға тиісілігін көрсететін белгілерін орнатуға жөн.

Слет комендатты шері басталуға дейін 10-15 минут бұрын барлық ұатысушыларды баған бойынша орналастырып, көңілді марш ойынымен бірге оларды алаңға шығарады.

Бүкіл рәсім алдың ала дайындалған жоспар бойынша өтуі тиіс. Ондай слетті өткізуші туристік ұйым өкілдерінін комсомолдық, спорттық және кәсіподақтық ұйымдар өкілдерінің, қонақтардың сөз сөйлеуіне уақыт беруіне алдын ала қарастыру керек.

Жалауды көтеруге қатысуға әдетте алдынғы слет жеңімпаздары шақырылады. Бірақ егерде слетті өткізу әлі дәстүрлі болмаса, жалауды көтеру құқығы штабтың шешімімен туристердің біріне беріледі.

Ашылу рәсімі 10-15 минутпен шектеу керектінһгін есте сақтау керек. Жалауды көтергеннен кейін слеттің штаб басшысы салтанатты бөлімнің жабылуын хабарлап, баст төрешіге жарыстарды өткізуді ұсынады.

Слетті кеш. Көлемі бойынша әр түрлі слеттер қандай да бір іс-шараларды ұйымдастыруға түрліше келуді талап етеді. Дене шынықтыру ұжымының слеті бір бөлек, онда жиырма шақты адам ғана қатысады және қатысушылар бірін-бірін біледі. Ал түрлі талғамдары, қалаулары мінездері, ойлары бар жүздеген мыңдаған адамдардың жиналуы тіптен бөлек. Мұндай жағдайда ұйымдастырушы болу қиын. Барлығын білу, барлығын алдын ала болжау, әрбір ұсақ-түйекті ескеру керек, әрбір іс-шара нақты, кешігусіз, ал ең бастысы қызықты өту керек. Адамдарды слеттке жинаған екенсің, олардың ішін пыстырма, күлдірт, қызықтыр, үгітте!

Бірақ қызықтыр деп айту оңай...

Мәдениет сарайында халықтық қыдырулар ұйымдастырылған кезде ұйымдастырушылар қарамағында – әртістер, халық, ойлап табушылар. Сүреті-декораторлар сахнаны қалай әдемірек безендіруге болатыны біледі. Жарық түсірүшілердің қол астында керек кезде жарықтық эффект жасайтын керекті құралдар кешеніні бар.

Бірақ оқушы біз осылар туралы айта отыра, нағыз турист –«ерекше» адам екенін «ұмытып» кеткенімізді байқаған шығар. Оның шығармашылығында шек жоқ.

Слет қатысушылары сахнаға ойланбастан өз беттерімен шығады, өлең айтады, би билейді, ойнайды. Әдеттегі сөз сөйлеуші мен тыңдаушыларға бөлу қажеттілігі жойылады. Ұнамды танымал әуенді кенеттен барлығы қостап, қосыла жүректен жырлайды... Ал бірнеше минуттан кейін дем алмай жаңа өлеңді тыңдайды, жақында «жалпы туристік» сипатқа ие болатын сөздері мен әуенін жаттап алуға тырысады.

Туристердің белсенділігі, олардың кез келген іске шаршамай-шалдықпай қатысуы, қуат, шығармашыықтың, тапқырлықтың сарқылмас қоры, көңілдік атмосферасын жасай білуі – слеттегі туристік кештің үлкен жетістігі негізінде жатады.

Кейбір слеттерде орындаушылар, авторлар, өз бетіндікті, туристік кештерді ұйымдастыруды жақы көретіндерден тұратын ұйымдастырушылар бюросын құру орынды; ал келесілерінде – кешті даярлау өз бетіндік жақсы қалыптасқан туристік ұжымға беру орынды.

Слеттегі кешкі мереке әрқырлы мазмұнымен ерекшеленуі тиіс. От жанындағы концертпен ғана шектеліп қалмаған дұрыс. Бұл слетке қатысушылар бюросын құру орынды; ал келесілерінде – кешті даярлау өз бетіндік жақсы қалыптасқан туристік ұжымға беру орынды.

Слеттегі кешкі мереке әрқырлы мазмұнымен ерекшеленуі тиіс. От жанындағы концерпен ғана шектеліп қалмаған дұрыс. Бұл слетке қатысушылар санының көп болуынан да маңыздырақ. Би билегісі, туристік өлеңді хормен айту, әуесқойлық фильмді немесе түрлі-түсті диапозитивтерді тамашалағысы келетін біреулердің табылуы міндетті. Барлығына – тәжірибелі туристке немеесе саяхатқа бірінші рет шыққан адамға іс табу, осы іс-шараларға негізінен туристік сипат беру – ең алдымен шешілуі тиіс міндет.

Ұйымдастырушылардың жұмысын жеңілдету, ортақ от жанындағы өз бетіндік сапасын арттыру мақсатында ең үздік көрсетілім жарысын жариялау орынды: би, өлең, мәнерлеп оқу және т.б.

Мұндай жарыстарды өткізудің үлкен тәрбиелік маңызы да бар. Мысалы, саяхаттауды жақсы көретін адамдар арасында қандай туристік өлеңдер танымалдыққа ие екені белгілі. Оларды барлық жерлерде айтады: көшеде, поездерде, саяхаттарда, демалыстарда, және әрени, жаныдағы слетте. Көптеген өлеңдерді ешбір өлең жинағында таппайсың, концерт залында, радиодан немесе теледидардан естімейсің. Әуен ешбір жерде жазылмаған, авторларды ұмытылған.

Туристік өлеңдерге деген сүйіспеншілік тек қана қолпаштап, қолдауға болады. Бірақ әлемі, әуезді, мазмұны бойынша қызықты өлеңдермен қатар, пасық, мазмұны жоқ, еш талғамы жоқ өлеңдер де кездеседі. Көп жағдайда таралуының бір себебі – нағыз, жақсы өлеңдерді білмеу, талғам жоқтығы. Туристік слеттегі өлең жарысына қатысу көркемдік талғамды тәрбиелеуге көмектеседі, шынайы өнерді қолдан жасалғаннан айыруға үйретеді.

Ең үздік туристік өлеңді орындау жарысын қалай ұйымдастырып, өткізуге болады?

Ең алдымен жеңімпаздары анықтау үшін арнайы жюри немеесе жарыстық комиссия ұйымдастырылады. Олардың құрамына мамандар – музыканттардың кіру дұрысырақ болады. Егер онадай мамандарды табу мүмкін болмаған жағдайда туристер арасында музыкаға байланысты жақсы білімді адамдарды әр кез табуға болады. Бұл комиссия үлкен құзырет пен міндетке ие. Оның іскерлігі тек қана жеңімпазды анықтаумен шектелмеу тиіс. Жарыстық комиссия тек қана жеңімпазды анықтап қана қоймай, сонымен қатар туристерде жақсы өлеңге деген талғамдарын, сүйіспеншілігін қалыптастыруға себепкер болулары тиіс. Ол қалай жасалынады?

Комиссия ең үздік туристік өлеңді орындау жарысы туралы ереже қалыптастырады. Жарыс шарты бірнеше талаптан тұруы мүмкін. Жеңімпазды анықтау кезінде ең алдымен есепке алынуы тиіс мәсле – орындау сапасы, мәнерлілік, хор немесе жалғыз орындаушының (репертуарды сәтті таңдаған жағдайда ғана) әуенділігі. Өлеңнің аккомпонент көмегімен орындалуы және оның жақсы-жамандығы да аса маңызға ие. Өлеңнің жағалық деңгейін де ескеру қажет және ережеде, әрени де орындалған өлеңнің сөз немесе әуен авторларының топ құрамына кіруіне басымдылық берілетіндігі жайлы алдын ала айтылуы тиіс.

Бұл шарттарға тағы да пункттер енгізуге болады, алайда жоғарыда айтылғандардың тым болды біреу қатаң анықталып, ережеге жазылған жағдайда туристік репертуарға пасық, мазмұнсыз, әуенсіз өлеңдердің енуіне кедергі болады.

Жарыстарды ұйымдастыру кезінде оның қатысушыларының мүмкіндіктерін, олардың санын есепке алу қажет. Кейде қалалық слетте алдында болып өткен аудандық және дене шынықтыру ұжымдарының слеттерінде ұйымдастырылған жарыстардың қорытынды жарысын өткізген жөн. Қатысуға арналған уақыт шектеулі, ал қатысам деушілер көп. Сондықтан ұйымдастырушылар әрбір хор немесе қатысушының неше ән орындай алуын мұқият ойластыруы қажет.

От жанындағы кездесулер, әңгімелер. Адамдар туризмге әр түрлі жолмен келеді. Ол көбінесе бір күндік саяхаттан басталады... ормандағы алаңда сен достарыңмен волейбол ойнап жаттың, жолдастарың кедергілер жолағын қалай өтіп жатқанын көрдің, шомылды, гүл жинадың – күні бойы туристердің тынышсыз мінез-құлығына күні бойы таң қалдың.

Ал соын, үйге оралғаннан кейін, кенеттен кешке от жанында біреу алыс сапарлар туралы қызықты әңгіме айтқанын есіңе түсірдің.

Ал егер теңізге деген жоспарланған сапардан бас тартып, туристермен бірге бір жаққа тартып отырса ше?... сәті түскен алғашқы саяхат. Сосын екінші, үшінші – жазғы, қысқы. Бірі екіншісінен қызығырақ...

Осылайша, от жанындағы әңгімелер туризмді насихаттайтын, адам тартатын әдіс болып саналады және әдемі безендірілген шыны, жуан туристік есеп, оқылған повесть немесе қаралған әуесқойлық фильмнен де гөрі поход жайлы молырақ айтады. От жанындағы әңгімелер – тек қана сапарлар мен кездесулер жайлы әңгімеоер ғана емес. Ол сапар таңдай туралы кеңес те, туристік этика жайлы әңгіме де.

Слетте туристік сипаттағы ғана емес әңгімелермен шектеліп қана қалмау керек. Қарт большевиктің азаматтық соғысқа қатысқан адамның, немесе, дәл осы жерлерде Ұлы Отан соғысы кезінде шайқасқан партизан әңгімесін тыңдау да қызықты емес пе!

Слетті ұйымдастырушылар үшін басты маңызды болып жорамалды кездесуді қамтамасыз ету, керекті адамдармен байланысу, әңгіме сипаты, оның ұзақтығы туралы келісу.

Тәжірибе алмасу. Тәжірибемен алмасу мүмкіндінһгі шексіз. Бір үйірменің туристері колхоздағы қоғамдық пайдалы жұмысты өткізу тәжірибесімен бөліседі, екіншісі – демалыс күндері немесе мерекелі күндері саяхат ұйымдастыру жайлы айтады.

Практика көрсеткендей, тәжірибе алмасуды тірі үлгілер, қызықты деректер негізінде құрған жөн.

Олар талқыланатын іс-шараға турадан қатысатын адамда өте көп.

Слет қатысушыларында бар уақыттың шектеулілігін есепке алмауға болмайды. Сондықтан тәжірибе алмасу туһүрін нақты, көрнекі және қызықтыратындай етіп алу керек. Баяндаманы көбейтудің қажеті жоқ.

Туристік үйірмелер жетекшілері слетке келген кезде оларға лагерлік комиссия не мақсатпен жиналатынын түсіндірудің қажеті жоқ.

Тәжірибе алмасудың тағы біп мүмкіндігі бар. Бір туристер саяхатқа стандартты құрал-жабдықпен ғана барады, ал келесілері үнемі бірдеңелерді жасайды, ойлап табады. Біреулер жылытылған және жеңілдетілген шатырды құрастырған, біреулері салмағы 3 кг-нан аспайтын, поролоннан жасалған, екі адам сыятын ұйықтайтын қаптар тігіп алған. Шелектер, ыдыстар, шатырды бекітуге арналған таяқшалар, қазықтар үнемі жетіліп отырады, жаңартылады, әдеттегідей, бұл заттардың барлығы топталып, жалғыздан жасалады. Ал кейбір жағдайда бұл адамдар аса бағалы заттар да жасайд. Осыдан басқа қайда жабдықталудың ерекше үлгілері тағы жасалады? Бұл үшін мұндағы жағдайлар табиғи, тиімді, ал осыны көруге, оладың жұмыстарын бағалай алатын халық жиналады.

Слетті ойындар. Слеттегі келетін адамдар санына байланысты, үйымдастырушылар мүмкіндіктері мен жергілікті жер мүмкіндіктеріне байланысты алдын ала ойындар мен жарыстарды жоспарлап, өткізуге болады. бірақ жоспарланғанның барлығы өз бетімен жүзеге асады деп қол қусырып отыруға болмайды. барлығына алдын ала дайындалу керек.

Жастар жиналатын жерде әрқашан мысалы, футбол немесе волейбол әуесқойлайлары табылады. Ол үшін коменданттық топ алаң тауып, орналастырылады. Волейболға арналған алаңда торға арналған екі бағана топ алаң тауып, орналастырады. Волейболға арналған алаңда торға арналған екі бағана орнатылады, ал футбол алаңдарында – қақпалар орнатылады. Комендант өзі футбол және волейболдық доптарға және волейбол торына жауап береді.

Қатысатын адамдар мен топтар санын анықтап алғаннан кейін ойнау жүйесін таңдайды, ойынның өткізілу тәртібі құрылады, оларды төрешілермен қамтамасыз етеді. Слет жағдайында ойын жүйесінің ең тиімді түрі болып «олимпиялық» табылады, яғни жеңілген адам ойыннан шығады. Соңғы кезде регби мен қол добы кең таралуға ие болды. Егер жағдай мүмкіндік берсе, туристер ойынның осы түрлері бойынша жарысады.

Әр түрлі спорттық жарыстарды дайыдау кезінде спорттың ойындық түрлерінің үйірмелерімен байланысу пайдалы. Тәжірибелі жолдастар кеңеспен, іспен көмектеседі. Санатты төрешілерді таңдайды – сосын ұйымдастырушылардың міндеттері біршама қарапайымдалады.

Бірақ мұндай кішкентай болса да, күрделі ойындары өткізу жеткіліксіз. Кез келген слет ұйымдастырушылары бағдарламаны көрермендерді қызықтыруы мүмкін барлығын қосу арқылы әр алуандырады. Туристердің сүйікті жарыстарының бірі болып күлкілі эстафета табылады. Басқа да жарыстарды сияқты күлкілі эстафетаны да алдын ала дайындау керек. Орын таңдалады, кезеңдер ойналып табылады, ереже жазылады, төрешілер бөлінеді. Біз кезендердің ойланып табылады, ереже жазылады, төрешілер бөлінеді. Біз кезеңдерден ойланып табылатынын арнайы ерекшеледік: әдебиеттерде осыған

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]