Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Prirodnye_turistsko_-_rekreatsionnye_resursy_mi...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

90. Қазақстан мен Орталық Азия табиғатын зерттеген атақты ғалымдар туралы сабақ жоспарын құрастыру.

Н.М.Пржевальский өткен ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ұлы географ, ол-жаратылысты тәжірибе жүзінде зерттеп танудың атасы.

Николай Михайлович Европа ғалымдарының аяғы баспаған Орталық Азияның табиғаты мен оның байтақ даласын бірінші болып зерттеген ғалым. Ол үздіксіз 20 жыл жорықта болып, құпиялы жердiң сырын ашуды мақсат тұтты.

Сөйтiп, атақты саяхатшы Орталық Азияны зерттеудiң негiзiн жасап, кейiнгi шыққан саяхатшы ғалымдарға жол көрсеттi.Н.М.Пржевальский 1839 жылы Смоленск облысы, Кимборы деревнясында туған. Пржевальскийдің жанұясы ауқаттылар қатарында болғандықтан, ол жастайынан ешнәрседен мұқтаждық көрмейді. Кішкене Коля жас кезінен-ақ өте пысық, өткір, әр нәрсеге зейінді болып өседі. Оның алғашқы ұстаздары анасы Елена Алексеевна мен нағашысы Павел Алексеевич болған. Бірақ ол үй ішінен үйренген білімді місе тұтпайды. Баланың бұл тілегін анасы сезеді, сөйтіп он жасар Николай мен інісі Владимир екеуі бірден гимназияға емтихан тапсырады. Ол 1855 жылы 16 жасында гимназияны бітірген соң, әскери қызметке түседі. Бес жыл әскери қызмет атқарады. 1860 жылы әскери қызметтен босанып, жоғарғы штабтың академиясына түсуге мүмкіндік алады. Мұнда болашақ саяхатшы үш пәнді (тарих, география, жаратылыстану) өте жақсы зерттеп, өзінің мамандығын осыларға бейімдейді.

Сондай-ақ, ол жақсы оқумен қатар, баспасөз ісіне де қатынасады. Сөйтіп 1862 жылы "Аңшының күнделігі" атты мақаласы жарық көреді. Әдемі көркем тілмен жазылған бұл мақаласы саяхатшының әскери қызметте жүргендегі басынан кешірген уақиғаларды суреттеуге арналған еді. Бұл мақала Пржевальскийді бірінші рет көпшілікке таныстырады.

Ал "Амур өлкесін әскери статистикалық шолу" еңбегі Пржевальскийді ғалымдар дүниесімен таныстырып, оның география қоғамына мүше болып өтуіне себепші болады.

1959 жылы саяхатшының туғанына 120 жыл толу мерекесіне байланысты Зайсан қаласындағы ежелгі саябақ Пржевальский саябақ деп аталды. Саябақ алдына ескерткіш - бюст орнатылды. Тибетке бет алған сапарында тоқтаған ы Кендірлік ауылында (қазіргі Сартерек) саяхатшы ғалымның атымен аталған онжылдық мектеп бар. Қарағанды облысының даму тарихына үңілер болсақ, қадау - қадау іргелі істердің куәсі боласың. Аймақтың шапшаң игерілуіне бірден-бір себепкер болған оның мол табиғи байлықтары еді. Сонау жиырмасыншы-отызыншы жылдарда А.А.Гапеев, Н.Г.Кассин, Н.И.Наковник, М.П.Русаков, Қ.И.Сәтбаев тәрізді есімдері бүгінде кеңінен танымал геологтар Орталық Қазақстан аймағының кен байлықтарын зерттеді. Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ Қоңырат, Жезқазған, Семізбұғы, Өспен және басқа жерлерде түсті металдардың мол қорының бары анықталған. Соғысқа дейінгі кезең ішінде жаңадан ашылған көмір және түсті металл кен орындарының негізінде Орталық Қазақстанда Қарсақбай, Балқаш мыс қорыту зауыттары салынды. Жезқазған, Қоңырат рудниктері, Қарағанды көмір бассейні игерілді. Еліміздің экономикасындағы Орталық Қазақстанның алатын орны ерекше екендігі сол кезде-ақ белгілі болған. Орталық Қазақстаннің бай археологиялық ескерткіштері ежелден-ақ саяхатшылардың мұқиятын туғызған. Патша өкіметі бұл далаға талай-талай әскери экспедициялар жасақтап жіберіп отырды. Қазақ даласының қойнауында тұнып жатқан байлықтарға орыс елшілері Ф.Скинин мен М.Трошин да кезінде көңіл бөлген. XVII ғасырдың соңында олардың Тобольскіден Түркістанға дейін жүріп өткен жолы картаға түсірілді. Бұдан сөң Сібірді зерттеуші географ-картограф әрі тарихшы С.У.Ремезов та XVII ғасырдағы орыстың географиялық ғылымында жаңалықтар аша түсті. Ол жаңағы картаның белгілерін негізге алып, 1701 жылы «Сібірдің сурет кітабын» жасады. Бұл күрделі еңбегінде ғалым Қазақстан жерінің солтүстік және орталық аудандарын дұрыс көрсетті, әрі табиғат пен кен байлықтарына да баса назар аударды. Қазақстанға аттандырылған алғашқы экспедиция I Петрдің тікелей нұсқауымен ұйымдастырылды. Бұл экспедициялар геологиялық барлауларын Ертіс өзенінің бойымен Зайсан көліне дейін, Тарбағатай және Жоңғар таулы сілемдерін шолып өтіп, көптеген геологиялық материалдар жинады. Ресейдің Ғылым академиясы қазақ даласының батысы мен шығысын, сондай-ақ орта бөлігін зерттеуде бірталай тыңғылықты істер атқарды. Түкпір-түкпірге жөнелтілген экспедицияларға белгілі ғалымдар да қатыстырылды. Солардың бірі – Орынбордың губерниялық канцеляриясында ұзақ қызмет істеген, белгілі саяхатшы П.И.Рычков өз еңбегінде Кіші жүз бен Орта жүздің де мекендерін географиялық жағынан тұңғыш рет таныстырып шықты. Кейін оның баласы әскери топограф, капитан Н.П.Рычков та әкесі жүрген жерлерді шарлап, тіпті кен көздерін тапты. 1771 жылы ол әскери экспедиция құрамына қосылып, Сарыарқа даласына жол шекті. Экспедиция Ұлытау, Жезқазған өңіріне келіп тоқтағанда, көне дәуірдегі кеншілердің іздерін зерттей отырып Н.Рычков «1771 жылы Қырғыз-қайсақ даласына жасаған саяхаттың күнделік жазбалары» деп аталатын еңбегінде: «Ұлытау қойнауынан басталатын әйгілі өзендер: Ұлықарағай, Жыланшық, Кеңгір, Сарыкеңгір, Жездікеңгір бойында ертедегі адамдардың қазған кендерінен алтын мен күмістің белгілері табылды» деп жазды. Н.П.Рычковтан кейін қазақ жерінің кен байлығын зерттеуде Ресей Ғылым академиясы тарапынан ұйымдастырылған арнаулы экспедицияларға белгілі ғалымдар П.К.Паллас, И.Георги, И.П.Фальк жетекшілік етті. Орталық Қазақстанның табиғи байлығын зерттеп, анықтауда 1814 жылғы майор Набоковтың, 1815 жылғы маркшейдер М.Германның, 1816 жылғы маркшейдер И.Шангиннің экспедицияларының маңызы үлкен болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]