- •Нерв жүйесі
- •Сурет 31
- •Сурет 32
- •Сурет 33
- •Сурет 38
- •Сурет 39
- •Эндокринді жүйесі
- •Сурет 34
- •Сурет 35
- •Қан түзетін мүшелер
- •Сурет 36
- •Сурет 37
- •Сурет.43
- •Сурет 44
- •Сурет.45
- •Сурет.46
- •Асқазан, ішек
- •Сурет 47
- •Сурет 48
- •Сурет 49
- •Бауыр. Ұйқы безі.
- •Сурет.50
- •Сурет 51
- •Сурет 52
- •Тыныс алу жүйесі
- •Сурет. 53
- •Сурет 54
- •Сурет 55
- •Аталық жыныс жүйесі
- •Сурет 56
- •Сурет 57
- •Аналық жыныс жүйесі
- •Сурет 58
- •Стоматология факультетінің студенттеріне арналған профильді тесттер. Беттің дамуы
- •509. Үстіңгі ерін мен жақтың жырығының пайда болуы мыналардың қайсысының бірікпеу нәтижесінен:
- •Тістердің дамуы
- •Тістер мен пародонттың құрылысы
- •Ауыз қуысының кілегейлі қабығы
- •Сурет. 59
- •Сурет 60
- •Сурет 61
- •Сурет 62
- •Сурет 63
- •Сурет 64
- •Сурет 65
- •Сурет 66
- •Сурет67
- •Сурет 68
- •Сурет 69
Сурет 34
300. Капиллярдың А әрпімен белгіленген құрылымы:
Адвентиц.жасушасы
301. Капиллярдың Б әрпімен белгіленген құрылымы:
эндотелиоцит
302. Капиллярдың В әрпімен белгіленген құрылымы:
эритроцит
303. Капиллярдың Г әрпімен белгіленген құрылымы:
перицит
304. Капиллярдың Д әрпімен белгіленген құрылымы:
Базальд.мембрана
Сурет 35
305. Жүрек қабырғасындағы А әрпімен белгіленген құрылымы:
эндокард
306. Жүрек қабырғасындағы Б әрпімен белгіленген құрылымы:
миокард
307. Жүрек қабырғасындағы В әрпімен белгіленген құрылымы:
эпикард
308. Жүрек қабырғасындағы Г әрпімен белгіленген құрылымы:
Пуркинье талшықтары
Қан түзетін мүшелер
309. Сүйектің қызыл кемігіндегі гемопоэтикалық аралшықтардағы эритробласттарға ферритинді, эритропоэтинді және Д3 витаминін беретін жасушалар:
макрофагтар
310. Ересек адамның қан түзетін мүшесінде мегакариоциттердің, эритробласттардың, миелоциттердің бар екені байқалды. Бұл мына мүшелердің қайсысы:
Сүйектің қызыл кемігі
311. Жасқа байланысты инволюциясы байқалатын, иммунды қорғаныс қызмет атқаратын мүше:
тимус
312. Күшті тітіркендіргіштердің әсерлерінен (стресс-факторлардың) акцидентальді инволюцияға ұшырайтын қан түзетін мүше:
тимус
313. Шашақты артериолалардан басталатын көк бауырдың ашық қан айналым жүйесіндегі гемокапиллярлары мыналардың қайсысына ашылады:
Қызыл пульпасына
314. Шашақты артериолалардан басталатын көк бауырдың тұйықталған қан айналым жүйесіндегі гемокапиллярлары қайда өтеді:
Венозды синустарында
|
|
Сурет 36
315. Тимустың А әріпімен белгіленген құрылымы:
Гассаль денешігі
316. Тимустың Б әріпімен белгіленген құрылымы:
Бөліктің қыртысты заты
317. Тимустың В әріпімен белгіленген құрылымы:
Бөліктің боз заты
Сурет 37
318. Лимфа түйінінің А әріпімен белгіленген құрылымы:
Лимфа фолликулалар
319. Лимфа түйінінің Б әріпімен белгіленген құрылымы:
Лимфа әкелетін тамыр
320. Лимфа түйінінің В әріпімен белгіленген құрылымы:
трабекула
321. Лимфа түйінінің Г әріпімен белгіленген құрылымы:
капсула
322. Лимфа түйінінің Д әріпімен белгіленген құрылымы:
Капсула астындағы синусы
323. Лимфа түйінінің Е әріпімен белгіленген құрылымы:
Аралас синусы
324. Лимфа түйінінің Ж әріпімен белгіленген құрылымы:
Бос затындағы синусы
Сурет 38
325. Көк бауырдың А әріпімен белгіленген құрылымы:
капсуласы
326. Көк бауырдың Б әріпімен белгіленген құрылымы:
Ақ пульпасы
327. Көк бауырдың В әріпімен белгіленген құрылымы:
Қызыл пульпасы
Сурет 39
328. Миндалинаның А әріпімен белгіленген құрылымы:
криптасы
329. Миндалинаның Б әріпімен белгіленген құрылымы
Көп қабаты мүйізделмеген эпителиі
330. Миндалинаның В әріпімен белгіленген құрылымы:
Кілей.қабатының меншік.пластинкасы
331. Миндалинаның Г әріпімен белгіленген құрылымы:
Фолликул аралық аймағы
332. Миндалинаның Д әріпімен белгіленген құрылымы:
Лимфа фолликулдары
333. Миндалинаның Е әріпімен белгіленген құрылымы:
Кілегй асты негізі
Эндокринді жүйесі
334. Эндокринді және экзокринді қызмет атқаратын бездер:
Гонадалар, плацента, ұйқы безі
335. Эндокринді бездерінің құрылыс ерекшеліктері:
Өзектері жоқ, қане тамырлары жақсы дамыған, секреті қанға бөлінеді
336. Гипоталамустағы супраоптикалық және паравентрикулярлы ядроларын түзетін жасушалары:
нейросекреторлы
337. Аденогипофиздің жасушаларының қызметіне әсер ететін гормондар қайсы:
Либерин,статиндер
338. Гипофиздің алдыңғы бөлігіндегі жасушаларының 60 %-ын түзетін аденоциттері қайсысы:
Хромофобты эндокриноциттері
339. Гипофиздің алдыңғы бөлігінде пішінсіз немесе көпбұрышты болып келген, цитоплазмасында өте анық базофильді боялған майда түйіршіктері бар жасушасы:
тиротропоциттері
340. Гипофиздің алдыңғы бөлігінде адренокортикотропты гормонын синтездейтін жасушалары:
кортикотропоциттері
341. Ядросы эксцентрлі орналасқан, цитоплазмасында жақсы дамыған макуласы мен көптеген базофильді түйіршіктері бар гипофиздің алдыңғы бөлігінің жасушасы қайсы:
гонадотропоциттері
342. Гипофиздің қай бөлігінде жинағыш Херринг денешіктері бар:
артқы
343. Қалқанша бездің фолликул аралық дәнекер тінінде немесе фолликул қабырғасында орналасқан, секреторлы түйіршіктері осмиофильді және аргирофильді боялатын жасушалары қайсысы:
Парафолликулярлы эндокриноциттер
344. Бүйрек үсті безінің бір бөлігінде құрамында холестерин, май тамшылары мен «С» витамині бар эпителиоциттердің тізбегі көрінеді. Бұл мыналардың қайсысы:
Шоғырлы аймағы
345. Эпителий жасушаларының тізбегінен шумақтар түріндегі құрылым түзілетін бүйрек үсті безінің қай аймағы:
Шумақты аймағы
346. Жасушаларының цитоплазмасында май қосындылары аз, жыныс гормондарын бөлетін бүйрек үсті безінің аймағы қайсысы:
Торлы аймағы
347. Қос қалқанша бездің ацидофильді эндокриноциттерінің ерекшелігі:
Көптеген ірі митохондриялары бар
348. Қос қалқанша бездің күңгірт түсті негізгі эндокриноциттерінің ерекшелігі:
Паратирин гормоның синдездеп бөледі
349. Эпифиз бөлікшелерінің орталық бөлегінде орналасып, цитоплазмасындағы органеллалары жақсы дамыған, әрі өсінділерімен қан капиллярларына жанасып байланысатын жасушалары қайсы:
Пинеалоциттер
Сурет 40
350. Гипофиздің А әріпімен белгіленген құрылымы:
Туберальді бөлігі
351. Гипофиздің Б әріпімен белгіленген құрылымы:
капсула
352. Гипофиздің В әріпімен белгіленген құрылымы:
Алдыңғы бөлігі
353. Гипофиздің Д әріпімен белгіленген құрылымы:
артқы бөлігі
Сурет 41
354. Қалқанша безінің А әріпімен белгіленген құрылымы:
Фолликулярлы эпителиі
355. Қалқанша безінің Б әріпімен белгіленген құрылымы:
Фолликул аралық эпителиальді аралшық
356. Қалқанша безінің В әріпімен белгіленген құрылымы:
коллоид
Сурет 42
357. Бүйрек үсті безінің А әріпімен белгіленген құрылымы:
капсула
358. Бүйрек үсті безінің Б әріпімен белгіленген құрылымы:
Шумақты аймағы
359. Бүйрек үсті безінің В әріпімен белгіленген құрылымы:
Шоғырлы аймағы
360. Бүйрек үсті безінің Г әріпімен белгіленген құрылымы:
Торлы аймағы
361. Бүйрек үсті безінің Д әріпімен белгіленген құрылымы:
Боз заты
АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ АЛДЫҢҒЫ БӨЛІГІ
362. Қызыл иек, қатты таңдай және тілдің жіп тәрізді бүртіктерінің кілегейлі қабығының эпителиі мүйізделген. Осы ерекшеліктерінің себебі неде?
Механикалық, термиялық және химиялық әсерлерінде
363. Ұрттың максилярлы және мандибулярлы аймақтарын астарлайтын кілегейлі қабықтың эпителиі:
Көп қабаты жалпақ мүйізделмеген
364. Ауыз қуысында кілегей асты негізі болмайтын жерлері қайсысы:
Тілдің үстіңгі беті
365. Тілдің кілегейлі қабығының көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителимен жабылатын құрылымдары:
Жіп тәрізді бүртіктері
366. Тілдің жапырақ тәрізді бүртіктерін тыстайтын эпителий:
Көп қабаты жалпақ мүйізделмеген
367. Тілдің саңырауқұлақ тәрізді бүртіктерін тыстайтын эпителий:
Көп қабаты жалпақ мүйізделмеген
368. Тілдің науа тәрізді бүртіктерін тыстайтын эпителий:
Көп қабаты жалпақ мүйізделмеген
369. Ас қорыту жүйесінің қуысты мүшесінің қабырғасынан алынған препараттан: көп қабатты эпителиі, кілегей асты негізіндегі бездері және етті қабығының құрамынан көлденең жолақты ет талшықтары мен тегіс салалы ет жасушалары көрінеді. Бұл препарат мына мүшелердің қайсысынан дайындалған?
Өңештің ортаңғы үштен бір бөлігінен
370. Микроскопиялық зерттеулерге лимфоидты мүшелердің бір қатар препараттары берілген: тимус, лимфа түйіндері, миндалиналар. Осылардың ішінен миндалинаны (бадамша бездерді) қандай ерекшеліктеріне байланысты табуға болады?
Сырты көпа қабаты жалпақ эпителиймен қапталған
