Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гистология 2 часть для стомфака 2 курс казахи 1...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
18 Мб
Скачать
☆

Аталық жыныс жүйесі

473. Пішіні пирамида тәрізді базалды мембранада орналасқан, ұшы қуысқа дейін жететін иректелген ұрық түтікшесінің жасушасы қайсысы:

Тіректік жасушалар

474. Еннің иректелген ұрық түтікшелерінің сперматогенді эпителиінің базальді бөлігіндегі жасушалар:

сперматогониялар

475. Дифференциялану кезеңінде сперматогенді эпителий жасушасының бірінің, ядросы тығыздалып, акросомасы мен құйрығы қалыптасатыны белгілі. Осы жасушаны атаңыз:

Түрлену кезіндегі сперматозоид

476. Ен қосалқысы өзегінің эпителиі:

Екі қатарлы, биік призмав тәрізді стереоцилиялары бар, бұл жасушалардың базальді бөліктерінде қыстырма жасушалар орналасқан

477. Зерттеуші аталық жыныс жүйесінің бір мүшесінен алынған кесіндісінде күшті дамыған тегіс салалы ет тінінің және бұлардың арасында орналасқан бездердің соңғы бөліктерінің бар екенін анықтады. Бездердің өзектері несеп шығаратын өзекке ашылады. Бұл мына мүшелердің қайсысы:

Қуық асты безі

Сурет 56

478. Еннің және ұрық шығаратын жолдарындағы А әріпмен белгіленген құрылым:

Иректелген ұрық түтікшелері

479. Еннің және ұрық шығаратын жолдарындағы Б әріпмен белгіленген құрылым:

Ақ қабығы

480. Еннің және ұрық шығаратын жолдарындағы В әріпмен белгіленген құрылым:

Еннің торы

Сурет 57

481. Иректелген ұрық түтікшесіндегі А әріпмен белгіленген құрылымы:

А типті сперматогониялар

482. Иректелген ұрық түтікшесіндегі Б әріпмен белгіленген құрылымы:

1-ші реттік сперматоциттер

483. Иректелген ұрық түтікшесіндегі В әріпмен белгіленген құрылымы:

2-ші реттік сперматоциттер

484. Иректелген ұрық түтікшесіндегі Г әріпмен белгіленген құрылымы:

сперматида

485. Иректелген ұрық түтікшесіндегі Д әріпмен белгіленген құрылымы:

сперматозоидтар

486. Иректелген ұрық түтікшесіндегі Е әріпмен белгіленген құрылымы:

Тіректік жасушалар

487. Иректелген ұрық түтікшесіндегі Ж әріпмен белгіленген құрылымы:

В типті сперматогониялар

488. Иректелген ұрық түтікшесіндегі З әріпмен белгіленген құрылымы:

Базальді мембрана

Аналық жыныс жүйесі

489. Сырты жылтыр қабық пен бірнеше қабатты фолликулярлы жасушалармен қоршалған 1-реттік овоциті бар бездің фолликулдары қайсысы:

Біріншілік

490. Құрамындағы 1-ші реттік овоцитінің жылтыр және сәулелі тәжді қабықтарымен қоршалған, дәнді қабаттарының жасушаларының арасында қуыстары бар, аналық жыныс безінің фолликулдары қайсы:

Екіншілік

491. Қуысында жылтыр және сәулелі тәжді қабықтармен қоршалған жұмыртқа төмпешігінде 2-ші реттік овоциті бар аналық жыныс безінің Көпіршік түріндегі фолликулы:

Үшіншілік

492. Аналық жыныс мүшелері - жатыр түтіктерінің, плацентаның және жатырдың кілегейлі қабығының меншікті пластинкасында болатын цитоплазмасы оксифильді боялған, гликоген мен липопротеидтерге бай, дөңгелек пішінді, ірі жасушалары қайсысы:

Децидуальді жасушалар

493. Менструальді циклдің предменструальді кезеңінде жатырдың кілегейлі қабығының функциональді қабатының ерекшелігі:

Қабаты қалын, без өзектері иректелген, секрет бөлуі белсенді

Сурет 58

494. Жатырдың А әрпімен белгіленген құрылымы:

эндометрий

495. Жатырдың Б әрпімен белгіленген құрылымы:

миометрий

496. Жатырдың В әрпімен белгіленген құрылымы:

периметрий

497. Жатырдың Г әрпімен белгіленген құрылымы:

Жатыр бездері