Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гистология 2 часть для стомфака 2 курс казахи 1...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
18 Мб
Скачать
☆
  1. Тістер мен пародонттың құрылысы

532. Жаңа ғана жарып шыққан тістің эмальдік призмасының негізін түзетіндер:

Жіңішке фибриллалы белок торы

533. Эмальдік призмалардың көлденең кесіндідегі пішіні:

Шеттері ашық, доға тәрізді

534. Эмальдік призманың ішіндегі гидроксиапатит кристалдарының орналасуы:

Призма бағытымен

535. Эмальдің ерекшелігі:

Эмальдік пластинкалар мен шоғырлары

536. Эмаль шоғырлары мен пластинкалары болып саналатыны:

Эмальдің аз известелінген жері

537. Эмаль пластинкалары мен шоғырлары қайдан басталады:

Дентин эмаль байланысынан

538. Эмаль ұршықтары болып:

Дентинобласттардың колба тәрізді өсінділері

539. Пісіп жетілген эмальдің ең қатты жері:

Жоғарғы қабаты

540. Тіс түбірінде жоғы:

Эмаль

541. Дентиннің ерекшелігі:

Известелінген шар тәрізді құрылым

542. Интерглобулярлы дентиннің ең ірі бөліктерінің орналасқан жері:

Дентин эмаль байланысына жақын орналасқан дентиннің сыртқы қабатында

543. Жабынды дентиннің құрамында:

Дентин түтікшелері мен радиальді бағытталған коллаген талшықтары

544. Пульпа маңындағы дентинннің құрамында:

Дентин түтікшелері мен тангенциальді бағытталған коллаген талшықтары

545. Дентиннің сыртқы қабатындағы дентин түтікшелерінің құрамында болатыны қайсысы:

Дентинробласттардың өсінділері

546. Дентинобласттар денелерінің орналасқан жері:

пульпа

547. Бос дентикльдердің орналасқан жері:

Тіс пульпасынеда

548. Жоғарғы құрылымға ие дентикльдердің ерекшелігі:

Дентин қабатары және дентин түтікшелері концентрлі ретпен орналасқан

549. Предентин мыналардың қайсысымен шектесіп орналасқан:

Тіс пульпасымен

550. Үшіншілік (иррегулярлы) дентинннің ерекшелігі:

Пішінсіз,өткізгіштігі жоғары, қалыпсыз известелінеді

551. Дентинобласттардың орналасқан жері:

Пульпаның шеткі қабаты

552. Тіс сауыты пульпасындағы дентинобласттардың пішіні:

Биік цилиндр тәрізді

553. Тіс пульпасының аралық қабатының құрамында болатындар:

Аз маманданған жұлдыз тәрізді пульпоциттер

554. Фибробласттардың ең көп орналасқан жері:

Пульпаның ортаңғы қабаты

555. Тіс пульпасының ортаңғы қабатындағы пульпоциттердің ең көп кездесетіні қайсы:

фибробласттар

556. Тіс сауытындағы пульпаның ерекшелігі:

Борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінінен тұрады

557. Тіс сауытындағы аралық затының құрамында болатындар:

Негізгі зат, коллаген талшықтарыф мен преколлаген талшықтары

558. Тіс түбірінің пульпасының ерекшелігі:

тығыз дәнекер тінді құрылым

559. Цементтің ерекшелігі:

Құрамында 68 %бейорганикалық, 32 %органикалық заты мен суы бар

560. Жасушасыз цементтің құрамында:

Известелінген негізгім зат пен коллаген талшықтары

561. Жасушалы цементтің құрамында:

Цементоциттер мен известелінген негізгі зат пен колаген талшықтары

562. Тіс периодонтының бекітуші аппаратының құрамындағы талшықтары қайсысы:

Коллаген

563. Периодонттың бүйір талшықтарының ішіндегі ең көбі:

Радиальді талшық.

564. Тіс периодонтының коллаген талшықтарының арасындағы тіні қайсы:

Борпылдақ қалыптаспаған дәнекер тіні

565. Периодонт құрамындағы борпылдақ дәнекер тінінің құрамындағы ең көп кездесетін жасуша:

Фибробласттар

566. Сүйектің тығыз затынан тұратын:

Жақ сүйегінің денесі, альвеолярлы өсіндісі мен тіс альвеоласының қабырғалары

567. Тіс паталогиясын зерттеу барысында тіс сауытының паталогиялық қажалу себебінен сауытының толық жойылғаны анықталды, бірақ тістің қуысы ашылмаған. Осының себебін анықтаңыз:

Иррегулярлы дентиннің қалыптасуынан

568. Микроскопиялық зерттеу барысында егелген тістен жасалған препаратында бір тінінің құрамында радиальды бағытталған күңгірт және ашық түсті жолақтарының бар екені, ал екіншісінде осы бағытта тараған жіңішке түтікшелерінің болатындығы анықталған. Осы тіндерді анықтаңыз:

Эмаль мен дентин

569. Микроскопиялық зерттеу барысында егелген тістен жасалған препаратында бір тінінің құрамында радиальді бағытталған көптеген жіңішке түтікшелердің бар екені анықталса, ал екіншісінде түтікшелері жоқ, бірақ көптеген өсінділері бар кеңістіктер мен ондағы жасушалар көрінеді. Бұл тістің қай тіндері:

Дентин мен цемент