- •2.Әлеуметтанулық теориялар құрылымы. Теориялық және эмпирикалық деңгей.
- •6.Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде категориялық талдау: «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт».
- •7.О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы.
- •8.О.Конттың қоғам дамуының кезеңдері.
- •9.Г.Спенсердың әлеуметтануға қосқан үлесі.
- •10. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасы.
- •12. М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясы.
- •15. Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі.
- •19)Тұлғаның әлеуметтену кезеңдері.
- •23)Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу обьектісі мен пәні.
- •26) Әлеуметтенудегі сауалнама әдісі.
- •28.Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлері.
- •29. Іріктеу жиынтығы, квоталық және кездейсоқ іріктеу
- •30.Эксперимент әдісі, мысал келтіріңіз.
- •31. Әлеуметтік институттарда орын алған дисфункцияны шешудің 2 жолы бар: 1. Реформалау; 2. Тарату. Дисфункцияны шешуге қатысты мысал келтіріп, әлеуметтанулық талдау жасаңыз.
- •35. Ш.Уәлихановтың “Сот реформасы туралы жазбаларында” қандай әлеуметтік көзқарастар мен мәселелер қозғалды?
- •36. Ы.Алтынсарин Қазақстандағы білім беру институтының негізін қалаушы ретінде белгілі
- •38.Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлеріне пікіріңіз және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсері қандай?
- •39.Отбасы ұғымының құндылығына жан-жақты талдау жасаңыз.
- •40. Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер етуде ,нақты дәлелдемелер статистикалық мәліметтер келтіріңіз.
- •41.Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз.
- •42Анкетада қолданылатын ашық және жабық (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •43.Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •44. 2 Бағанадан тұратын кесте сызыңыз
- •45.О.Конттың ғылымға енгізген ұғымдарын таңдап алыңыз және сипаттама беріңіз: арнайы орта деңгей теориясы, әлеуметтік іс-әрекет, аномия, идеалды тип, жүйе, функция, стратификация.
- •46. О.Конт қоғам дамуының 3 сатысын атап көрсетті: теологиялық, Сатыларын жалғастырыңыз және әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасаңыз.
- •47.Әлеуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады.
- •52. Субмәдениет түсінігі және түрлері. Қазастанда субмәдениетті алып жүрушілер бар ма және олардың қоғамдық ортаға тигізетін кері әсері қандай?
- •53. Сұхбат әдісінің басқа әдістермен салыстырғандағы ерекшелігі және түрлері қандай?
- •54. Эксперимент әдісінің қоғамда орын алып отырған белгілі-бір құбылысқа жүргізілуіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз
- •56. Мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби техникалық және жоғарғы білім беру деңгейлеріне талдау жасаңыз.
- •57) Тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін атаңыз және мысал келтіре отырып сипаттаңыз.
28.Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлері.
Бақылау – оқиға куәгерінің оқиға өтіп жатқан кездегі оқиғаны тікелей тіркеу әдісі. Ол статистика әлсіз, бастапқы таным пункті ретінде бағдарламаны жасау кезеңінде; индивид пен топтардың сөйлесу, мінез-құлық формаларын зерттеу кезінде қолданылады. Мамандар бақылаудың мынадай түрлерін бөліп көрсетеді: бақылау зерттеушілердің зерттелетін оқиғаға араласпауынсыз жүзеге асырылған кездегі қалыпқа келтірілген және қалыпқа келтірілмеген, қосылған ( мысалы, социолог митингтің қатысушысы болады) және қосылмаған. Табиғи ортада, табиғи жағдайда және лабораторияда ( мысалы, әлеуметтік – психологиялық тәжірибелерде) жүретін далалық бақылау да кездеседі. Бақылаудың бірліктерін топтастыру - әлеуметтік ақпаратты бейнелеудің алғашқы және қарапайым түрі. Бақылау әдісінің қолдану аясы айтарлықтай кең - маркетингтен бастап ғылым әлеуметтануына дейін – кіші топтарды зерттеуден бұқаралық сана мен мінез-құлықты зерттеуге дейін болады. Сонымен қатар, әлеуметтану ғылымында түйсіну арқылы ақпаратты жинау және обьект жөнінде барлық фактілерді тіркеу әдісін бақылау деп атайды. Ол қарапайым бақылаудан мынандай белгілері арқылы ерекшеленеді:
1) Нақты зерттеу мақсатында бағындырылады.
2) Белгілібір әдістеме арқылы жүргізіледі
3) Бақылаудың мәліметтері белгілі бір әдістемемен хаттамаларға, күнделіктерге көшіріледі
4) Бақылау жолымен алынған ақпараттың сенімділігі және негізділігі тексерістен өтеді.
Бақылаудың бірнеше түрлері бар. Оны жүргізу техникасына, кімді бақылау қажеттігіне орай бақылау – бақылаулық және бақылаусыздақ, яғни спонтандық түрлерге бөлінеді. Бақылаулық түрі зерттеудің тиянақты жоспарына және реттілігіне сәйкес жүргізіледі. Тұрақтылығына қарай бақылау жүйелі және кездейсоқ болып бөлінеді. Жүйелі бақылауда, айталық, айдың күніндегі қимыл – әрекет ұқыпты түрде күнделікке түсіріліп отырады, кездейсоқ бақылауда ақпарат жоспарсыз жүргізіледі. Бақылаушының қолданатын әдісіне орай бақылаудың іштен және сырттан бақылау деп те ажыратылады. Іштен және сырттан ашық түрде немесе жасырын (бүркеніш) атпен жүргізуге болады.
29. Іріктеу жиынтығы, квоталық және кездейсоқ іріктеу
Сұрыптау жұмысын жүргізу жиынтыққа байланысты болады. Жиынтықтың екі түрі бар: бас жиынтық және іріктелген жиынтық. Бас жиынтық деп проблемаға қатысты бақылауға алынған бүкіл бөліктің тұтастай жиынтығын айтады. Бас жиынтық аймақтық, мерзімдік, өндірістік салаларды немесе кәсіптік, қызметтік шеңберді қамтумен шектелген. Іріктелген жиынтық бас жиынтықтың бір бөлігі бола отырып, әзірленген әдістемеге немесе іріктеліп, таңдап алу бағдарламасына сәйкес зерттелген обьектінің есебіне жатқызылады. Әлеуметтануда бас жиынтықтың сауалнамаға қатынасатын адамдарды таңдап алудың әр түрлі әдістерін сұрыптау қалыптасқан. Ол әдістер бір ғана мақсатты көздейді: іріктелген жиынтық бас жиынтықты ұдайы дамытып, жетілдіруіме, дәлірек айтсақ, репрезентативтілікпен (өкілдік) сипатталуы тиіс.
Іріктеме әдістерін кездейсоқ және кездейсоқ емес деп 2 үлкен топқа бөлуге болады:
1. Кездейсоқ іріктемеге жиынтықтың әрбір мүшесі берілген нөлдік емес ықтималдықпен енуі мүмкін. Кездейсоқ іріктеме түрлері: 1) Кездейсоқ іріктеменің кең тараған түрі қарапайым кездейсоқ іріктеме. Мұнда жиынтықтың барлық элементтерінің зерттелетін іріктемеге түсу мүмкіндігі бар. Мұндай іріктемеде таңдау лотереядағыдай кездейсоқ сандар көмегімен жүргізіледі.2) Топтық іріктеме – адамдарды әр түрлі категорияға бөле іріктеп, содан соң әр топ ішінде қарапайым іріктеме жүргізіледі. 3) Стратификацияланған іріктеме – бас жиынтықты бірқатар қиылыспайтын бөліктерге (қабаттар, страталар) бөліп, әр бөлшекте қарапайым кездейсоқ іріктеме жүргізіледі. 4) Территориялық іріктеме бірлігі ретінде территориялар (аудан, бөлімше) алынады. Басты жиынтық қиылыспайтын көп бөліктерге бөлінеді. Олардың әрқайсысында кездейсоқ іріктеме жүргізіледі.
2. Кездейсоқ емес іріктемеде жиынтықтың кез келген элементін енгізу ықтималдығын бағалау мүмкін емес. Кездейсоқ емес іріктеменің түрлері: 1) Еркін іріктеме – мұнда элементтер жоспарсыз стихиялық түрдетаңдалынады. Бұл әдіс өте қарапайым және шығынды аз қажет етеді. 2) Арнайы іріктемеде – зерттеуші іріктеме элементтерін мақсатқа сәйкес таңдайды. 3) Квоталық іріктеме – іріктеме элементтерінің үлесі зерттелетін популяция үлесіне сәйкес келуі қажет. 4) Типтік іріктеме – мәліметтерді белгілі бір типтік элементтерден жинау немесе халықтың белгілі бір категориясын зерттеу.
Іріктеуді анықтау – социологиялық зерттеу кезіндегі бірден-бір күрделі сәттердің бірі (жұмыс гипотезасын әзірлеумен қатар), өйткені ол объектінің бүкіл элементінің ерекшеліктері мен ара қатынастарын қатаң көрсетуі тиіс.
Іріктелген жиынтық – берілген ережеге сәйкес қатаң іріктеліп алынған басты жиынтық элементтерінің белгілі – бір саны. Зерттеуге жататын ( сауалнама, интервью алу және с.с ) іріктелген жиынтықтың элементтері ( респонденттер, талданатын құжаттар және с.с ) талдау бірлігі болып табылады. Олар жекелеген адамдар да, сол сияқты тұтас топтар да (студенттік ), жұмыс ұжымдары да болуы мүмкін. Ең бірінші кезекте барлық топқа тән элементтер іріктеу бірліктері деп аталады. Осы әдісті негізінен механикалық іріктеме деп атайды. Мұндай іріктеме кезінде іріктеу 10, 20, 50 және т.б адам арқылы жүргізілуі мүмкін. Ірітілетіндер арасындағы аралық іріктеу қадамдары (таңдау қадамдары) деп аталады. Іріктеме мақсатты болуы да мүмкін, мұнда зерттеуші адамдарды топты зерттеудің қойылған мақсаттарына орай сауалнама үшін іріктеп алады. Кездейсоқ іріктеу - халық құрылымының әрбір элементі оған біркелкі ықтималдылықпен қосылуы мүмкін. Әрине, іріктеу көлемі репрезентация қателігіне әсер етеді. Іріктеу шамасы қаншалықты көп болса, ықтимал қателесу соншалықты аз болады. Үлкен іріктеумен сауалнама жүргізу өте қымбатқа түседі, мамандардың дәлелдеуінше, басты жиынтықтың 10%-ін іріктеме жиынтыққа қосу іс жүзінде өзін-өзі ақтаған. Мұндайда респонденттердің ( ағылш. Response – жауап ) саны 2-2,5 мың адамнан аспауы тиіс. Телефонмен сауалнама жүргізу кезінде миллион тұрғыны бар қалада 300 адамға сауалнама жүргізсе жеткілікті. Шағындау қалаларда іріктеме көлемі 150-200 адам болса да болады. Басты жиынтықтың сипаттамасынан анық ауытқулардан қашқан жөн. Мұндай жағдайда зерттеу нәтижелері жалған болуы мүмкін. Социологиялық зерттеу жүргізуде ұғымдық аппараттарды, яғни зерттеу тілін әзірлеудің маңызы зор. Мұндайда маңызыды ерекшеліктер негізгі ұғымдарда түсіндіру рәсімі болып табылады, осы ұғымдар арқылы олар оның мазмұның сипаттай алатын құрамдас бөліктерге бөлшектенеді. Ғылыми талдау және теориялық бағалау нәтижелері, әдетте, жинақталады және ғылыми есепте баяндалады. Мұнда алынған зерттеу нәтижелерінің мәніне теория мен практиканы ары қарай дамыту үшін баға беріледі.
