- •2.Әлеуметтанулық теориялар құрылымы. Теориялық және эмпирикалық деңгей.
- •6.Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде категориялық талдау: «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт».
- •7.О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы.
- •8.О.Конттың қоғам дамуының кезеңдері.
- •9.Г.Спенсердың әлеуметтануға қосқан үлесі.
- •10. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасы.
- •12. М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясы.
- •15. Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі.
- •19)Тұлғаның әлеуметтену кезеңдері.
- •23)Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу обьектісі мен пәні.
- •26) Әлеуметтенудегі сауалнама әдісі.
- •28.Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлері.
- •29. Іріктеу жиынтығы, квоталық және кездейсоқ іріктеу
- •30.Эксперимент әдісі, мысал келтіріңіз.
- •31. Әлеуметтік институттарда орын алған дисфункцияны шешудің 2 жолы бар: 1. Реформалау; 2. Тарату. Дисфункцияны шешуге қатысты мысал келтіріп, әлеуметтанулық талдау жасаңыз.
- •35. Ш.Уәлихановтың “Сот реформасы туралы жазбаларында” қандай әлеуметтік көзқарастар мен мәселелер қозғалды?
- •36. Ы.Алтынсарин Қазақстандағы білім беру институтының негізін қалаушы ретінде белгілі
- •38.Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлеріне пікіріңіз және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсері қандай?
- •39.Отбасы ұғымының құндылығына жан-жақты талдау жасаңыз.
- •40. Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер етуде ,нақты дәлелдемелер статистикалық мәліметтер келтіріңіз.
- •41.Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз.
- •42Анкетада қолданылатын ашық және жабық (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •43.Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •44. 2 Бағанадан тұратын кесте сызыңыз
- •45.О.Конттың ғылымға енгізген ұғымдарын таңдап алыңыз және сипаттама беріңіз: арнайы орта деңгей теориясы, әлеуметтік іс-әрекет, аномия, идеалды тип, жүйе, функция, стратификация.
- •46. О.Конт қоғам дамуының 3 сатысын атап көрсетті: теологиялық, Сатыларын жалғастырыңыз және әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасаңыз.
- •47.Әлеуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады.
- •52. Субмәдениет түсінігі және түрлері. Қазастанда субмәдениетті алып жүрушілер бар ма және олардың қоғамдық ортаға тигізетін кері әсері қандай?
- •53. Сұхбат әдісінің басқа әдістермен салыстырғандағы ерекшелігі және түрлері қандай?
- •54. Эксперимент әдісінің қоғамда орын алып отырған белгілі-бір құбылысқа жүргізілуіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз
- •56. Мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби техникалық және жоғарғы білім беру деңгейлеріне талдау жасаңыз.
- •57) Тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін атаңыз және мысал келтіре отырып сипаттаңыз.
6.Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде категориялық талдау: «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт».
Қоғам-адамдардың өзара әрекеті мен бірлестігінің барлық тәсілдері мен формаларының жиынтығы.Қоғамның жүйе ретіндегі негізгі элементтері –әлеуметтік институттар, әлеум.қауымдастықтар, әлеум.ұйымдар,әлеум.тап,топтар,қабаттар,адамзат индивиді.
Әлеуметтік қауымдастық-белгілі бір ортақ белгілері бар,яғни мүдделері құндылық бағдарламалары,атқаратын қызметі,іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобы. Әлеуметтік қауымдастықтарды зерделегенде бірқатар сәттерді ескерген жөн:
Біріншіден, әлеуметтік қауымдастықтар ғалымдар жіктеп бөлетін ойша құрылған абстракциялар емес. Олардың өмір сүруін эмпирикалық тіркеуге және тексеруге болады.
Екіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар - жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың немесе өзге де әлеуметтік құралымдардың жиыны емес, тұтас жүйелік сипаттамалары бар тұтастық.
Үшіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар әлеуметтік қарым-қатынастар объектілері болып табылады.
Әлеуметтік институт (лат. құрылым) – қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.Ағылшын социологы Г.Спенсер ғылымға алғашқы болып «әлеуметтік институт» терминін енгізді. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі Әлеуметтік институттар индивидтің, топтардың, тұтас қоғамның сұраныстарын, қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Яғни, институттар - әрдайым дамып отыратын жүйе. Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты.
Әлеум.ұйым-белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін құрылған және ережелердің ресми құрылымын биліктік қатынастармен,еңбек бөлінісімен шектеулі қабылдауымен сипатталатын ұжым түрі.Әлеуметтік ұйымның бірқатар өзіне тән белгілері бар :1. Мақсатқа қол жеткізу жолында ұйымның мүшелері рөлдері мен мәртебелері бойынша бөлінуге мәжбүр болады. Демек, әлеуметтік ұйым оған кіретін мүшелерінің әлеуметтік позициялары мен атқаратын рөлдерінің күрделі өзара байланысқан жүйесін білдіреді. 2. Әлеуметтік ұйымдар тұтас бір әлеуметтік жүйені білдіреді. Ал тұтас жүйе өзбөліктерінен үлкен болады. Сондықтан ұйымның әр түрлі элементтерін біріктіру базасында ерекше ұйымдық немесе синергетикалық әсер жасалады.
7.О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы.
Огюст Конт (1798 - 1857) - француз философы, әлеуметтанушысы, ғылым әдіснамашысы, әлеуметтанудың ғылым ретінде негізін салушы, философиядағы позитивтік мектепті құрушылардың бірі. Ол алғаш рет «Әлеуметтік» сөзін 1839 жылы «Позитивті философия курсының» 47 дәрісінде қолданады. Оның дүниетанымында ең бастысы “позитивті” санат алға қойылады, сондықтан “позитивизм” мен одан туындайтын басқа да сөздер Конт ілімін зерттеуде негізгі терминдер болып табылады. Конт ең алғаш социологияны әлеуметтік физика деп қарастырған. Өйткені, әлеуметтанудың міндеті қоғамның табиғи себептері мен заңдылықтарын ашуда, тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және тылсымдық іздерін аластатуда. Ол ғылыми білімдерді иерархия бойынща қарапайымнан күрделіге қарай, төменнен жоғары, жалпыдан арнайы түрге қарай. Конт өзінің «Позитивті философия курсында» позитивті философияның құрамдас бөлігі, ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде қолданды. Конт алғаш рет осы ғылым әлеуметтерін бөтен материалдардан, идеялар мен әдістерін тазарту керек екенін айқын түсінеді және бір ұғымға барлық нағыз қажетті элементерді біріктіреді. Конт қоғамды тұтас ағза ретінде қарастырып, әлеуметтік құбылыстар туралы ғылымды барлық байланыстарында, фактілерді ауқымды бақылауға негізделген, позитивті әдісті, саясат өнері мен ревалюциялық рухтан тазарған ғылым ретінде негіздеуге талпынды. Конт әлеуметтану позитивті тәсілге сүйене отырып, қажеті деңгейде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп санады.
Конт индустриалдық қоғам мен өндірістің адамға және мәдениетке әсер ету теориясын дамытты. .Оның теориясы бойынша, өндіруші мен ойлап табушының түйсігі өрлеуді тудырады. Өндірістің дамуы адамның өмір сүруін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге тұлғаны жоққа шығарады және әлеуметтік тәртіпті бұзады.
Конт шығармашылығын үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең-(1798-1857) Сен-Симонмен бірге қызмет істеген уақытына сәйкес,алты шағын бағдарламалық шығармалардың,жеке еңбектердің басылуымен сипатталады.Кейін Конт бұл шығармаларды қосымша ретінде өзінің «Позитивті саясат жүйесінің» ІҮ томына қосады.
Екінші кезең (1830-1842) – бұл алты томдық «Позитивті философия курсы» жасалып, басылып шыққан кемелденген кезең. Бұл кезде Конт позитивистік дүниетанымнан философиялық және ғылыми негіздерін зерттеді.
Үшінші кезең. Конт шығармашылығының қорытынды кезеңі 40 жылдардың екінші жартысынан бастлады. Бұл кезде 4 томдық «Позитивті саясат жүйесі» немесе «Адамзат дінін орнықтырушы әлеуметтанушылық трактат», «Позитивтік катехизис» және «Субективті синтез» жасалды.
Конттың ойынша, дербес әлеуметтік ғылым жасаудағы басты шарт - басқа ғылымдарда зерттелмеген ерекше шындықты айқындау. Осы шындықты көрсету үшін ол түрлі терминдер қолданады: “қоғам”, “әлеуметтік организм”, “әлеуметтік жүйе”, “әлеуметтік құбылыс”.
