- •2.Әлеуметтанулық теориялар құрылымы. Теориялық және эмпирикалық деңгей.
- •6.Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде категориялық талдау: «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт».
- •7.О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы.
- •8.О.Конттың қоғам дамуының кезеңдері.
- •9.Г.Спенсердың әлеуметтануға қосқан үлесі.
- •10. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасы.
- •12. М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясы.
- •15. Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі.
- •19)Тұлғаның әлеуметтену кезеңдері.
- •23)Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу обьектісі мен пәні.
- •26) Әлеуметтенудегі сауалнама әдісі.
- •28.Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлері.
- •29. Іріктеу жиынтығы, квоталық және кездейсоқ іріктеу
- •30.Эксперимент әдісі, мысал келтіріңіз.
- •31. Әлеуметтік институттарда орын алған дисфункцияны шешудің 2 жолы бар: 1. Реформалау; 2. Тарату. Дисфункцияны шешуге қатысты мысал келтіріп, әлеуметтанулық талдау жасаңыз.
- •35. Ш.Уәлихановтың “Сот реформасы туралы жазбаларында” қандай әлеуметтік көзқарастар мен мәселелер қозғалды?
- •36. Ы.Алтынсарин Қазақстандағы білім беру институтының негізін қалаушы ретінде белгілі
- •38.Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлеріне пікіріңіз және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсері қандай?
- •39.Отбасы ұғымының құндылығына жан-жақты талдау жасаңыз.
- •40. Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер етуде ,нақты дәлелдемелер статистикалық мәліметтер келтіріңіз.
- •41.Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз.
- •42Анкетада қолданылатын ашық және жабық (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •43.Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •44. 2 Бағанадан тұратын кесте сызыңыз
- •45.О.Конттың ғылымға енгізген ұғымдарын таңдап алыңыз және сипаттама беріңіз: арнайы орта деңгей теориясы, әлеуметтік іс-әрекет, аномия, идеалды тип, жүйе, функция, стратификация.
- •46. О.Конт қоғам дамуының 3 сатысын атап көрсетті: теологиялық, Сатыларын жалғастырыңыз және әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасаңыз.
- •47.Әлеуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады.
- •52. Субмәдениет түсінігі және түрлері. Қазастанда субмәдениетті алып жүрушілер бар ма және олардың қоғамдық ортаға тигізетін кері әсері қандай?
- •53. Сұхбат әдісінің басқа әдістермен салыстырғандағы ерекшелігі және түрлері қандай?
- •54. Эксперимент әдісінің қоғамда орын алып отырған белгілі-бір құбылысқа жүргізілуіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз
- •56. Мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби техникалық және жоғарғы білім беру деңгейлеріне талдау жасаңыз.
- •57) Тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін атаңыз және мысал келтіре отырып сипаттаңыз.
23)Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу обьектісі мен пәні.
Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір әлеуметтану зерттеуінің ең маңызды обьектілерінің біріне айналды. Экономикалық әлеуметтану жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде
Экономикалық әлеуметтануда экономикалық құбы ғ. ортасында АҚШ –та пайда болды. Экономикалық әлеуметтанудың маңызды мәселелерінің бірі – адамдардың еңбекке қатынасы және олардың еңбек сүйгіш дейгейін зерттеу болып табылады.Экономикалық өмірге әлеуметтану тұрғысынан қарау, оны адамдар арасындағы қатынастардың бір саласы ретінде қарастыру біздің түсінігімізді айтарлықтай кеңейтіп тереңдете түседі. Ол бүгінгі күнде заман талабына сай болып отырған нарық, өндіріс, тұтыну т.б процестердің экономикалық саралау саласында қандай да бір қосымша немесе қосалқы құрал болып саналмайды. Экономикалық әлеуметтану экономиканы ондағы әрекет етуші әлеуметтік топтардың белсенділігінен, олардың мүдделерінен, мінез-құлқы мен өзара әрекеттесуінен қозғау алатын әлеуметтік процесс ретінде сипаттайды. В.В.Радаев атап көрсеткендей, “экономикалық теория үйреншікті нәрсеге редукция шығарады, ал экономикалық әлеуметтану үйреншікті нәрсеге проблемалық сипат береді”. Экономистер жай адамға қиын материяларды (бағалардың қалыптасуы, қаржы ағымдарының қозғалысы т.б.) түсіндіре отырып, дұрыс мағына қисынына, кәдімгі адамдардың мінез-құлқына әкеліп тірейді. Әлеуметтанушылар, керісінше, күнделікті өмірде біз дұрыс мағына деңгейінде қабылдайтын “жай ғана” істермен айналысады. Неге тұтынушылар әр түрлі дүкендерге барады және бірдей затқа әр түрлі ақша төлейді? Неге кәсіпкерлер іскер әріптестерін қатаң түрде белгілі бір адамдар тобынан таңдап алғысы келеді? Неге қатардағы жұмысшылар өз әріптестерінің жалақысының мардымсыз жоғарылауына қызғанышпен қарап, “қатардағылар” мен “басшылар” табысының арасындағы үлкен айырмашылықты қалыпты нәрсе деп қабылдайды? Әлеуметтанушылар бұл сұрақтарға жауап іздей отырып, адамның мінез-құлқын күрделі әлеуметтік байланыстардың нәтижесі деп қарастырады. Қазіргі күнде экономикалық әлеуметтану ықпалына енген сұрақтар бұрынырақ белгілі бір деңгейде индустриалды әлеуметтану, еңбек әлеуметтануы, аймақтық әлеуметтануы, басқару әлеуметтануы, ұйымдастыру әлеуметтануы және басқа да сол секілді шектес бағыттарда қозғалған еді. Бұл пәндер экономикалық әлеуметтанудың пәнаралық ғылыми бағыт ретінде қалыптасуы үшін іс жүзінде тұжырымдық негіз дайындап берді. Олардың соңғысы - жұмыссыздық пен жұмыспен қамту, өндірістік ұйымдардың құрылымы мен түрлері, еңбек қатынастары, үй шаруашылығының қызмет етуі, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылым, кәсіпкерліктің дамуы және басқа мәселелер ортақ тақырыпқа ие болды. Экономикалық әлеуметтану зерттеудің пәнаралық жаңа саласы бола тұра, қатып қалған шекаралары жоқ, басқа пәндердің әдістері мен ұғымдары үшін ашық және әлеуметтік-экономикалық білімді енгізудің жаңа салаларын іздеу жолында тұр. Ондағы негізгі санаттар мен тұжырымдамалар, экономикалық құбылыстарды әлеуметтану тұрғысынан сараптау әдістері енді-енді жасалуда және ол зерттеулер әлі соңына дейін анықталған жоқ. Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады. Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыда бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады. Бұған экономиканың алуан түрлі салалары, әлеуметтік институттар (фирмалар, акционерлік қоғамдар (АО) корпорациялар, банктер, т.б.), алуан түрлі адамдар бірлігі (мысалы, өндіріс, еңбек ұжымдары, өндірістік бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.) ; экономикалық процестер, өндіріс саласындағы қатынастар (үстемдік ету – бағыну, басқару-орындау), еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық-материалдық жағдайы, көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапсының артуына әсері, т.б. жатады.
24) Саяси алеуметтанудың обьектісі, пәні, қызметі мен құрылымы Саясат қоғамның ұйымдасқан ж/е реттеуші, бақылаушылық ортасы. Саясат жеке адамның өмір сүру саласын дәстүр, әдет-ғұрып негізінде реттеу мен қалыптастыру мүмкін болатын даму сатысында пайда болды. Әлеуметтік өмірді реттеудің ерекше бір түрі. Саяси әлеуметтану – саяси саланың қоғамның басқа салалары мен саяси институтының басқа әлеуметтік институттардан қарым-қатынасын, мемлекетпен, партиямен, қоғамдық ұйымдармен тікелей байланысты мәселелерді зерттейді.Саяси әлеуметтанудың зерттеу пәні-қоғамның саяси өмірінің әлеуметтік аспектілері, саяси биліктің әлеуметтік феномен ретінде саяси салаларының қоғамның басқа салаларымен әлеуметтік өзара әрекеттесуі. Саяси әлеуметтануың 2 деңгейі бар. 1) Макроәлеуметтану деңгейі. Ірі көлемді саяси құбылыстар мен процестерге, саяси құрылымдар мен саяси институттарға ж/е жалпы ғылыми жалпы әлеуметтанулық әдістерді қолданумен ерекшеленеді. Макроәлеуметтану деңгейі күнделікті саяси өмірге жеке адамдар мен топтардың саяси мінез-құлқын зерттеумен айқындалады. Саяси әлеуметтану ғылымы 20 ғ. 30-50 жылдары орныға бастаған. Саяси әлеуметтану қазіргі уақытта әлеуметтік өзгерістердің саяси салдарын, саяси институттардың әлеуметтік процестер мен құрылымдарға әсер етуін, тұлға мен қоғамның өзара әрекеттесі мәселесін зерттейді. Саяси әлеуметтанудың обьектісі: саяси институттар, жүйелер, саясатқа адамдардың, топтардың, қауымдаст/ң әсер етуі болып табылады. Саяси әлеуметтану жалпы әлеуметтік саяси қатынастардың 4 деңгейін зерттейді: 1) саяси әлеуметтік жүйелердің қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын саяси іс-әрекетті зерттеуге жауапты жалпы саяси әлеуметтану деңгейі; 2) жекелеген елдердің әлеуметтік саяси қатынастарын талдайтын ж/е сипаттайтын елтану деңгейі; 3) жекелеген саяси әлеуметтік процестерді ж/е саяси іс-әрекеттің тұрлерін зерттеуге бағытталған іс-жүргізу деңгейі. 4) нақтылы әлеуметтану зерттеуі арқылы қоғамдық пікірді анықтау мен талдаудың сараптаулы деңгейі; Саяси әлеуметтанудың әдістері: құжат талдау, сауалнамалық, фокус топтық, бақылау ж/е статистикалық мәліметтерді талдау. Саяси әлеуметтанудың 2 заңы бар: 1) әлеуметтік саяси іс-әрекеттердің оны ұйымдастыру амалдарының заңдары; 2) әлеуметтік саяси өмірдің даму заңдары;
25) Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы. Оның құрылымы мен функциялары. Бағдарлама - эмпирикалық әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің негізгі құжаты. Әлеуметтанудың теориясы мен әдіснамасы жөніндегі әдебиетте оның мынадай құрылымы көпшілік тарапынан мақұлданған болып табылады:
1.Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау;
2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.
3. Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру.
4. Зерттеу болжамдарын ұсыну.
5. Зерттеу жоспарлары.
6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.
7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау.
Бағдарламаның бұл тарауларын жеке қарастырайық.
1. Кез келген ғылыми зерттеу секілді әлеуметтану тұрғысынан зерттеу проблемасы да қазіргі таңда аталмыш ғылымда не белгілі және не белгісіз деген шектес “жерден” басталады. Демек, проблемалық жағдай белгілі бір бағытта - белгілі кезеңнен белгісіз кезеңге бара жатқан танымның кезекті кезеңінде қалыптасады. Ғылым пәні көптеген оқулықтарда немесе осы ғылым жөніндегі барлық әдебиетте баяндалатыны мәлім. Әлеуметтанушының әлеуметтану пәнін білуі проблемалық жағдайдың мазмұнын айқын анықтауға мүмкіндік береді. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің объектісі проблемалық жағдай орын алған әлеуметтік шындықтың бөлігі болып саналады. 2. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің мақсаттары проблемалық жағдайды шешу болып табылады. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеулердің міндеттері нәтижесінде әлеуметтанушы әлеуметтік қайшылықтардан арылу (тәжірибелік проблема кезінде) бойынша қорытынды білімді (теориялық проблема кезінде) немесе ұсынысты жасай алатын зерттеу әрекеттерінің орындалуы болып табылады. 3. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтау барысында проблемалық жағдайдың мазмұнды құрылымының анықталуына әкелетін негізгі ұғымдарды айқындау және түсініктемелеу сияқты әлеуметтану тұрғысынан зерттеу бағдарламасының мазмұнды аспектісі қалыптасады. 4. Жоғарыда атап кеткеніміздей, әрбір проблемалық жағдайдың екі белгілі және белгісіз жақтары бар. Егер зерттелетін жағдайдың барлық белгілі жақтары операциялық анықталған ұғымдар жүйесіне және көрсеткіштердің эмпирикалық түсініктемесіне, сондай-ақ олардың өлшем шамаларына орналастырылса, оның белгісіз жақтары зерттеу болжамдары түрінде белгіленеді. Болжамдар негізгі және екінші дәрежедегі, сапалы немесе сандық, сипаттамалық немесе түсіндірмелік және т.б. болуы мүмкін. Болжамдарға мынадай талаптар қойылады: 1) олар теория мен ғылымның белгілі, тексерілген заңдарына қайшы келмеуі тиіс; 2) оларды зерттеудің соңында ақиқаттылығын тексеруге болатындай құрастыру қажет. 5. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеу жоспары оның ұйымдастыру негізін білдіреді. Оларға мынадай уақыт мерзімі мен жұмыс кезеңдері жатады:
зерттеу тақырыбының, проблемасының, болжамының анықталуы;
тақырыптың мәніне, зерттеу объектісінің проблемасы мен табиғатына қатысты әдебиеттерді, әр түрлі ақпарат көздерін зерделеу;
алғашқы бақылау, тәжірибелі сарапшылармен сұхбат жүргізу, алғашқы құжаттарды зерттеу негізіндегі зерттеу объектісінің алғашқы сипаттамасы;
негізгі зерттеуді жүргізу;
алғашқы зерттеу қорытындыларын өңдеу және есеп құру;
