- •12. Исламдағы тұлғаның құқықтық мәртебесі
- •13. Дюркгейм және социологиялық тұжырымдамалары
- •14. Діни модернизм
- •15. Секуляризация
- •16. Парсонс және оның еңбегі
- •17. Малиновскийь және діннің қоғамда алатын рөлі
- •18. Діннің атқаратын қызметтері
- •19. Дінаралық диалог
- •21. Ислам және өнер
- •20. Вебер және дін социологиясы
- •22. Христиандық және демократия
- •34.Адам өміріндегі діннің маңызы мен мәні
- •36.Ислам және монополия
- •37.Діндегі отбасының маңыздылығы
- •38.Дін және мәдениет
- •39.Тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуал
- •40.Құран мен ғылымның қатынасы жайлы пайымдаулар
- •41.Қоғамдағы отбасының рөлі
- •42.Ислам дінінің өзге діндермен қатынасы
- •43.Дін мен ғылымның байланысы
- •44.Дін және әйел құқықтары
- •54. Дін социологиясының басқа ғылымдармен байланысы.
- •2.Әділеттілік пен жауапкерші
- •3.Әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру.
- •65.Орта Азиядағы ғылымның дамуына исламның ықпалы қандай болды?
- •66.Мұсылман патшалардың ғалымдарға деген көзқарастары қандай сипатта болған?
43.Дін мен ғылымның байланысы
«Ислам озық ой мен прогрестің діні ретінде қай кезде де ғылыми-ағартушылық бағытты негіз етіп алды. Сондықтан да алғашқы күннен адамзатты білімге, оқуға үндеді. Құранға үңілумен қатар алып ғалам кітабын да қоса зерделеуге шақырып, Ұлы Шебердің құдіретіне саналы түрде бас идірді. Қасиетті Құранның алғашқы аяты «Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы!» деп басталуы да ойланғанға ғибрат»,-деп атап өтілді жиында.
«Ислам діні келгеннен кейін еліміз аумағында көптеген әлемге атақты ғалымдар шықты. Мысалға айтқанда, Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан даналар ішінде Әбу Нәсір әл-Фараби (870-950) - ғылымның барлық саласы, Әбу Райхан әл-Бируни (973-1048) - әсіресе география, Әбу Әли Ибн Сина (980-1037) - медицина, Ұлықбек (1394-1449) - астрономия, Әбу Ибраһим Исхақ әл-Фараби (951-?) мен Исмайл әл-Жауһари әл-Фараби (?-1002) араб тіл білімі Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-155) тарих филология ғылымдарына өзіндік үлес қосса, бұлармен қатар Исфиджаб-Сайрам, Йасы-Түркістан, Тараз бен Сығанақтан шыққан асыл перзенттеріміз де мұсылман заңы мен хадистану, тәпсір секілді ислами ілімдер саласына қалам тербеп, ислам мәдениеті мен ғылымынан өзіндік орын алды. Бұл біздің даламызға тән Ислам жолының басым бағыттарының бірі ғылыми-ағартушылық бағыт болатынын көрсетуде», - деді Бас мүфти өз баяндамасында.
Конференцияда сөз алған ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынов ғылым мен дінді қарсы қоюға болмайтынын жеткізді. Ғалымның пайымдауынша, Ислам діні қоғамдағы кез келген келеңсіз мәселені шешуге қауқарлы. «Қазір әлем елдері қарақшылықтан, ұрлық-қарлықтан, жезөкшелік пен нашақорлық дертінен айығудың жолын таппай, сарсаңға түсуде. Ал Ислам діні мұндай қатігездік пен күнәға жол бермейді. Сондықтан біз Ислам дініне деген көзқарасымызды түзеуіміз керек. Кеңес кезінде Ислам дініне қиянат жасалды. Міне, бұл нағыз қастандық еді
44.Дін және әйел құқықтары
Исламға қатысы жоқ салт-дәстүрді «жұқтырып алмаған» шынайы мұсылман қоғамының аясында мұсылман әйелдері, күнделікті өмірдің толық құқықты мүшесі. Мәселен, исламның алғашқы кезінде Пайғамбарымыздың әйелі Айша (р.а.) әскер қолын басқарған. Сонымен қатар ол көпшіліктің сый-құрметіне бөленген дін ғалымы болған. Әйелдер де еркектермен қатар мешітте ғибадат жасады. Мешіттегі қартаң әйел халифқа дініміздің құқықтық мәселесінде өз пікірін алға тарта алатын. Тіпті, ХVІІІ ғасырдың османдық кезеңінде ағылшын елшісінің зайыбы мұсылман әйелдерінің отбасы мен қоғамдағы рөлін жоғары бағалап, ерекше құрметпен еске алған.
45.Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар Дәстүрлі емес діни қозғалыстар- қоғамда тарихи- мәдени тұрғыда қалыптасқан құндылықтарды, салт - дәстүрлерді танымайтын, оны жоққа шығаратын негізгі діндерден бөлініп шыққан діни ағым. Дәстүрлі діндерден ХІХ- ХХ ғасырларда екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Батыс қоғамында көптеген өз алдына дербес «жаңа діни қозғалыстар» пайда бола бастады, олардың нақты санын анықтау мүмкін емес, себебі олар күннен- күнге көбеюде. Әлемде жүз алпыс миллионнан астам адам өздерін осы діни қозғалыстардың мүшесіміз деп санайды. Дәстүрлі емес жаңа діни қозғалыстар туралы ғылымда қалыптасқан ортақ бір атауы жоқ, діни- танымдық журналдарда, газеттер мен басқада бұқаралық ақпарат құралдарында және дінтанушы ғалымдардың еңбектерінде: «тоталитарлық секталар», «іріткі салушы топтар», «дәстүрлі емес діни ғұрыптар», «жаңа діни қозғалыстар»- деген әртүрлі тіркестермен беріліп жүр. Қазіргі қоғамда бұл құбылысты «діни секта» деген жалпылама атау берілуде. Бұл зерттеуде дәстүрлі ұлттық құндылықтар мен діни көзқарастар тұрғысында қарастырылады. Діни секта термині дінтануда «дәстүрлі емес діни қозғалыстар»,- деп әлеуметтік мағынада қолданылса, ал құқықтануда бұл термин діни ұйым, діни бірлестік, қонфессия, деноминация ретінде қабылданады. Заңнамада секта термині қолданылмайды. Енді біз діни сектаға қатысты әлеуметтік және құқықтық тұрғыдағы көзқарастарға тоқталып өтейік: Секта сөзі (лат. secta- ой жүйесі, ілім, бағыт,)- қайсібір діннің өз ішінде оппозициялық топ. Шіркеуде болып жатқан түрлі жағдайға көңілі толмай, әдетте ерекше деп танылған, кейде шектелуге, тұйықтыққа, негізгі діни бағыттан қол үзушілікке бастайтын топ. Секта ежелгі гректерде де αίςεσις- ілім, бағыт, мектеп ұғымын білдірсе, этимологиялық мағынасы латынның sequi яғни, «артынан еру», «бағыну» деген сөзінен шыққан. Соңғы кезде Батыс дінтанушы ғалымдары алғашқы екі ұғымды («жалған ілім», «күпірлік») синоним ретінде қолданып жүр. Секта сөзі В.И. Дальдің терминологиялық сөздігінде, секта- жеке қауымдастық, дәстүрлі және әлемдік діндерден бөлініп шыққан діни ілім. Д.Н. Ушаков құрастырған сөздікте: 1.Дәстүрлі діндерден өз дербестігін алған діни ілім немесе түрлі әлеуметтік топтардан құралған ұйым; 2.Біз және басқалар деп қоғамнан бөлектеніп, өздерінше тұйық өмір сүрушілер. Құқықтану да секталардың қоғамдағы әрекеттеріне қарай «деструктивті немесе тоталитарлы секта» деген терминдік атау берілген. Деструктивті секта- дәстүрлі діндерден бөлінген оларды дін ретінде мойындамайтын, жеке көзқарастарымен діни догматикаларын қалыптастырған, мемлекеттің ішкі тұрақтылығы және қоғамдық құрылыстарға кері әсерін тигізуші тар шеңберлі көзқарастағы адамдардан құралған топ. Тоталитарлы секта- басшылары көбіне заңға қайшы келетін қылмыстық әрекеттерге барып, қарапайым топ мүшелерінің саналарын түрлі манипулияциялық амалдармен жаншып, тоталитарлық жолмен бағындыруға тырысады.
46.Ғылымның адам өміріндегі маңызы мен мәні. Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым - қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі. Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды. Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі - латынша «Sсіеnііа» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім - адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.
47. Жаңа христиандық ағымдар. Жаңа діндер өзінің сипаты жағынан алуан түрлі және көп болады. Дүниетаным негізіне сәйкес догматиктар жаңа діни ағымдарды бірнеше түрлергу бөледі: 1) Неохристиандық бірлестіктер. Олар өзінің христиандыққа мұраға деген бағдарлауын мәлімдейді, алайда оның түсіндірмесі үшін дәстүрлі христиандық тән емес сызбалар пайдаланылады, шығыс діндердің элементтері қамтылынады, ақыр заманнын тез жақындауында тірек пайда болады. Оларға ТМД - да таралған келесі ұйымдарды жатқызуға болады: «Бірлестіктің халықаралық шіркеуі», «Құдай балалары», «Соңғы Өсиеттің шіркеуі» (Виссарион шіркеуі), «Богородтық туыстық», «Ақ туыстық» және т.б.Кейбір ілімдерде өзінің жеке «Жаңа ашулары», яғни қасиетті деп саналатын мәтіндері (мысалы, Виссарионның «Соңғы Өсиеті») болады. Басқалары канондық мәтіндерден қатты ерекшелінетін Інжілдің өз аудармаларын және интерпретацияларын береді (мысалы, Иегова куәгерлері және мормондар).Қазіргі таңда Қазақстанда «Иегова куәгерлерінің» 59 діни бірлестіктері тіркелген. «Иегово куәгерлері» - ұйымның негізі қалаған Чарльз Тейз Рассел. Ол 1878 ж. Питсбургте өзінің шіркеуін құрды. 1884 жү Расселдің құрылған шіркеуі негізінде «Күзет мұнараның, Інжілдің және трактаттардың қоғамы» ұйымдастырылды, ал 1931 жылдан бастап бұл ұйым «Иегова куәгерлері» деп аталынады. Қазақстан территориясында «Иегова куәгерлері» ілімнің таралуы мен қауымдардың құрылуы ХХ ғ. 40-50 жж. болды.Иегова куәгерлерінің ілімі протестантимзнен пайда болды, бірақ негізгі христиандық түсіндірмелер өзінің жеке түсіндірмесіне ие болды. Олардың іліміне сәйкес біртұтас Құдайдың есімі – Иегова болды. Ұйымның мүшелері Троицаны, яғни Құдайдың үш тұрғыда тіршілік етуін (Құдай-ата, Құдай-бала және қасиетті рух тұрғысында) қабылдамайды. Олар Иисус Христосты Құдайдың бірден-бір ипостасі емес, ал Құдайдың ең алғашқы жаратылуы, қасиетті адам Михаил Архангелмен теңестірілетін оның ең жоғарғы туындысы деп түсінеді. Иисус крестке емес, бағанаға керілген деп Иегова куәгерлері есептейді, соныдқтан діни таңба ретінде кресті пайдаланбайды. Икона мен крестке табынуды олар пұтқа табынушылық деп санайды. 2) Неоориенталистік ағымдар (бағыттаушы сөзінен - шығыс). Бұл ұйымдардың негізіне шығыстық діни-философиялық жүйелер – индуизм, кришнаизм, буддизм, конфуцишылдық т.б. жатады. Әдетте, шығыс діни ағымдар көп қайта жасалынады және батыс елдері үшін өте ыңғайлы түрінде болады. Неоориенталисттік ағымдарға «Кришна санасы қоғамы», «Брахма Кумарис», «Трансцендеталды медитация», «Аум Синрике» сияқтты ұйымдар жатады. Олардың қызметінде медитацияны қоса, әртүрлі психологиялық техникалардың көмегімен адамның ішкі мүмкіндіктерін ашуға негізгі акцент жасалынады. Олардың ілімдерінің мазмұны – медитация. Олардың медитациялық тәжірибесі «жанды құтқаруға» арналған. Мұнда медитациялық тәжірибені орындауда белгілі-бір сөздер айтып, дыбыстар шығарып оларға мистикалық маңыз береді.Қазақстанда қайта тіркеуден «Кришна санасы қоғамның» 8 діни бірлестіктері өтті: Кришна санасының халықаралық қоғамы «Кришна санасының қозғалысы» немесе «Харе Кришна қозғалысы» болып белгілі.Кришналықтар өзін жиі вайшнавалықтар (вайшнавалықтар - Вишну құдайының сыйлаушылары) деп атайды. Қозғалыстың негіздеушісі Шрила Прабхупада (1896-1977 жж.) Индияда туды, 1965 ж. АҚШ-қа қоныс аударған, сонда 1966 ж. Кришна санасының халықаралық қауымдастық қоғамын құрды.
Кришнаиттың діни өмірінде маңызды орынды аскеттік тәжірибеге негізделген Адам өз материалдық дененің қажеттіліктерін минимумға дейін шектеу керек, тек солай ғана ол өзінің санасының деңгейін және рухани байлығын жетілдіре алады. Өз-өзін шектеу әрекеті өз ішінде пендешілік өмірден және барлық игіліктерден бас тартуынан тұрады. Кришнаизм қатал түрде өзінің ізбасарларының тәртібін реттейді, қатал азықтық шектеулер бекітілген. Уақыттың көп бөлігі медитацияларға бөлінеді. Қазіргі таңда бұл ағым бүкіл дүниежүзінде кең таралған. Ізбасарлардың көп бөлігі АҚШ-да және европа елдерінде кездеседі. Индияның өзінде Прабхупада ізбасарлары онша белгілі емес. 3) Саентологиялық ілім. Бұл атау ағылшын сөзі science – ғылым деген сөзден пайда болды. Осы ілім әртүрлі «ғарыштық діндерді» (бір үлгідегі өкіл і– Рон Хаббардтың «Саентология шіркеуі») біріктіреді. Оның «Дианетика: рухани денсаулықтың замануаи ғылымы» атты кітабы 1950 жылы баспаға шығып, саентология дамуының басы ретінде болды. Қазіргі таңда «Саентология шіркеуі» қатаң иерархиясы бар бүкіл әлем бойынша кең таралған және бизнеспен, саясатпен, мәдениетпен қоса, өмірдің барлық салаларын қамтитын ұйым болып табылады. Саентологиямен «Нарконон», «Криминон», «Хаббардтың гуманитарлық орталығы», «Дианетика» қоғамы және т.б. сияқты ұйымдар тығыз байланысты. Саентологияның негізгі ілімі ретінде дианетика (ойлау туралы ғылым) болады. Онда елестеуші түрде ғылымның жетістіктері психоанализ тәжірибесімен, ғылыми фантастиканың басқа планеталарға рухтардың келуі) және шығыс діндерінің (қайта туулыу идеясы) элементтері біріктірілген. «Саентология шіркеуімен» өткізілетін диагностикалық және терапевтік тәжірибе бүкіл әлемнің медициналық мекемлер жағынан өте қатаң сынға алынатынын атап өту қажет.
48. Қазақстандағы діни білім ошақтары.
Нұр-Мүбарак университетi – Египет және Қазақстан Республикалары арасындағы үкімет аралық келiсiмшарт негiзiнде құрылған.Университет – елiмiздегi жоғары бiлiмдi имамдар, исламтанушылар, дінтанушылар, араб тілі мамандарын даярлайтын бiрегей оқу ордасы.Алматы қаласында орналасқан. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты медреселер: Алматы медресесі, Астана медресесі, Орал медресесі, Павлодар медресесі, Шамалған медресесі Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында. Шымкент медресесі, Ақтөбе медресесі «Нұр ғасыр» мешіті ғимаратында. Түркістан медресесі (ер балаларға арналған)
49. Исламның ғылымға көзқарасы. Осы ғылым мен білімге байланысты пайғамбардың көптеген хадистері бар. Мәселен, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) бір хадисінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер-әйелге парыз» немесе «Қытайда болса да барып білім алыңдар», не болмаса, «Хикмет – мұсылманның жоғалтқан малы, қай жерден тапса сол жерден алады» деген мағынадағы хадистердің өзі исламның білім-ғылым туралы ұстанымын түсінуге жеткілікті. Осы қағидатты ұстанған мұсылман әлемінен орта ғасырлардың өзінде-ақ әлемдік деңгейдегі ғалымдар шықты. Демек, ислам әлемінің артта қалуының астарында мұсылмандар исламның өзіне жете көңіл бөлмеуі жатыр десек қателеспес едік. Қазіргі таңдағы ғылымның дамуына батыстың қосқан үлесін ешкім жоққа шығара алмайды. Алайда батыстың осындай деңгейге көтеріліп, ғылым мен технология саласындағы көптеген жаңалықтарға қол жеткізуінде мұсылман ғалымдарының үлесі өте зор болғандығы анық. К.В. Бодлейдің айтқанындай: «Қазіргі батыс мәдениеті ренессансқа, ренессанс өз кезегінде исламға қарыздар».Тарихқа үңілсек, батыс ғалымдарынан бұрын мұсылмандардың көптеген ғылымның негізін қалап, талай-талай жаңалықтарды ашқанына куә боламыз. Мысалы, алгебра ғылымының негізін қалаған «Әл-Жабр» атты мұсылман ғалым. Бұл ғылым сол кісінің атымен «Алгебра» деп аталуда. Алғашқы күн сағатын ойлап тапқан орта ғасыр астрономия және математика ғалымы Жабир ибн Әфлаһ та мұсылмандардан еді.Химия саласының атасы Жабир ибн Хаййан. Сабынды алғаш қолданған да мұсылмандар еді. Сондықтан мұсылман өлкелерінде базарларда сабынның хош иісі аңқып тұратын. Көптеген мұсылманның үйінің жанында монша болған. Ол кезде европада монша ұғымы деген тіптен жоқ еді. Европалықтардың ІХ ғасырда жуына бастағаны белгілі. ХVІІ ғасырларда Испанияның инквизиция сотында мұсылман испандықтар мен христиандар тазалығына қарап ажыратылатын болған.Х ғасырда бір ғана Қуртуба қаласында елуден астам емхана болған. Біз қазір қолданып жүрген әлемдік терминдегі «медицина» сөзі Ибн Сина бабамыздың атымен тікелей байланысты. Ибн синаның «Шифа» атты кітабы батыстың әр түрлі тілдеріне аударылып, жоғарғы оқу орындарында тұрақты дәріс кітабы ретінде онжетінші ғасырдың орта шеңіне дейін оқытылып келді.Андалусияның Қуртуба қаласының бір ғана кітапханасында 600000 мыңға жуық қол жазба кітаптар бар еді. Батыстың ең бай деген кітапханасында 400 дей ғана кітап бар еді. Кейіннен батыс мұсылмандардан әсерлене бастаған шақта Сен Венсан кітапханасында 11000 жуық кітап орын алды.
50. Дін және бала тәрбиесі.
Бала – ата-ананың қолындағы аманат. Олардың жүректері пәк, таза, гауһардай құнды. Бала жас шыбықтай иілгіш келеді. Кез-келген пішінге салуға болады. Құнарлы топыраққа ұқсайды. Құнарлы топыраққа не ексең, соның жемісін аласың. Сондықтан бала неге бейімделетін болса, сол бойынша бағыт алады, сол бойынша өседі. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Балаларға иман, Құран кәрім және Аллаһу та’аланың әмірлерін үйретіп сонымен жүруге дағдыландырса, дін және дүние бақытына қауышады. Бұл бақытқа, сауапқа ата-анасы, ұстазы да ортақ болады. Егер балаға бұларды үйретпесе және бұларды әдетке айналдырмаса ол бала бақытсыз болады. Әрбір жасаған жамандықтарының күнәсі ата-анасына, ұстазына да жазылады. «Көп Мұсылман балалар әкесінің кесірінен Уәйл атты жаһаннамға түседі. Өйткені бұлардың әкелері тек ақша табу және көңіл көтеру құмарлығына түсіп, тек дүние істерін қуалап, балаларына мұсылмандықты және Құран кәрімді үйретпеді. Мен мұндай әкелерден ұзақпын. Олар да менен ұзақ. Балаларына дінін үйретпегендер жаһаннамға түседі.» (С. Әбәдийа)Өзінің істеуі харам болған нәрсені баласына жасатқан адам, күнә істеген болады. Балаларына арақ ішкізген, құмар ойнатқан, ұятсыз басылымдарды оқуына себеп болған, өтірік, ұрлық секілді жаман мінездерге баулытқан, қыблаға қарсы аяқ созып отыруына себеп болған адам күнә жасаған болады. Дініміздің негізі – иманды, парыздар мен харамдарды үйрену және үйрету. Аллаһу та’ала пайғамбарларды сол үшін жіберген. Жастарға бұлар үйретілмесе Ислам құлдырайды, жоқ болады. Аллаһу та’ала мұсылмандарға әмри маруф жасауды әмір еткен. Яғни Менің әмірлерімді үйретіңдер деген. Және нахйи мункар жасауды да бұйырып, тыйым салған нәрселерінің (харамдардың) жасалуына разылық етпеуімізді қалаған.Құран кәрімде “Тахрим” сүресінің 6-аятында: «Ей мүміндер! Өздеріңді және үй-іштеріңді (жанұяларыңды) тозақ отынан қорғаңдар!» деп бұйырылған. Баланың әр қалаған нәрсесін алып беру және сәнді, салтанатты өмір сүруін қамтамасыз ету дұрыс емес. Өйткені бала өскенде де әр қалағанына қол жеткізе алатынын ойлап, оған ұмтыла беретін болады, ал бұл жүзеге аспай қалған кезде өмірге ренжіп, қиялдары қирап ешкімді тыңдамайтын құлақсыз қырсыққа айналады. Өзіміз халал тамақ жегеніміздей балаларымызға да халал тамақ беруіміз керек. Хараммен қоректенген баланың денесі нәжіспен иленген қамырдай болады. Мұндай балалар жамандыққа, опасыздыққа үйір болады. Балаға ысырап етпеуді, қанағатшыл болуды үйрету керек. Кейде құр нанмен де күнелтуді әдеттендіру керек. Жаман жерлерге баруына жол бермеу керек. Бала жаман адамдардың қасында жүрсе, әдепсіздікпен ұятсыздықты, өтірік айтуды үйренеді. Әке үнемі қатал болмауы керек, көп еркелете де бермеуі керек. Сөйлегенде айбаттылығын сақтауы керек. Балаға әкесінің байлығымен, лауазымымен мақтанбауын ескерту керек. Қарапайым және сыпайы болуды үйрету керек. Өзгеден бір нәрсе алудың масқаралық екенін, берген қолдың алған қолдан үстем болатындығын түсіндіру керек! Сараңдықтың жаман мінез екендігін үйрету керек!Басқа адамдардың қасында әдептілік сақтауды, аяғын айқастырып отырмауды, дөрекі болған іс-әрекеттерден аулақ болу керектігін айту керек. Баланы көп сөйлеуден қайтару керек. Көп сөздің ұятсыздыққа жол ашатынын, мылжыңдықтың жаман қасиет екендігін айту керек. Бала ертелі кеш сөйлеуді бәрібір үйренеді. Мақсат – оған қажет кезінде үндемеуді және үлкендердің сөзіне құлақ асуды үйрету.Дұрыс болса да көп ант ете беруіне рұқсат етпеу керек. Барға да, жоққа да ант ете беру жаман әдет. Үлкендерге құрмет көрсетудің, оларға орын берудің және барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болудың маңыздылығын түсіндіру керек.Баланы кішкентай кезінен бастап намазға дағдыландыру керек. Өскен кезде намаз оқуы қиын болуы мүмкін. Өзгенің мал-мүлкін тартып алуды, өтірік айтуды, харам нәрсе жеуді көз алдына жаман, жиіркенішті қылып түсіндіру керек. Осындай тәрбиемен өсіріп, балиғат жасына толғанда бұл әдептердің ерекшеліктерін, маңыздылықтарын үйрету керек. Баланың әр қалаған нәрсесін алып беру және сәнді, салтанатты өмір сүруін қамтамасыз ету дұрыс емес. Өйткені бала өскенде де әр қалағанына қол жеткізе алатынын ойлап, оған ұмтыла беретін болады, ал бұл жүзеге аспай қалған кезде өмірге ренжіп, қиялдары қирап ешкімді тыңдамайтын құлақсыз қырсыққа айналады. Өзіміз халал тамақ жегеніміздей балаларымызға да халал тамақ беруіміз керек. Хараммен қоректенген баланың денесі нәжіспен иленген қамырдай болады. Мұндай балалар жамандыққа, опасыздыққа үйір болады. Балаға ысырап етпеуді, қанағатшыл болуды үйрету керек. Кейде құр нанмен де күнелтуді әдеттендіру керек. Жаман жерлерге баруына жол бермеу керек. Бала жаман адамдардың қасында жүрсе, әдепсіздікпен ұятсыздықты, өтірік айтуды үйренеді. Әке үнемі қатал болмауы керек, көп еркелете де бермеуі керек. Сөйлегенде айбаттылығын сақтауы керек. Балаға әкесінің байлығымен, лауазымымен мақтанбауын ескерту керек. Қарапайым және сыпайы болуды үйрету керек. Өзгеден бір нәрсе алудың масқаралық екенін, берген қолдың алған қолдан үстем болатындығын түсіндіру керек! «Баланы жақсылап тәрбиелеу баланың әкесіндегі ақыларынан.» (Бәйһақи)
«Балаларыңа ізет етіңдер, оларды әдепті, тәрбиелі етіп жетілдіріңдер!» (Ибн Мажә) «Баланы тәрбиелеу тонналап садақа беруден де артық сауап.» (Тирмизи)
51. Қазіргі таңдағы дін мен саясат арақатынасы.
Дін және саясат - қазіргі таңда, әлемде, оның ішінде түбегейлі бет-бұрыс жасап, демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан әлемде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Яғни, саясат ол - әлеуметтік күрделі құбылыс болып саналады. Өйткені, бүгінгі күні ешбір адам өзін саясаттан тыспын деп айта алмайды. Саясат - қоғамның саяси саласы. Саясат қоғамның басқа да салаларын қамтиды және сол салалармен байланыста болады. Мәселен, "саясат және дін", онда діннің саясатпен байланысын кәреміз. Тіпті, ең алғашқы кездегі саясаттың өзі де діни тұрғыда болған. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын алады. Адамзат тарихында мемлекет пен діннің ара қатынасы үш түрлі шешіліп келеді: Мемлекеттік билікті діннің орталығына айналдыру; Мемлекеттік діни мекемелерге бағындыру; Мемлекет пен діннің одағы. Қазір ол екі түрлі шешіледі:
1) мемлекет пен діннің имандылық негізінде;
2) мемлекет пен діннің бәлінуі, бір-бірінің ісіне араласпауы. Алайда өз қызметін толық атқару үшін мемлекетке дін қажет. Өйткені дін қоғамда этикалық қызметтерді атқарып, имандылық ережелерін қалыптастырады. Дін әділетті, қайырымды болуға, кісі ақысын жемеуге, өтірік айтпауға, туыстарын, үлкендерді сыйлауға, ұрлық-қарлық жасамауға және т.с.с. үйретеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабына сәйкес әркімнің ар-ождан бостандығына сай әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Ол әркімнің дінге көзқарасын дербес белгілеуге, діннің кез келгенін уағыздауға, ұстануға немесе ұстанбауға құқығы бар екендігін білдіреді.
52. Исламдағы тұлғаның құқықтық мәртебесі. Ислам тұлғаның құқықтық мәртебесіне ерекше назар аударады және оған құранда шамамен 70 аят арналған. Адамның негізгі құқықтары туралы ислам теориясының бастапқы нүктесі болып, құранның әркім өзінің іс-әрекетіне жауап береді деген 70 сүресі және Мұхаммедтің: «Мен адамдардың барлығы бір-біріне ағайын деп жариялаймын»,- деген пікірі қызмет етеді. Бұл мұсылман мемлекетінен өзінің негізгі құқықтарын талап етуге құқылы дегенді білдіреді. Сонымен қатар, ислам теориясы ислам мемлекеттері конституцияларында бекітілген құқықтар мен бостандықтар ислам қағидаларына сәйкес келеді, сондықтан мемлекет мұсылмандар құқықтарын қамтамасыз етуге міндетті деп есептейді. Алайда бұл құқықтар абсолютті ретінде қарастырылмайды. Үкімет қажет болған жағдайда, жеке меншікті шектеп, оны барлық мұсылман қауымы пайдасына аударуы мүмкін. Сондай-ақ, ол қорғаныс қабілеттілігін күшейтіп, жалпыға міндетті әскери борышын енгізуге де құқылы. Ислам құқығы жеке тұлғаға (индивидке) халықаралық құқықтың субъектісі мәртебесін бермейді. Ол индивидті халық бұқаралық құқықтың объектісі ретінде де танылмайды, бірақ кейбір зерттеушілер индивид халық құқықтың объектісі бола алады, себебі ол құл иеленушілікті индивидтің еріксіз жағдайы ретінде біледі деген пікірлерді ұстанады. Мұсылман заңгерлері бұл тұжырымға қарсы, «бұл тіпті олай емес», - дейді. Ислам құқығында құл иеленушілік құл жүзеге асыратын міндеттемелер жиынтығы ретінде ғана қарастырылған жоқ. Құл белгілі бір құқықтарға да ие болатын. Жекелеп қарастырсақ, ол өзінің белгілі бір шарттары мен талаптарын орындаған жағдайда бостандықты талап етуге құқылы болған. Бір жағынан ислам халқының құқығы индивид белгілі бір халықаралық құқық қабілеттілікке ие болатынын жоққа шығармайтын. Осыған дәлел ретінде Құранның аяттарының көбі индивидке арналғанын қарастыруға болады. Индивид нақты халықаралық мұсылман құқығының шығатын құқықтарды иеленеді. Мысалы, Мұсылман ислам үкіметінің алдын-ала рұқсатынсыз шетелдікке пана бере алады. Сонымен бірге, ислам мемлекеті территоиясында тұрып жатқан шетелдіктерге мұсылман ие болатын құқықтар мен міндеттер жүктеледі. Ислам индивидті халықаралық құқықтың ерекше субъектісі деп есептемейді. Халықаралық құқықтың толық құқықты субъектісі ислам мемлекеті болып табылады.
53. Исламдағы тұлғаның құқықтық мәртебесі деген сұрақ дәл 52 сұрақ соны қара.
