- •12. Исламдағы тұлғаның құқықтық мәртебесі
- •13. Дюркгейм және социологиялық тұжырымдамалары
- •14. Діни модернизм
- •15. Секуляризация
- •16. Парсонс және оның еңбегі
- •17. Малиновскийь және діннің қоғамда алатын рөлі
- •18. Діннің атқаратын қызметтері
- •19. Дінаралық диалог
- •21. Ислам және өнер
- •20. Вебер және дін социологиясы
- •22. Христиандық және демократия
- •34.Адам өміріндегі діннің маңызы мен мәні
- •36.Ислам және монополия
- •37.Діндегі отбасының маңыздылығы
- •38.Дін және мәдениет
- •39.Тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуал
- •40.Құран мен ғылымның қатынасы жайлы пайымдаулар
- •41.Қоғамдағы отбасының рөлі
- •42.Ислам дінінің өзге діндермен қатынасы
- •43.Дін мен ғылымның байланысы
- •44.Дін және әйел құқықтары
- •54. Дін социологиясының басқа ғылымдармен байланысы.
- •2.Әділеттілік пен жауапкерші
- •3.Әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру.
- •65.Орта Азиядағы ғылымның дамуына исламның ықпалы қандай болды?
- •66.Мұсылман патшалардың ғалымдарға деген көзқарастары қандай сипатта болған?
36.Ислам және монополия
Монополия дегеніміз бір саудагердің немесе егіншінің не фабрика қожайынының өз қажетінен артық өнімді түгелімен сатып алып, оны базарға бағасы көтерілген кезде ғана шығарып сатуы. Ислам адам мен оның өзінің адам мен отбасының адам мен қоғамның халық пен басқа халықтардың ұрпақтарының араларына ынтымақ орнатты.
Дәлірек айтқанда сауданың әдебін төмендегідей етіп түзуге болады:
1.Бір нәрсе сатып аларда немесе сатарда алдымен «бисмилләһир-рахманир-рахим» деп жер мен көктегі күллі мақлұқаттардың рызығын дер кезінде жеткізіп тұрушы Ұлы Алланың атымен бастауымыз керек.
2.Сауда-саттық деп құлшылықты ұмытпауымыз қажет
3.Саудамызға арам жолмен табылған дүние-мүлікті араластырмауға тиіспіз
4.Қолымыздағы дүние-мүлкіміз нисаб (шариғатта белгіленген байлық) мөлшеріне жеткен болса, зекетіміз бен пітір садақамыз арқылы дүние-мүлкімізді тазалап отыру баршамыздың жеке (парыз айн) міндетіміз болып есептеледі.
5.Саудагер арақ, шошқаның еті сияқты дінімізде арам болып есептелетін заттарды сатпауға тиіс.
6.Таразыдан жемеу керек. Себебі ол дінімізде – үлкен күнә. т.б
37.Діндегі отбасының маңыздылығы
Отбасы бірлесіп күн көретін туыстық қатынастардан тұратын адамдар тобы. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді. Отбасының қоғамдағы маңыздылығы өте зор болғандықтан ислам оны мығым негіздердің үстіне тұрғызды.Олар біртектілік, әділеттілік және жауапкершілік, әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру.
Исламда неке қиюдағы мақсат тек қана табиғи қажеттіліктерді өтеумен шектелмей, сонымен қоса жақсы отбасы мен салауатты қауым құруды мақсат етеді. Мұхаммед пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мұсылмандарды үйленіп, отбасы құруға шақырып, бұл істің зинадан сақтап, тақуалыққа апаратынын айтқан. Ал үйленуге халі жетпейтін жастарға ораза ұстауды насихат еткен, себебі бұл тыйым салынған заттардан тыяды
38.Дін және мәдениет
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.
Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
